Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет өзіндік айтар ой пікірі бар, жоғары сапалы білімі бар,белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі модульдік оқыту.
Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным – белсенділігін арттыру.
Міндеттері:
- Модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсерін анықтап көрсету;
- Қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды химиялық танымтүсініктер арқылы ойлай білуге үйрету, химиялық тілді дамыту;
- Оқыту барысында қоршаған орта, т ірі табиғат туралы қызығушылық тудыру;
- Химиялық білім біліктерді және химия ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау.
Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
- Ғылым негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен теориялар және химиялық символиканы зерделеу;
- Химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;
- Заттар мен лабораториялық құрал – жабдықтарды пайдалан білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелерді жасау білігін қалыптастыру;
- Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы ауқымды мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету;
- Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
Диагностикалық құралдар: бақылау, тест, жобалар жасау, реферат жасау, талдау, сауалнама, болжам жасау, тәжірибе жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
- Келешекте оқушылар кәсіби білім алу үшін алдын ала даярлықтан өтеді;
- Қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік алады;
- Адам, қоршаған орта туралы дүниетанымдық көзқарастары дами түседі.
Болжамы: Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда оқушылардың білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі, түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде қалыптастырылады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз іс-әрекеттің мақсатты, бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы.
Модуль оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөліміжәне қорытынды бө лімнен тұрады.
Әр оқу модульінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешелігі жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақыттарына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапай-
ымнан күрделіде қарай кезең кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір біріне көмегі, бірін бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынын келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден бір технология. «Металлдар» тарауын мынадай модульге бөлдім.
1-тарау. Металлдар 1 модуль (7 сағат)
Бұл білім сапасын, танымдық деңгейін арттыруда тиімді. Оның нәтижесі төмен-
дегідей.
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді. Оқушылар модульдік оқыту технологиясымен өткен сабақтар туралы ой – пікірлерін былай дейді:
- МОТ берген сабақтар маған өте ұнайды, әсіресе, сөйлесу сабақтары
- Сыныпта бір бірімізбен пікір алмасу ұнайды, әртүрлі ойындармен қызықты өтеді
- Әр тақырыпты сөйлесуде бірнеше рет талдаймыз, жақсы түсінемін;
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
- қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;
- оқушылардың әрбір сабақта іс әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым – қатынас негізінде танымдық іс әрекетін ұйымдастыру;
- барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Оқушыларға осы жағдайларда көмек көрсетеді:
- өз ойларын толық жеткізе алмағанда;
- материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалағанда;
- нақты фактілерге мән бермегенде;
- білімді жинақтауға мән берме-
генде.
Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды химия сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақ-
тастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.
Оған дәлел біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.
Сондай ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді. Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030» Жолдау
- Қазақстан Республикасының Білім Заңы
- Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2006, 4-5 б.
- Кәсіби даму мектебі //Алматы, Верена 2007, 93-97 б.
- Құдайбергенова К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы педагогикалық технология көзі. – Алматы, 2001. 75 б.
- Құдайбергенова К.С. Құзырлық табиғаты тұлғаның өзіндік дамуында. – Алматы, 2006. – 88 б.
- Білімдегі жаңалықтар // 2007, №4 26-28 б.
- Биология, география, химия №4,5. 2002.