Егеменді еліміздің білім беру саласындағы көптеген озық тәжірибелер бізге педагогикалық үрдіс пен дәрігерлік бақылау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда футбол ойнау жастардың денсаулығын нығайтып, жұмыс қабілеттілігін арттырып және спорттық шеберлігін жетілдірудің маңызды құралы болып табылатындығын дәлелдеп берді. Денсаулықты нығайту мәселесін шешудің методологиясы футболмен жүйелі түрде шұғылданатын жеткіншектер мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтерден бастау алуы тиіс.
Бүгінгі футбол үшін белсенді қимылқозғалыс, бұлшық еттердің қарқынды жұмысы, әр түрлі қимыл әрекеттері, матч кезінде құрылымы мен сипаты мен күрделілік дәрежесіне қарай физикалық жүктемені тең бөлу тән. Осылардың ішіде негізгілері доппен жасалатын іс-әрекеттер (допты қағу, алу, доппен жүгіру, лақтыру, қақпаға соғу) және футбол алаңында қимылдар (жүру және жүгіру). Сондай-ақ футболшылар қарсыластарына қатысты күшпен жасалатын тәсілдер мен секірулерді жиі орындайды.
Доп үшін күресте ойыншыдан допты дәл беру нақтылық, дәлдікті, техникалық дағдыны, ара қашықтықты болжауды, соққы күшін есептеу, уақытты ұтымды пайдалану, жылдам ойлауды талап етеді. Жүктеме мөлшері бойынша футболшының қимыл қозғалыс әрекетінде ойын алаңы бойынша түрлі қимылдар жасап жүгіру негізгі болып саналады. Жүгіруге жылдамдық пен қарқынды қимыл тән. Жүгіру адам денесінің түрлі жағдайында басталады, ауыспалы ритм мен қарқындылық, белгілі бір қашықтықта жүгіру, кездейсоқ тоқтау тән. Футбол алаңының қарсыластар аймағын белгіленбеген кеңістігі спортшылардың максималды және субмаксималды жылдамдықпен қысқа қашықтықта жүгіруін байқатады. Футболдың басты ерекшелігі ойын алаңында үнемі жағдайдың өзгеруі мен соған байланысты футболшының қимыл әрекетінің өзгеруі. Түрлі тәртіптегі ойын барысында сипаты мен күштілігі мен ұзақтығына қарай жаттығулардың кезектесу қатынасы саналады (Ю.М. Лукин, 1990).
В.С. Фарфельдің спорт физиологиясын жіктеуіне сәйкес футбол стандартты емес немесе жағдаяттық жаттығулар тобының қатарына жатады. Футболға қимылдық циклдік құрылымы (жүгіру) мен сондай-ақ ациклді – спринтті жылдамдық (соққы, лақтыру, допты қабылдау мен беру) тән.
Осыған байланысты қимылдың аралас формасы туралы айтуға болады. Футболдың осы ерекшеліктері – адам ағзасының тиісті қасиеттерінің дамуын талап етеді. Адам ағзасы мен жүйесінің түрлі режимге үйренуі, Бұларға белсенділіктің жұмыс деңгейінің күрт өзгеруі, түрлі функциялар қызметінің қайта құрылуы, қалпына келтіру үрдісінің жылдамдығы жатады. Футбол командалық ойын. Сондықтан ойыншылар арасында өзара түсіністікті, команда мүшелерінің қарым-қатынас жасау үйлесімділігін талап етеді. Ойыншылар санының көптігі мен ойын алаңының көлемі уақыт пен кеңістікті таңдауда белгісіздікке әкеледі. Қазіргі заманғы футболда ойынның қиыншылығына жоғарғы қарқындылықпен қоса уақыт тапшылығын атайды. Осының барлығы тек дене жүктеменің артуын ғана емес, эмоционалдық және психологиялық қысым орын алуына себеп болады.
