Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасы зейнетақы жүйесінің мәселелері мен даму бағыттары

Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылдың 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту туралы ерекше айтып кетті [1, 6 б.]. Осыған орай, Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту және одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірледі. Неғұрлым өзекті міндеттер мыналар: біріншіден, зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету, екіншіден, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен барынша қамту болып табылады.

Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген.

Осы уақытқа дейін Чили үлгісі бойынша жасалған қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі жақсы жұмыс істеді. Біріншіден, барлық жалақылық төлемдерден 10% міндетті түрде осы қордағы есепшоттарға аударылып отыруы бұл тартпайтын заңға айналды. Осы заңның нәтижесінде бұл күндері қорлардағы жинақталған қаражаттың жалпы сомасы 17 миллиард АҚШ долларын құраған. Екіншіден, осынау мол қаражат жинақтаушы зейнетақы қорларының «құлағын ұстағандарға» үлкен пайда келтірген іс болды. Зейнетақы қорларын бастапқы құрушылар негізінен олигархтар банк иелері болған. Солар жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражатын қажетінше пайдалана алды.

Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады.

Зейнетақы жүйесін жетілдіру жолындағы қадамдардың барлығы да жинақталған қаржының толық сақталуы және тұрақты өсімге қол жеткізу мақсатында жасалып жатыр. Әрі бұл саладағы жұмыстардың жариялылығын қамтамасыз етпек. Негізгі мақсат – Республика халқының келешекте де жеткілікті дәрежеде зейнетақыға қол жеткізуіне мүмкіндік жасау.

Зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі күллі ғаламдық үрдіске айналып отыр. Тек бұл мәселені қоғам болып бірлесе қолға алғанда ғана жүйелі түрде бір ретке келтіруге болады.

Қазіргі уақытта әлемдік нарықта болып жатқан өзгерістер Қазақстан экономикасына да елеулі әсерін тигізуде. Бүгінде әлемнің бірқатар елдері экономикалық дағдарысты бастан кешіруде. Дағдарысқа байланысты әр ел түрлі шараларды қолға алуда. Сол шараның бірі – зейнетақы жүйесін жетілдіру.

Мамандар зейнетақы жүйесін уақыт талабына сай жаңғыртып отырмаса, болашақта үлкен қиындықтарға әкеліп соғуы мүмкін екенін алға тартуда. Міне, сондықтан да, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Үкімет пен Ұлттық банктің алдына жинақтау зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту міндетін қойды.

Зейнетақы жүйесін қолдау және дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі мен сапасы – бұл ел халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Әр мемлекет өзінде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және қоғамдық даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеуметтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер жалпы бір мақсатты көздейді – өз азаматтарын барынша әлеуметтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болуын қамтамасыз ету.

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғырту бір жағынан, осы өткен 17 жыл ішінде елдің әлеуметтік экономикалық өркендеуі, екінші жағынан азаматтардың 1 қаңтар 1998 жылға дейінгі еңбек өтілімінің кемуіне байланысты ынтымақты зейнетақы жүйесінен (мемлекеттен) берілетін зейнетақының көлемінің азаюы.

Жұмыспен қамту серпінділігі, оның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Егер 1998 жылы халықты жұмыспен қамту деңгейі экономикалық белсенді халықтың 86,9% құраса, бүгінде ол 94,7% тең, ал жұмыспен қамтылған халық саны осы кезеңде 2,4 млн. артты және 8,5 млн. адамды құрайды [2, 25 б.].

Жұмыспен қамтылған халықтың табысы да артты. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы экономика бойынша соңғы 15 жылда 8 есеге артты және ағымдағы жылғы ақпанда 98 736 теңгені құрады.

Егер, 2001 жылға қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шамамен 3 млн. Жұмыспен қамтылған адам қатысқан болса, олардың ЖЗҚ зейнетақы аударымдары 53 млрд. теңгені құраса, ал 2012 жылы белсенді қатысушылардың саны 5,7 млн. адамға, зейнетақы аударымдары 507 млрд. Теңгеге жетті.

Қазіргі уақытта міндетті зейнетақы жүйесіне (МЗЖ) өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтардың 50% жуығы қатысып отыр.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 3,2 трлн. теңгені құрады, алайда, зейнетақы жинақтарының орташа мөлшері бір қатысушыға небәрі 376 мың теңге.

