Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шығармашыл, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

«Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Пәнді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керек», деген болатын Елбасы Назарбаев Н.Ә..

Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.

Қазіргі заманғы педагогиканың ерекшелігі оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағдарланған жаңа білім беру технологиясын құруға ұмтылу. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде реформалар жүріп жатыр. Осы реформаларға сәйкес оқу орындарындағы оқу үрдісіне педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді.

«Технология» латынның «техне» өнер, шеберлік, қолөнер және «логос»ғылым деген сөзінен шыққан. 1960-1970 жылдардан бастап педагогика ғылымында педагогикалық технология деп аталатын жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасын ғалымдар да түрліше анықтайды.

Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол – ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған жеке тұлғаға қарай бағыттаған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдармен жүреді. Технология жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Оқушының білім алу, даму, т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен меңгеруіне түрткі жасау – технологияның басты белгілері.

Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Орыс педагогы К.Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Сол себептен де, ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай жаңа технологияларды қолдану. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Бүгінгі күнгі оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас та жаңа қағидаларға негізделеді. Сондықтан, қазіргі уақытта оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны білім беруде кең қолдануды – сол қағидалардың бірін орындағанымыз деп айтуға толығынан болады. Қазіргі колледж түлегі осы заманғы әлеуметтік ортаға кірігіп, бейімделуі үшін белгілі білімдер жүйесін меңгеруі тиіс екені белгілі жайт. Сол себепті, заманның жаңа талаптары тұрғысына орай оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін оқытудың жаңаша құрылуына барынша жағдай жасау қажет. Бүгінгі студент оқушы кәсіби – теориялық білім, іскерлік дағдылармен қаруланып қана қоймай, шығармашылық еңбегімен ізденіп, өздігінен білім алуға, ой қорытындысын жасауға қабілетті болуы шарт. Алайда, өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру әр түрлі факторларға тәуелді. Алдымен ол оқушыдан пәнге қызығушылықты, танымдық қажеттілікті, тұрақты ерік-жігерді, жинақылық пен белсенділік және жоғары саналылықты қажет етеді. Оқушының өздік жұмысы – мұғалімнің пәннен берген тапсырмалары бойынша өз бетінше ізденіп, кәсіби теориялық білімін тереңдетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылған мақсатты әрекеті. Бұл болашақ маманның бойында әлеуметтік белсенділік, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылушылық, тиянақтылық, бастамашылық сияқты қасиеттерді дамытады. Олай болса, болашақ маманды өз бетінше білім алуға үйрету, жетілдіру, жан-жақты тұлға ретінде дамыту – қазіргі мұғалімдерге қойылып отырған талаптардың бірі.

Мен қызмет ететін білім мекемесінде дәріс алушылардың басым көпшілігі жасөспірімдер, топтарда әртүрлі тәрбиедегі, әртүрлі деңгейдегі, қабілеттіліктері де әртүрлі оқушылар отыр. Оқытушы ретінде олардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеу – міндетім деп білемін. Сондықтан, сабақтар бір сарынды болып, балаларды жалықтырмас үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, түрлендіруге тырысамын. Мұндағы басты міндет дәріс алатын оқушылардың «мұғалім сабақ сұрайды» деп қорықпай, сабаққа оқу еңбегі үшін келу керектігін ұйымдастыра білу. Әдеттегі дәстүрлі қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқушылар оқыған шығармасын немесе меңгерген білімін қайта мазмұндап айтып беруге үйренген. Мұның да өзіндік пайдасы бар екендігі даусыз. Дегенмен, оқығанын қайта айтып беру шәкіртті ойға жетелемейді. Бұл күнделікті қайталана берсе жалықтырады. Сондықтан, оқушыны оқи білуге үйрету, яғни оқығанын талдай білуге, түйіп, түсініп оқуға баулыған дұрыс. Осы мақсатты жетекке ала отырып жасалған жұмыстар біршама жетістіктерге жеткізеді.

Оқу бағдарламасының мазмұны бойынша жоспарланған тақырыптарды оқушыларға меңгертуде дамыта оқыту, жобалау, сыни тұрғыдан оқыту технологияларының әдістерін пайдалану өз тәжірибемде әжептәуір жетістіктерге жеткізеді. Мәселен, жобалау технологиясы әдіс-тәсілдерінің түрлерін әр топқа әрқалай қолданамын. 1-курс оқушыларына ақпараттық, ойын түріндегі жобалар қолданылса, жоғары топтағыларға шығармашылық жоба, ғылыми жобаларды қолданып жүрмін. Жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыруда бұл технология таптырмас құрал. Себебі, жобаны қорғауға дайындалған оқушылар өз беттерінше ізденіп, қыруар шаруа атқарады. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар»«Өзі пісірген астың күйігі де тәтті» деп тегін айтпаған. Белгілі бір ақын-жазушының шығармашылығын жобалау технологиясы бойынша зерттеп, қорғаған оқушылардың жеткен жетістіктеріне тек мұғалім ғана риза болып қоймай, осы істен оқушылардың өздері де пайдалы тәжірибе алады. Жоба қорғау кезінде оқушылар тақырып туралы ең қызықты оқиғаларды, мәліметтерді іріктеп алады және мәліметтерді игеруде көрнекіліктерді, анимацияны, дыбыстарды қолданады. Сөйлеу барысында оқушылар әр слайдқа толық мәліметтер беріп, өз ойларын ашық айту үшін жоба құрушы өз жобасын логикалық, тілдік, грамматикалық жағынан дұрыс құруға ұмтылады. Сондықтан, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясын қолданудағы нәтиже жаман емес. Өзіміздің оқу орнында жылда ұйымдастырылатын студенттердің ғылыми іс тәжірибелік конференциялары, «Чистяков оқулары» ғылыми жобалаудың жұмысын жандандыруға септігін тигізеді. Бұл жұмыстардың да жемісін көріп отырғанымыз рас.

