Мамандардың кәсіби дайындығы көбінесе жоғары мектеп оқытушыларының біліктілігіне байланысты. Жоғары педагогикалық кеңістікте білім беру ролінің өсуі осы маманның дайындығын жүзеге асырады. Кез келген ұлттық білім беру жүйесінің дамуы жоғары мектептің жұмыс істеу сапасына байланысты, әсіресе осы саладағы ғылыми іздеулер және білім беру мамандарын жоғары мектепте дайындау есебінен, ол барлық басқа білім беру бөлімдерінің ерекше «тірегі» болып қызмет жасайды.
Дүниежүзілік қауымдастықтың заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуы кәсіби білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті тақырыптарын негіздеу факторын анықтайды. Осындай факторларға, ең алдымен, келесіні атап кету орынды:
- білімнің жаңа рөлін еліміздің экономикалық даму қозғалтқыштарының бірі ретінде түсінуі;
- «шексіз білім беру» шартында кәсіби білім беру саласында жаңа өндіріс қызметтерінің пайда болуы;
- ақпараттық технологиялардың даму нәтижесінде оқудың ұйымдастыру үлгісінің өзгеруі;
- жоғары дамыған адами капиталдың ғаламдық нарықта пайда болуы және нарықтық механизмдердің маңыздылығының артуы;
- оқу мекемелерінің үлгілерін және олардың жеке меншік нысандарын әр тараптандыр.
Осы жағдайда қазақстандық білім беру жүйесінде кәсіби білімнің жаңа мазмұны мен оның нормативтік-құқықтық реттеушілер (МЖМБС, ҰБТ, мамандардың әртүрлі сатыдағы үздіксіз білімнің сапасын бағалау, біліктілікті мойындау жүйесі және т.б.) міндеттерін әзірлеу белсенді шешілуде.
Сонымен бірге педагогикалық ғылымның «өзін-өзі тану» мәселесі өзекті болып табылады. «Кәсіби білім берудің әдістемесі мен теориясы» 13.00.00 кешенді педагогикалық ғылымның тәуелсіз ғылыми мамандығы болып танылды. Осы мамандық өзінің зерттеушілік келелі мәселелерінің жиынтығы, өзінің нысаны мен зерттеу пәні бар, кәсіби білім берудің теориялық және әдістемелік аспектілерді талдау бойынша зерттеу жұмыстарын күшейтуге бағытталған. Осы мамандықты енгізу «ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына дейін жалпы білім беру мәселесіне қарағанда, жоғары кәсіби білім беру бойынша диссертациялар шамамен 20 есеге кем қорғалды» (Загузов Н.И.) байланысты болды.
Қазіргі уақытта осы ғылыми мамандық өзінің даму және қалыптасу жолында тұр. Кәсіби білім берудің әдістемесі мен теориясы кезінде бастапқы кәсіби білім саласында едәуір терең талданғанын ғылыми-педагогикалық әдебиеттің сараптамасы дәлелдейді (П.Р. Атутов, С.Я. Батышев, А.П. Беляева, Е.А. Климов, А.П. Сейтешев және басқалар).
Бүгін кәсіби білім беру туралы ғылым тек бастапқы сатыда кәсіби білім беруді зерделеумен шектеле алмайды. Уақыт талабы «білім бүкіл өмір бойы» тезисінде айтылғандай, дипломнан кейінгі және қосымша кәсіби білім, жоғары, техникалық және кәсіби білім беру (ТжКБ) саласында зерттеулер өзектілігін анықтайды, олар соңғы жылдары ғалымдардың да және істәжірибе мамандарының да әртүрлі пәндер саласына көп көңіл бөлінуде.
Бұдан басқа, түрлі мамандардың кәсіби даму барысын болжам жасауын қажет етуі, олардың болашақ кәсіби қызметінің объектісін саралауына себепші болу. Кәсіби қызметі объектісінің мәнін зерттеу үздіксіз жүруде, ғылыми-педагогикалық білімді үнемі терең жаңартуды талап етеді.
Негізгі қайшылық, педагогикалық ғылымның жаңа саласында шешімі табылуы мүмкін, білім іс-тәжірибесінде педагогикалық идеялардың зор арсеналы білім істәжірибесінде жиналған, қорытындысында олар кәсіби білім берудің теориялық негізін (базисін) анықтай алар еді,бірақ тәжірибенің теориялық мәнін түсіну барысы төтенше баяу өтуде. Ол кәсіби білім беру педагогикасының теориялық негізін жасауын, қайшылықтарды, тенденцияларды, заңдылықтарды және қалыптасу принциптерін табуды және бәсекелесуге қабілетті мамандарды дамытуды, кәсіби білім беру педагогикасының санатын анықтауын және дәлелдеуін талап етеді.
