Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оқушыларға күй өнерін үйрете отырып, музыкалықэстетикалық тәрбие беру

Қазақ даласы ұлы тарих көшінің талай дүрмекті дүрбелеңдеріне куә. Жер бесік пен тал бесіктің арасын мәңгі байланыстырып тұрған киелі тылсымды біздің өнермен ғана өлшеген. Өнер – адамзат баласының бүгіні мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын үзіліссіз байланыстыратын күн мен түннің ара қатынасы сияқты мәңгі ажырамас егізі.

Көшпелі өмір салтымен біте қайнасып, сан ғасырлар қойнауынан келе жатқан қайталанбас мол мәдени мұраларымыздың бірі – қазақ халқының музыкалық өнері. Жазу-сызусыз, ауызша ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әнкүйіміз ХХ ғасыр басында қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер нәтижесінде жаңа даму жолына аяқ басты.

Әрбір халықтың ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұрасы бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің көпірін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қара қобызы мен қоңыр домбырасы, сырлы сыбызғысы арқылы пайда болған күйлерді осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Қазақтың арғы тегі мен түп-тұқиянына тереңдегісі келген жанның қай-қайсысы да сірә осы музыка аспаптарына көз тоқтатпай өтпесі қақ. Әсіресе, ұлттың рухани әлемі мен жан сұлулығы, ерлігі мен өрлігі, даралығы мен дарындылығын, дархандығы мен даналығын т.с.с. сан алуан қасиет қабілетін осылардың үн төкпесіне таниды, сезінеді, тебіренеді, тәрбие көреді.

Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі, нәзіктілігімен адам жанын баурап, олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, оның тілі кім-кімге де түсінікті.

Жас өспірімдердің музыка әлемін түсініп, қабылдауына, талғампаздығын тәрбиелеуде, эмоциялық сезімталдығын қалыптастыруда, білімді, мәдениетті болып өсуіне музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше.

Музыкасыз баланың толық мәніндегі ақыл-ойы мен қиялын тәрбиелеу мүмкін емес. Баланың музыкалық мәдениетінің, эстетикалық талғамының, ұлттық сана-сезім, имандылық қасиетінің қалыптасуында сөздің шамасы келмеген жерде неғұрлым әдемі тіл музыка (1, 3-4 б.).

Тәрбиенің басты саласының бірі – эстетикалық тәрбие. Эстетика мен музыка тәрбиесіндегі ортақ мәселелерді зерттеу – адамды табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту болып табылады.

Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Тіпті балабақшадағы алғашқы күннен-ақ музыка тыңдап, музыканың сүйемелдеуімен ән айтып, би билеуді үйренеді. Сөйтіп мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен – саз, өлшем – ырғақ жүйесін есту тәжірибесі қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті тез жинақталады. Музыкалық материалды оқытқан кезде музыканың мазмұнын негізге алып, түсінуді, ынта-ықыласты, сезімдік құбылыстарын да соған бағыттау керек.

Музыканы сауатты оқыту әдістемесі тұтас алғанда музыкалық оқытудың міндеттеріне сай болуы керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам дайындау әр оқытушының міндеті.

Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткізді. Күй мен оның әңгімесі қоса өріліп, домбыра мен аңыз қатар өрбіді. «... Алғашқы рулық замандағы бір адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүріп, өзінің басынан кешкен бір оқиғаны руластарына айтып беруі мүмкін. Оны естіген адамдар енді басқа біреулерге айтады. Осылай ауыздан-ауызға тараған алғашқы жай әңгіме хикаяға, бірте-бірте аңызға айналады. Біраз уақыт өткен соң ол аңыз біршама көркемделіп, әпсана – хикаятқа айналуы мүмкін. Міне, бұл өмір шындығына тікелей қатысы бар...» (1, 54).

Аңыз әңгiменiң рухын күй сарыны күшейте түссе, күйлердің сарыны аңызды әсерлеп жеткізуге ықпал етеді. Күй бар жерде қазақ халқының тiлi, өнері, тарихы бірге жүреді.