Футбол – спорттық ойын түрлеріне жатады. Спорттық ойындар дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасына енген басқада дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен бірге оқушылардың адамгершілік ерік және қимыл сапаларын жақсартуға көмегін тигізеді. Спорттық ойындарды үздіксіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік және қимыл-әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастырады. Спорттық ойындардың түрлеріне бадминтон, баскетбол, волейбол, қол добы, регби, теннис, футбол, хоккей жатады. Осы спорттық ойындардың мәні ерекше. Оқушы әрбір ойынға қандай сипатты қимыл-әрекеттер тән екенін және оларды қалай меңгеру ерекшеліктері мен әрбір ойынның ағзаларына қандай әсері болатынын білуі керек.
Спорттық ойындардың ішіндегі футбол ойыны сұрапыл әрі адамның жүрек қылын тербететін дене тәрбие ойыны болғандықтан, ол “дүниедегі маңдай алды спорт”, “дене тәрбиесінің патшасы” делініп, бүкіл дүние халқының қастерлеуіне бөленуде. Футбол ойынында жарыс майданы кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын адам көп әрі сайысуы қат-қабат, допқа таласуы қянкескі, еліктіргіштігі күшті, драммалық қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының телевизор көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Бұл жағынан да әр қандай бір дене тәрбие түрімен салыстырғанда алда тұратындығы шүбәсіз.
Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылық шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін ұжымдық рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие. Футболшы үшін қимыл аппаратының арнайы дайындығы аса қажет. Олардың жұмысы жылдамдық күш сипаттағы жұмыс болып табылады. Ойын алаңының көлемділігі, соған байланысты көп жүгіру, ойынның ұзақтығы бұлшық еттердің анаэробты-аэробты талаптарда жұмыс істеуге жақсы бейімделуін талап етеді.
Футболшының қимыл-әрекетінің тиімділігін арттыруда көптеген рецепторлардан түсетін ақпараттың маңызы зор. Көру ауданы мен тепе-теңдік анализаторларының функционалдық күйі төм егенде жоғары спорт түрлеріне қол жеткізу мүмкін емес. Футбол ойыны кезінде тез жүгірудің маңызы зор. Аз демалып, көп жүгіру ағзаның анаэробтық мүмкіншіліктерін дамытады. Ойын кезінде футболшы орта есеппен 5-8 км жүгіреді. Оттегін тұтынудың максималды шегі 62.5 мл/ мин /кг тең болады.
Тыныштық кезінде футболшының жүрегі минутына 48-54 рет соқса, ойынның алғашқы минуттарында 160-170 рет/мин көтеріліп, содан кейін 160/180 рет / мин деңгейінде тұрақталып қалады, ойынның кейбір сәттерінде 200 рет/ мин жетеді. Ойын суық ауа-райы кезінде немесе жаңбыр жауып тұрғанда өтетін болса, зәрде ақуыз пайда болады.
Қазіргі заманғы футболда спортшылардың функционалдық дайындық деңгейіне қатал талап қойылған. Футболшыларды дайындаудағы атлетизмге жоғары мән берілгендіктен, ойын барысындағы қарсыластарымен допқа таласудағы қаталдық – ойыншылардың қателесуіне жол бермейді. Футболшыларды функционалдық дайындаудың жоғары деңгейі көптеген ойын әрекетерін, ойын барысындағы қарқындылықты, жұмыс қабілеттілігін матч бойы сақтауды қажет етеді.
Соған байланысты дайындық кезінде спортшылардың денсаулығын нығайтатын, спорттық шеберлікті қалыптастыратын әдіс-тәсілдерді анықтау қажет. Сондай-ақ жаттықтырушы оқу-жаттығу үрдісін құруда белсенділік танытып, футболшылардың денсаулығы мен жеке ерекшеліктерін ескеруі тиіс (Н.Д. Граевская., 2004, Г.Н. Семаева, 2004).
Бақылаудың дәрігерлік-физиологиялық әдісі – спортшының жұмыс қабілеттілігін, ағзасы мен жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін, дайындық кезіндегі жүктеменің көлемін, кезеңдерін, сондай-ақ спортшы ағзасының дайындықтан кейін қалпына келтіру үрдісін анықтауға мүмкіндік береді (В.Е. Рыжкова, 1971). Осы ақпаратты қолдану футболшылардың ойын алаңындағы іс-әрекетін қарқынды басқару мүмкіндігін кеңітеді.
