Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қaзaқcтaн рecпубликacының қылмыcтық кoдeкciндe қaрacтырылғaн жыныстық дербестікке қарсы cипaттaғы зoрлық әрeкeттерін квaлификaциялaу мәceлeлeрi

Авторы туралы мәліметтер. Амангелдина Салтанат Амангелдыкызы ҚазақстанАмерикандық еркін университеті Колледжінің заңтану пәндерінің оқытушысы

Аннотация. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы зорлық мәселесі аса күрделі ұғым ретінде танылады. Қылмыстың әр түрлі құрамдарының объективті қырларын сипаттайтын элементті білдіре отырып, әр түрлі мән мен мағынаны көрсетеді. Ол міндетті немесе факультативті, негізгі немесе жанама түрде қылмыс құрамының элементі бола алады, қылмыс жасаудың әдісі мен құралы ретінде де көрінуі мүмкін. Зорлық анықтамасынан зорлықтың нақты сипаттарын анықтай отырып қана нақты жағдайда зорлықтың қолданылуы қолданылмауы туралы айтуға болады. Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Отбасында балалар мен əйелдерге зорлық-зомбылық көрсетудің өршіп отырғаны мені қатты алаңдатады. Әйелдерді жәбірлеуге жол беруге болмайды. Бірден ескертемін, мұндай зорлық-зомбылықты қатаң жазалау керек», деп ашық айтты. Қорытындылай келетін болсақ, зорлық қылмыстарының ұғымы мен оған қатысты жағдайларды анықтаған кезде, қоғамымыздың даму заңдылықтарын ескеру қажет. Тұлғаның физикалық игіліктерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды қорғау бойынша қылмыстық заңнаманың жалпы даму тенденциясына сүйене отырып, құқық саласының мамандары ретінде зорлық қылмыстарының қатарын азайту, қылмыстық-құқықтық бағыттағы жұмыстарды қолға алу жолында қызмет етуіміз қажет.

«Strategy «Kazakhstan – 2050»: New Political Direction of the Formed State» openly expressed his opinion: «I am very concerned about the dangerous increase in violence of children and women in families. We must not allow violence against women. I immediately want to warn that such crimes must be punished very strictly». So, in defining the concept of violent crimes and related situations, it is necessary to take into account the patterns of our society development.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы зорлық мәселесі аса күрделі ұғым ретінде танылады. Қылмыстың әр түрлі құрамдарының объективті қырларын сипаттайтын элементті білдіре отырып, әр түрлі мән мен мағынаны көрсетеді. Ол міндетті немесе факультативті, негізгі немесе жанама түрде қылмыс құрамының элементі бола алады, қылмыс жасаудың әдісі мен құралы ретінде де көрінуі мүмкін.

Қазақстандық қылмыстың заңдылық зорлықтың сипаты бойынша негізгі екі түрін қарастырады: физикалық және психикалық. Зорлықтың осы түрлерінің әрбіреуі белсенділігі бойынша өмір мен денсаулыққа қауіпті және өмір мен денсаулыққа қауіпі жоқ деп бөлінеді.

Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының негізінде жатқан адамдар арасындағы және жалпы қоғам ішіндегі өмірге, денсаулыққа деген адамгершіл көзқарас, дене тұтастығы мен әр адамның бостандығына қол сұғылмаушылық секілді мораль мен құқық нормаларынан туындайтын заңдылықтар, адамдар арасындағы қатынастардан, адамдардың бірін бір сыйлауы мен дамытуы, яғни, кез-келген тұлғаның қалыпты өмір сүруіне қажетті қоғамдық қатынастар ең маңызды болып есептеледі.

Осы қатынастардың бұзылуы, тіпті, оларды бұзуға деген бағыттың қоғамға, сәйкесінше, мемлекетке елеулі зиянын тигізеді. Сондықтан берілген қоғамдық қатынастар қылмыстық заңдылықпен қорғауға алынған.

Негізі өмір мен тұлғаның басқа да физикалық мүмкіндіктері болып отырған қоғамдық қатынастарды қылмыстық әрекеттерден қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (ҚР Заңымен 24.11.2015 № 422-V 01.01.2016 ж. енгізілген, 18.04.2017 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бөлек орын берілген [1; Б. 3].

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 статьясында тұлғаның өмірі мен денсаулығына төнген қауіптен қорғау құқығы белгіленген (30.08.1995 ж. Қабылданған, 10.03.2017 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

Тұлғаның дене тұтастығы мен әр адамның бостандығына қол сұғылмаушылық қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға нұқсан келтірілуінің көп бөлігін зорлық қолдана отырып жасалған қылмыстар құрайды, олар көбінесе физикалық зорлық түрінде көрініс табады.

