Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру

Автор туралы мәліметтер. Рахимбаева Ұлпан Темірбекқызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті.

Аннотация. Мақалада мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының қызметін жетілдіру сұрақтары қарастырылған. Әлеуметтік қызмет, әлеуметтік демеу, тұтынушы корзинасы, күнкөріс минимумы сияқты ұғымдар қарыстырылған. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру сұрақтары қарастырылады. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік органдардың қызметінен нақты мысалдар келтірілген. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын үздіксіз жақсартып отыру – ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің негізгі мақсаты болып табылады. Мақалада бұл мәселелерді шешудің негізгі бағыттары мен ұсыныстары бар.

Түйін сөздер. Әлеуметтік саясат, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қолдау, мемлекеттік бағдарлама, әлеуметтік теңсіздік, зейнеткерлік, әлеуметтік төлемдер, күнкөріс деңгейі, жұмыссыздық, мемлекеттік орган.

Қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері мемлекеттің басты функциясы.

Мемлекеттің ішкі функцияларының арасындағы ең маңыздысы – әлеуметтік функция. Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі – халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты – адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты – адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.

Жалақының ең төменгі мөлшері, зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы және аймақтағы тұтыну себетіне енетін азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер арасындағы теңсіздік, Шығыс Қазақстан облысындағы отбасы бюджетіне ауыр салмақ түсіретін бағалар динамикасы ылғи талқылау үстінде болады. Президенттің «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әлеуметтік қамсыздандыру маңызды, өзекті мәселе болып табылады.

Еліміздегі әлеуметтік төлем көрсеткіштері заңнамамен бекітілген, атап айтсақ, «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы

№474 Заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 122-бабы Қазақстандағы минималды жалақыны анықтау және пайдалану үшін заңдық негізді бекітеді. Сонымен қатар, Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл, салық төлемдерін пайдалану және есептеу үшін мемлекет жыл сайын белгілейтін айлық есептік көрсеткіш ағымдағы сәйкес жылға «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітіледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы №1241 қаулысымен бекітілген.

2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілікті негізгі басымдықтардың бірі ретінде көрсетеді.

Елбасымыз аталған Жолдауда әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларын ұсынды: Біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс, яғни басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек. Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек. Олар мынаны қамтуға тиіс: ең алдымен, тұлғаның қажеттіліктері тізімін кеңейту және оған білім беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу (соның ішінде, жұмыссыздар мен еңбекке қабілетсіздер үшін оларды барынша әлеуметтендіру мақсатында), саламатты тамақтану және саламатты өмір салты, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу, т.б.; нақты бағалар бойынша тұлғаның қажеттіліктерінің құнының есебі (тиісінше, елдегі статистиканы жетілдіру қажет); экономиканың өсіміне байлаулы өмір сапасының стандарттарын кезең-кезеңмен сапалы арттыру.

Екіншіден, мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс. Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады; ұдайы әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріп отыру, ананы және баланы жан-жақты қорғау қажет.

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеуді статистика жөніндегі уәкілетті орган және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы ең қажетті азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелімді үлесіне көбейтілген азық-түлік себетінің құнына қарай есептеледі.

Облыс бойынша орташа ең төмен күнкөріс деңгейі облыс орталығы, аудан орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша қалыптасқан шамаларға қарай, оларды өлшемдеу жолымен, республика бойынша – облыстар, астана және республикалық қала бойынша айқындалады.

Ең төмен күнкөріс деңгейі жалпы республика, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар және облыстық маңызы бар қала бойынша орта есеппен жан басына шаққанда және негізгі жыныстық жас топтары бойынша есептеледі.

Күнкөріс минимумын анықтау әдістемесі бүкіл отбасының немесе бір қызметкердің шығыны мен табысының теңгерімі болып табылатын тұтыну бюджетін (күнкөріс минимумының бюджетін) құрауға негізделеді.