2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің енгізілгеніне 20 жыл толады. Осы уақытта зейнеткер жасына жеткен зейнетақы жүйесінің қатысушылары олардың жүйеге қатысу өтіліне және зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған табыстарына сәйкес зейнетақы алуға құқығы бар. Осы орайда, 20 жаста ЖЗҚ төленетін жаңа зейнетақы төлемдеріне қатысу өтілі болған кезде толық ынтымақты зейнетақы тағайындау тәртібі қолданатын саралау инерциясы да сақталады.

Бүгінгі таңда қор нарығы зейнетақы активтері өспелі ағымын тиімді орналастыруға және қабылдауға дайын емес болып шықты (жыл сайынғы МЗЖ сомасы шамамен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды).

Зейнетақы активтерінің 45,3% мемлекеттік құнды қағаздарға салынып отыр соның нәтижесінде инвестициялық табыс инфляция деңгейімен салыстырғанда едәуір төмен.

Латын Америкасы елдерінде (Чили, Бразилия, Аргентина) ЖЗЖ қызмет еткен алғашқы жылдары салушылардың Зейнетақы активтері инфрақұрылымдық жобаларда – аэропорттар, автокөлік және темір жолдар, теңіз порттарын салуға инвестицияланды, 10-15 жыл ішінде олардың құнының орны толтырылды.

Ол уақытқа дейін зейнеткер болғандарға және зейнеткер жасына жеткен және 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі бар (кемінде 6 ай) адамдар үшін ЖЗЖ қалыпты көшуді қамтамасыз ету үшін ынтымақты жүйе сақталғанын атап өткен жөн.

Бұл ретте толық зейнетақы тағайындау үшін әйелдер үшін 20 жыл, ерлер үшін 25 жыл міндетті еңбек өтілі белгіленді.

1998 жылдан бастап ынтымақты зейнетақы 930 мың адамға (зейнеткерлердің жалпы санынан 53%) тағайындалды, олардың 95% толық еңбек өтілінің бар екенін растады, 5% толық емес еңбек өтілі бар. Соңғы жылдары толық емес еңбек өтілі бар зейнеткерлер санының артқаны байқалады: мәселен 2006 жылмен салыстырғанда жаңадан қосылған зейнеткерлердің жалпы санындағы олардың үлес салмағы екі еседен артық артты: айтар болсақ 5%-дан 12%-ға дейін.

Ынтымақты зейнетақы мөлшерінің кемуі 2018 жылға дейін білінер-білінбес болады, одан кейін зейнеткер жасына жеткен барлық адамдарда толық ынтымақты зейнетақы тағайындауға қажетті еңбек өтілінің болуымен байланысты ол өте елеулі болады.

Қазіргі уақытта ынтымақты Зейнетақының кемуі болжанған жинақталған зейнетақымен емес, көбінесе базалық зейнетақымен өтеледі.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты мен ерекшеліктері: зейнетақы төлемдерін еліміздегі өмір сүру деңгейіне сәйкес өсуін қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету [3, 32 б.].

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылады. қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде жүргізілетін болады, ал міндетті деңгейде – ынтымақты және жинақтаушы, және ерікті құрамдас бөліктерде жүргізіледі.

Өзгерістер кезең-кезеңімен кең талқылауға салынады және ашық түрде пікірталас жүргізіледі.

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінің ерекшелігі барлық және әрбір адамға қатыстылығында: бүгінгі зейнеткерлерді де, болашақ зейнеткерлерге де, әйелдер мен ер кісілерге; жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздарға, әскерилер және т.б.

Осыған орай, алдағы өзгерістер мемлекеттің, жұмыс берушінің және тікелей азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша қажетті жауапкершілігін көтеруді көздейді.

Жаңғыртуда қолданылатын жаңа тәсілдердің ерекшеліктері өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға; жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттарын әзірлеу, оларды іске асыру тетігін, іс-әрекеттерді реформалау және заңға енгізілген түзету қорытындыларына талдау жүргізу, жаңа өзгертулердің енгізілуін бақылауды әзірлеу бөлігіне жауап берін болады.

ҚР президентінің жанындағы кеңес (ҚР Үкіметінің, ХБ өкілдері, қаржылық нарық қатысушылары мен тәуелсіз сарапшылар) – инвестициялық стратегиялар және инвестициялауға арналған тиімді құралдарды таңдап алу жөнінде ұсынымдар әзірлеу саласында жұмыс жүргізеді.

ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін басқаруды және инвестициялауды, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың инвестициялық стратегияларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыратын болады.