«Зорлық қолдана отырып жасалған қылмыс» анықтамасы қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық-атқару құқығы бойынша теориялық зерттеулерде қолданылады. Алайда, бұл анықтаманың мазмұны барлық жерде бірдей емес. Мысалы, қылмыстық құқықта зорлық қолдана отырып жасалған қылмыс дегеніміз – зорлық әрекетімен байланысты немесе зорлық қолдану қаупі бар қылмыстар болып табылады; қылмыстық-атқару құқығында – зорлық қолдана отырып жасалған аса қауіпті мемлекеттік қылмыстардан басқа зорлық әрекетімен байланысты немесе зорлық қолдану қаупі бар қылмыстар деген анықтама беріледі; криминологияда тұлғаға қарсы зорлықпен жасалған қылмыс, сонымен қатар, зорлықпен, қарақшылықпен, және бұзақылықпен орындалған қылмыс деген анықтама берілген.

Зорлық анықтамасынан зорлықтың нақты сипаттарын анықтай отырып қана нақты жағдайда зорлықтың қолданылуы қолданылмауы туралы айтуға болады.

Ондай негіздерге мыналар жатады (сурет 1):

 

Сурет 1. Зорлық қылмыстың негізгі сипаттамалары

Жәбірленушінің өзінің қабылдаған шешімімен, оның өтінішіме ағзасына басқа тұлғаның әсер етуіне жол беруі көбінесе зорлық әрекетін қолдана отырып адамды өлтіру немесе дене жарақатын салу кезіндегі қылмыс түрлері де зорлық қылмыстары қатарына жатқызылады. Жәбірленушінің ағзасына әсер ету сипаты бойынша адамның сыртқы денесіне салынған жарақатпен қатар, ішіне берілген улы, масайтатын заттарды беру зорлық қылмысы болып табылма деген даулы сұрақты шешуге негіз болып табылады.

Зорлау дегеніміз – күш көрсету немесе ол күшті көрсетемін деп қорқыту, сондай – ақ дәрменсіз жағдайды пайдалану арқылы жәбірленуші және басқа да тұлғаларды жыныстық қатынасқа тарту. Зорлау кезіндегі қылмыстық қастандықтың тікелей затына нақты әйелдің жыныстық дербестігі жатады. Бұл жерде жәбірленушінің дене мүшелеріне, ар – ожданына, сондай – ақ кейде материалдық, яғни, мүлкіне зиян келтіріледі. Зорлау көбіне пәтерлерде жасалады. зорлау орындары ретінде сонымен қатар шатыр, подвал, ал ауылдық жерлерде қора, шаруашылық қосымша құрылыстар, орман іштері жүреді. Аталмыш қылмыстық әрекет көбінесе кешқұрым немесе мейрам күндерінде іске асырылады.

Зорлау кезінде материалдық іздер көп мөлшерде қаладағы – жәбірленушінің денесінде, киімінде, қылмыс жасалған жерде, сонымен қатар зорлаушының денесі мен киімінде. Егер зорлау елсіз жерде, қараңғы түскенде және қылмыскер күтпеген жерден шабуыл жасап жансыздандырған жағдайларда болса, ол қылмысты тергеп – ашу кезінде бірқатар қиындықтарға әкеп соқтырады. Қылмыскердің бұрын жәбірленуші адаммен аз да болса таныс болғандығы тәжірибеде жиі кездеседі, бөтен адамдар тарапынан зорлау мақсатында әйелдерге шабуылдауы сирек көзге түседі. әдетте зорлаушылар бұзақылыққа бейім, мінез – құлықтарында арсыздық, шімірікпеушілік байқалатын және қоғамды сыйламайтын тұлғалар ретінде көрінеді. Жәбірленуші ретінде көбіне мінез – құлықтарындағы ұшқалақтық, бейбастық элементтері, жыныстық қатынасқа бірден түседі деген ой туғызатын қыздар немесе әйелдер жүреді. өздерінің аңқаулығымен зорлаушылар құрбаны болатын тәжірибесіз жас қыздар – жәбірленушілердің басқа санатына жатады.

Зорлау туралы істер бойынша анықтауға жататын жағдайлар:

  1. Жыныстық қатынас дерегі орын алды ма, егер алса – қашан немесе қай жерде.
  2. Жыныстық қатынас кезінде күш жұмсалып, зорлық көрсетілді ме, ол қандай нысанда іске асырылды.
  3. Жәбірленуші кім, дене бітімі немесе психика жағынан ауру, сондай – ақ жасы кәмелетке толмаған емес пе.
  4. Зорлауды жасаған тұлға кім, ол бұрында осындай қылмыс жасаған ба, өте қауіпті рецидивист қатарына жата ма, егер зорлау топпен жасал са әрбір тұлғаның кінәсі мен өз арам ойын іске асыру деңгейі қандай.
  5. Зорлаудан кемен зардап қандай, дәрежесі бойынша өте ауыр болып санала ма.
  6. Зорлау нәтижесінде жәбірленушіге келтіремін материалдық зиян мөлшері қандай.
  7. Қылмыстың жасалуына қандай жағдайлар себеп болды.

