Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Ақ кеме» повесіндегі оразқұл және момын шал бейнелеріндегі рухани қайшылық

«Атаның ұлы емес, адамның ұлы бол» деген қағида ел үшін, халық қамы үшін өмір жолы мен бар күш жігерін сарп еткен тұлғалардың атына лайық айтылған қанатты сөз екені даусыз. Сондай бір ел ғана емес бүкіл әлем мойындап, әлемдік рухани проблемалардың сан – салалы жағы мен қырын тағы бір айқындап, әрі сол проблемалардың шешіміне жол сілтеуші бола білген атына заты сай «Адамзаттың Айтматовы» атанған Айтматов Шыңғыс Төреқұлұлы да солардың қатарынан табылатын тарихи тұлға. «Қош бол, Гүлсары»«Жан пида»«Таулар құлағанда»«Ақ кеме»«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» т.б. әлем назарын аудартқан атаулы шығармалар осыған куә. Шыңғыс әлемін тану үшін тек оның шығармаларымен танысып қана қою жеткіліксіз. Айтматов әлеміне апарар жол бастауы сонау мифология, ауыз әдебиеті, дін, өзіне дейінгі Толстой, Әуезов сынды т.б. тұлғалардың дәстүр жалғастығы, өмір, өлім сияқты күрделі өмірлік, әдеби ұғымтүсініктерді қатпарында жатыр. Оқырман Ш. Айтматовтың әрбір көркем туындысынан телегей теңіз арман төріндегі Ақ кеменің өмірге деген талап-қайратына, БұғыАнаның қарағайдай біткен тамырлы рухани жігер-күшіне қаныға түсіп, тың серпісін алатыны күмән келтірмейді.

«Ақ кеме» шығармасы былай басталады «Ол екі ертегі білетін. Біреуі, өзінен басқа тірі жанға белгісіз сәби қиялынан туған. Екіншісін, атасы айтып берген. Кейін екеуі де ғайып болды» [5, 163 б.].

Осы үзіндіде автор екі ертегінің ғайып болатынына алдын ала ескерту дайындық беріп тұр. Демек, баланың көзқарасына басты назар аудару керек. Ғайып болды дегеннің өзі құрдымға кетінің жайы емес, яғни, негізгі ойдың өміршеңдігіне деген автордың көмескі белгісі.

Бала, Момын шал, Оразқұл, әжесі, Бекей апай, Гүлжамал, Сейдахмет, Құлбек төңірегіне топтасқан оқиғалардың қайшылығы Оразқұл мен Момын шалдың және баланың өмірлік көзқарастарымен ашыла түседі. Әсіресе, Оразқұл мен Момын шалдың өмірлік ұстанымдары ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік арпалысының белгісін бейнелеген. Сонда бұлардың қарамақайшылығы неде? Сырт көзге қарағанда,

«Момынның ақсақал аталатындай қауқары шамалы». Көп жағдайда автордың Момынды «мейірімді, аңғал, ақкөңіл, қауқылдап тұрған бала мінез адамның» бейнесіне ұқсата суреттеуі басымырақ«Құдай бұған жарытып сақал да бермеген. Сақал емес сайқымазақ. Шыбын тайып жығылардай жылтыр иегінде үш-төрт сары қылтанақ ербиеді. Сақал дегенде, бар байлығы сол ғана» немесе «осы шемірікпесіз май мұрын, үйрек тұмсық, орта бойлы қағылез шал ертеден қара кешке дейін балаша домалайды да жүреді» [5, 170 б.]. Ерекше баса айтылатын қыры оның жігерсіздігі, өзіне деген жеке пікірінің төмендігі«Момын болса, о бастан Елпек Момын болып туа салған. Тек бар бойындағы бір қасиеті өзінің беделін, өзінің жасын жұрт алдында елемеуге, мән бермеуге бойын әбден үйретіп алған. «Бұлай отырма, бұл сөз сенікі емес, былай емес» өмірі естіп келе жатқаны осы». Немесе «Жұрт қатарлы байсалды жүру, сес көрсету, өз орнын табу дегеннен құр алақан» деген суреттеулердегі мазмұн дәлел бола алады [5, 173 б.]. Ал Оразқұл болса, еш көркемдіксіз ақ «тоң мойын өгіз қара ашу қысқанда хайуаннан» еш айырмасы жоқтың өзі ме дерсің. Портреттік бейнесі де адамның көңілін суытып, қатуландыра түсетін әрі ізгіліктен де алыстата түседі«Оразқұлдың қалпағы желкесіне қарай жылжып кетіпті, түк басқан аласа маңдайы қызара бөрткен, күннің ыстығы әбден титығына жеткен сияқты, аттың үстінде ұйықтап келеді. Аудан әкімдерінің үлгісіне еліктеп тігілген шибарқыт китель ағытылып кеткен алқа-салқа. Ақ көйлегі умаждалып, белбеуінің астына барып орналасқан. Әрі тоқәрі мас. Жаңа ғана қонақта болып, майлы етке қарынды кептеп, шамасы жеткенше қымыз бен араққа басып келе жатыр екен» [5,179б]. Осындай жалпы суреттеулердің өзінен-ақ, Момын мен Оразқұлдың қарама-қайшылық тұстарын повесттің басынан ақ аңғарымыз.