ҚР Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссиясымен талқылауға төмендегідей мәселелер енгізілді:

  • тұрғындарға ЖЗЖ қызмет көрсету қамтуын кеңейту;
  • зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдік жүйесін өзгерту;
  • зейнетақы жасын біріздендіру;
  • еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік жүйесінен ерікті жүйеге өтуі.

Зейнетақы реформасы капитал рыногын жекешелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономикалық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды. Реформаның ұзақ мерзімді мақсаты төлемдері белгілі ынтымақты зейнетақы жүйесінен аударымдары нақты жинақтаушы жүйеге өтуден тұрады. Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін дамыту жөніндегі зерттеу жұмыстарының шеңберінде жүргізілген Дүниежүзілік банктің актуарлық есептеулері бойынша аталған транзит 2043 жылға қарай аяқталады деп болжануда. Сол уақытта зейнеткерлер зейнетақыны толықтай капитал рыногында инвестицияланатын міндетті дербес жинақтау шоттарындағы жинақтардың есебінен алуға тиіс. Еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалаудың 14 жылы ішінде толыққанды көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құруға арналған тұжырымды және нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы жасалып, дамытылуда, зейнетақы жүйесін басқарудың белгілі бір тәжірибесі жинақталды. Бұл қолданыстағы жүйеге қажетті талдау жүргізуге және тиісті түзетулер енгізуге мүмкіндік берді [4, 116 б.]. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуының перспективалары және оның бағалы қағаздар нарығына әсері зейнетақы активтерінің және инвестицияланатын қаражаттар көлемінің сәйкесті өсуімен байланысты.

Сәйкесінше, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барынша маңызды мәселелері болып келесілер табылады:

  1. ұлттық қор нарығының дамымауы, яғни, активтерді инвестициялау үшін құралдар тапшылығы;
  2. қызметтің негізгі қағидалары бойынша тұрғындардың сауатсыздығы және мағлұматсыздығы;
  3. жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен тұрғындардың толық қамтылмауы;
  4. ерікті және кәсіби зейнетақы жарналарының кеңінен қолданылмауы;
  5. қоржынның нашар диверсификациясы және аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер;
  6. отандық сақтандырудың дамымаған класстарының бірі зейнетақылық аннуитеттер.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 2 триллион 546 млрд. теңгеден астам сомаға инвестицияланды, бұл барлық зейнетақы жинақтары сомасының 96%. Реформаның алғашқы жылдары қорлардың инвестициялық портфелінде мемлекеттік құнды қағаздар басым болған болса, қазіргі кезде мемлекеттік құнды қағаздарда инвестициялардың үлесі төмендеген, бұл орайда корпоративтік құнды қағаздарға және екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салынған зейнетақы жинақтарының көлемі өсуде.

Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде шешімі табылмаған оның қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі, шынайылығына (зейнетақы төлемдерінің сәйкестігі) және әлеуметтік тиімділігіне қатысты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Қазіргі таңда Экономикалық даму және сауда министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп қолданыстағы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіруге жағдай жасау үшін әдістемелерді айқындау жұмыстары басталды. Сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде актуарлық есептер жүргізу және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін Дүниежүзілік банк сарапшылары тартылған.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер» екенін атап өтіп, Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60% жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен қамтуды кеңейту, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін және олардағы зейнетақы төлемдері тетігін жетілдіру, сондай-ақ зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің басты бағыты болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері тетіктерін жетілдіру және келешекте зейнетақы аннуитеттері рыногын дамыту аяқталғаннан кейін аннуитеттерді одан әрі кеңінен қолдану, бірлескен аннуитеттердің түрлерін енгізу жоспарлануда, сондай-ақ жинақтаушы Зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібінде бірқатар өзгерістер енгізілетін болады.

Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабельдігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да беретінін атап өткім келеді табылады.