Ауырлататын жағдайлар болмаған кезде зорлау туралы қылмыстық істер тек жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады. Зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғау кезінде төмендегідей бірқатар мәселелерге назар аударған жөн. Біріншіден, жәбірленуші өзіне қатысты зорлау әрекеті орын алды деп қандай да бір тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту жайлы арыз беріп, кейіннен қандай да бір себептермен өз ниеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан зорлау туралы арыз алған кезде қозғалған қылмыстық іс жәбірленушінің ықыласына қарамастан кейіннен қысқартылмай тындығы жайлы шағым берушілерге ескертілуі тиіс. Екіншіден, жәбірленушілер кейде қылмыстың құрамы жоқ әрекеттерді зорлау деп санап қателеседі. Аталмыш тексеріс мақсатында – жәбірленуші берген арындағы зорлау оқиғасын дәлелдейтін деректерді жинау. Қылмыстық іс қозғауға негіздерді анықтаудың тағы бір қажеттілігі – зорлау туралы істер бойынша тәжірибеңде біреуге жала жабу оқиғалары аз емес. Зорлау туралы істер бойынша тергеудің алдын ала кезеңінде пайда болатын екі типтік ситуациялы ажыратуға болады:

Арыз беруші зорлаған адамды атап тұрғанда немесе сезіктіні айқындау қиын болмаған жағдайлар. Осындай жағдайда тән алғашқы тергеу әрекеттерінің шеңбері мен оларды іске асыру реті: жәбірленушіден жауап алу, оған қатысты куәландыру әрекетін өткізу, киімдерін қарау және алу, оқиға болған жерді қарау, жәбірленушіге қатысты сот – медициналық сараптама тағайындау; сезікті әні ұстау, жеке басын тінту, куәландыру, киім – кешегіні қарау, куәлардан даулап алу. Тергеудің алғашқы кезеңінде сезіктіні тұрғылықты жерінде де тінту әрекеті жүргізіледі.

Қылмыс жәбірленушіге бейтаныс тұлғамен жасалып, оған іздеу салу кезінде бірқатар қиындықтар пайда болған жағдай. Аталмыш тергеу әрекеттерінің мақсаты – қылмыскерге іздеу салу үшін қажетті және зорлаған адам анықтала қойған жағдайда, оны әшкерелеуге көмек көрсететін мәліметтерді көбірек табу. Тергеу әрекеттерімен қатар жоғарыда аталған екінші жағдайға тән із кесуші ит көмегімен қолдану, бұрын зорлау үшін сотталған немесе осындай жағымсыз әрекеттер жасауға дайын тұратын, тұлғаларды зерттеу, іздеу барысында жәбірленуші көмегімен пайдалану, зорлау жасайды – ау деген жерлерге торуылдар құру, ішкі істер органдарындағы әйел қызметкерлер жәрдемін қылмыскерді анықтауда пайдалану, жұртшылық көмегіне сүйену тәрізді іздеу салудың белсенді әрекеттері жүргізіледі.

Зорлау туралы істер бойынша жәбірленушіден жауап алу кезінде оның ашыналық өміріне қатысты жағдайлар тілге тиек етілетіндіктен, криминалистикалық әдебиеттерде мұндай тергеу әрекетін әйел тергеушіге немесе жәбірленушіден жасы едәуір үлкен тәжірибелі тергеушіге жүктелу керек деген нұсқау орын алған. Жауап алу кезінде анықталатын жағдайлар: зорлау қашан жасалған; қай жерде және жәбірленуші ол жерге қалай тап болған; зорлауды кім жасады; қылмыстық жағдайлардың барлық жағдайлары жыныстық қатынасқа түсу әрекеті болды ма; жәбірленуші қарсылық көрсетті ме; көрсеткен жадағайда зорлаушының үстінде және киімінде қандай қарсылық көрсету іздері қалуы мүмкін; жәбірленуші зорлаған адаммен бұрын таныстығы болса, ондай таныстықтың барлық жағдайлары мұқият анықталуы керек; зорлау туралық арыз бірден берілмегенде – мұндай бөгелудің себебі сондай ақ жәбірленушіге қандай да бір ықпал жасау әрекеттері орын алды ма; жәбірленуші бұл оқиға туралы басқа біреуге айтты ма; айтса кімге және тағы кім іске қатысты мән – жайларды хабардар ете алады; жәбірленушінің зорлауға дейін жыныстық қатынасы болды ма; егер болса ақырғы рет қашан; зорлаудан кемен зардап қандай және тағы да басқа жағдайлар. Зорлаудан кейін көп уақыт өткен, жәбірленуші куәландырып, оның киімдері қараудан өткізіледі. Куәландыру әйел тергеушімен ал басқа жағдайда дәрігермен жүргізіледі. Куәландыру барысында жәбірленуші денесіндегі жарақаттарға сәйкес келуі, қан мен басқа да бөлінділердің іздері, денеге жабысып қалған шаш, жер қыртысының бөлшектері және тағы басқа әр түрлі былғанулар анықталады және бекітіледі. Үстінде іздер орналасқан киімдер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті бабына сәйкес (231 – бап) алынады және іс бойынша шешім қабылданғанға дейін сақталады.

