Автор туралы мәліметтер. Сейітқан Әділ Жақсыбекұлы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті.
Аннотация. Мақалада әлеуметтік саланы дамытуға жұмсалатын шығын, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері, білім беру, медицина, ғылыми-зерттеуді қаржыландыру мәселелері қарастырылған. Елдің индустриалды дамуы кезінде әлеуметтік салалардың дамуы маңызды болып табылады. Олар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне бағытталады. Кез-келген елдің даму деңгейі әлеуметтік саланы, ғылыми-зерттеу және білім беру салаларын қаржыландыру көлеміне байланысты. Елбасы Н.Ә. Назарбаев ғылым мен технологияларды, инновациялар мен инвестицияларды дамытуға ерекше мән береді. Мақалада көрсетілген мәліметтерге сүйенетін болсақ, қаржыландыру деңгейі жылдан-жылға артып келе жатқанын байқауға болады. Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген салаларды дамыту өзекті болып табылады.
Мемлекеттің индустриалды даму үрдісінде, әлеуметтік салалардың экономикалық дамуы маңызды мәнге ие.
Олар ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеруге бағытталған, инновациялық жүйенің маңызды элементі сипатында болады.
Индустриалды даму кезінде инновациялық жүйе, экономиканың әр түрлі салаларын жоғары дәрежедегі кәсіби маманданған мамандармен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды құру мен оларды өндіріске кеңінен енгізуге ықпал ету, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, ғылыми білімдерді тарату құралы ретінде қызмет атқарады.
1-кестеде 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің шығыстарының үлес салмағы келтіріліп отыр.
Жалпы шығындарды 100 пайыз деп алатын болсақ, 2012-2016 жылдар аралығында жалпы сипаттағы мемлекеттік шығындардың мемлекеттік бюджет шығыстарындағы үлесі 1,5 пайызға, қорғаныс шығындары 0,3 пайызға, қоғамдық тәртіп шығындары 0,7 пайызға, білім беру саласының шығындары 0,8 пайызға төмендесе, денсаулық сақтау шығындарының үлесі 8,2 пайыздан 9,5 пайызға артып отыр.
Ресми транcферттердің үлесі 2012 жылы 0 пайыз болатын болса, ол соңғы бес жыл аралығында 19 пайызға көтерілген.
Кез келген елдің даму деңгейі, оның экономикалық қуаты, халықаралық беделі, елдің тәуелсіздігін нығайту, ең алдымен даму деңгейі мен елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің жағдайына байланысты болады және ғылым мен технологиялық жетістіктері арқылы анықталады.
Тәжірибеде іргелі және қолданбалы ғылымның нәтижелерін кеңінен пайдалану экономиканың дамуының және елдің халқының әл-ауқатын жақсартудың маңызды факторы болып саналады [1].
Ғылым үшін бюджеттен бөлінетін қаражаттардың минимум мөлшерінде ғылымның елдің экономикалық және әлеуметтік өркендеуінің анықтаушы факторы ретіндегі мәселесін шешуді кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда тәсіл төмендегідей болуы қажет: Қазақстанның күнделікті қажеттіліктерімен талап етілетін ғылымды құру және ол үшін ақша іздеу қажет [2].
Қазіргі таңда Қазақстан Үкіметі ғылым мен білім беру саласына аса көп көңіл бөліп отыр, оны төмендегі 3-кестеден көруге болады. Зерттеу жұмыстарына арналған бюджеттік қаражаттар мөлшері 39,9 пайыздан 51,2 пайызға артса, меншікті қаражаттар 22,4 пайыздан 20,4 пайызға кеміген. 2016 жылы даму институттарының қаражаттары 0,5 пайызды құрады.
Кесте 1. 2012-2016 жылдарға мемлекеттік бюджет шығыстарының үлесі, пайызбен
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
Шығындар |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
6,8 |
5,5 |
6,1 |
6,3 |
5,3 |
Қорғаныс |
4,3 |
4,5 |
4,4 |
4,4 |
4,0 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметі |
8,5 |
9,3 |
8,6 |
9,0 |
7,8 |
Білім беру |
14,0 |
14,5 |
14,0 |
14,4 |
13,2 |
Денсаулық сақтау |
8,2 |
8,5 |
8,4 |
10,0 |
9,5 |
Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру |
24,6 |
24,1 |
22,4 |
20,6 |
17,8 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
2,4 |
2,7 |
3,2 |
3,3 |
3,0 |
Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы |
4,0 |
3,0 |
3,2 |
5,2 |
6,2 |
Отын-энергетикалық кешенді және жер қойнауын пайдалану |
0,7 |
0,9 |
0,8 |
2,0 |
1,3 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылықтары, қорғалатын табиғи аймақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынасы |
3,0 |
3,4 |
4,4 |
5,4 |
3,4 |
Өнеркәсіп, сәулеттендіру, қала құрылысы мен құрылыс қызметі |
0,6 |
0,7 |
0,4 |
0,2 |
0,2 |
Көлік және байланыс |
5,8 |
6,9 |
7,7 |
8,0 |
6,1 |
Басқалар |
7,7 |
5,8 |
8,1 |
5,4 |
1,7 |
Қарызға қызмет көрсету |
5,0 |
4,7 |
3,4 |
2,5 |
1,5 |
Ресми трансферттер |
0 |
1,5 |
1,3 |
0,7 |
19 |
Несиелеу |
4,4 |
4,0 |
3,9 |
2,6 |
0 |
Шетелдік инвестициялар көлемі соңғы жылдары кеміп отыр, оның үлес салмағы
2012 жылы 2,75 пайызды құраса, 2016 жылы 1,5 пайызды құрады. Тапсырыс берушілердің қаражаттары 35,2 пайыздан 26,4 пайызға кеміген [3].