Футбол ойынының басқа ойын түрлерін қарағандағы ерекшелігі спорттық ісәрекеттің барлық компонентін қамтуы. Психикалық (ойын барысындағы жағдайдың өзгеруін байланысты әдіс-тәсілді өзгерту, жылдам шешім қабылдау), нейродинамикалық (жылдамдық пен қозғыш-тық деңгейінің артуы), энергетикалық (ағза өнімділігінің аэробты және анаэробты түрі), қимыл – қозғалыстық (жылдамдық пен күш сапасы, дәлдік,ұшқырлық сондай-ақ вегативтік реттеу қысымы.
Футбол ойынымен шұғылдануды физиологиялық позициядан ғылыми негіздеу перспективасы қазіргі әлеуметтік жағдайға байланысты жасөспірімдер мен жеткіншектердің денсаулығын нығайту тұрғысынан теориялық және тәжірибелік жағынан алғанда да өзекті саналады. Осы мәселені шешу футболшылар дайындауда дарында балаларды іріктеуге, үлкен футболға арнайы дайындауға мүмкіндік жасайды. Жас футболшының функционалдық мүмкіндігін оның денсаулығы мен жеке ерекшеліктері анықтайды. Бұл белгілі бір деңгейде спорттық іріктеу мен жаттығу жұмыстарының сипатына байланысты.
Жаттығу спортшыларда энергетикалық алмасу мен ағза қызметінің бейімделудің нақты типін қалыптастырады. Бұл арнайы және арнайы емес жүктемеге бейімделу реакциясы ерекшеліктерінен байқалады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша футбол ойыны көптеген күш жұмсалатындығын басшылыққа алады.
Көптеген авторлардың мәліметтер бойынша футбол ойынына жұмсалатын күш шығыны мөлшері 90 минутта 12601980 ккал құрайды. Бірінші разрядтағылар үшін 1260-1510 ккал, жоғары дәрежелі кәсіби футболшылар үшін 1490-1980 ккал. Осындай көлемдегі күш жұмсау футболшылардың жүрек-тамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысының артатынын, салыстырмалы түрде осы жүйелердің қалыпты жағдайдағы жұмысынан 8-12 есе артық. Футбол ойыны анықтайтын маңызды факторларының пульс соғу жиілігін тіркеу. Мұның көлемі ойын амплуасына байланысты. Мұның ауыспалылығы анықталған. 130-200 уд/мин. Түрлі дәрежедегі футболшылардың орташа пульс соғысы ойын мен жаттығу кезінде біркелкі. Кейбір авторлар жоғары кәсіби футболшыларда орта есеппен 163-180 уд/мин. Бірінші санаттағы футболшыларда шамамен 151-170 уд/мин. Жартылай қорғаушылар стационар режимінде жұмыс жасаса, шабуылшылар – жылдам, шыдамды болып келеді. Бұл жаттығу процесінде техника-тактикалық тұрғыдан және физикалық дайындық жағында жеке қарастыруда талап етеді. Бірақ соңғы кездері ойыншыларды әмбебап түрінде дайындау тенденциясы байқалуда.
Футболшы бір ойында 10 км жүгіруге дайын болуы тиіс. Бұл тек жүгіру емес, шапшаңдықты қажет етеді. Бұған жұмсалатын күш деңгейі әртүрлі. Футбол ойыны барысында динамикалық аэробтыанаэробты жұмыс іске асады. Энергияның қайнар көздері ретінде қышқылдандыру процесі мен көмірқышқылдарының бөлінуі саналады. Шамамен жұмысқа 30-70% қуаттылық жұмсалады.
Бұл ойында энергиямен қамтамасыз ету бойынша басқа ойын түрлерінде жоқ ерекшелік бар. Қимыл-қозғалыс белсенділігі басым бөлігін анаэробты гликолитті механзм құрайды. Матч барысында жылдамдықты арттыру энергиямен қамтамасыз етудің аэробты механизмі қуаты болып табылады. Аз уақыттың ішінде бұлшық ет талшықтарының қимылдау процесі жүреді. Бұл олардағы энергия қорын шығындауға әкеледі (70мМ/л) дейін (М.А. Годик, 1980). Бұл біртіндеп футболшылардың жаттығу кезіндегі бастапқы қарқынын төмендетеді. Сондықтанда футболшылардың демалуының аздығына байланысты миокард өзгерісіне әкеледі.