Оқиға болған жерді қарау. Қарау барысында жәбірленуші мен оқиға болған жерде болуы, олардың арасындағы алпарыс іздері, сондай – ақ тікелей зорлау іздері. Қарау әрекетіне сот – медицина қызметкері мен маман – криминалист, сонымен бірге іздерді табуға көмек көрсете алатын жәбірленушінің өзі қатыстырылады. Жәбірленушіге құлатысты, сот – медициналық сараптама тағайындағанда төмендегідей мәселелер шешіледі:

  • жәбірленушінің жыныс пердесі жыныс қатынасқа түспей бұзылуы мүмкін бе;
  • жәбірленуші бұрын жыныстық қатынаста болған ба, егер болса қашан;
  • қынап ішінде немесе жәбірленушінің басқа да дене мүшелерінің үстінде ұрық сұйығының іздері бар ма, егер бар болса ол қай топқа жатады;
  • жәбірленушіге қандай зақым түрлері, келтірілген, олардың сипаты және орналасуы;
  • зақымдар күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскенді сипаттайды ма;
  • жәбірленушіге шеру – пуруы жұқтырылған ба, егер жұқтырса қандай мерзім;
  • жәбірленушіде жүктілік белгілері бар ма, бар болса оның мерзімі қандай.

Жеке басын тінту барысында кейде сезіктіден жәбірленушіні қорқыту үшін қолданылған қару, жәбірленушімен қандай да бір қарым – қатынаста болғандығын көрсететін заттарды, қылмыскердің осындай қылмыс жасауға бейім тұратындығын байқататын нәрселерді табуға болады. Сезіктіден жауап алу әрекеті, ол ұсталғаннан кейін бірден жүргізіледі. Жауап алуды сезікті мен жәбірленуші арасындағы қарым – қатынастар сипатын анықтаудан бастаған жөн, танысы – қашаннан бері, араларында жыныстық қатынас болды ма, болса қанша мерзім өтті, ақырғы кездесулері қашан болды. Жауап алудың кейінгі бағыты сезікті көрсетулеріне байланысты болады. Егер де ол зорлау фактісін мойындаса, онда оған болған істің мән – жайы бойынша толық көрсетулер беру ұсынылады.

Тергеудің алғашқы кезеңінде күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында зорлау кезінде үстінде болған киім, жәбірленушімен қарым – қатынасын көрсететін хат алмасулар мен басқа да заттар, сезіктінің әдепсіз қылықтарға бейімдігі мен бұрын жасалған осындай қылмыстарын айғақтайтын деректер табылуы мүмкін.. куәлардан жауап алу. Тергеу үшін маңызды көрсетулерді оқиға болған жердің маңайын мекен ететін және жәбірленушіге көмекке кемен немесе сезіктіні ұстауда ат салысқан тұлғалар бере алады. Куәгерлерден жауап алу барысында анықталатын жағдайлар:

  • қандай себеппен куәгерлер оқиға болған жерде болды;
  • куәгерлер не көрді, жәбірленушінің мінен – құлқы қанай байқалды;
  • егер де куә сезіктіні ұстауда көмек көрсеткен болса, онда оның сол мезеттен мінез
  • құлқы, ұстау кезінде қарсылық көрсетті ме, не айтты;

зорланған адам бой тасалап кеткен болса, қандай бағытты, оның бет әлпеті, қалай киінген, куә оны тани алама және т.б мәселелер.

Трасологиялық сараптаманы тағайындау арқылы мынандай сұрақтар шешіледі: оқиға болған жердегі сезікті немесе жәбірленуші аяқ киіммен кескіндеген бе; денедегі тістің іздері оқиғаға қатысушылардың біреуімен келтірілген бе; әр түрлі объектілері үстіндегі саусақ іздері нақтан тұлғамен қалдырылған ба. Материалдарды тану сараптамасына сезікті киімінде жәбірленуші киімінің талшықтары немесе керісінше жәбірленуші киімінде сезікті киімінің талшықтары орналасқан ба және сезіктіні киімі жәбірленушінің киімімен қатынасқа түсті ме деген сауалдар қойылады. Аталмыш мәселелерді шешу барысында сезіктіні жәбірленушімен қатынасқан жоқпын деген тұжырымын жоққа шығарғандықтан оның дәлелдемелік маңызы өте зор.

Зорлау қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлауда ҚК 2-тармағында көрсетілгендей ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.

Қылмыс объектісі болып әйел адамның жыныстық бостандығы, ал кәмелетке толмағандарды зорлау кезінде кішкентай қыздың жыныстық қол сұғылмау шылығы болып саналады. Және де зорлау кезінде денсаулығына қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытудың өзі ерекше орын алады.