Момын мен Оразқұлдың өмірге көзқарасы. Момын шалдың бойындағы жігерсіздік басымдылықпен айтылғанымен, Момын бейнесі өзінше қайшылығы бар күрделі бейне. Ол өзі адамға жағу үшін жан аямас әрекеттерге еш ойланбастан баратын сеніміне нық адам. Өзінен бұрын өзгелерді жоғары қояды. Сырт көзге қарағанда, Оразқұл да сондай адам. Ол да өзгеге жағыну үшін жан аяй қоймайды. Оның да өз сеніміне беріктігі бар. Бірақ ішкі мазмұнына мән беретін болсақ, екеуі де мүлдем кереғар пікірде. Егер Момын шал өзгенің көңілі үшін кішірейіп жас балаша елпілдек болса, Оразқұлдың көңіл аулауы ең әуелі өзін бірінші орынға қойғандығынан, менмендігінен. Момындікі көңілшектік те, Оразқұлдікі жағымпаздық. Солай бола тұра, Оразқұл ешкімді жақсы көрмейтін, әрі өз қалауына қандай жолмен болса да жету үшін арды аттауға да даяр озбыр адам. Тек өзіне жайлы болса болды. Сондықтан ол билікке ұмтылады. Қолына билік тисе бәрі сыйлар еді, бәрі қорқар еді деген таяз ұғым оның бұл өмірде сенер жалғыз «ақиқаты». Тіпті арманы да осы ойды айқындап тұр: «Ол жерде адамды қызметіне қарай сыйлауды да біледі. Дәрежең бар ма, бітті сені сыйлауға міндетті». Осындай жалаң абырой мен жеке бас қамы үшін туғанын да, шаңырағын да тәрк етуге даяр аса мейірімсіз адам: «Егер кішкентай ғана мүмкіншілігім болса, тауын да, тасын да, орманын да, олжасын да – барлығын тастап, қарғыс атқан қатынды да, мынау алжырын шалды да, қызғыштай қорғап жүрген жетімек немересін де, бірдебірін көрместей, алды-артыма қарамай тартар едім. Эх, дүние-ай, сонда сұлыға байлаған тұлпардай түлеп, ұршығымнан айналып шыға келер едім. Жұрттың барлығын есігімнің алдына тізіп қойып,

«Оразқұл Балжанович, сіздің кабинетіңізге кіруге бола ма?» деуге мәжбүр етер едім»

  • міне, бұл ақыл тоқтататын жастың ар жақ
  • бер жағындағы адамның пікірі [5,218б]. Сонымен, Момынның ішкі ұжданы альтруистті (өзгелерді өзінен жоғары қойып, риясыз қызмет ету) болса, Оразқұл нағыз эгоисттің (менменшіл) жарқын көрінісі.

