Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімділігі

Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың шапшаң дамуы әрбір адамның білімі мен кәсіптік біліктілігіне жаңа талаптар қойып отырғаны бәрімізге аян. Сол себептен де әрбір адамның білімі мен біліктілігі ұдайы толықтырылып, жетілдіріліп отыруы керек.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар дайындайтын оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр. Қазіргі уақытта колледждердегі оқу үрдісі мақсаттарының маңыздысы – өз білімін өмірдің нақты саласындағы қойылған мәселелерді шешуде пайдалана алатын маман даярлау. Колледж түлегі өз бетімен жұмыс атқаратын, кеңінен ойлайтын, алдына қойған мақсатына жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондайақ қолдана алатын кәсіби маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі – тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру процесі болып табылады. Белгілі оқу орнына түскен кешегі талапкерлер студент болған соң, оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезеңде, әсіресе,бірінші курс студенттерінің көпшілігі кітап, лекция конспектілерімен жұмыс істеуде өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алмайтындықтары анықталды. Осыған орай оқытушылардың басты мақсаты – бірінші курс студенттерін жаңа жағдайға бейімделуге тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сезімін ояту. Сонымен қатар кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету. Осыған байланысты басты міндет оқыту процесін ұйымдастырушы оқытушыларға жүктеледі. Білім беру барысында мұғалім пәнге деген қызығушылықты тудырып, оқушы содан қанағат алатындай жағдай жасауы керек. Өйткені оқу материалын саналы түрде меңгеру, оның қажеттілігін түсініп, мәнін ұғынуға көп байланысты. Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.

Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оқытушының атқаратын біршама міндеттері бар: алдымен, студенттің өз қабілеті мен білім дәрежесіне сенім оятуы тиіс. Білікті оқытушы өздік жұмыс бойынша материалды іріктеп тауып және талдай білуде, берілген тақырыпты ашатын дәрежедегі материалдарды ажыратып алуда, өз пікірін анық және нақты баяндап, сабырлылықпен өз бетінше білім алуда әдістемелік көмек бере алады.

Студенттің әрі қарай маман ретінде толысуы, олармен жұмыс істеудің әу баста қалай қойылғанына байланысты болады. Өкінішке орай, студентке тапсырма қалай болса, солай берілетін жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, бір типтегі тапсырмалар немесе сабақтар. Бұл жағдайдың жетекшілері сол тапсырмаларды орындағанда студенттерде қандай білік жүйесі қалыптасу керектігіне онша мән бермейді. Кейде студенттерге кәсіби білім талап ететін күрделі тапсырмалардың бірден беріле салатындығы жасырын емес. Бұл жерде мынадай ой бой көтереді: студент аз уақыт ішінде неғұрлым көп тапсырманы өз бетінше орындаса, жаңа материалды көбірек оқып үйренсе, одан жақсы маман шығады. Кері жағдайда оған уақыт шығын қылудың қажеті жоқ. Бұл екі келіс те теріс нәтижеге алып келеді. Бірінші жағдайда студенттің танымдық қызығушылығы күрт төмендейді, ал екінші жағдайда тапсырманы орындай алмаған студент өз күшіне деген сенімділікті жоғалтады. Нәтижесінде оқу процесіне, кейде тіпті таңдаған мамандығына қызығушылық жоғалады. Ең бастысы, екі жағдайда да танымдық белсенділік төмендейді.Сондықтан оқыту жұмысын ұйымдастырғанда студенттің білікпен дағдысының даму деңгейіне орай «қарапайымнан күрделі» қағидасын ұстану қажет.

Студенттің өзіндік жұмысы – олардың қабілеті мен қызығушылығына қарай пәнді толық меңгеруіне, өзі таңдаған мамандығының иесі болуына жағдай жасап, мүмкіндік береді. Студенттің алған білімі оның өзін-өзі тануына, маман ретінде қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Өздік жұмыс бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады.Студенттің өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табуға тырысуы барлық оқу-тәрбиелік процестің жемісті болуының кепілі бола алады. Сол себепті де студенттердің білім дәрежесін арттыруда өздік жұмыстардың ролі үлкен.

Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:

  • жаңа білімді меңгеруі;
  • жаңа білімді бекіту;
  • білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.

Студенттердің өзіндік ұмытсын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезетіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.

Уақытты тиімді пайдаланып, студенттің өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:

  • Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
  • Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
  2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
  3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
  4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.

Студенттің өзіндік жұмысты орындау шеберлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды. Ол мақсатты оқу іс-әрекетінің нәтижесі мен өз кезегінде шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау барысында қалыптасады. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек.