Заң зорлауды жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы деп анықтама береді.(ҚК ҚК 120 бабының 1-тармағы). Бұл жерде ҚР ҚК 120бабының диспозициясы үш топқа бөлінеді және де олар өзінің сипаты бар объекті бар деген ойға келуге болады:

  • Кәмелетке толған әйелді жәбірленушіге және де тағы да басқаларға күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу.
  • Кәмелетке толған әйелдің дәрменсіз күйін қолданып жыныстық қатынасқа түсу.
  • Он төрт жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу және кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу.
  • Осы жоғарыда көрсетілгендердің өзіне тән қол сұғу объектілерінің бар болғанына қарамастан мұның барлығын бір ҚР ҚК 120 бабына жинауға мүмкіндік береді.

Зорлық жасалған кезде жасына басқа негіздемелеріне қарамастан жәбірленуші тек әйел жынысы бола алады. Тәжірибе көрсеткендей зорлау бөтен әйелдерді ғана емес өзінің әйелін, бірге тұратын әйелін, және де өзінің туыстарына қарсы жасалатыны да белгілі [24; Б. 34].

Қылмыстың обьективтік жағы заңмен көрсетілгендей жәбірленушіге және дебатқа да адамдарға жыныстық қатынасқа зорлық көрсету немесе дәрменсіз күйін пайдалану болып табылады.

Зорлау кезінде әйел мен ер адамның арасындағы жыныстық қатынастың зорлық нәтижесінде болған болмағаны үлкен рөл атқарылады.

Ал қалған жыныстық сипаты бар «зорлық жыныстық қатынас» ҚР ҚК 121 бабымен қарастырылады және де олар зорлау сияқты бағаланады ҚК120 бабымен қарастырылмайды.

Зорлық деп тек тән зардабы қана емес психологиялық зардап деп те түсіндіріледі.

Тәндік зорлық денсаулыққа зиян келтіру, денеге ауыр жарақаттар салу, көмекке шақыру мүмкіндігінен айыру, байлап қою, қамап қоюдан тұрады. Тәндік зорлық жәбірленушінің денесімен сипатталады. Және де тән зардабы оның сыртқы денесімен қатар оның ішкі органдары да зардаптануы мүмкін. Мысалы есірік заттары, токсикалық немесе психотроптық заттар қолдану.

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты бұл жағдай әйел адамын дәрменсіз күйге әкелу сияқты бағалануы тиіс деп өз көз қарастарын айтып өтті. Осы көзқараспен келісе отырып,тағы осы екі белгіні біріктірілуі тиіс сиқты тәндік зорлықпен (оның ішкі органдарына оның келісімінсіз әсер ету) оның дәрменсіз жағдайға әкелуі және оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып оны зорлауы.

Психологиялық зорлау жәбірленушіні қорқыту, дене зардабын саламын деп қорқыту, денсаулығына ауыр зардаптар әкелемін деп, оның балаларына, туысқандарына және ол танымайтын адамдарға да дене жарақатын саламын деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қорқыту жәбірленушіге ақиқат түрінде көрінуі тиіс, тек осы қорқыту ғана оның қарсылығын тоқтата алады. Осы қорқытулардың барлығы қылмыстың обьективтік жағына кіреді, және де қосымша квалификацияны талап етпейді [28; Б. 22].

Тәндік және психологиялық зорлық тек жәбірленушіге қарсы ғана қолданылмайды және де сонымен қатар басқа да адамдарға қолданылады. Мысалы сол жәбірленуші әйелді құтқару ниетімен немесе көмекке шақыру ниеті болған жағдайда.

Бірақ мұндай жағдайларда оның зорлық мақсатын анықтап алынуы тиіс.Егер де басқаларға күш қолдану жәбірленушінің қарсыласуын басып осы арқылы оның жыныстық қатынасқа келісімін алу мақсатында болса кінәлінің әрекет біліктілігі толық ҚК 120 бабына сәйкес келеді.

Егер де басқа адамдарға күш қолдану тиімсіз куәгерлерді, жәбірленушінің қорғаушыларынан құтылу мақсатында болса, кінәлінің әрекеті өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыстар бойынша жауапқа тартылуы біліктеді. Осындай беттегі адам өлтіру ҚК 96 бабының 2-тармағы «к» тармақшасымен білік тілуі тиіс (зорлаумен қатар немесе басқа қылмысты жасыру мақсатында).

Зорлықтың екі түрі де жыныстық қатынастың алдын болуы тиіс. Мақсаты жәбірленушінің қарсылығын басып және оның еркінсіз зорлық жасау.

Зорлауда жәбірленушінің еркінен басқа жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануда негізге алынады яғни құрбан адамның өзімен не болып жатқанын сезіне алмай, қарсыласуға шамасы келмей әрекетсіз дені.

Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы есінен айрылу ауруы салдарынан болуы мүмкін ( диабетикалық кома, стенокардин приступі, эпилептикалық есінен айрылу және т.б.) стреске байланысты талу жағдайы және т.б.