Кесте 2. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудың ішкі шығындарының қайнар көздері, пайызбен
Көрсеткіштер |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
Зерттеу жұмыстарына арналған ішкі шығындар, оның ішінде: |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Бюджеттік қаражаттар |
39,9 |
41,2 |
41,9 |
50,0 |
51,2 |
Меншікті қаражаттар |
22,4 |
26,4 |
13,9 |
18,3 |
20,4 |
Даму институттарының қаражаттары |
- |
- |
- |
- |
0,5 |
Шетелдік инвестициялар |
2,75 |
0,8 |
5,6 |
3,8 |
1,5 |
Тапсырыс берушілердің қаражаттары |
35,2 |
31,1 |
38,6 |
29,0 |
26,4 |
ҒЗТКЖ-ды қаржыландырудың қайнар көздері бойынша шығындар құрылымында бюджеттік қаражаттар 52 пайызды, меншікті қаражаттар 20 пайызды, тапсырыс берушілердің қаражаттары 26 пайызды, шетелдік инвестициялар 2 пайызды құрайды [4].
Инновациялық қызметке кедергі келтіретін факторлар жалпы макроэкономикалық көрсеткіштерге және инвестицияларды ынталандырудың мақсатты бағдарламалы тәсілдерінің тиімділігінің жеткіліксіздігімен де байланысты. Осындай факторлардың ішінде: мемлекет тарапынан жеткіліксіз қаржылық қолдауы, қазақстандық компаниялардың өз меншігіндегі ақшалай қаражаттарының жеткіліксіздігін, нарықтық инфрақұрылымының жеткіліксіз дәрежеде дамуын, сонымен қатар, несие жүйесінің кемшіліктерін айтуға болады. Инновациялық қызметке кедергі келтіретін басты факторлар қаржы факторлары және әр түрлі деңгейде экономикаға мемлекеттік реттеудің тиімділік мәселесі болып саналады [5].
Индустриядан кейінгі дамудағы адам капиталының ролін өз дәрежесінде бағаламау әрі инновациялық қағидаларда экономикалық өсуді мемлекет тарапынан ынталандырудың мақсатты әрекеттерінің болмауы елдің экономикалық құрылымын консервациялауға және оның одан әрі қарай бәсекелестік қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Шығарылатын өнеркәсіп өнім көлеміндегі, инновациялық өнімінің үлес салмағының төмендеу себебі болып, инновациялық жүйелердің негізгі тармақтары арасында, яғни жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар, инновациялық кәсіпорындар, несие ұйымдары мен өнеркәсіп арасында – тұрақты қаржылық қатынастың болмауы саналады [6].
Қалыптасқан жағдайда ғылым мен білімді мемлекет тарапынан қолдауда, Қазақстан экономикасын инновациялық даму траекториясына шығуына кедергі келтіреді, өйткені ол келесі кемшіліктерге ие:
- ғылым мен білім саласын мемлекеттік қаржыландыру тек қана бөлінетін қаражаттардың жеткіліксіздігімен ғана емес, сонымен қатар, оларды институттар мен ғылыми орталықтардың арасында және осы сферадағы нарықтың нақты қажеттіліктерін есепке алмай тиімсіз бөлу арқылы да сипатталады;
- ғылым саласы дамуының басымдықтарының анық сыздық сипаты [7].
Мемлекеттік бюджеттің ғылым мен білім саласына бөлген қаражаттарының бөлшекті мәліметтері инновациялық саладағы мемлекеттік басымдық туралы және осы шығындардың олардың экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеруге ықпал ететіндігі жағдайын сипаттай алмайды [8].