Кейбір авторлардың зерттеулерінде футболшылардың балалық және жасөспірім кезеңіндегі энергиямен қамтамасыз ету механизмі әртүрлі деген мәліметтер береді. Жыныстық жетілу кезінде анаэробты механизмдер жұмыс істейді, пубертатты кезең соңына дейін жалғасады. 7 мен 17 жас аралығы көмірсу алмасу процесіндегі өзгерістермен ерекшеленеді. Жасөспірім кезеңінде ұлдарда сұлбалық бұлшық еттерінде гликогені көбейеді.
Аэробты мүмкіндіктер оттегін максималды қолдану мөлшері бойынша бағаланады. Бұл баланың денсаулығы бағалаудың сенімді критерий ретінде саналады. Себебі, адам ағзасының қоршаған ортаның жағымсыз факторы мен түрлі ауруларға төзім-ділігін анықтайды (Н.И. Волков, 1969, Р.М. Васильева, 2004). Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша футболшының кислородты қажетсіну диапазоны 51-70 мл/кг/мин (В.М. Алексеев, 1985). КМҚ мен кәсіби спортшының арасында өзара тікелей байланыс бар. Футболшының жүктемесінің негізін күш-жылдамдық жұмысы құрайды. Өйткені, бұлшық ет ойын барысында көптеген уақыттар бойы бірнеше қайталана жұмыс істейді. Матч барысында футболшыдан жалпы және арнайы төзімділікті қажет етеді.
Бұл спортшының барлық негізгі физикалық сапаларын көрсетеді: жылдамдық, шапшаңдық, күш, икемділік, төзімділік (Н.Д. Граевская, 1969). Сонымен спорттық ойындар, соның ішінде футбол ауыспалы жарыс негізіндегі ойын болғандықтан, арнайы төзімділікті талап етеді. Футболшының қимыл әрекеті қайталамалы-ауыспалы болып келеді. Мұнда спортшы үшін маңызды күші мен жылдамдық сапалары байқалады. Бұл спортшының физикалық дайындық құрылымында ерекше орын алады. Футбол спорттың басқа түрлері сияқты адам ағзасына спецификалық тұрғыдан әсер етіп, жаттығушының морфологиялық және функционалдық көрсеткіштеріне белгілі бір өзгерістер әкеледі. Бұл өзгерістер спортшының жас ерекшелігіне, кәсіби шеберлігіне және спорттық маусымға байланысты. Отандық және шетелдік мамандар ойында жеңіске жетудегі негізгі басты рөл жоғары дәрежедегі техника-тактикалық шеберлік пен физикалық дайындық, әсіресе футболистің жұмыс қабілеттілігіне байланысты деп есептейді.
Жұмыс қабілеттілігін анықтау баланың денсаулық деңгейін сан жағынан, ағзаның түрлі жүйесінің функционалдық дамуын және бірінші кезекте күшпен қамтамасыз етуін бағалауға мүмкіндік береді. Физикалық жұмыс қабілеттілігінің деңгейі адамның денсаулығының сандық көрсеткіші саналады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі адам денсаулығының бұзылғандығын білдіреді. Бұл дәрігердің жұмысында диагностикалық көрсеткіш ретінде қолданылады. Ағза қабілетіне қарай күш қуат қоры мен жеке ағзаның денсаулық деңгейі, көптеген қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ағза ұрықтылығын анықтауға мүмкіндік пайда болады.
Физикалық жұмыс қабілеттілікті аралас немесе статикалық, динамикалық жұмыстағы адамның максималды күш жұмсауының потенциалды қабілеті деп сипаттайды. Физикалық жұмыс қабілеттілік саласы бойынша негізгі көптеген зерттеулерді Г. Леман жүргізген. Физикалық жұмыс қабілеттілікті ағзаның максималдық жұмысқа деген қабілеті деп қарастырған. Басқа зерттеушілер физикалық жұмыс қабілеттілікті ағзаның кез келген максималдық физикалық жұмысты орындау немесе максимум энергияны дамыту қабілеті. Күшін үнеммен жұмсап, алдағы қойған мақсатқа жету деп түсіндіреді (А.Г. Хоружев, 1993, С.В. Тихвинский, 1983).