Қарастырылған мәселелер өз жолын тауып жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсім пұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

Қазақстанда ерікті және жинау жүйесінен тұратын аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Дәл қазір республикада зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі тәртібі бар. Оның біріншісі – жұмыс өтілі мен жалақысына қарамастан зейнетақы жасына жеткендерге төленетін базалық зейнетақы төлемі. Екіншісі – заңға сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі болғандарға төленетін зейнетақы. Сондай-ақ оларға міндетті зейнетақы жарнасы есебінен де төлемдер жасалынады. Мұндай категориядағы адамдар аралас зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне жатады. Ал үшіншісі – ерікті түрде зейнетақы төлемін жасағандар. Осының бәрі жеме-жемге келгенде жүйедегі әр қисындағы күмәнді әрекеттерге әкеліп соғуда. Яғни қазіргі зейнетақы жүйесі сенімсіз деген пікірлердің туындауына себеп болып отыр. Қоғамды алаңдатып отырған да жинақтаушы зейнетақы қорларындағы осындай тұрақсыз ахуал. Ал мемлекет болса бүгінге дейін қорлардағы қаржылық жауапкершіліктерді өз жауапкершілігіне алмай отыр.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі модернизациялауды талап етуде. Биылғы ел халқына арнаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталмыш жүйені сынға алып, Ұлттық банк пен Үкіметке зейнетақы жүйесін жетілдіруді тапсырғаны белгілі. Оған қоса мемлекет басшысы «салымшылардың инвестициялық ұйымдардың қызметіне өз бетімен әсер ете алмайтынын, сондықтан ақша қойылымдарына негативті көзқараста екенін» де атап көрсетті.

Сонымен, Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жоғары деңгейлі ұсыныстар үстіміздегі жылдың жазына қарай жүзеге асырылады деген болжамдар айтылуда. Осыған сәйкес, 2014 жылы «КОМКОН-2 Евразия» тәуелсіз зерттеу компаниясы жүргізген зерттеулер нәтижесін еске сала кетудің де артықтығы жоқ. Онда «салымшыларды зейнетақы қорларының жұмысындағы қандай кемшіліктер қанағаттандырмайды?» деген сауалға, негізінен, «Жинақтаушы зейнетақы қорларының жұмысы туралы ақпараттардың болмауы» деген біржақты жауап алынған. Мұндай пікірдегілердің сұрау салынғандардың ортасындағы үлес салмағы 38,5 пайыз болған. Сондай-ақ, зейнетақы салымдарының сақталуына сұралғандардың 34,4 пайызы сенімсіздік білдірген. Тізе берсек, қазіргі зейнетақы жүйесіне сенімсіздік білдіретіндер қатары мұнымен де шек-телмейді. Оны Қазақстан қалалары мен ауыл селоларындағы халықтың көңілкүйі де айқын аңғартып отыр.

Тақырыпқа орайластыра айтар болсақ, соңғы кезде зейнетақы қорларына абырой әпермейтін жаңа ақиқаттардың да шеті көріне бастады. Бүгінгі таңда жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі елдегі инфляция көрсеткішінен айтарлықтай деңгейде төмен екен. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржылық бақылау жөніндегі комитеті берген деректерге қарағанда, 2007 жылдың ақпанынан 2013 жылдың ақпанына дейінгі бес жыл ішіндегі жинақтау қорларының зейнетақы активтері жөніндегі номиналдық кірісінің орташа коэффиценті 27,34% ғана болып отыр. Бұл көрсеткіштің мән-мағынасын түсіндіру үшін мына бір деректерді қосымша айта кету керек: аталмыш кезеңдегі инфляцияның жиналым деңгейі 57,99% болған. Демек, айырма соқырға таяқ ұстатқандай анық.

Осы бір салымшылардың көңілін орнықтырмайтын келеңсіз оқиғаға байланысты нарықтық қатынастардың маман-сарапшылары таяуда тағы да бір көңілсіз көрсеткіштерді алға тартты. Қазіргі жағдайда елдегі инфляция көлемі жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық кірісінен екі есе жоғары болып отырған көрінеді.

Әлемдік тәжірибеде біржақты жинақтау және біржақты ерікті жарна төлеу жүйесі де сирек кездесетін көрінеді. Ақиқатында, әлемдік тәжірибеде қандай да бір әлеуметтік қорғау институтын қоса отырып, біріктірілген үлгілер пайдаланылатын сияқты.

Қазіргі дүниеде қандай істе де өркениетті еуропалық тәжірибелерге сүйену үрдісі қалыптасқан. Соған қарастыра айтсақ, Еуропаның көптеген елдерінде зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады. Олар – міндетті зейнетақы сақтандырылуы азаматтардың кәрілігіне байланысты кәсіпорындар мен жеке жинақтаулардан қаржыландырылуы түрінде жүзеге асады. Қазақстанда зейнетақы жүйесі азаматтар мен жұмыс берушілердің сақтандырулары арқылы қаржыландырса, өркениетті Еуропада әлі күнге дейін зейнетақы мемлекеттік дотация есебінен төленеді. Ал АҚШ-та тек қана зейнетақымен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесімен қоса жеке жүйелер де пайдаланылады. Олар жұмыс орнынан төленетін зейнетақы, жеке зейнетақы төлемдері түрінде іске асырылды [5, 29 б.].