Күй – көне жанр. Оның сан ғасырлық тарихы бар. Қалыптасқан дәстүрлері мен мектептері бар. Күй тілі ана тілімен бірдей. Күй мазмұны халықтың өмір айнасы. Сондықтан да күйдің түр-түсінен, тілінен, ұлттық сипатынан айырылып қалмайық деп сонау 20 ғасырдың 30-жылдарында Құдайберген Жұбановтан бастап Ахмет Байтұрсынов, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов т.б. қазақтың біртуар азаматтары айтып та, жазып та кетті.

Қазақтың күй өнері халықтың рухани өмірінде ежелден бері орын алғаны барша жұртқа мәлім. Ғасырдан ғасырға жалғасып келген күй өнері қазақ мәдениетінің алтын қорына айналды. Күй атадан балаға мирас болып келе жатқан өнер мұрасы. Күй тарихи аясы кең, тағлымы мол музыка жанры. Тылсым табиғатпен біте қайнасып келген домбырадан төгілген күй мен аңыз қатар жүреді. Аңыз арқауында ақиқат бар. Сол аңызды күймен жеткізу арқылы балалардың бойында ұлттық рух пен эстетикалық таным қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Күй өнерін үйретуде музыкалық материалды таңдай білудің маңызы зор. Өйткені ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан мағлұмат алып, музыканың құзыретін терең түсініп, оны өзіне рухани азық етеді.

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына дарытып, оның жан жүйесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де, киелі қара домбырасының атқаратын рөлі ерекше. Халық арасында өте кең тараған домбыра аспабы – қазақ халқы үшін өте қастерлі дүниелерінің бірі. Оны белгілі ақын Қадыр Мырзәли: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра…» деген ойында тұтастай бір ұлттың өзіндік келбетін саз аспабы – домбырамен теңестірген терең философиялық көзқарасы жатыр. Қазақ домбырасыз, домбыра қазақсыз жартылай ұғым болмақ. Бұл – әлдеқашан дәлелденген факті. Міне, осындай көркемдік биік ұғым болып қалыптасқан домбыра, оның пайда болуы туралы түсінігімізді бүгінгі күнге дейін орта ғасырдан бастау алатын, қазақ арасында кең тараған.

Домбыра қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Домбыра – қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негіз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне жан бітіріп, оның құнды қалпын сақтауға негіз болғанын көреміз.

Ел аузында айтылатын бәйтерек ағаш домбыра болмысымен үндес. «... Домбыра ағаштан жасалынып, одан әуен туады. Адамның қос ішекті соғуы арқылы пайда болатын әуені жел, дауыл әсерінен туатын сылдырлаған дыбыс үндерін еске алады. Екі ішек екі бағыт негізінде әрекет байқалады. Оның бірінде жел Бәйтерекке әсер етіп, қозғалудан ызың естілсе, екінші бағытта адамның домбыра шектерін тербету арқылы әуендер шығады. Бәйтерек ағаш аңыздарда дүниенің кеңдігін көрсетудің символы болса, домбыра аспабынан туған үн өмір мәнін ұғынуға шақырады. Бәйтерек домбыра болып үн қатады. Ол табиғат пен өмірдің жалғасқан айналмалы шексіздігін меңзейді (2, 114).

«Бәйтерек» ағаштан пайда болған әуендер домбыра арқылы құрастырылып, шағын музыкалық үндердің жиынтығы келекеле дамып отырған. Оған дәлел: қазақ музыкасында табиғатқа байланысты туған ән мен күй атаулары көптеп саналады. Мысалы: «Сары өзен», «Ертiс толқыны», «Боз төбе», «Қызыл қайың», «Мұңлық-Зарлық», «Тәңiрi күйi», «Аққу», «Құланның тарпуы», «Ақсақ құлан», «Бозiнген», «Шұбар ат», «Тепең көк» т.б. күйлер тегіне лайық туған.