Тәндік қарсылық көрсете алмау ынтықтықпен, тәндік жетіспеушіліктермен, және қозғалу функцияларының жоғалтуы (паралич, остеохондроз, артроз) және де т.б. қылмыскердің немесе оның сыбайластарының тәндік әрекеттерімен түсіндіріледі.

Зорлық қылмыстары қатарына жататын қылмыстардың құрамы үлкен. Бұл ҚР ҚК 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 123, 125-127, 133, 137, 145, 156, 159, 160, 163, 168, 169, 170, 178, 179, 181, 226, 230, 238, 240, 241, 257, 270, 321, 341, 361, 368, 369 баптары.

Олардың кейбіреулері зорлық қылмыстары қатарына жатпаса да, жартылай зорлық сипатқа ие болуы мүмкін, яғни, қылмысты жасаудың басқа әдістерімен қатар күш қолдану да бар дегенді білдіреді. Мысалы, ҚР ҚК 151, 153 баптары. Кейде қылмыстардың квалификациялаған құрамдары зорлық қылмыстардың қатарын толықтырады, яғни, олардың қарапайым құрамында зорлықты қолдану қарастырылмаса да, квалификациялық құрамында ол бар деген сөзді білдіреді.

Сонымен, зорлық қылмыстары дегеніміз ҚР ҚК 96-100, 102-110, 112, 113, 120, 121, 123, 125-127, 133, 137, 145, 151, 153, 156, 159, 160, 163, 168, 169, 170, 172, 178, 179, 181, 200, 226, 230, 233, 238, 240, 241, 257, 270, 321, 341, 347, 361, 368, 369 қарастырылған қылмыстар болып табылады.

Зорлықты қолдану немесе зорлықты қолдану қаупі қылмыстың квалификациялық көрсеткіші ретінде қарастырылады: б.2 бап.120, б.2 бап.121, б.2 бап.125, б.2 бап.126, б.3 бап.131, б.3 бап.132, б.2 бап.145, б.2 бап.146, б.2 бап.155, б.2 бап.164, б.2 бап.178, б.2 бап.185, б.2 бап.186, б.2 бап.209, б.2 бап.226, б.2 бап.234, б.2 бап.238, б.2 бап.239, б.2 бап.248, б.2 бап.250, б.2 бап.260, б.2 бап.261, б.2 бап.262, б.2 бап.275, б.2 бап.327, б.2 бап.330, б.2 бап.354, б.2 бап.358, б.2 бап.361.

Сонымен, зорлық қылмыстары қатарына қылмыстардың елу құрамын жатқызуға болады, оларды «таза зорлық қылмыстары» деп сипаттай аламыз, ал «зорлықты қолдану» немесе «зорлықты қолдану қаупі» бар қылмыстарды қылмыстардың жиырма тоғыз құрамында квалификациялаушы көрсеткіш ретінде қарастырамыз, «ерекше квалификациялаушы көрсеткіш ретінде қылмыстардың он екі құрамында қарастыра аламыз. Бұлардың барлығы тоқсан төрт қылмыс құрамдарын біріктіреді.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шиеленісуі, зорлықтың бірнеше түрлерінің көбеюі, аса ауыр зорлық қылмыстарының көбеюі, «беттік» (бұзақылық, денсаулыққа зиян келтіру, қаруды рұқсатсыз ұстау мен пайдалану) қылмыстармен күрестің төмендеуі, есірткімен байланысты қылмыстар, көптеген қылмыс түрлерінің жазықсыздығы жәбірленушілердің құқық қорғау органдарына арыздарының тиімсіздігі, қылмыскердің өш алу мүмкіндігінен қорқу секілді проблемалар зорлық қылмыстары санының жоғарлауына себеп болып отыр. Олардың ішіндегі аса ауыр және көптеген себептерге байланысты қоғамдық талқылануға салына бермейтін адамды зорлаумен байланысты қылмыстар жеке қарастыруды қажет етеді, себебі зорлық қолданыла отырып жасалатын қылмыстардың ішінде зорлау ең бірінші тұрған тармақ және аса көңіл бөлуді қажет ететін сұрақ болып табылады.

Зорлаудың объектісі жыныстық тұтастық пен жыныстық еркіндік болып табылады. Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, арнамысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп төнеді.

Зорлық қолданыла отырып жасалған сексуалды сипаттағы қылмыстарды квалификациялау проблемасы аталған қылмыс түрінің көпжақты сипаты болып табылады. Берілген сипаттағы әрекеттер заңнамалық тәжірибеде дұрыс бейнеленбеген субъективті жақты көрсетеді; Зорлық қолданыла отырып жасалған сексуалды сипаттағы бірегей қылмыстар ҚР ҚК 120 бабымен, сонымен қатар, қылмысты күрделендіретін жағдайдың болу-болмауына байланысты аралық баптармен да квалификацияламады.