Дегенмен, қазіргі заман жағдайларын ескеретін болсақ балалардың көпшілігі болашаққа қажет болар-ау деген нәрселерге жіті мән беріп, ойланады.Сол себепті, оқушылар нақты іс-әрекетке бағытталған шараларға қызығады. Бүгінгі сабақ та сондай оймен жоспарланып, болашақ мамандардың алдағы қызметтерінде пайдаға асуы әбден мүмкін деген мақсатта ұйымдастырылып отыр. Яғни, бүгінгі студент колледжде алған теориялық және әдістемелік білімдерін оқушылармен оқу-тәрбие жұмыстарында қолдана білуге үйренеді. Бүгінгі сабаққа қатысты айтатын болсақ, мектепте әдеби білім беру – оқытудың, білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.

Ол мынадай кезеңдерден тұрады: 1-кезең: 1-4 сыныптар;

2-кезең: 5-8 сыныптар;

3-кезең: 9-11 сыныптар.

Бүгінгі сабаққа қатысып, жүргізіп отырған топ болашақта, осы 2-кезең: 5-8 сыныптары оқушыларымен жұмыс жасайтын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің мамандары болуға еңбектеніп жатыр.

Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты, міндеті – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйретуімен, көркем туындыға оқушы ынтасын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болуымен ай қандалады.

Екінші кезеңде көркем сөздің көркем туынды, көркем шығармалардағы рөлі, маңызын танып білу жұмыстары жүргізіледі. Көркем туындыдағы авторлық көзқарасты танып-білу үйретіледі. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру (алған әсерлерді, не ұнады, не ұнамады), шағын әдеби айтысқа жетелеу, сөйтіп, әдеби талдау дағдыларын қалыптастыру да осы кезеңнің негізгі міндеті болмақ. Сол себептен де бүгінгі студент, ертеңгі мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, соны да ерекше ойлануы керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себебі не? Осындай мәселелерді шешуде теориялық білімді практика жүзінде қолданып байқаудың маңызы зор екендігі түсінікті.

Сабаққа әзірлік үстінде әдебиет сабақтарында қолдануға болатын бірнеше

әдіс тәсілдерді үйлестіре қолдануға тырыстым. Яғни, сабақ бойынша алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшің алдымен, жаңа технологиялардың бірі – ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану маңызды деп таныдым. Өйткені, мұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Жаңа ақпараттық технология құралдарын сабақтарда пайдаланудың бір жолы электрондық оқулықтар.

Электрондық оқулық – ғылыми – педагогикалық құрал.

Электрондық оқулықтардың тиімділігі:

  • теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
  • сабақты иллюстрациялы материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. Осы сабаққа елімізге танымал ұстаз, әдіскер Қанипа Омарғалиқызы Біті-баева (жатқан жері жайлы болсын) құра-стырған

«Мұхтар Әуезов туындыларын мектепте оқыту» атты электрондық оқулығын пайдалана отырып, студенттерге таныстыру дұрыс болар деп шештім. Әрине, бұл электронды оқулықтың әлі де кемшін тұстары бар. Дегенмен, пайдалануға болатын тұстары да көбірек. Бұл жерде маған студенттердің осы материалдың өзімен танысып, іс жүзінде қалай қолдануға болатындығын сынап байқаулары маңызды болды.

Келесі кезекте теориялық меңгерілген сабақты практикалық жұмыстармен астастырып үйлестіруге көңіл бөлдім. Мұнда да сабақ жүргізуде жаңа технологиялардың элементтерін қолдануға байланысты студенттерге кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Бүгінгі өткізілген сабақта студенттер осы технологияның элементтерін пайдаланып көрді. Сәтті шыққаны да, сәтсіз деуі де болған шығар. Солай болған күннің өзінде де байқап, қолданып көрудің де маңызды жақтары бар екендігі сөзсіз. Жақсы нәтиже, жетістік тек іс тәжірибемен келетінін бәріміз білеміз.

Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В. Занковтар ұсынған «Дамыта оқыту» технологиясының және ойын технологиясының элементтерін қолдану да жақсы нәтиже береді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болуы емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық та талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір білім алушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше әрбір білім алушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын, қабілетін дамытуға күш салғанымыз дұрыс болар.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазіргі кезеңдегі педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: проблемалары және даму болашағы. Республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары. 16 қазан 2009 ж. Б. 403-420.
  2. Қазбекова Н.Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006, №1.
  3. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. – Алматы, 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.