Тұтас алғанда, қаражаттарды жұмсау бағыттары туралы шешім қабылдау механизмі лоббистік әсерде және нарықтық қажеттіліктеріне көңіл бөлмеу болып табылады:
- ғылым мен білімге мемлекеттік шығындар мемлекеттің инновациялық саласындағы нақты мақсаттарына қол жеткізуге емес, негізінен мекемелер мен ұйымдардың әрекеттегі құрылымын ұстауға бағытталған;
- бюджеттік мекемелердің заңды және мүліктік мәртебесінің анық сыздығы барлық бюджеттік саланың жалпы мәселесі болып табылады;
- бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесінің жеткілікті дәрежеде тиімді болмауы, қаражаттарды шығындауды бақылау формалды сипатта болып отыр және қаражаттарды мақсатты жұмсауды, бөлу ассигнациясы рәсімі мен есептілікті дұрыс жүргізуді тексеруге бағытталмаған, сонымен қатар, қабылданған бағдарламалардың ғылымитәжірибелік нәтижелерін тексеруге байланысты мәселелерге дұрыс көңіл бөлінбей келеді;
- бюджеттік реттеу қолда бар бәсекелестік басымдықтың дамуына және жаңасын құруға ықпал етуі, осылайша ұзақ мерзімді экономикалық өсуге негіз қалауы керек, Қазақстанда бәсекеге қабілетті экспортты өнім шығаруының ішінде ғылыми сиымды және жоғары технологиялық салаларда әлеует бар, осы әлеуеттерді бюджеттік реттеуді жетілдіру жолымен жүзеге асыруға болады [9].
Инновациялық саланы мемлекеттік қаржыландыруға байланысты басты қиыншылық индустриядан кейінгі дәуірде технологиялық және инновациялық болжаудың уақытша көкжиегінің тарылуы болып табылады. Мемлекет нарықтың басқа субъектілері сияқты, болашақта ең үлкен әлеуметтік-экономикалық нәтижелілік әкелетін қаражаттарды салу бағытын нақты түрде анықтай алмайды. Тек қана бюджеттік қаржыландыру механизміне негізделген инновациялық белсенділікті қолдау жүйесі тиімсіз болып саналады. Салық механизмін инновациялық дамуды ынталандыруда пайдалану, осы саладағы мемлекеттің қатысуын толықтыруы керек. Салық бойынша ынталандырудың басты артықшылығы – ол жеке сектордың автономдығын сақтайды және зерттеу бағытын таңдау мен оны ендіруге экономикалық жауапкершілігін қалыптастырады.
Инновацияны салық бойынша ынталандырудың әлемдік тәжірибесі ҒЗТКЖ шығындарын шығындар құрамына енгізу инновациялық кәсіптің дамуына және кәсіпорындарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына қаражаттар салуын ынталандыратындығын көрсетеді. Сонымен қатар, инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған жеңілдіктердің болуына қарамастан осы мәселе бойынша кешенді тәсіл жасалынбаған.
Әлемдік қауымдастықтың әлемдік беталысы инновациялық қызметтің экономикалық өсу қарқынына әсерінің өсіп отырғандығын куәландырады. Әлемдік нарықта зияткерлік еңбек өнімі экономикалық қызметтің басқа салаларымен салыстырғанда жоғары құнға ие. Нарықтың талабы жаңалықтарды кеңінен қолдануға жағдай жасауды, инновациялық қызметті күшейтуді талап етеді [10].
Ғылым мен білімнің дамуы жеке сектор мен мемлекеттің тығыз байланысы кезінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Жақын болашақта ғылым мен білім саласындағы мемлекеттің ролі батыс елдеріне қарағанда едәуір өсуі керек. Осы салаларға нарықтық тетіктерді енгізу, халықтың табысының аз көлемімен және жеке сектордың әлсіздігімен сипатталады, нәтижесінде инновациялық сектор мемлекеттік қолдауды талап етеді.
Қазақстан жағдайында жоғары дәрежедегі кәсіби маманданған мамандардың жетіспеушілігінен компаниялардың қарқынды өсуі тежеледі. Осыған байланысты елдің ұзақ мерзімде экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Жоғары дәрежеде кәсіби маманданған мамандардың жетіспеушілік себебі көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың тапшылығы және ғылым мен білім саласының нарық қажеттіліктерінен алшақтығымен түсіндіріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Бенке О., Горбачева Е. Проблемы и перспективы совершенствования стратегии развития здравоохранения Казахстана // Транзитная экономика, 2007. №6.С. 58-64.
- Оспанова А. Разработка детального плана финансирования и исполнение сметы расходов по бюджетным средствам учреждений здравоохранения // Қаржы-қаражат. Алматы, 2006. №2. С. 42-47.
- Мамедова С. Основные системы финансирования здравоохранения // Финансы. М., 2008. №4. С. 68-70.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Саханова А.Н. Сборник кейсов по курсу «Государственное регулирование экономики»: учеб. пособие. Алматы: «Экономика», 2006.
- Эффективность и результативность использования государственных средств / Министерство экономики и бюджетного планирования РК // Бухучет и налоги в государственных и бюджетных организациях. Алматы, 2008. № 21.С. 5-7
- Черемисинова С. Важнейший механизм социально-экономического развития страны система государственных и отраслевых программ (процесс развития, анализ проблем и тенденции) //Экономика и статистика, 2007. №4. С. 23-27.
- Конакбаева С. Эволюция бюджетного процесса в РК: исторические и практические доминанты // Финансы Казахстана. Алматы, 2008. №5.С. 83-87.
- Искаков Н. Специфика процесса приватизации объектов социальной сферы в постсоциалистических странах и отличия в Казахстане // Экономика и статистика, 2005. №4. С. 22-27.
- Четыркин Е.М. Статистические методы прогнозирования. М.: «Статистика», 2007. С. 200.