Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі жағдайдағы қаржылық менеджмент жүйесінің мәселелері

Автор туралы мәліметтер. Мурзаканова Айнур Кайролдакызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің экономикалық пәндер оқытушысы.

Аннотация. Мақалада қазіргі дағдарыс жағдайындағы қаржы менеджменті жүйесін жетілдіру мәселелері мен жолдары қарастырылған. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы соңғы жылдары сенімділікпен алға жылжуда. Сонымен қатар, шаруашылық үрдісті реттеудің негізгі механизмі ретінде бәсеке де қарқынды дамуда. Кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез-келген басқа шаруашылық субъектісінен бәсекеге қабілеттілікті тек олардың құзырындағы капитал мен қаржы ресурстарының қозғалысын дұрыс басқару ғана қамтамасыз ете алады. Қаржы менеджменті – кәсіпорын қаражатын басқарудың әмбебап құралы. Қаржы менеджменті немесе қаржы ресурстары мен қатынастарын басқару шаруашылық субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаржы саласындағы нарық механизмін реттеу қағидалары, әдістері, формалары мен құралдарын қамтиды.

Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан перспектива бағыт [1; Б. 7].

Қаржылық менеджмент – кәсіпорын және ұжымдардың ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру, қаржы ресурстарының құрылуы, бөлінуі және пайдаланумен байланысты басқару мәселелерін жүзеге асыру және оған әзірлік әдісі мен принциптерінің жүйесі болып табылады. Қаржылық менеджмент – қаржы ресурстарының айналымын басқаруға, сонымен қатар осы ресурстардың қозғалыс үрдісі барысында нарық субъектілерінің арасында пайда болатын қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың өндірісті әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен жұмыс атқарады (үлестірілмеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері, құнды қағаздар эмиссиясы). Сонымен қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық пәндермен тығыз байланысты теориялық пән болып табылады. Қаржылық менеджмент міндеті – фирма кірісінің қалыпты деңгейін сақтай отырып, қарапайым акциялар бойынша мүмкін болатын дивидендтің барынша көбейтілуін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет ету тәртібін анықтау. Қаржылық менеджменттің басты мақсаты – қазіргі кезде және болашақта кәсіпорын иелерінің әл – ауқатын барынша көбейту. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтың құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық менеджмент өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үрдісінде келесі негізгі тапсырмаларды шешуге бағытталады:

  1. Алдағы уақытта кәсіпорынның даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету.
  2. Кәсіпорынның негізгі бағыт разрезінде қаржы ресурстарының құрылған көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
  3. Қаржы айналымын оқтайланды.
  4. Көзделген қаржы тәуекелі дәрежесінде кәсіпорынның пайдасын көбейтуді қамтамасыз ету.
  5. Көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі дәрежесін азайту.
  6. Кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы теңдігін үнемі қамтамасыз ету. Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
  7. Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі.
  8. Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (коммерциялық несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру; қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді қаржыландыру; қысқа мерзімдік жалды қаржыландыру.
  9. Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: капиталды бюджеттендіру; лизинг немесе ұзақ мерзімді несие; қарапайым және артықшылығы бар акциялар шығару; инвестициялық жобаларды бағалау және инвестициялық қоржынды басқару; алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып, ақшаның құнын бағалау (дисконттау).
  10. Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау.
  11. Шешімнің нұсқамасы және орындалуы.
  12. Шешімнің орындалуын бақылау.
  13. Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуын туралы есеп беру.

Қаржылық менеджменттің кәсіпкерлік түрі ретіндегі негізгі мәні келесі алмасумен өрнектеледі (1-сурет).

1-сурет. Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік түрі ретінде

Қаржылық менеджменттің ең негізгі екі буыны – пайда және тәуекел, және олардың ара – қатынасы, әрбір нақты бір кезеңде корпорацияның қаржы менеджерінің нақты шешімін анықтайды. Осыған байланысты қаржылық менеджмент құрамына қаржы әрекетінің екі түрі енеді: біріншіден – пайданы көбейту, екіншіден – компанияның нақты өтімділік деңгейін қамтамасыз ету. Қаржылық менеджмент қаржыны басқару мақсатын өндіру процесінен және соларға ықпал тигізетін әдістер мен тәсілдерден және қаржы механизм тұтқасынан тұрады.

Бүгінгі таңда қаржы менеджері ақша ағындарын белсенді де тиімді басқару үдерісіне жауапты. Бұл кәсіби қаржы менеджерінің кәсіпорындағы рөлін күшейтуге әкелді.