Сондай-ақ, екі кейіпкердің қайшылығындағы бояудың басым көрсетілген тұсы мейірім мен қатігездіктің ашылуы. Момын шал өзгенің қиянатына немқұрайлы қарайтын адам емес. Не болса о болсын, тек сол адамға жақсы болса болды. Өзгесінің Момын үшін мәні жоқ. Айналадағы өзінен басқасының барлығы бақытты болса болды. Яғни, Момын мейірімділіктің көрінісін арқалаған кейіпкер: «Иман жүзді, мейірбан шал әр уақытта «Саған не керек? Жаның не қалайды? Не жақсылық істесем ойыңнан шығам? Айтсаңшы енді өзің? Мен сенің қай кәдеңе жарармын?» деп, әрдайым тіленіп сұранып тұрғандай» [5, 179 б.]. Ал Оразқұлдың қатыгездігі шексіз. Қолынан келгенше қатігездікке даяр тұрады, өзгесі ол үшін «әлсіздер мен бақытты өмірге лайық емес жандар». Мысалы орманға кірген Момын мен Оразқұлдың ішкі монологтарынан байқауға болады. Момын қарғалардың мазасын кетіргені үшін іштей кешірім сұраса, Оразқұлдың «Шіркін, пулемет болар ма еді...» дегенінен де қатыгездіктің лебін сеземіз [5, 218 б.]. Әсіресе Бұғы ананың мүйізін сондай бір мазақ күлкімен балталауынан да хайуанға тән болмысының анықтала түскенін көреміз.

Қай жағынан алсақ та бұл кейіпкерлердің қайшылығы анық көрініп тұрады. Тіпті күнделікті адамның өзі үшін атқарылатын тірлігінен де байқалады:

«Оразқұл өмірі бір айыр шөп шауып көрген емес, өзі бастық болғасын ба барлығын шалдың мойнына артып қойған. «Керек десеңдер сендерді көзді ашып-жұмғанша қуып шығам», дейді Оразқұл. Немесе:

«Қолдағы аз ғана мал да, омарта да бәрінің тірлігі Момынның мойнында. Ертеден қара кешке дейін дамыл таппайды» [5, 218 б.].

Оразқұл мен Момын шалдың қарама қайшылығы табиғатқа деген көзқарастарынан да толыса түседі. Оразқұл – жабайы жыртқыш. Табиғатқа деген мүлдем құрметі жоқҚұрметі былай тұрсын Оразқұл үшін табиғат-ана деген түсінік тіпті нағыз ақымақтық:

«Қандай күнді айтып тұрсың? Немене, бүгінгі күннің басқа күндерден не айырмасы бар еді?

  • Шырағым-ау, маралдар келді ғой?
  • Сен мені кім деп тұрсың? Сенің маралдарыңды басыма ұрам ба. Төрт құбылам түгел болды да, енді сенің маралың қалды ма? Көп оттамай бөренені былай ыңғайла» [5, 222 б.]. Момынның бұл түсінігі Оразқұл сияқтыларға балаң, құр «оттау» сөз болғанымен, Момындарға табиғатпен іштей терең байланысы бар күрделі түсініктен шыққан сенім. Ал Оразқұлдың бұл табиғат, адамгершілік болмысымен байланысы қатулы мінезінің кесірінен әлдеқашан үзілген. Әрі үзілу үстінде үзіле береді. Осы бір табиғаттың мейірімінен тамырланған адамшылықтың да, соған қатысты барлық ізгі өмірдің де Оразқұл үшін соңғы демін осы Бұға Ананың мүйізін сондай бір «құштарлықпен» балталауынан да байқауға болады.

Бүкіл повестің барысы ізгілік пен зұлымдықтың, «махаббат пен ғадауаттың» арпалысындағы, ар соғысындағы сол махаббаттың, ізгіліктің, ұжданның өмір үшін, ал жауыздық атаулының өлім үшін күресі ме дерсің.

