Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық технологияны қолданып сабақ жүргізу

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – оқыту процесін ақпараттандыру. Қазіргі оқу орындарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады.

Қоғамда ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:

  • Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
  • өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және арнайы білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.

Оқытудың ақпараттық технологиясы

  • бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдарды (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) қолдану.

Ақпараттық технологияны пайдалану

  • білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқутәрбие үрдісінде студенттердің жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру.

Жұмыстың өзектілігі. Еліміздің экономикасы даму қарқынында көптеген салаларда компьютермен жұмыс істей білетін мамандар қажет етілуде. Осыған орай ақпараттық технологиялар енгізіліп, білім беруде жаңа стандарты жасалды және білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы да қабылданды.

Бүгінгі күн талабы білімді компьютерлендірумен тығыз байланысты бағдарламалық жабдықтамалар жасау ісі болып табылады. Ол – кәсіби тұрғыдан қарағанда компьютер құрылғыларынан гөрі күрделірек болып есептеледі. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты:

  • студенттердің білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету;
  • ақпаратты тарату және қолдана білу арқылы әлемнің қазіргі ғылыми бейнесін қалыптастыру;
  • студенттерге ақпараттық процестердің мәнін ашып көрсету;
  • қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен рөлін айқындау;
  • компьютерді оқу процесінде де, кәсіби қызметте де ұтымды пайдалану.

Студенттерді ақпараттық қоғам жағдайында білім жүйесінің өзіндік міндеті:

  • Әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасының болуы;
  • Нәтижесінде тұтынушының материалды тиімді қолдануы.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект рөлін мұғалім мен студенттің компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылғыларымен жұмыс істей білу деңгейі, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Практикалық жұмыстарды өткізгенде мұғалім әрбір балаға жеке-жеке көмектесіп, оның алгоритмі мен программасын жедел түсініп, қателерін түзеп қиналған жерінен жол тауып беруі керек. Практикалық және шығармашылық жұмыстар өткізерде студенттерге қажетті кітаптар мен анықтамалардың болуымен қатар ИНТЕРНЕТпен байланысы бар балалардың болғанына көп көңіл бөлінеді. Осы аудиторияда, үйде слайд, презентациялар жасау да олардың зеректілігімен, ой өрісін кеңейте түсуде зор үлесін қосады. Сол мүмкіндіктерді ескере отырып, ақпараттық білім беру технологияларын оқыту үдерісінде тиімді пайдалану, өз кезегінде, шет тілін оқытудың қарқынын арттыруға бейнелік және коммуникативтік көмегін тигізеді.

Тәжірибе жүзінде студенттерге «Үйден оқыту» пәні бойынша шет ел жазушыларының шығармаларын оқыту бағдарламасы алынды. Ақпараттық технологиялардың көмегімен бейне суреттер көрсетіп, есте сақтауын жеңілдетеміз.

Шет ел жазушылары: М. Твен, С. Леакок, Э. Хэмингуей, О. Генри, Д. Лондонның әлемге әйгілі шығармаларын тез меңгеруімізге болатынына көзіміз жетеді:

“The scholarship” from “Green years” by A.J. Cronin шығармасын бірінші сабақта өткіздік. Бейне суреттер көрсетіліп, мәтіндегі жаңа сөздерді дыбыстап айтамыз, естиміз:

Scholarship – студент еңбек ақысы, to be defeated – қарсыласын жеңу,

it will not affect our friendship – біздің достығымызға кедергі келтірмейді. Практикалық жұмыс (Practical work): кімнің сөзі екенін сәйкестендіру Who said it?

“I’m trying for it too” – Gavin

“One of us must win if” – Robert Sh.

Бастауышқа қойылатын сұраққа жауап беру (грамматикалық): Who…

    1. was going fishing with Gavin? – Robert
    2. met early in the morning? – Gavin

Келесі сөз тіркестерінің ағылшын эквиваленттерін табу:

  1. терең дем алу – deep breath
  2. үнсіз қуаныш – silent joy

Home work: етістіктердің формаларын сәйкестендіру, мәтінді қысқаша мазмұндау (summary this text):

1) be, 2) was \ were, 3) been, 4) being.

Бұл технологияны тек колледжде емес, сонымен қатар мектептегі жоғарғы сыныптарда жүргізуге болады және бала жоғарғы орынға түскенде осы жазушылар, шығармалары жөнінде хабарлар болады.