Зорлаудың объектісі тұлғаның жыныстық тұтастығы мен жыныстық еркіндігі болып табылады. Жыныстық тұтастық туралы сөз еткенде, кәмелетке толмаған немесе ересек, бірақ психикалық жағынан ауытқуы бар әйел жайында айта аламыз. Басқа жағдайларда зорлау объектісі әйелдің жыныстық еркіндігі болады, себебі онда әйел ер адаммен жақын қарым-қатынасқа түсу шешімін еркін қабылдайды. Қосымша объекті ретінде әйелдің денсаулығы, оның өмірі алынуы мүмкін, себебі зорлау жәбірленушінің денсаулығына нұқсан келтіріп, тіпті оның өліміне де әкелуі мүмкін (ҚР ҚК п.«а» б.3 бап.131).

ҚР ҚК 120 бабының 1-бөліміне сәйкес физикалық зорлықты қолдана отырып немесе қолдану қаупімен жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, жыныстық қатынасқа түсуді зорлаудың объективті жағы ретінде түсінеміз. Бұл баптың диспозициясынан туындайтын қағида зорлаудың ер адам мен әйел арасында ғана болуы мүмкіндігі.

Субъективтік жағынан зорлаудың тікелей ниетпен ғана орындалатынын ескеруіміз қажет: кінәлі жыныстық қатынастың физикалық немесе психикалық зорлықты қолдана отырып, сонымен қатар, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып жасайтындығын және оған мүдделі екендігін саналы түрде түсінеді. Қылмыс сексуалды мотивті көздейді.

Қылмыс субъектісі он төрт жасқа толған тұлға болып табылады. Мұнда әйел қылмыстың объективті жағын көмекші орындаушы болуы да мүмкін. Қылмыстың квалификациялық құрамы әрекеттің бірнеше рет қайталануында болады. Көбінде аталған қылмыс түрі қылмыстың жалпы құрамымен квалификациялады және ҚР ҚК 120 бабымен қарастырылады.

Жалпы зорлық мәселесін шешудің негізгі жолдары ретінде мыналарды ұсынуға болады:

  • Зорлық пен қатыгездіктің алдын алу және қатыгездікке ұшыраған балаларды оңалту жөнінде ведомствоаралық жоспар әзірлеу.
  • Жайлы отбасылық қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша үкіметтік емес секторлармен бірлесіп ведомствоаралық өзара іс әрекеттестікті белсендіру.
  • Зорлыққа ұшыраған дарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету қызметінің жүйелерін дамыту.
  • Халықаралық тәжірибеге сүйеніп зорлық мәселесі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.
  • Тұрғындарың құқықтық мәдениетін көтеру, зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің түрлерімен және жәбірленушілерге көмек көрсету жолдары туралы ақпараттандыруды арттыру.

Сонымен, зорлық ұғымы өте күрделі ұғым болып табылады. Берілген ұғымды талқылау қылмысты дұрыс квалификациялаумен қатар, жалпы қылмыстық құқық қағидаларын толық орындау үшін де өте қажет.

Берілген анықтама бойынша әдебиеттер мен заңнамаларды талдай отырып, ескеретін бір жайт, бүгінде зорлық ұғымының мазмұны, оның денсаулық пен өмірге қауіптілігі, психикалық зорлық ұғымы, және олардың барлығының квалификациясының проблемалары салаларында толықтыратын тұстар өте көп, сонымен қатар, берілген сұрақтар заңнамалық деңгейде нақтыланбаған.

Мысалы, ҚР ҚК 120 бабының 3-бөлімі бойынша қарастыратын болсақ, егер зорлау салдары жәбірленушінің өліміне әкелген жағдайда, өлім зорлау әрекетінің салдары ретінде зорлау құрамымен қарастырылмайды, бұдан шығатын қорытынды, мұнда орын алған жағдай денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру салдарынан болған өлім ретінде қарастырылады. Алайда, зорлау салдарынан денсаулыққа аса ауыр зардап келтіру жайты ҚР ҚК 120 бабының 3-бөлімінің сипаттамаларына сәйкес келмейді. Сәйкесінше, ҚР ҚК 120 бабының 1-бөлімі жәбірленушінің денсаулығына зорлау салдарынан аса ауыр зиян келтіруді білдіреді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру бойынша жәбірленушінің еңбекке жарамдылығы 35% асса, жәбірленушінің бір көзіне зиян келтірілсе, бұл жағдайларды денсаулыққа ауыр зардап тигізу деп бағалауды ұсынамын, себебі, аталған жағдайлар адамның жеке өміріне кері әсер етіп, ішкі тыныштығын бұзады.

Біздің қоғамымыздың саулығы отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы зорлықзомбылықтан зардап шегуде. Ол отбасының бұзылуына əкеліп, кәмелетке толмағандардың дамып жетілуіне кері əсерін тигізуде. Соған қоса отбасылық тұрмыстық қарымқатынас саласындағы құқық бұзушылық отбасы аясынан шығып өзге де əлеуметтік саладағы өзара қарым-қатынастарға, яғни көршілік, достық, өндірістік және т.б. қарымқатынастарға кері əсерін тигізеді.