Сонымен, Оразқұл мен Момын шалдың бұл қайшылықтарынан барша адамзатқа тән проблемалардың негізін көре аламыз. Сондықтан бұларды жинақтаушы бейне ретінде алып типтендіруге болады. Ол бейне Оразқұлдар мен Момындар. Ал олардың өмірге көзқарастарын бір-біріне деген пікірлерінен қорытуға болады: Момын шал (Оразқұл туралы):

«Адам баласы неге бұлай жаралды екен, ә? Сен бұған жақсылық істесең, мұның жамандығы әзір.Ұялу, ойлану дейтін мұнда жоқ. Адамда имену деген болмай ма екен. Өмір бойы осыныкі ғана жөн сияқты. Өз басының бабы табылса болды. Айналайындағының бәрі құрдай жорғалап құл болып жүру керек. Айтқаны болмаса тағы басың пәлеге қалады. Мұндайлардың осындай тау арасында төрт-бес адамға ғана бастық болып жүргеніне шүкірлік. Ал бұдан үлкен биікке қолы жетсе ше? Құдайым сақтасын... Нағыз ем қонбайтындардың өзіӨзі дегенде өңешіңді суырып алуға даяр. Мұндайдың қол астына түссең құтылу да қиын. Сені жерге сіңіп кетсең де тауып алады. Өзінің керегін, дегенін істеу үшін сенің жаныңды жаппарға тапсыруға даяр. Сонда да өзі жөн болып қала береді. Жоқ, мұндайларға дауа жоқ...» [5, 216 б.].

Оразқұл (Момын шал туралы): «Ер қара серік деген атасының түрі мынау, көз ашқалы құл пенде Елпек Момын аталумен келе жатқан қақбас шал. Бақса өзінен ең ар жағы бұл да бақытты, осы күйімен жүріп, тым болмаса ертегіге сенеді ғой. Бұл неткен ақымақ! Түптеп келгенде осындай ақымақтарда ғана арман болмайды (әрине, арман дегенді Оразқұлдың көзқарасымен қарағанда)». Немесе: «Ең ар жағы түкке тұрғысыз, адам санатына кірмейтін мына шалға дейін құтырды ау. Міне, енді қалай-қалай қайқаңдайды менің алдымда?! Осылай имендіру керек қой...» деген Оразқұлдың әкесінен де үлкен адаммен тістесуінен көруге болады [5, 226 б.]. Автор:

«Оразқұл өз болмысын иттің етінен жек көреді. Мына тірлік, бұл көрген күн бұған лайық емес. Мұндай өмір құл пенде Момындарға ғана жарасады. Момын сияқтыларға не керек? Мұндайлар кеудесінде жаны барда өле-өлгенше тыным таппай лағынет қамытын сүйреп жүре береді. Осы жасқа келгелі мұның сөзін тыңдайтын тірі жан болды ма? Бір адамға ақыл айтып жөн сілтеп көрді ме? Жұрттың бәрі бұған үстем. Ең ар жағы өзінің кемпірінің айтқанын да екі етпейді. Мұны балаша жұмсайды. Сондықтан да бұ сияқты меңіреулер ертегінің (ертегі де Оразқұлдың ойынша) өзіне мәз болады. Жаңа Орманнан маралдарды көріп еді, жүз жыл бойы зарығып таба алмай жүрген бауырларына кездескендей жыларманға дейін барды. Құрысын, айтып-айтпай не керек...» [5, 232 б.]. Бұл айтылғанға артық қосып айтудың қажеті болмас. Бәрі өзі үшін орнымен жауап беріп тұр.

Жоғарыда суреттелген Момын шалдың бейнесіне күмән келтіретін бір жай бар. Ол Момын шалдың сол өзі бас ұратын биік сенімін өз қолымен құртуы. Яғни, неге Момын Бұғы-Ананы өлтірдіӨмірлік ұстанымымен де, көзқарасымен де, «ар-ұжданымен» де осы әрекет Оразқұлдың «үлесіне» тиесілі болмас па еді? Бірақ Момын... Өмір бойы пір тұтып келген атасатының, табиғат-ананың, биік ар-ұжданның қасиетті сенім ұстанымына аяқ асты бір-ақ күннің ішінде балта шабуы, ойландыратын нәрсе. Бәлкім, орасан зор пәленің бірінің үстіне бірі төгілуі себеп болған шығар: Оразқұлдың көк ала қойдай сабап, қызын қуып жіберуі, Бекейдің енді бар қасіретіне өз әкесін кінәлап қарғауы, кемпірінің жүйкесін одан әрі қажай түсуі, ешкімнен демеу жанашырлық жоқ... Әрине, бұған Момын өз еркімен барған жоққасірет күнін кешкен қызы мен немересінің қамы үшін болған әрекет. Бірақ негізгі ой басқада. Момын туралы автордың шығарма басындағы мынандай жеке пікірін келтірейік: «Мұндай мейірімді, аңғал, ақкөңіл қауқылдап тұрған бала мінез адамның жұрттан сый-құрмет күтуі де қиын. Мұндайларды өмір бойы