Қаржы менеджері компания қаржыларымен әр тұрғыдан басқаруы мүмкін. Қойылған мақсаттарға байланысты басқару объектілері ретінде активтер болуы мүмкін, қалай құрамы бойынша, солай құрылымы бойынша да. Пассивтерді басқару капитал құрылымын дұрыс қалыптастыруға, меншік және қарыз капиталының ара қатысын оңтайландыруға, қысқа мерзімді қаржыландырудың үлесін айқын көруге көмектеседі.

Қаржы менеджерінің маңызды міндеттері:

  • қаржылық талдау мен жоспарлау
  • активтерді басқару
  • капиталды басқару
  • тәуекелдерді басқару.

Тәуекелдерді басқару. Қаржылық талдау менеджерге қаржы жағдайындағы өзгерістерге әкелетін факторларды тауып, негізгі үрдістердің болжамын жасап, фирманың қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыс та өндірістің өсуіне қажет ресурстардың мөлшері мен құрамын бағалап, қосымша қаржыландырудың көздерін табуға жол ашады. Активтерді басқару міндеті шеңберінде қаржы менеджері активтердің сатып алуы мен қызмет көрсетуімен байланысты бірқатар мәселелердің шешуін қамтамасыз етуге тиісті. ең алдымен негізгі және айналымдағы қаражаттардың оңтайлы құрамы мен тиімді құрылымын анықтау қажет. Сонан соң қаражаттарды ресурстардың әр түрлеріне (материалдық, еңбек, қаржы және т.б. инвестициялау қаншалықты экономикалық тиімді екенін анықтау керек. Осыдан басқа, барлық активтер жиынтығының жағдайы мен тиімді пайдалануына бақылау жүйесін әзірлеу маңызды. Соңында бағаларды қарастырып (салыстырып), активтерді пайдалану тәуекелін бағалау.

Қаржы менеджерінің маңызды өнімі – инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдауОлар фирмаға қаржылық тұрақтылық беруге, оның ағымдағы және келешек дамуына бағытталады. Инвестициялық және қаржылық шешімдер әдетте сатулар көлемінің өсу қарқындарын оңтайландыруға, инвестициялардың нақты түрлерін таңдауға, инвестицияларды қаржыландыру құралдарының көздерін іздеуге, қарыз және акционерлік қаражаттар құрылымын оңтайландыруға, бағасы бойынша қолайлы ұзақмерзімді және қысқамерзімді займдарды таңдауға бағытталған. Инвестицияларды басқару кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған инвестициялық саясатын қалыптастыруда тұрады. Осы міндеттің шеңберінде ең тиімді немесе қолайлысын іріктеп таңдау мақсатында жеке жобалары мен қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын бағалауы, қаржы салымы бюджетін әзірлеуі, бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыруы және басқаруы іске асырылады. Ақша ағындарын басқару кәсіпорынның ағымдағы, күнделікті қызметінде рөлі маңызды. Осы міндеттің іске асу нәтижелілігінен төлем қабілеті, өтімділігі мен қаржы тұрақтылығы байланысты.

Тәуекел – шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын факторы болып келеді. Іске асыру үдерісінде олардың негізгі түрлері анықталып, осы тәуекелдер деңгейінің және олармен байланысты шығындар көлемінің бағалауы өткізіледі. Алынған ақпарат пен талдау нәтижелерінің негізінде тәуекелдерді кешенді басқаруы бойынша, олардың жеке түрлерін алдын алу және азайту, әртараптандыру, сақтандыру және хеджирлеу бойынша шаралар жүйесі қалыптасады.

Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін алдын ала тұрақты жағдай жасау.

Фирманың қаржы службасының міндеттері: тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы және қажетті көлемде дайындау; кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін байланыстыру және бағыттау қабілеті; шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына жауапкершілікті; нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз мүмкін еместігі.

Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.

Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде ғана мүмкін.

Қиын қаржылық жағдайға тап болған кәсіпорындағы дағдарыстық жағдайды түзету тиімді қаржы менеджементін құрудан басталады. Сәтсіз мекемелерге тән мынадай жағдайлар болуы ықтимал:

  • Қаржылық жоспарлау жүйесі ауыр жағдайда болады, себебі қаржылық мақсат нақты айқындалмаған, қаржылық стратегия жоқ;
  • өнім түрлері, оның бөлімдерінің қаржылық тиімділігі туралы мәлімет жоқ;
  • инвестиция туралы сенімді негіздеме жоқ;
  • есеп және есеп берудің қанағаттанарлықсыздығы әрдайым қаржы жұмсаудың бағытын дұрыс түсінуге жол бермейді;
  • кәсіпорынның бухгалтерлік жағдайы туралы мәлімет ұзақ уақыт талданбайды. Қаржылық менеджменттің дағдарыс жағдайындағы мақсаты:
  • Кәсіпорынның төлемсіздік қабілетін жою. Бұл дағдарысқа ұшыраған кәсіпорынның ең негізгі мақсаты, бұл мақсатты орындау ағымдағы қаржылық міндеттемедегі қаржылық төлемді өтеу қабілетін қалпына келтіреді;
  • қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру. Төтенше шаралар қолдану арқылы төлемділік қабілетті тез арада қалпына келтіруге болады. Бірақ төлем қабілетсіздігін туғызған себептерді жою үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қауіпсіз деңгейге дейін қалпына келтіру қажет;
  • кәсіпорынның ұзақ мерзімдегі қаржылық тепе-теңдігін қалпына келтіру, басқаша айтқанда, мекеменің нарықтық бағасын арттырудың алғы шарттарын жасау. Қаржылық стратегия кәсіпорын қызметінің көтеріңкі қарқынын қамтамасыз етеді, дағдарыстың қаупін жояды [2; б.30].

Мәселен, дағдарыстағы белгілі бір кәсіпорынның қаржылық мақсатын төмендегіше тұжырымдауға болады:

  • аз уақыттың ішінде шығынсыз қызмет көрсетуге көтерілу;
  • түсімнің көбеюін қамтамасыз ету.
  • қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуі.

Дағдарысқа қарсы басқарудағы қаржы менеджментінің міндеттері:

  • қажетті көлемдегі қаржы ресурсін орнату;
  • қаржы ресурстарын тиімді пайдалану;
  • ақша айналымын тиімділендіру;
  • қаржылық тәуекелділіктің берілген деңгейінде табысты барынша көбейту;
  • табысты жоспарлаған деңгейде қаржылық тәуекелділікті азайту;
  • тұрақты қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

Дағдарысқа қарсы жүйелі жұмыс жүргізу қаржы менеджементінің қызметіне болжам жасау, жоспарлау, қадағалау және талдау болып табылады.

Қаржылық жоспарлау жүйесі мына төмендегі негізгі элементтерден құралады:

  • сату, сатып алу жоспары;
  • ақша айналысы жағдайын талдау;
  • табыс пен шығынды талдау;
  • материалдық талдау.

Қаржы (ақша) ағымымен басқару нақты бір мерізімде нақты ақша айналысын басқару болып табылады. Жағымды ағым немесе ақшаның құйылуы ақшаның мекемеге түскенін білдіреді, жағымсыз ағым ақшаның шығуын немесе ақшаны жұмсағанын білдіреді

[1; б. 15]. Ақшаның түсуі мен шығуының арасындағы айырмашылық таза ақша ағымы деп аталады. Ол жағымды (ақшаның түсуі) және жағымсыз (ақшаның шығуы) болуы мүмкін.

Жекелеген бухгалтерлік көрсеткіштерден ақша ағымының айырмашылығы барлық жағдайда нақты және белгілі болады.

Мекеменің барлық ақша ағымы үш негізгі топқа топтасады:

  • негізгі (операциялық немесе өндірістік) қызметтен;
  • инвестициялық қызметтен (тек құрылыс, құрал-жабдық алудан ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімдік инвестициядан);
  • қаржылық қызметтен (мекеменің капиталын құрастыру және оған қызмет көрсету).

Қалыпты түрде жұмыс жасайтын мекемеде таза ақша ағымы нөлге бағытталып отыруы қажет. Басқаша айтқанда есептік мерзімде тапқан барлық ақша тиімді түрде бөлінуі қажет. Себебі босаған ақша 100 пайыздық пайызға ие бола отырып, нөлдік кіріске әкеліп отырады.

Қордаланған қарызы бар төлемдік қабілетсіз мекеме жағымды таза ақша ағымын жасап, қордаланған қарызды өтеуге, қарызды өтеу графигін қарыз берушімен келісіп отыруы қажет. Төлемдік қабілетсіз мекеме үшін негізгі мақсат жағымды ақша ағымын көбейту болып табылады. Бұлай көбейту қалыпты жағдайда қолдануға болмайтын шаралардың көмегімен жүзеге асуға тиіс.

Дағдарысқа қарсы басқару көптеген шығындар жұмсауға алып баруы, сол арқылы кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіреді, онсыз ондай кәсіпорын болашақта одан да қиын жағдайға кездесуі мүмкін. Ақша ағымын көбейту кәсіпорынның активін ақша түріне аудару болып табылады. [3; б. 20]. Басқаша айтқанда ақша қаражаттың көзі мүлікті сатуға қарай ауысуы қажет. Кәсіпорын активінің тез арада құнсыздануы мекеме басшылығы тарапынан шығынға аз ұшырататын қарсы шаралар қолданылады.