С. Козловскийдің пікірі бойынша дене қуатының жұмыс қабілеттілігі – бұл ұзақ мерзім бойы ауыр дене жұмысын орындау. Сондай-ақ жұмыс соңында болу мүмкін гемостаз күйзелісін тез жоя білу қабілеті. Автор оның «физиологиялық құнын» ескереді. Неғұрлым жұмыс қабілеттілік жоғары болса, оның құны соғұрлым төмен деп есептейді. Соңғы жылдары жүргізілген ғылыми зерттеулер дене қуатының жұмыс қабілеттілігі мен адам денсаулығы арасында белгілі бір байланыс барын айтады. Г.Л. Апанасенко мәліметтері бойынша индивидтің денсаулығы деңгейіне диагностиканы оның энергетикалық ресурстары қабілетіне сәйкес жүргізу қажет. Г.Л. Апанасенконың пікірінше, неғұрлым энергетикалық негізі жоғары болса, денсаулық деңгейі соғұрлым жоғары болады.
Зерттеушілер энергетикалық потенциалы жоғары адамдардың ағзасы сыртқы ортаның жағымсыз әсеріне төзімді болып келеді деп есептейді (Н.А. Агаджанян., Г.С. Козупица, 1993). Мектеп жасындағы дене қуатының жұмыс қабілеттілігі балаларында басқа жастағылармен салыстырғанда жоғары және төзімді.
Спортшылардың ағзасының дене қуатының жұмыс қабілеттігін тест сынақ жүргізу арқылы анықталады. Спорттық медицина тәжірибесінде анаэробты жұмыс қабілеттілікті анықтау тесті аса аз жүргізіледі. Бұл спортшының бұлшық етінің жұмысы қарқындылығы мен ұзақтығын қамтамасыз етеді. И.А. Корниенконың зерттеуінде балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілуі кезеңіне дейін аэробты механизмдері қалыптасады деп көрсетеді.
Жыныстық жетілу кезінде кардиореспиратор жүйесінің қарқынды дамуы 1518 жас аралығында дене қуатының жұмыс қабілеттігінің артуын екі фактор арқылы көрсетеді. Біріншісі, ағзаның аэробты мүмкіндігінің артуы, екіншіден, ағзаның гомеостазды қолдап, қандағы жиналған сүт қышқылын шығаруы. Ағзадағы сүт қышқылы туралы нақты мәліметтер жоқ, тек түрлі көзқарастар ғана қалыптасқан.
Қазіргі заманғы футболдың ерекшелігі ойын қарқындылығы, алаң бойынша атлетикалық күрес, қатал тартысты ойын, техника мен тактиканы тиімді қолдану. Қорыта айтқанда, жоғары дәрежедегі дене қуатының жұмыс қабілеттігі болып табылады.
Футболдың жалпы даму қарқынын ескере келе ойын әрекетінде ағзаның функционалдық жүйесіне деген талап артуда. Футболшылардың жас ерекшелігіне қарай физикалық жұмыс қабілеттілігін зерттеген авторлар. М.Р. Эльваккад және И.Г. Халявко болса, жас футболшылардың физикалық жұмыс қабілеттілігін зерттегендер Ч. Направник, Ю.А. Морозов, В.Л. Карпман, З.Б. Белоцерковский, И.А. Гудко. Ересек футболшылардың жұмыс қабілеттілігін М.Р. Эльваккад, П. Новацуи қарастырған. Мұнда авторлар зерттеудің түрі тәсілдерін қарастырып, тест, степ тест қолданған.