Құқық бұзушылықтың профилактикасы саласында ІІО қызметкерінің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметінің жетілдірілген механизмін анықтау және əдеттегі міндеттерді орындаумен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерімен өзара əрекететсуді жүзеге асыру осы əдістемелік ұсынымдардың мақсаты болып табылады.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен азаматтарға көмек көрсету кезінде ішкі істер органдарының міндеттері:

  1. қылмыс туралы ақпаратты қабылдау және тіркеу, жедел-тергеу шараларын өткізу;
  2. тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған тұлғаларға қатысты бұлтартпау шаралары мен өзге де мәжбүрлеу шараларын қолдану;
  3. қылмыстық іс немесе əкімшілік іс қозғау, материалды сотқа тапсыру;
  4. қылмысты қайталаудың алдын алу шараларын жүргізу;
  5. зорлық-зомбылықтан жапа шеккен азаматтарды ведомствоаралық өзара əрекеттесу туралы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің келісімінде көзделген тәртіпте денсаулық сақтау және əлеуметтік қорғау мекемелеріне бағыттау (ақпараттанған келісімге қол қоюды, тапсыруды қоса алғанда).

Сондай-ақ олар тұрмыстағы ережелерді тұрақты бұзатын, қоғамдық орындарда өздерін тәртіпсіз ұстайтын, спирттік ішкілікке салынған тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Сонымен, учаскелік полиция инспекторының қолында отбасындағы əйелдің құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғу фактілері болса, онда ол бұндай зорлық-зомбылықты тоқтату үшін және оның əр түрлі нысандарының өмір мен денсаулыққа қауіп келтіретін қылмысқа айналынуына жол бермеу үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруы тиіс.

Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет сұрақтарына үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, мемлекеттік органдарының тарапынан 2009 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» № 214 Заңы қабылданғанға дейін көңіл бөлінген, оның бірнеше нұсқалары мен сұрақтары, жүзеге асыру нышандары талқыланған. Дегенмен аталған Заңды және Қазақстан Республикасының осыған ұқсас бірқатар нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмауға және оның құрбандарына көмек көрсетуге қатысты құқық қолдану тәжірибесі мен тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерінің ведомствоаралық өзара байланыстары мәселелерді толықтай шешкен жоқ.

Құқық қорғау органдары сексуалдық күш қолданудың алдын алу мақсатында мыналарды ұсынады:

  1. Алдымен ҚР ҚК 122 бабында көзделген адамгершілікке қарсы қылмыстармен күресті күшейтуді;
  2. ҚР ҚК 120 бабында көзделген қылмыстар санының өсуіне жағдай жасайтын себептер мен шарттарды анықтау және жою жөніндегі әрекеттерді белсендіруді;
  3. ҚР ӘҚБК 344 бабында көзделген баспа және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтармен, Қазақстан Республикасының аумағында қатыгездікке, зорлыққа және порнографияға бас ұруды насихаттауға және үгіттеуге бағытталған мәліметтері мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, сақтау, әкелу және тасымалдау бөлігіндегі күресті күшейту.

Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Отбасында балалар мен əйелдерге зорлық-зомбылық көрсетудің өршіп отырғаны мені қатты алаңдатады. Әйелдерді жәбірлеуге жол беруге болмайды. Бірден ескертемін, мұндай зорлықзомбылықты қатаң жазалау керек», деп ашық айтты.

Қорытындылай келетін болсақ, зорлық қылмыстарының ұғымы мен оған қатысты жағдайларды анықтаған кезде, қоғамымыздың даму заңдылықтарын ескеру қажет. Тұлғаның физикалық игіліктерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды қорғау бойынша қылмыстық заңнаманың жалпы даму тенденциясына сүйене отырып, құқық саласының мамандары ретінде зорлық қылмыстарының қатарын азайту, қылмыстық-құқықтық бағыттағы жұмыстарды қолға алу жолында қызмет етуіміз қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Негізі өмір мен тұлғаның басқа да физикалық мүмкіндіктері болып отырған қоғамдық қатынастарды қылмыстық әрекеттерден қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (ҚР Заңымен 24.11.2015 № 422-V 01.01.2016 ж. енгізілген, 18.04.2017ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бөлек орын берілген.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 13 статьясында тұлғаның өмірі мен денсаулығына төнген қауіптен қорғау құқығы белгіленген (30.08.1995 ж. қабылданған, 10.03.2017 ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
  3. Әлемде зорлық-зомбылықтың алдын алу саласындағы 2014 жылғы жағдай жөніндегі баяндама. [ЭР]. Қол жетімділік тəртібі: http: // www. whо. іnt/ vіоlеnсе_ іnjury_ prеvеntіоn / vіоlеnсе/stаtus_rеpоrt/2014/ru/
  4. Солтанов С.Б. Причинная связь между общественно опасным деянием и преступным последствием // Право и государство 2014. №1/2. -С. 69-71.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.