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың мақсаты зейнетақы төлемдерін еліміздегі өмір сүру деңгейіне сәйкес өсуін қамтамасыз ету, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуЖаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін сақтай отырып жүзеге асырылып, қажетті және өзара байланысты өзгерістер базалық деңгейде жүргізілетін болады.

Зейнетақымен қамсыздандыру заңына енгізілген барлық өзгерістерді үш топқа бөлуге болады. Олар: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, зейнетақы жасын біріздендіру, еңбек жағдайлары ерекше жұмыстарда істейтін азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік жүйесінен міндетті жүйеге өту.

Зейнеткерлік жасын біріздендіру қажеттігі 2018 жылдан кейін зейнетке шығатын әйелдердің зейнетақысының азаюынан туындап отыр. Себебі әйелдердің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілінің азаюы және жинақтаушы Зейнетақы жүйесіне (бала тууына, бала бағуға байланысты демалысқа шығуына байланысты) үзіліссіз қатыса алмайтынына байланысты тағайындалатын зейнетақы мөлшері зейнетақының ең төмен мөлшерінен аз болуы мүмкін. Сондықтан Үкімет әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ұзарту арқылы олардың зейнетақы жинағын көбейту және Зейнетақы мөлшерін арттыру мәселесін шешуді қарастырды. Ал бұл үшін әйелдердің зейнеткерлік жасын 58-ден 63-ке дейін, 10 жыл ішінде 6 айдан қоса отырып жыл сайын жүзеге асыру. Сонымен қатар, әйелдерге жеңілдікпен зейнеткерлікке шығу қарастырылған. Атап айтқанда, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқығы бар.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 5 ерекшелігін атап айтуға болады: біріншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционері болып табылады. Екіншіден, ол тек міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуды, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының есебін жүргізуді және зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін жүргізуді жүзеге асырады. Үшіншіден, азаматтардың Зейнетақы жинағын инвестициялау немесе басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құзыретіне беріледі. Төртіншіден, азаматтардың зейнетақы жинағын экономиканың қайсы саласына тарту қажеттігін Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес белгілеп береді. Бесіншіден, зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің шотында сақталады.

Жалпы айтқанда, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі жаңғыру – дамыған елдердің үлгісі. Бұл өзгерістер мемлекеттің, жұмыс берушінің және тікелей азаматтардың зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша қажетті жауапкершілігін көтеруді көздейді. Жаңғыртуда қолданылатын жаңа тәсілдердің ерекшеліктері өз бетінше жұмыспен айналысатын халықты, әйелдерді, еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы адамдарға; жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушыларына қатысты әзірленді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген. Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ететін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зейнетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60% жеткізіледі, ал ынтымақты зейнетақы төлем-дері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Жасы егде тартқан адамдар әрбір өзгеріске, жаңалыққа сенімсіздік танытып, күдікпен қарайды. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Зейнетақы жүйесінің жаңалығы еңбекке қабілетті азаматтар үшін қарастырылған. Өндіріс пен өз-өзіне жұмыс істейтін азаматтар жиналған қаражаттарынан хабардар болып отыру қажет. Мұндай жағдайда кезкелген қазақстандық жинақталған қаражатына қатысты өз-өзіне міндет қойып, болашағын ойлап отыру керек. Зейнетақы өзгергені азаматтардың жағдайын жақсартуды мақсат етеді. Соның нәтижесінде, әрбір азамат өзіне, ертеңгі күніне сенімді болмақ.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ: Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы // «Юрист» ақпараттық жүйесі.
  2. Ақатаев М. Зейнетақы реформасы: бағыты, бағдары, болашағы // Қазақстан заңдары, 2006. №6 – Б. 25.
  3. Бутин Е.И. Накопительная пенсионная система Казахстана: итоги, проблемы, перспективы // Фемида, 2001. №10. – Б. 32-34.
  4. Алдашев С. Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері // Заң және заман, 2000. - №6 – Б. 116-117.
  5. Арстанбекова К.В. Актуальные проблемы развития накопительной пенсионной системы // Банки Казахстана, 2006. №2. – Б. 28-31.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.