Жаттығу барысында футболшылардың кәсіби дайындығын сынақ арқылы тексерген. Бұл зерттеулер жүйелі тұрғыда емес, сондықтан да футболшының дене қуатының жұмыс қабілеттігі туралы толық мәлімет алуға жеткіліксіз салады. И.Г. Фалестің зерттеу бойынша футболшының дене қуатының жұмыс қабілеттігін анықтаудың бірнеше компоненті бар:
- күш жылдамдық;
- функционалды, энергетикалық міндіктері;
- тактикалық шеберлік;
- қажетті психикалық сапаларын жетілдіру.
Футболда дене қуатының жұмыс қабілеттігі адамның аэробты төзімділігі мен ағзаның ұзақ мерзімдік қарқынды жұмыспен қамтамасыз ету қабілеттілігі.
Мамандар жас ерекшелігіне қарай футболшылардың дене қуатының жұмыс қабілеттігі артады. Осыған дене қуатының жұмыс қабілеттігінің артуының негізгі үш динамикасы:
- бастапқы (9-11 жас);
- негізгі (12-16 жас);
- ауыспалы (17-21 жас) аралығы.
Жас спортшылардың дене қуатының жұмыс қабілеттігі бұл көрсеткіштерден айырмашылығы бар, әсіресе дайындалмаған спортшыларға қарағанда кәсіби футболшылардың дене қуатының жұмыс қабілеттігі 52% артатынын көрсетеді.
9-16 жастағы футболшылардың аэробты және анаэробты мүмкіндіктерінің дамуының ерекшеліктері. Функционалдық күйінің объективтік бағалау әлбетте адам ағзасына белгілі мөлшердегі физикалық жүктеме есепке ала жүргізіледі. Жас футболшылардың аэробты жән анаэробты мүмкіндіктерінің дамуының ерекшеліктері мен жұмыс қабілеттілігі деңгейін бағалаудың жалпы түрі РWC функционалдық тест саналады (А.И. Абросимова, 1981, В.Л. Карпман, С.В. Хрущев, 1997; С.Б. Тихвинский, Л.Н. Бобко, 1991). Сонымен қатар қазіргі кезге дейін жас спортшылардың аэробты жағдайдағы физикалық жұмыс қабілеттілігіне арналған зерттеулер жеткіліксіз. Ғылыми зерттеулер, адамның жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығы арасында белгілі бір байланыс барлығын айтады. Бұлшық ет қызметінің жоғары потенциалдық мүмкіндіктері бар адамдар жағымсыз жағдай әсеріне тұрақтылығы басым болып келеді – гипоксия мен қан жоғалтудан бастап, ішкі ортаның негізгі қышқылды күйіндегі өзгерістерге дейін. (Г.Л. Апанасенко, 1983, Н.А. Агаджанян; А.И. Елфимов, 1986). Аэробты мүмкіндіктер ағзасына ауаны жеткізу процесінің жылдамдығына, сондай-ақ, көмірқышқылды өнімдердің қышқылдану қорына байланысты. Ауа кардиореспираторлы жүйе мен қан жүйесін қамтамасыз етеді. Бұған жүрек бұлшық еттері қуатты әсер етеді, терең тыныстау, қандағы гемоглобин мен эритроциттердің жоғары көрсеткіші. Анаробты мүмкіндіктер футболшының қысқа мерзімді және ауыр жүктемені орындау қабілетімен байланысты. Бұл жұмысты басқа заттар күшімен ауасыз орындауға ықпал етеді. Анаэробты мүмкіндіктер қысқа мерзімді жұмысты орындау қарқыны қуатын анықтауға және тканьдардың гипоксия жағдайдыны бейімделуін сипаттайды. Әдебиеттердегі көптеген мәліметте бойынша жас спортшылардың физикалық жұмыс қабілеттілігі басқа адамдармен салыстырғандағы көрсеткіштерінде айырмашылықтар барын көрсетеді. Спортшының жасы үлкен болған сайын оның жүрегінің құрылымдық-фунционалдық жұмыс қызметі айқындалады. Орта есеппен жас футболшылардың физикалық жұмыс қабілеттілігі жаттықпаған адамдарға қарағанда 52% жоғары (В.Л. Карпмпн, 1974; Граевская, 1990). РWC функционалдық тест көрсеткіштері нәтижесі бойынша жас спортшылардың физикалық жұмыс қабілеттілігінің абсолютті деңгейі 15-16 жасқа қарай артады. Бұл нәтижелердің артуы біркелкі сипатта емес. Жас футболшылардың аэробты физикалық жұмыс қабілеттілігі көрсеткіші 11-12 жаста байқалады. Бұл жастағы футболшылардың жұмыс физикалық қабілеттілігі жаттығу кезінде артады.