Күй тарту – тарихи аясы кең, тағлымы мол өнер. Тылсым табиғатпен біте қайнасып келген домбырадан төгілген күй мен аңыз қатар жүреді. Аңыз арқауында ақиқат бар. Сол аңыз арқылы домбыраның сүйемелдеуімен балалардың бойында ұлттық рух пен эстетикалық таным қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Ұлттық музыка аспабымыздың болашақ жас ұрпаққа дұрыс үйретілуі, саз өнерінің рухани мұра ретінде ел ішінде кең етек алуы жалпы ұлттық мүдде үшін аса қажет, күнделікті қолданыста тұрған ұлы мақсат болып табылады. Музыка ұлттық сананың қалыптасуына ықпал жасаумен қатар, жас жеткіншектің сезімталдығына, адамгершілік үрдісіне, рухани ұғымына да зор үлес қосатыны белгілі. Әсіресе, ұлттық саздың, ұлттық аспаптардың, күйші-сазгер, орындаушылардың өнерлері ең басты рухани бағдаршам болғаны керек-ақ.

Қазіргі заманда өнердің түрі де, саласы да көп. Соның ішінде халыққа жақыны – ол күй өнері. Күй – руханият әлемінің негізгі бір бөлігі деуге де болады.

Күй – қазақтың аспапты музыкасы. Күй – адамның белгілі бір сезім сәті. Ол сезімнің қуанышты болуы да немесе мұңды, қайғылы болуы да мүмкін. Қазақ халқының ешкімге ұқсамайтын бітімі мен болмысын ажалайтын ұлттық қадір-қасиеті аз емес. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің қажетіне жарап отырған күй өнері. Күй қай дәуірде де халық өмірінің айнасында дидарының табиғатынан айнымаған өнер. Күй өнерін пайдалану арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту, адамгершілік эстетикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, халықтың мәдени мұрасына қамқорлықпен қарап және оны бағалай білуге үйрету болып табылады. Күй сипатына, түрлеріне, мезгіліне қарай айыра білуге, олардың мазмұнына көтерілген әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсінуге тәрбиелеу арқылы естіген күйлерін шынай сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілеттерін қалыптастыра отырып, күйшінің өзіне тән орындаушылық ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың көркемдік талғамын жетілдіру (4, 101 б.). Күйшілердің ішкі рухани байлығымен сырт пошымының өзара үйлесімдігін атап көрсетіп, олардың сахнада жүріс-тұрысы, тартымды киім – киісі, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мәдениетін үлгі-өнеге ету арқылы жас жеткіншектердің, оқушылардың этикалық және эстетикалық тәрбие берудегі рөлі орасан зор.

Қазақта неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын сонша аңыз әңгімесі бар. Қобыз, домбыра, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, сазсырнай сияқты музыкалық аспаптарымызда тартылатын мың сан күйдің бірде-бірі себепсіз шықпаған. Бұл аңызәңгімелер тартылатын күйдің музыкалық мән-мағынасына, әуендік ерекшелігін, иірім қағыстарын дұрыс түсінуге себепші болуымен бірге, халқымыздың тарихи-әлеуметтік өмірінен мол мағлұмат береді. Күй аңыздары өзінің нақтылығымен, шынайы өмірді арқау етуімен халық тарихының ең бір жанды шежіресі болып табылады. Яғни, күй аңызы тарихнаманың құнарлы бір арнасы екеніне шәк жоқ. Күй аңызы белгілі бір күйді тудырған орта мен жағдай туралы бағалы ақпарат беріп қана қоймайды. Байыптап ден қойғанда, күй аңызының ақпараттық ауқымы мен қасиеті «паспорттық» деректен әлдеқайда өрелі екенін айқын аңғартады.

Жас ұрпаққа музыкалық эстетикалық тәрбие беру сөз бен музыканың бірлігі арқылы жүзеге асып отырады. Оларды негізінен халықтың педагогикалық мазмұны көрініс тапты, эстетикалық, этикалық, педагогикалық идеялары насихатталды.

Бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбексүйгіштікке, өнерге баулу, Отанын, отбасы, ауыл-аймақ, ар-намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу болды. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көнекөз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші, күйші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатысатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян. Күй мен домбыраның қасиетін ести жүріп, соларға еліктей отырып, өздері де өнерге үйренеді, музыкалық эстетикалық және рухани бай болып қалыптасады, сөзге шебер, әнге ұста болуды, суырып салма ақындық өнерін меңгереді.

