Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Салауатты өмір салтының мәні, мазмұны және бағыттары

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олардың отан сүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық пен адамгершілік қадір қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын ұнамды мінезқұлық нормалар мен адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру қажеттілік екені, Ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауында жан жақты негізделген. 

Соның айқын дәлелі ретінде «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты бағдарламасы жұмыс жүргізілуде. Осы ісшараларды нақты іс-тәжірибеге жүзеге асыру барысында мектеп оқушылары арасында денсаулықты күте білудің негізгі мықтап қалатыны белгілі. Сонымен қатар, бұл, мұғалімдер ғалымдар мен ата-аналардың да бір-бірімен үйлесімді жұмыс жүргізуін қажет етеді.

Адам болмысының өзегі – тек қана материалдық игіліктермен, сұраныстармен, мұқтаждықтармен және қажеттіліктермен шектелмейді, әрі қарай адамның күрделі табиғатына, өмір сүрудің түпкі себептерін қозғайтын күш пен өмірдің өзіндік мәнін қарайтын рухани адамгершілік қасиеттерден тұратын негізгі болады. Адам өзінің бойында нағыз адам қасиеттерді дамытып, өзімен өзі қоршаған дүние туралы ақыл-ой көмегімен жиналған білімдерін адамгершілікпен ұйымдастырғанда ғана руханилыққа жетеді, өйткені адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Сондықтан, білім мен тәрбие барысында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастырудың тиімді жолдарын іздестіру қажет.

Салауатты өмір сүру салты дегеніміз био-әлеуметтік категорияСалауатты өмір сүру салты – интегративті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұғымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі – балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз – әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның туа біткен функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты біркелкі болады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұжырымдамасының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына салауаттану білімі жөнінде кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамалық негізін жасау болып табылады. Бұл мақсат мына төмендегідей міндеттерді шешуді көздейді:

  • білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған білім бағдарламасын ендірудегі дүниежүзілік тәрбиені зерттеу;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған қазіргі бағдарламаларды таңдау;

Салауаттану – жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құрамының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер, әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы өзара қарамақайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық.

Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттанудың зерттеу пәні – адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері бейімделу тетіктері, қолдану тосқауылдары организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану – адамның термодинамикалық, денелік химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі.

Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы – бұл «денсаулық дегеніміз – физиологиялық қызметтерді сақтап, дамыту процесі, психологиялықәлеуметтік әлеуметтер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі».

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда, денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта жағдайлары мен ішкі факторларға бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялық, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық секілді негізгі түрлері бар. Ал рухани түрі оларды бірегей тұтастыққа-денсаулыққа біріктіреді. Денсаулықтың физиологиялық түрі – организмдегі физиологиялық үрдістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.

Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі – сол мақсатқа "организмнің табиғи қорғаныс күштерін" жұмылдыру арқылы жету. Әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды.

Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді. Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды мәселенің бірі – салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып, оны әрі қарай нығайтып, шындағаны дұрыс. Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын

іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы "Денсаулықты нығайту мектептерінің" негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек.

Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде аурусырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық – тұқым қуалаушылық аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне-өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп.

Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге "валеология-денсаулықты қалай сақтауға болады" бағдарламасы енгізілді.

Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:

  • оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай көңіл бөлу керектігі ескертілді;
  • жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе Р.Р.-витаминдік жетіспеушілік анықталды.

Бүгінгі оқушы ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

XX ғасырда туындаған экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе әлеуметтік теңсіздік, тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік-рухани және тағы басқа күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды. Адамның өмір салтынан туындайтын осы себептерге байланысты қоғамда адам өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке жетті. Медицинаның әлеуметтік, гигиеналық, психологиялық, психопрофилактикалық

бағыттарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі өркениет дәуіріндегі адамдардың денсаулығының нашарлау себептерін анықтап, психогенді және психосоматикалық аурулардың (гипертония, қан тасуы, асқазан жарасы, жүрек ауруларының) алдын алуда адам организмінің түрлі аулуларға қарсы тұруының ішкі мүмкіндігін жетілдіру жағдайын зерттеу мәселесін алға қояды. Осы бағытта С.М. Павленконың адам организмінің гомеостаздық күйін сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің бір түрінің (қан айналым, тынысалу, температураның қалыптылығы және тағы басқа) бұзылған жағдайында оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын зерттейтін "санология" ілімі дамыды. Бірақ адам денсаулығын сақтауда, оны нығайтуда, ауру түрлерін алдын алуда санология ілімінің ғылыми негіз бола алатынын дәлелдей отырып, И.И. Брехман "салауаттану" ғылымының негізін ұсынған болатын. Ол "санология" ұғымының мазмұнын аша отырып, оның денсаулық жөніндегі ғылым емес, сауықтыру жөніндегі ілім екенін және келешекте ол жаңа ғылым – салауаттанудың маңызды салаларының бірі ретінде (клиникалық салауаттану) жаңа бағытта дамуы керектігі жөніндегі пікірін дәлелдеді. Г.А. Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын сараптай отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді. Г.А. Кураевтың, С.К. Сергеевтің, Ю.В. Шленовтың анықтамалары бойынша салауаттану сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын организмнің гигиеналық және физиологиялық мүмкіндіктері жөніндегі ғылым. Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған. Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас организм жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін ескере отыру негізінде сақтау және үйлестіру жатады.

Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қоюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін». Шынында да денсаулық – адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық зор байлық» – дейді қазақ. Ол адам символы дені сау қайырлы адам ауру хандардан артық деген нақыл бар. Дені сау адам көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйнектерге ол ешқандай көңіл аудармайды. Көңілді күйімен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді.

Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне осыған байланысты «салауатты өмір сүру салтының» үш категориясы болады.