Осы мәтіндерді өткенде аудио таспалар көмегімен жаңа сөздерді, ағылшын әуені арқылы жаңа тақырыпты мұғалім түсіндіргенде балаға көп көмегі тиеді. Өйткені жай қағаздағы мәтіннен гөрі оның: көзбен көру, есту, дыбыстап қайталау қабілеттері қатар дамып, белсенділігін, ынтасын арттырып отыратынына тәжірибе жүзінде көз жеткіздік. Жас жеткіншектердің техникалық және бейнелік қабілеттерін біріктіре алатын ізденістік тәрбие етек алып келе жатқанда, олар жаңа ғылым мен техниканы игере отырып, осылармен қатарластыра өз жеке қасиеттерін де жемісті түрде дамыта алады. Соңғы кездерде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, құжаттарды да эстетикалық тұрғыдан безендіре алатын жақтарын жетілдіруге мүмкіндік пайда болып жатыр.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:

  • методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
  • әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
  • қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
  • оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
  • студенттердің интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
  • өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
  • тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен студенттердің білім деңгейін бағалау.

Болашақта Қазақстанда барлық білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.

Компьютерлік оқыту белгілі мөлшерде программалық оқытудың аналогы, ол курста оқытылатын пәндердің мүмкіндігін кеңейтеді және оған қосымша өте икемді оқыту жүйесі бола алады. Сондықтан да, біз теориялық негізін құрайтын мына принциптерді бөліп көрсетеміз:

а) материалды кішкентай, өзара өте тығыз байланысқан;

ә) программаланған тексті оқуда студенттердің белсенді әрекеті;

б) студенттердің әрбір жауабын бірден бағалап отыру;

в) программалық текстерді эмпирикалық тексеру.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.

Бұл компьютердің кәдімгі бақылау құралдарына қарағандағы мынандай артықшылықтарына байланысты болып отыр:

  1. Ол оқу материалдарын балаларға беру жолдарын кеңейтеді. Түрлі түстерді, графиканы, мультипликацияны, дыбысты, бейнелеу техникасының басқа да мүмкіндіктерін пайдалану оқытудың қызықты әрі нақты ортасын ұйымдастыра алады.
  2. Компьютер балалардың оқуға деген ынтасын туғызады. Қиындығы әртүрлі шет тілінің дыбыстарын шығаруды, тыңдап дұрыс айтуды, мұғалім көп сөйлемей, жылдам реттеу мүмкіндігі оқуға деген қызығушылықты арттырады.
  3. Оқу материалдарын тек беріп қана қоймай, жауаптарын қабылдап, оны талдап, балалардың талаптарын да есепке алуға мүмкіндік туғызады.
  4. Жұмыс барысында студенттер жіберген қателерді топтастырып, олармен тұрақты кері байланыс жасауға болады. Бұрынғы оқыту түрінің негізгі кемшіліктерінің бірі мұғалімнің оқу процесінің негізгі бір кезеңдерін бақылауға алу қиындығы еді. Сыныппен жұмыс істеу кезінде педагогтің әр баланың қалай жаңа сөзді түсінгенін бақылауы қиын болатын. Ал дер кезінде байқалмаған қателер оқылып отырған тақырыпты игеруді басқа жолға салып, кейіннен оны қалыпқа келтіру қиын болады.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, студенттердің сабақта және сабақтан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан – 2050» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды «компьютер әлеміне» баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

  1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерлерді жиі пайдалану;
  2. Мектептерде балаларға арналған шет тілі үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізу;
  3. Жоғары оқу орындарында жүйелі түрде шет тілі пәнін оқыту.

Ал жоғарыдағы көрсетілген әдістердің барлығы біріктірілсе, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Болашақ мұғалімдерге үлкен ақпараттық білім алқабына жол көрсетіп, студенттердің жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

Сонымен, менің жұмыс тәжірибем мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  1. компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы, логика негіздерін үйрету жолдарымен балаларды шет тіліне ертерек араластыру шарт;
  2. компьютерлерді барлық пәндерде пайдалануға шақыру және солай ұйымдастыруға тырысу керек;
  3. барлық сабақтарда компьютерді пайдаланатындай дәрежеде кадрларды дайындау жұмысын жүргізу қажет;
  4. оқу орындарында қажет бөлмелерді компьютерлермен жабдықтауға жағдай туғызылуы тиіс;
  5. студенттердің білім сапасын көтерудегі ақпараттық технологияның зор үлесінің бар болуы.

Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, студенттердің әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Информатика» журналы: 2004 ж.
  2. Бөрібаев Б.Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
  3. Ағылшын тілі мектепте. 2009 №5. 2010 №1.
  4. Білім заңы. Алматы, 2007.
  5. Иманбаева А. Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру. Қазақстан мектебі, №2, 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.