13-14 және 15-16 жаста күш – жылдамдық мүмкіндігінің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіші анаэробты механизмдерді күш-қуатпен қамтамасыз етумен байланысты. Жалпы алғанда барлық жас ерекшелік топтарында жұмыс қабілеттілік көрсеткішінің деңгейі әртүрлі. Зерттеу нәтижелерінің сараптамасы 11-12 жастағы футболшылар тобында жалпы физикалық жұмыс қабілеттілігі өте төмен және өте жоғары деңгейлі балалар кездесетінін көрсетеді.
Бұл жас футболшылардың физикалық жүктемесі оның жасына ғана байланысты емес, жаттығудың жүктемесін қарастыруды талап етеді. Ағзаның аэробты мүмкіндігін көрсететін негізгі параметрі кислородты максималды қолдану көрсеткіші саналады. Адам ағзасына ауаның қажеттілігі онтогенез кезеңдеріне қарай арту тенденциясын көрсетеді. 11-12 жаста ағзаның жалпы төзімділігіне сәйкес, жоғары аэробты мүмкіндік пайда болады. Көптеген әдебиеттерде төзімділік 8-9 жас кезеңінде артып, 11 жаста өзгерісіз сол күйінде, 14-15 жаста тұрақталады.
Физикалық жұмыс қабілеттілік көрсеткіштері адам ағзасының физикалық жүктемені орындауға деген функционалдық дайындығын білдірмейді. Бұл физикалық жүктемеге бейімделуге деген реттеу жүйесі қысымы дәрежесі туралы айтуға негіз бола алмайды. 9-10, 11-12 және 13-14 жаста аэробты жүктеменің гипотоникалық типінің басымдылығы анықталған. Бұл типтің реакциялары жүрек соғысы қысқаруы үнемді режимде екендігін көрсетті. Бұл типтегі жас спортшылардың ағзасында қысым басым. 15-16 жаста дистоникалық типтің басымдылығын көрсетеді, Бұл жас кезеңінде жүктемеге бейімделудің гипертоникалық типі өте сирек кездеседі.
Аэробты жағдайда ағзаның жүктемеге деген жауап ретіндегі реакциясы барлық жас кезеңінде дистоникалық типтің басымдылығын көрсетеді. Осы күнге дейін қан айналымы типінің физикалық жұмыс қабілеттілік деңгейіне әсері туралы ғалымдар пікірі әртүрлі. Көптеген зерттеушілер төзімділікке жұмыс істеуге келгенде гипертоникалық типі саналатынын айтады. Жас футболшылардың физикалық жұмыс қабілеттілігін зерттеуде 9-10, 15-16 жастағы футболшылардың жұмыс қабілеттілігі физикалық жүктемеге сәйкес минутына 170 соққыға дейін жететінін анықтадық. Футболшылардың аэробты режимдегі жұмыс қабілеттілігі 9-10 және 11-12 жаста артады. Біздің зерттеу барысында алынған мәліметтеріміздің нәтижесінің көрсеткіштері басқа да зерттеушілердің нәтижелерімен сәйкес. Зерттеу мәліметтері бойынша балалардың базалық деңгейде аэробты төзімділігінің дамуының жетіспеушілігі дұрыс назар аудармаудан екендігін көрсетеді. Әсіресе 11-12 және 13-14 жастағы балаларда кездеседі. Жоғарыда қарастырылғандарды қорыта айтар болсақ. Анықталғаны жас футболшылардың ағзасының дайындық жаттығу процесіне ұзақ мерзімге бейімделуінің физиологиялық заңдылықтарына тән. Жүрек-тамыр жүйесі мен физикалық жүктеме деңгейі жас ерекшелік динамикасына қарай жас футболшылардың аэробты және анаробты төзімділік деңгейі қан айналу типіне байланысты. Бұл жас футболшылардың дайындық – жаттығу процесінің дифференциалды шкаласының әдістемесін қалыптастыруды қажет етеді. Бұл әдістеме жас футболшыларды дәрігерлік-педагогикалық түзету, патологиялық жағдайын