Әдетте күнкөріс минимумына анықтау үш мақсат үшін жасалады. Ол арқылы біз, біріншіден, тіршілік ету жағдайының бағасын біліп, кедейліктің соңғы шегін анықтаймыз, екіншіден, әлеуметтік саясаттың бағыттарын айқындап алып, тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асырамыз, үшіншіден, бекітілетін ең төменгі айлық жалақының, зейнетақының, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшерін негіздеп аламыз. Ал ең төменгі айлық жалақы мен ең төменгі зейнетақының көлемі жыл сайын оларды күнкөріс минимумының мөлшеріне дейін сатылап жеткізу ұстанымы ескеріле келе, сол кездегі күнкөріс минимумының негізінде заң актілерімен бекітіліп отырады.

Азық-түлік қоржынын денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы физиологиялық нормасын анықтап берген азық-түлік тағамдарының ғылыми негіздемесі бойынша статистикалық орган есептеп шығарады. Ол тұрғындардың әр түрлі жас жыныстық топтары үшін белгіленген азық-түлік қоржынына кіретін азық-түліктік тұтыным тағамдарының ғылыми негізделген физиологиялық нормасын ағымдағы айдың ортасында респуб-

ликалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, облыстар мен аудандар орталықтарындағы бөлшек сауда жүйесінің көрнекті нысандарында тіркелген орта бағаға көбейту арқылы жасалады.

Ал азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер шығындарының құны ең төменгі азықтүлік себетінің құнын Үкімет белгілеп берген тәртіппен алынған азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерінің ең төменгі шығындар үлесіне ұлғайту жолымен анықталады.

Бір түсініксіздігі, бұл есептеу кезінде коммуналдық төлем, салық, киім-кешек, баспана жайы сияқты адамның өмір сүруіне қажетті мұқтаждықтар санаққа енгізілмей қалған. Құзырлы органдардың қара халықтың тұтыну себетін 43 түрлі азық-түлікке негіздеп бекітіпті. Ал, мына көрші Ресейде төменгі өмір сүруге қажетті тауарлар мен қызметтердің саны – 156. Сондай-ақ олар әр тұрғын үшін 18 шаршы метрлік баспана шығынын да есепке алған. Кейінгі кездері өзіміз «бой таластырып» жүрген дамыған елдерде, мәселен, Германияда тұтыну қоржыны – 475, Англияда – 350, АҚШ-та – 300 тағам және қызмет түрімен жасақталған [1].

Осы күнкөріс минимумына жоғарылатуға негіз бар. Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары арасындағы балансты қарасақ, бұл ұсынысты жүзеге асыру әбден мүмкін.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің жартысынан астам мөлшерін азық-түлік, яғни тұтыну себеті құрайды. Азық-түлік өнімдерінің бағасын арнайы электронды жүйе бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша реттессе деген ұсынысымыз бар. Ол тауарлардың құнын реттеп қана қоймай, оны айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бермек.

Тауар жеткізуші жүйе, оның негізгі мақсаты – отандық өнім өндірушілер мен сауда орындары арасында тікелей байланыс орнатып, делдалсыз азық-түлік өнімдерін халыққа жеткізу. Ол үшін бірыңғай логистикалық жүйе, яғни азық-түлік қоймаларына дейінгі қысқа әрі тиімді жолдар анықталмақ. Соның арқасында жүк тасушылар азық-түлік өнімдерін тікелей қоймаға жеткізеді де, тауар сол жерден барлық қалаға таралады. Тапсырысты электронды түрде беріп, оның орындалуын онлайн режимінде бақылауға да мүмкіндік бар. Міне, осылайша логистика және қосымша жұмысқа жұмсалатын шығынды қысқартып, азық-түліктің бағасын арзандату жоспарланған. Егер жаңа жүйе іске қосылса, азық-түлік өнімдерінің бағасын 15 пайызға төмендетеді [2].

Климаттың өзгеруі, шикізаттың, әсіресе қуат көздерінің тапшылығы, қоршаған ортаның ластануы, халық санының өсуі азық-түліктің қымбаттауына әсер етеді. Адамзатты қамтамасыз ету үшін 2050 жылға қарай азық-түлік өндіру екі есеге артуы тиіс [3].