Педагогикалық білім берудің жетілдіру мәселесі, біздің ойымызша, бүкіл ұлттық білім жүйесінің негізгі компоненті болып келетіндіктен, педагогикалық білім беру «білім барлығының негізін қалаушы» және де «жауапты». Мамандардың жоғары педагогикалық білім беру туралы сұрақтары басты назарда болуы тиіс, олар жоғары оқу орындарында студенттердің әртүрлі мамандықтары бойынша кәсіби дайындықтарын жүзеге асыруға шақырылған.
Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің әдістемесі мен теориясы негізгі этаптар мен тәсілдемелер анықтауын болжайды, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын, білімнің, ғылымның өзара байланысы мінездемесінің мәнін анықтауға көмектеседі, олар маманды сапалы дайындауға талаптар анықтайды.
Дұрысын айтқанда, жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің әдістемесі мен теориясы тенденцияларды, заңдылықтарды, принциптер мен бәсекелесуге қабілетті мамандардың кәсіби тұлға болып қалыптасу үлгілері, олар өз кезектерінде, түрлі білім беру мекемелерінде кәсіби білім берудің сапасымен басқару мазмұнын анықтайды.
Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің әдістемесі мен теориясы тәжірибелік бағыты және қайта құру функциясы әдістемемен анықталады, ол маманның әртүрлі сатыдағы үздіксіз білімінің кәсіби қалыптасуының білім беру технологияларының мұрагерлік жиынтығы болып ұсынылуы мүмкін. .
Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің әдістемесі мен теориясының болжамы 13.00.08. ғылыми мамандықтың формуласын құрайтын, нақты пән зерттеу саласын дәлелдеуден тұрады. Бұл кәсіби білім берудің әдістемесі мен теориясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер, мыналар:
- кәсіби және жоғары педагогикалық білім берудің тұжырымдамасы (А.П. Беляева, В.А. Болотов, Г.А. Бордовский, В.В. Егоров, В.А. Козырев, В.Л. Матросов, Г.К. Нургалиева, А.Н. Орлов, Н.Ф. Радионова, Г.Н. Сериков, А.П. Тряпицына, Н.В. Чекалева);
- үздіксіз педагогикалық білім жүйесінде болашақ маманның кәсіби-тұлға ретінде даму тұжырымдамасы (Е.В. Бондаревская, А:А. Вербицкий, А:А. Воронцова, Е.О. Галицких, А.Г. Гогоберидзе, И.Ф. Исаев, М.А. Кудайкулов, А.И. Савостьянов, А.П. Сейтешев, Н.К. Сергеев, В.В. Сериков, В.А. Сластенин, Н.Н. Суртаева, Н.Н. Хан, Н.Д. Хмель);
- педагогикалық ғылымның даму заңдылығы (В.И. Гинецинский, Н.И. Загузов, Е.С. Заир-Бек, Г.С. Ильин, В.В. Краевский, В.С. Леднев, А.С. Роботова, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель);
- білім беру мәселесінің пәнаралық зерттеулері М.В. Богуславский, Б.С. Гершунский, В.А. Козырев, Г.Б. Корнетов, И.А. Колесникова, А.П. Литвинова, В.В. Розов, В.П. Зинченко, А.П. Тряпицына).
Осыған орай, кәсіби білім берудің жетілдіру жүйесі үдерісінің сапасы кәсіби дайындық үдерісінде тұлғаның кәсіби қалыптасу мен даму заңдылығын талдау деңгейімен анықталады, кәсіби білім берудің теориясының заманауи даму кезеңі негізгі сипаттамасы ретінде есептеледі.
Жоғары кәсіби педагогикалық білім беру теориясының педагогикалық ғылымның саласы ретінде қалыптасуы тарихи, әлеуметтік мәдениетті және экономикалық алғышарттардың қамтамасыз етуінде. Кәсіби білім берудің заманауи даму кезеңі бастауыш, орта және жоғары (900 астам) деңгейдегі мамандықтардың кең тізілімімен сипатталады.
Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесінде мамандарды дайындаудың жаңа сапасы ғылымның, іс-тәжірибенің және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының диалектикалық өзара байланысымен қамтамасыз етуінде. Мамандарды кәсіби дайындаудың заманауи талаптарын іске асыру мақсатында жоғары кәсіби педагогикалық білім беру ерекше маңызды орынға ие болуда. Бакалавр мен магистр деңгейінде педагогикалық компоненттің мағынасын саралауы жаңа тәсілді сипаттайды. .
Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің даму негізінің іргетасы «13.00.08. кәсіби білім берудің әдістемесі мен теориясы» ғылыми-педагогикалық мамандығы болып табылады. Педагогикалық ғылымның жаңа даму айналымы әртараптандыру, ізгілендіру, ғаламдану, мұрагерлік қағидалар негізінде кәсіби білім берудің педагогикалық компоненттің мағынасын анықтаумен байланысты.
Педагогикалық компоненттің мағынасын жүзеге асыру технологиясы кәсіби білім берудің ақпараттық байланыс технологияларын қолданумен тұлғаға бағытталған, құзіретті, ақпаратты және маркетинг тәсілдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіби білім берудің әдістемесі мен теориясы саласындағы зерттеу болашағы кәсіби қызметтің заты мен нысаны есебінен мамандықтардың заманауи тізілімі негізінде педагогикалық компоненттің мағынасын талдап тексеру және теориялық ережелерді терең талдаумен байланысты. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби педагогикалық білім беру теориясы мен іс-тәжірибесін жетілдіру келесі болашақтағы бағытты одан арғы талдаумен байланысты:
-
- Педагогтардың кәсіби дайындықтарының ұйымдастыруын жоғары сатыға көтеру:
- педагогикалық білім берудің сапасы мен қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аймақтарда жеке меншік түрлері және әртүрлі деңгейдегі оқу мекемелері мен білім беру басқармалары органдарының өзара байланыс жүйесін жасау;
- үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің барлық сатылары мен деңгейлерінде білім беру сапасын бақылауда аймақтық, республикалық орталықтарды құру және енгізу;
- жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруын реттеу және педагогтық кадрларының қажеттілігін болжау жүйесін құру;
- жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің мониторингін жасау;
- Педагогтық кадрларды дайындау түрі мен мазмұнын жаңарту:
- педагогтарды дайындау мағынасын жоғары сатыға көтеру:
- заманауи оқу әдістемелерінің классификациялауын құру;
- жоғары оқу орындарындағы білім беру түрлерін жаңарту;
- оқудың модульді, жобалы, қашықтық әдістемелерін және тағы басқа оқу түрлерін жасау;
- педагогтарды ақпараттық – байланыс технологияларын білім беруде қолдануын үйрету бойынша біліктілігін көтеру (арттыру) жүйесін жасау;
- кәсіби білім берудің қосымша заманауи түрлерін жасау және іске асыру.
- Педагогикалық білім беруді ғылыми және оқу-әдістемелік жаңартулармен қамтамасыз ету;
- орта және жоғары кәсіби педагогикалық білім беруде мемлекеттік білім беру стандартын жаңарту оның іс-тәжірибе бағытын күшейту және білім беру сатысы мен деңгейлердің мұрагерлігін қамтамасыз ету мақсатында;
- жоғары кәсіби білім берудің мамандықтары мен дайындықтары бағыттарының тізімін арттыру, білім беру мамандықтарының топтастырушысын, соның ішінде педагогикалық білім берудің, мемлекет және қоғам, білім беру жүйелерінің қажеттілік есебінен;
- біліктілік талаптарын, кәсіби қызметінің үлгілерін жасау, жоғары кәсіби білім берудің мамандықтары мен дайындықтарының бағыттарын жаңарту есебінен мамандарды даярлау;
- педагогтардың кәсіби шеберліктерінің жұмысын арттыру, оларға зерттеушілік іс-әрекеттеріне қабілеттілігін қалыптастыру.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Нәбиев Е.А. Оқушыларды техникалық тәрбиелеудің теориялық әдіснамалық негіздері. – Алматы: Ғылым, 1996. 256 б.
- Нәбиев Е.А. Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің дамуы және қалыптасуы. Алматы: Просвещение – Казахстан, 2003. 170 б.
- Нәбиев Е.А., Кусаинов Г.М. Кәсіби және жалпы білім беретін мектепті реформалаудың тұжырымдамалық үлгісі. // Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары: «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформасы: тұжырымдамалар, стандарттау, гуманитарлау». Алматы: Ғылым, 1995.309 312 б.