дамытып, футболмен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келсек, бүгінгі футбол үшін белсенді қимыл-қозғалыс, бұлшық еттердің қарқынды жұмысы, әр түрлі қимыл әрекеттері, матч кезінде құрылымы мен сипаты мен күрделілік дәрежесіне қарай физикалық жүктемені тең бөлу тән. Сондай-ақ футболшылар қарсыластарына қатысты күшпен жасалатын тәсілдер мен секірулерді жиі орындайды. Доп үшін күресте ойыншыдан допты дәл беру нақтылық, дәлдікті, техникалық дағдыны, ара қашықтықты болжауды, соққы күшін есептеу, уақытты ұтымды пайдалану, жылдам ойлауды талап етеді. Жүктеме мөлшері бойынша футболшының қимыл – қозғалыс әрекетінде ойын алаңы бойынша түрлі қимылдар жасап жүгіру негізгі болып саналады. Жүгіруге жылдамдық пен қарқынды қимыл тән. Жүгіру адам денесінің түрлі жағдайында басталады, ауыспалы ритм мен қарқындылық, белгілі бір қашықтықта жүгіру, кездейсоқ тоқтау тән. Футбол алаңының қарсыластар аймағын белгіленбеген кеңістігі спортшылардың максималды және субмаксималды жылдамдықпен қысқа қашықтықта жүгіруін байқатады. Футболдың басты ерекшелігі ойын алаңында үнемі жағдайдың өзгеруі мен соған байланысты футболшының қимыл әрекетінің өзгеруі. Түрлі тәртіптегі ойын барысында сипаты мен күштілігі мен ұзақтығына қарай жаттығулардың кезектесу қатынасы саналады.
Футбол командалық ойын. Сондықтан ойыншылар арасында өзара түсіністікті, команда мүшелерінің қарым-қатынас жасау үйлесімділігін талап етеді. Ойыншылар санының көптігі мен ойын алаңының көлемі уақыт пен кеңістікті таңдауда белгісіздікке әкеледі. Қазіргі заманғы футболда ойынның қиыншылығына жоғарғы қарқындылықпен қоса уақыт тапшылығын атайды. Осының барлығы тек дене жүктеменің артуын ғана емес, эмоционалдық және психологиялық қысым орын алуына себеп болады.
Спорттық ойындар дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасына енген басқада дене шынықтыру және спорт жаттығуларымен бірге оқушылардың адамгершілік ерік және қимыл сапаларын жақсартуға көмегін тигізеді. Спорттық ойындарды үздіксіз жүйелі түрде ойнау төзімділік, ептілік және қимыл-әрекеттер жасауда тапқырлық таныту сапаларын қалыптастырады. Осы спорттық ойындардың мәні ерекше. Оқушы әрбір ойынға қандай сипатты қимыл-әрекеттер тән екенін және оларды қалай меңгеру ерекшеліктері мен әрбір ойынның ағзаларына қандай әсері болатынын білуі керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Чумаков П.А. Спортивные и подвижные игры. – М.: ФиС, 1999. – 231с.
- Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. – Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2006. – 315 с.
- Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании. – М.: Физкультура и спорт, 1998. – 224 с.
- Бабушкин В.З. Подготовка юных футболистов. – М.: Физкультура и спорт, 1985. – 328 с.
- Чумаков П.А. Футбол. Учебник для институтов физической культуры. – М.: Физкультура и спорт, 1988. – 197 с.
- Башкин С.Г. Футбол: поурочная учебная программа для ДЮСШ, Уроки по баскетболу. – М.: Физкультура и спорт, 1996. – 286 с.
- Бондарь А.Н. Учись играть в футбол. – М.: Физкультура и спорт, 1996. – 365 с.
- Гомельский А.Я. Футбол: секреты мастерства: 1000 футбольных упражнений. – М.: Физкультура и спорт, 1997. – 326 с.