«қайырымды болма, қатыгез бол, саған керегі осы, қатыгез болсаң ғана халық қатарында жүресің», деп қаншама тоқпақтаса да олар өзгермейді, сол қалпында, сол қайырым мейірімнен қол үзбей қала береді» [5, 172 б.]. Осы пікірінен автор бүкіл шығарма бойында алыстамағаны байқалады. Демек, автор қашан да мейірімділіктің, аяушылықтың, әділеттіліктің, адамшылықтың жақтаушысы бола білген және жақсылықты шарттылықтың есебімен өлшемейтін Момындардың жағында. Десек те, шығарма барысындағы даму, шешім басқа қырынан көріне түседі. Мысалы: «Момын шалда үн жоқ, тіпті мұздай қарып бара жатқан суды сезетін емес. Әйтеуір Оразқұлдың қаһарына ілікпей, су үстінде өліп кетсе де риза сияқты. Оразқұл қуып жібермесе болды.

Кешегі қылығына кешірім етсе, бұл бейбақ шалға соның өзі зор дәулет...» дегендегі кешірімі не қылғаны? Сонда Момын далада қалған немересін әкелуге жібермеген жүрегі қара күйеу баласының ақымақтығына қарсы шыққаны үшін кешірім сұрағаны ма:

«Кешір, кешіре гөр алжыған жаман шалды, кешегі әбестігімнен алда-жалда кешірім өтінем...» [5, 273 б.]. Дәл осы дәрменсіздігііштегі ұжданның үнін тұншықтыруы, қарсылығын күнәға санауы Момынның биік ұжданына сенімсіздік ұялатып, түбі құрдымға кетіріп тұрған жоқ па! Міне, сәл ғана өз сенімінен бас бұрғаны сол екен, Момынның көз алдымызда ұжданы шөгелі түскені байқалады. Осыдан шығарманың мазмұн қатпарында жататын тағы бір қыры шығады: кімге болсын, қандай жағдайда болмасын ізгілік пен мейірімділіктің риясыз, ешқандай шартсыз, шексіз (абсолютті) болуының өзі түбінде айналып зұлымдықтың шылауында қалады деген ой. Бұдан адамға мейірімді болып қана қалу жеткіліксіз деген қорытындыға келуге болады. Зұлымдыққа қасарысып, жан берісе күресе алмаған мейірімділік түбі құрдымға кетеді. Мейірімділік зұлымдықтың алдында басын имеуі тиіс, оның әлсіздік танытуға қақы жоқ. Момынның да Оразқұлға иілмеуі керек еді. Ертеңге деген оптимистік, яғни, жарқын күнге деген сенім құр үрейдің кебінен болмауы тиіс. Ол ұждан алдындағы ар күресі. Бірінші қарсыласудан –ақ Момын именіп қалды. Өзгесі оны енді ақтай алмайды. Ол Оразқұлдың ұстанымының мәртебесі мен бала трагедиясына жол салып берді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Мұхамеджанов Қ. Әлем таныған Айтматов // Әдебиет айдыны. 2008. № 44. 6-7 б.
  2. Ибрагим Д.Ө. Адамзаттың асыл тәжі. Алматы: Атамұра, 2003. – 323 б.
  3. Айзерман Л.С. Уроки литературы сегодня. – М.: «Просвещение», 1974. -78 б.
  4. Құнанбаев А. Қарасөз. – Алматы: МКА ТОО РПИК Дәуір, 2007.200 б.
  5. Айтматов Ш. Ақ кеме.Алматы: Атамұра, 2005. -368 б.
  6. Кәрібаева Б. Айтматов әлемі // Қазақ әдебиеті. -2008. -№29-30. 7-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.