Күй мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіснамалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы қазына. Қазақтың қасиетті қара домбырасымен өрбіген күй қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығармашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлығы, көп варианттығы балалар мен жастардың түсінік талғамын шарықтатып, көркемдік қажеттіліктерінің, адамгершілікті эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибенің қағидаларымен тығыз байланысты болу керек. Ең бастысы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйенің болуы заңдылық.

Домбыраға үйрету әдісі – кәсіби өнер саласында ұдайы дамып, ізденісте, дамуда келе жатқан үрдіс. Есте сақтау, есту, ырғақ, музыкалық қабілеттер қалыптастыру, зейін, творчестволық ойлау дағдысын жетілдіру дамылсыз үйретудің прогрестік жолдары жиынтығындағы мектепті қалыптастыру өз бетімен жұмыс, шығармашылық құлшыныс, орындалған шығармаға сын көзқарас, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Басты мақсат – ұлт өнерін жіті білетін, ұлттық рухтағы тәрбиелі орындаушы, ұйымдастырушы, ыждағатты, инабатты ұрпақ дайындау.

Музыка маманын дайындау қызықты да өте күрделі еңбекМұнда бір – бірімен жалғасып жатқан мына мәселені қараған жөн. – Ұстаздың өз шәкіртіне өнерге деген көзқарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі. – Оқушы бойындағы талантты ашу, жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді. Бірақ ұстаздық ұлағаттықтың мәні, оның ішінде, музыкант ұстаздың шеберлігінің кейбір қалтарыстары әлде де зерттеліп болған жоқ. Дейтұрғанмен де орындаушылық шеберлік, көркемөнер, халық мектебі, әр түрлі аспаптарда ойнауды үйрету, халық таланттары, музыкалық сан – салалы шығармалар, олардың орындау жолы, шығармашылық қақында көптеген тұжырымдар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, түбірлі түйіндер бар. Бәріне ортақ бір қағида – негіз, ол дұрыс отырғызу, қолдарын дұрыс қою, оңтайлы аспап, ізденісті домбырашы қалыптастыру, әр оқушының жеке қабілетіне байланысты сабақ ұйымдастыру.

Қазақ халқының басты бір ерекшелігі ол тәрбиелік қасиеті. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тәрбиелік мәселеге тіреледі. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған. Қазақтың халық әндері жоғары тәрбиелік мүмкіндіктерімен, азаматтық идеяларының өркениеттілігімен, болмысын әсерлі бейнелеуімен, көркемдік айырмашылығымен болашақ ұрпақтың назарын өзіне аударады.

Қорыта айтқанда, қазақтың рухына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да асудан асырған да, жауға шапса семсеріне күш берген де арғы бергіңдей бар болмысының күре тамыры – құдіретті күй.

Қазақтың түбі терең тылсым тарихы, бүкіл болмыс бітімі домбыра пернесінде хаттаулы. Қазақ отбасында тәрбиеленіп, өсіп келе жатқан әрбір ұрпақ домбырадан төгілген күйден нәр алып, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыра білсе, онда біздің өнеріміз биік тұғырдан көрінеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қасқабасов С. Қазақ өнерінің тарихы. – Алматы: «Өнер», 2008.
  2. Еңсепов Ж. Домбыра философиясы. – Алматы, 2007.
  3. Сахарбаева К. Домбыра үйрету әдістері. – Алматы: «Издатмаркет», 2006.
  4. Жайымов А.Бүркітов С., Ысқақов Б. Домбыра үйрену мектебі. – Алматы, 1992.
  5. Қоңыратбай Т. Музыка өнері. – Алматы: «Өлке», 2009.
  6. Мергалиев Т.Бүркіт С., Дүйсен О. Қазақ күйлерінің тарихы. – Алматы, 2000.
  7. Тарақты ақселеу «Күй шежіре». – Алматы: КРАМДС – Яссауи, 1992.
  8. Бәтібаева С.Қоңыратбай Ф., Баталова Э. Әдістемелік нұсқаулық. – Алматы: «Алматыкітап», 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.