Қаржылық нәтиже туралы есеп арқылы қаржы ағымын кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерімен, пайдаланылатын технологиялар арқылы айқындалатын өнім өндіруге жұмсалған шығындармен үйлестіріледі.

Мекеменің қаражат ағымының құрамын, мөлшерін өзгерту арқылы оның бухгалтерлік баланстасының құрамын өзгертуге болады.

Ақша ағымын басқару төмендегі мақсаттарды шешу болып табылады:

  • дайын ақша қаражат, оның қозғалысын болжап отыру;
  • ақша қаражаттың дамуының жоспарының өнімділігін зерттеу;
  • қажетті қарыз алу мөлшері мен оны алудың уақытын белгілеу;
  • қарыз ақша алудың қажеттілігін талдау;
  • нақты жүзеге асырылатын, аз шығын шығаратын ақша қаражат жоспарын жасау;
  • шығынның қайтарылатын мезгілін анықтау, жобаны жүзеге асырғанда түсетін табыстың мөлшерін анықтау;
  • ақша қаражат жоспарының іс-жүзінде орындалуына бақылау қою, өзгеріс енгізу;
  • банкроттықтың қалыптасу мүмкіндігін болжау;
  • банкроттықты уақтылы жою.

Ақша қаражат жоспарының формасы және мазмұны мекеменің ерекшелігіне, оның стратегиялық дамуына байланысты бір-бірінен айырмашылықта болуы мүмкін. Ақша қаражат жоспарын жасауды ақша-қаражаттық қозғалысы туралы есептен бастау қажет. Өйткені дағдарыстағы мекеменің мақсаты қордаланған қарыз бен есеп айырысу үшін ақша ағымын жинау болып табылады.

Ақша қаражат жоспары негізгі ақша қаражат коэффициентімен толықтырылып отыруға тиіс. Аталмыш коэффициенттер ақша қаражат жоспарын жүзеге асырған соң ұсынылған жоспарға сай болуға тиіс.

Барлық көздерден түсетін ақшаның жалпы сомасы және төлемдердің мөлшері есептеледі. Ақшаның түсуі мен шығуының арасындағы айырма алғаш шотта болған ақшаға қосылады.

Ақша –қаражаттың жұмсалуы оңай. Егер қаражат қорында ақша болса жоспар орындалады. Ақша қаражаттың жұмсалмауының себебі есептегенде дайын қаржының жоқтығы болып табылады.

Жоспар орындауға тиісті болу үшін:

  • алдыңғы және ағымдағы мерзімде сату көлемін көбейту арқылы ақша түсімін молайту, өнімінің тұтынушылық сапасын арттыру арқылы шығындарды азайту;
  • өнімді өткізу арқылы, немесе алдын ала төлеу арқылы өндірістің циклын қысқарту, ақша айналымының уақытын азайту;
  • өнімді өткізу формасын өзгерту, алдын ала төлеуден қолма-қол төлеуге, қолмақол төлеуден төлеу мерзімін өзгерту;
  • жарғылық капиталды көбейту, акция сату немесе жоғары өтімді өнімді сату арқылы ақша қаражатты молайту.

Ақша қаражат жоспарының кемшіліктері:

  • маркетингпен қатынастың әлсіздігі, өнімді мезгілге байланысты сатудың негізделген жоспарының жоқтығы;
  • өнім сатуды тауар группасына бөліп жоспарлайтынында;
  • материалдық ресурстардың қозғалыс жоспарының жоқтығы материалдық активтерді (шикізат, аяқталмаған өнім, дайын өнім) қозғалысын жоспарлауды, бақылауды қиындатады;
  • жоспарлы бухгалтерлік балансының жоқтығы;
  • жоспарлау, бақылаудың нақты әдісінің жоқтығы, жоспар мекеме басшыларына анық айқын емес.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның дағдарыс жағдайын анықтау немесе одан тез арада шығуын болжау бойынша қаржы құралдарын кең пайдалана отырып, басқару жүйесінің барлық тетіктерін іске қосып қалыптасып жатқан тенденциялар мен өзгерістерді зерттеп, сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру дағдарысқа қарсы менеджментті іске асырудың негізгі бағыттары болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Мадиярова Э.С., Сүйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент. – Алматы: «Экономика», 2009.
  2. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: «Экономика», 2001.
  3. Юн Г.Б. Антикризисное управление. / Учеб. пособие. 2-е изд. М., 2008.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.