1 Салауатты өмір сүру деңгейі. 2 Салауатты өмір сүру сапасы. 3 Салауатты өмір сүру стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз – экономикалық категория.

  1. Дене шынықтыру.
  2. Жеке бас гигиенасы. 3 Жағымды эмоциялар.

Сонымен «салауаттану – денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жасөспірімдерде салауатты өмір салтын жүргізуге күш салады.

Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министірлігі айналысады. Адамзат баласының тіршілік өмірінде ең бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап оны орынсыз ысырап кетпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау дұрыс. Оған пассивті емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрету әрбір адамның басты міндеті.

Ғылымда валеология – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылымСалауатты өмір сүру валеология ғылымының негізі болып есептеледі. Валеология гректің және латын тілінен алғанда «валео» – «денсаулық», «logos» «ғылым». Валеология – денсаулық туралы ғылым. Оның алғаш негізін қалаған И.И. Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология ғылымын медицинаға, биология және педагогика ғылымдарына енгізген.

Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішкі және физиологиялық үрдістермен байланысты болатыны анықталып отыр.

Валеология ғылымының өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндеттері бар. Олар:

  1. Адамның денсаулығының қалай сақталуын білу.
  2. Актуалдығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау.
  3. Денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.

Осы және басқадай мәселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауатты өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зерттеп, шешуге болады. Сондай-ақ адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығы мен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып, барлық мәселелерді ойдағыдай шешуге болады.

Қорыта келе айтарымыз, валеология денсаулық сақтау, салауатты өмір сүру ғылымы. И.И. Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазады: «Адам және биологиялық белсенді заттар» атты кітабында валеология терминін алғаш рет қолданған болатын. Бұл ғылым негізінен адам денсаулығы мен дені сау адамды құрайды деп тұжырымдайды И.И. Брехман. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін қарастырды.

«Салауатты өмір сүру дағдысы» – дегеніміз өмір сүру қажетті іс-әрекетімен мінез-құлқын көрсететін нормалар мен өмір сүру тәсілінің жүйесі. Олай болса рухани-адамгершілік құндылықтың салауатты өмір сүруге қатысы, адамның ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі, білімі мен тәжірибесі, өмір сүру салты, санасы, сезімі, сенімі мен сапасынан тұратын жүйе. Бұл жүйе сапасының оқушыларға тигізетін ықпалын және салауатты өмір салты дағдыларын дамытудың педагогикалық мәнін келесі бөлімде қарастырамыз. Жас өскіндеріміздің бойында салауатты өмір салты дағдыларын дамыту – қазіргі уақытта ең көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Бұл мәселенің маңыздылығы – қоғамымыздың әлеуметтік жағдайына, экономиканың бүгінгі уақыттағы халахуалына, экологияның нашарлауына, азаматтардың денсаулығына жауапкершіліксіз қарауы себептеріне байланысты да арта түседі. Адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгертуі, ең алдымен, тәрбиелік мәселе болып табылады.

Сондықтан, қоғам білім беру жүйесіне мектепті сауықтыруға, балалардың денсаулығын нығайтуға және оларда салауатты өмір салтын дамытуға әлеуметтік тапсырыс береді. Осы мәселе бойынша зерттеулерге талдау жасау бырысуында мынадай қағидаларды ескеру қажеттілігі жайлы тұжырымға келдік: денсаулықты «біртұтас феномен» ретінде қабылдау және жеке тұлғаның өмір сүру салтына байланыстылығын түсіну; салауатты өмір сүру салтын биологиялық және әлеуметтік факторлар арқылы анықтап, мұнда отбасы мен мектептің маңызды орын алатынын ұғыну; сондықтан мектептің денсаулықты сақтау бойынша іс-әрекетін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 1994. – №194. – Б. 15-17.
  2. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы». // Егемен Қазақстан, 1997. – № 15, – Б. 56-59.
  3. Байкер К.Штейнберг Л. Здоровый образ жизни. – М.: Академия, 1997. – 351 с.
  4. Дубровский В.И. Валеология. Здоровый образ жизни. – М.: Академия, 1999. – 239 с.
  5. Куховицкий Л.М. Помощь своей судьбе. – М.Академия, 1999. – 118 с.
  6. Малахов Г.П. Создание собственной системы оздоровления. – СБП., 1995. – 334 с.
  7. Малахов Г.П. Педагогика здоровья. – М.: Академия, 1991. – 247 с.
  8. Петрушин В.И. Психологические аспекты деятельности учителя и классного руководителя. – М.: ФиС, 1999. – 311с.
  9. Прихожан А.М. Психология неудачника. Тренинг уверенности в себе. – М.: Академия, 1999. – 324 с.
  10. Брегга П.С. Система образования. – М.: ФиС, 1994. – 312 с.
  11. Амантурин Ш. Мұғалім және оқу тәрбие жұмысы. – Алматы: Мектеп, 1999. – 221 б.
  12. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. – Алматы: Атамекен, 2004. – 119 б.
  13. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Атамекен, 2004. – 411 б.
  14. Әбенбаев С. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелілік деңгейін бағалаудың өлшемдері. – Алматы: Жерұйық, 2006. – 340 б.
  15. Каплиева А.Қ. Оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру. // Автореферат. – Алматы, 2002. – 45 б.
  16. Жамбылова А. Формирование ЗОЖ подрастающего поколения в условиях целостного педагогического процесса школы. – Алматы: Мектеп, 2002. – 210 с.
  17. Қалиев С. Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері (оқу-әдістемелік құрал). – Алматы: Мектеп, 2000. – 169 б.
  18. Мектеп жүйесіне салауатты өмір салтын енгізу әдістемесі. // Республикалық әдістемелік кеңес жинағы. – Алматы, 2002. – Б. 16-19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.