Биыл бағаның бүкіл әлем бойынша шарықтап кетуі АҚШ, Ресей және Украинадағы құрғақшылықпен байланысты болды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бағдарламасы биыл «дәнді дақылдардың әлемдік өндірісінің көлемі төмендейді» деген болжам жасады [4].

Ауыл шаруашылық министрлігінің ақпары бойынша, жазғы құрғақшылықтан соң, Қазақстанда 600 мың гектар жер жарамсыз деп танылды. Бағаның өсуінің бір себебі – елдің аграрлық саласының жылдан жылға құлдырап бара жатуы. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне алыпсатарлықтың да ықпалы бар.

Қазақстан Республикасында білім беру мен денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік саланың маңызды аяларында қызмет көрсетулерді тегін ету маңызды мәселе болып табылады. Олардың ақылы, кейде қол жетпес жоғары бағалар мәселесі сақталуда. Нарықтық экономика әлеуметтік саясатты жүргізуде жаңа ұстанымдарды талап етеді. Республиканың билік органдарымен қабылданатын заңды актілер, басқа нормативтік құжаттар әлеуметтік сферадағы үрдістерді реттейді. Бірақ мемлекетке кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы және меншік түріндегі кәсіпорындар қызметіне қатысты бақылау функциясы бекітілген. Әлеуметтік үрдістерді мемлекеттік реттеудің маңызды тетіктері Қазақстан Республикасы заңдары, Президент Жарлықтары, Үкімет Қаулылары, ведомстволық бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулар болып табылады.

Мемлекеттік (мәдени, денсаулық сақтау, ағарту, кадрларды даярлау, халықты әлеуметтік қолдау мекемелері) немесе жергілікті (тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, ха-

лыққа тұрмыстық қызмет көрсету) сфераларында кәсіпорындарды басқару жүйесі өз жұмыстарын үкіметтік деңгейде қабылданып, үйлестірілетін ведомстволық нұсқауларға, қаулылар мен басқа нормативті құжаттарға сәйкес ұйымдастырады. Жеке секторға қызмет көрсететін сфера кәсіпорындарының қызметіне де мемлекеттің әсері сөзсіз. Елдегі әлеуметтік үрдістерге әсер етудің неғұрлым ықпал етуші әдістерінің бірі қаржы-несие тетіктерін пайдалану болып табылады. Әлеуметтік инфрақұрылымның көптеген салалары не толықтай бюджеттік қаржыландыруда, не мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға мұқтаж.

Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінде бюджеттік салалар деп аталатын денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет, дене шынықтыру қаржыландырылатын статья қарастырылады.

Әлеуметтік инфрақұрылымның басқа салалары – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, туризм, халықтың демалысы – ақылы қызмет көрсетеді және соның есебінен өз шығындарының бөлігін жабады. Бірақ олар да мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз мүмкін емес. Мемлекет әлеуметтік сфера кәсіпорындарының қызметін коммерциалдандыру үрдісін реттейді. Бір салаларда ақылы қызметтер басым (тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, өнер), басқаларында ақылы қызметке жол беріледі, бірақ шектеулі көлемде (денсаулық сақтау, кадрларды даярлау, дене шынықтыру), үшіншілерінде ақылы қызметке кейбір жағдайда ғана жол беріледі (мәдениет, мектептік білім беру).

Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге жалақы бюджет есебінен төленеді. Осы сала қызметкерлеріне төмен жалақы мәселесі тән. Жалпы дәрігерлер санына жыл аяғына емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, кадрлар дайындаумен айналысатын мекемелерде, денсаулық сақтау органдарының аппараттарында және басқаларда жұмыс істейтін жоғары медициналық білімі бар барлық дәрігерлер кіреді. Жалпы орта медициналық қызметкерлер санына орта медициналық білімі бар (емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қорғау мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, балалар үйінде жұмыс істейтін тіс дәрігерлері – дантистерді қоса) барлық адамдар кіреді. Аурухана мекемелерінде қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған және аурулар қабылдауға дайын төсек жыл соңында, аурулар бар немесе жоқтығына қарамастан, есепке алуға жатады. Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін дәрігерлік мекемелер санына амбулаториялық қабылдау (емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, аурухана мекемелеріндегі емханалық бөлімдер, дәрігерлік денсаулық пункттері және басқалары) жүргізетін барлық медициналық мекемелер кіреді. Ауру-сырқаулық деңгейі бірінші рет диагноз қойылған аурулар санының тұрақты халықтың орташа жылдық санына қатынасымен анықталады. Халықтың ауру-сырқаулығы туралы статистикалық талдама үшін ауру-сырқаулық және өлім-жітім туралы мәліметтердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін оныншы рет қайта қаралған Аурулардың халықаралық сыныптамасы қолданылады. Медицина қызметкерлеріне жүктелген мол жауапкершілікке қарамастан, еңбекақы аз төленеді. Бұл осы саладағы басты мәселе болып табылады [5].

Аймақтағы халықтың жақсы әлеуметтік жағдайы бүкіл елдің экономикасына оң әсерін тигізеді. Осы орайда табиғи экологиялық әлеует маңызды орынға ие. Қоршаған ортаның адамдардың тіршілік ету қабілеті мен өмір сүру сапасына әсер етуін сипаттайтын экологиялық экономика да әлеуметтік экономикаға жатқызылуға тиіс. Қызметі бірінші кезекте адамның, отбасының қажетін қанағаттандыруға бағытталған және әлеуметтік сұраныстарды көздейтін экономика әлеуметтік бағдарланған деп аталады. Жоғарыда айтылғандай, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі жақсы жолға қойылған, осыған орай экологиялық жағдайы өте ауыр екені айтпаса да түсінікті. Нашар экологияның салдарынан аймақтағы онкологиялық ауруларға шалдыққандар саны тым көп. Осы орайда, денсаулық сақтау мекемелерінің, яғни ауруханалардың жағдайын жақсарту өте маңызды. Дәрігерлердің ауруға шалдыққандарға адамгершілік тұрғысынан қарым-қатынасын жақсартса екен деген тілек бар. Экология, денсаулық сақтау және халықты әлеу-

меттік қорғау саласындағы мемлекеттік органдар бірлесіп, әріптестік қатынастарын жақсартса деген ұсынысымыз бар.

Әрбір адам тек өзінің еңбегі мен жинақтарының арқасында ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік көмек механизмдерінің көмегімен де қалыпты өмір деңгейін қамтамасыз етуге тырысады. Кейбір азаматтар тек қана осы әлеуметтік төлемдердің арқасында өмір сүреді. Әлеуметтік қорғау жүйесі мақсаттарының көпшілігі адамдардың табыстарының тұрақтылығын қолдау, медициналық көмек пен қажетті әлеуметтік қызметтерге деген тең қол жету шіліктерді ұсынумен сипатталады.

Халықтың әл-ауқатын үнемі жақсартып отыру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының басты мақсаты болып табылады. Сондықтан мемлекетіміз азаматтардың әлеуметтік қолдауға зәру секілді белгілі бір топтарын жүйелі және тұрақты түрде ерекше қамқорлыққа алады. Әр адамның қоғам мүшесі ретінде, әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына және оның қадір-қасиеті қолдау табуына, жеке басы еркін кемелденуіне қажетті экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалар бойынша құқықтары ұлттық ықпал және халықаралық ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылуына құқығы бар. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, – деп айтылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Алимбаев А.А. Экономиканы мемлекеттік реттеу. – Алматы: Институт рыночных отношений МН и ВО РК, 2009.
  2. Толыбеков С.Е. Қазақстан Республикасы экономикалық ғылымның өзекті мәселелері. –Алматы: «Экономика», 2009.
  3. Баймағамбетов С. Қазіргі әлеуметтік мәдени саясат. – Астана: «Елорда», 2013.
  4. Бопиева Ж.К. Қазақстан Республикасы экономикасын жаңарту әдістемесі. – Қарағанды, 2005.
  5. Құлпыбаев С. Қаржы. – Алматы: «Экономика», 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.