Студенттің өзіндік жұмысы кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Сондықтан, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.

Колледж студенттерімен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлуге болады. Негізгі аудиториялық жұмыстар түрлеріне кітаппен жұмыс, тапсырмаларды орындауды жатқызуға болады.

Студенттерді өзіндік жұмысқа қалыптастыру мен бағыттау, уақытты үнемді пайдалану, оқу материалын дұрыс қолдану, тез оқу, түрлі іс-әрекеттер жоспарларын құру, дұрыс конспектілер жасау тәсілдерін үйрету оқытушылардың басты мақсаты болып табылады. Студенттерді өзіндік жұмыстарға қалыптастыруда оқу жұмысының тәсілдері де өте пайдалы.

Олар:

  • сөйлемді қайта өңдеу, оқу материалын кеңейту және ондағы маңызды идеяларды бөліп көрсету принциптерін, заңдылықтарын, білімгерлердің өз бетінше тапсырма ретін құрау тәсілдері;
  • оқу мәдениеті және тыңдау мәдениеті, яғни, жоспарлар, тезистер, конспектілерді қысқа әрі жүйелі жазу тәсілдері, оқу материалының құрылымын меңгеру арқылы толық есте сақтау тәсілдері;
  • емтихан, семинарларға дайындық кезінде қосымша ақпарат алу тәсілдері;
  • еңбек пен демалысты кезектестіріп, уақытты үнемді пайдалану тәсілдері.

Студенттердің ақыл-ой дербестігіне де ерекше көңіл бөлуге қажет. Студенттер кез-келген мәселені байқап, нәтижесін өз түсінігі бойынша қарастыра алатын дәрежеде болғаны жақсы. Осы мақсатта оқытушылар студенттердің өзіндік жұмыстары оқу танымдық жағынан ауқымды, тереңдетілген болуы үшін тапсырмалар дайындауы қажет. Тапсырмалар барлық талаптарға сай ─ студенттерге түсінікті, қол жетерлік болуы керек.

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан колледж оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттердің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады. Мәселен, қазақ тілі практикумы сабақтарында өздік жұмыстары – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, әңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс түрінде өтеді. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды студенттер өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Олар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын оқытушыға айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тәжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс.

Тағы бір мысал ретінде өзіміздің оқу орнындағы өзіндік жұмыстардың түрлері мен жалпы ұйымдастырылуын келтіруге болады. Колледж оқытушылары өзіндік жұмыстар үшін келесі тапсырмаларды қолданып қарастырады: рефераттар, үй жұмысы түріндегі өзіндік жұмыстар, бақылау жұмыстары, эсселер орындау, тапсырмалар мен презентацияларды даярлау т.б. Төменгі курс студенттеріне рефераттар, баяндамалар, сөзжұмбақтар құрастыру тапсырылса, жоғары курс студенттеріне эссе, ғылыми жобалар, презентациялар жоспарланады.Оқу, іздену іс-әрекеттерін студенттердің өздері ұйымдастыруы өте маңызды, бұл оқу-танымдық талпыныстарын күшейте түседі.

Студенттерге берілетін теориялық білімнің жоғары деңгейі, шығармашылық түрдегі кәсіптік ойлану сияқты қасиеттер дұрыс ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері мен аудиториядан тыс жүргізілетін өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізуге болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап көрсетеді. Адамның жеке басының қасиеттерінің шын мәнінде қалыптасуы тек жеке бас ерекшеліктері мен табиғи дарындылыққа ғана емес, осы бағыттағы нақты жүргізілетін жүйелі оқу іс-әрекеттеріне де байланысты екендігі анық.

Оқу материалының керекті көлемі мен мазмұнын студент өз бетімен игеріп түсінуі өте дұрыс. Болашақ маман ретінде де өз жұмысын тыңғылықты, әрі жүйелі түрде орындауына өте жақсы ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында мемлекеттік стандарт бойынша оқыту көзделуде. Ол дегеніміз оқытушы әрқашан бағыт бағдар беруші, студент сабақта 80 пайыз сөйлесе, оқытушы 20 пайыз сөйлейді. Мен толығымен бұл оймен келісемін, жас тұлғаны жан жақты жетілдіріп, қалыптасудың міндетті шарты және құралы өздік жұмыстарда деп білемін.

Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен мақсаттар әкелді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау мақсатында атқарылып жатқан бүгінгі жұмыстардың қатарында құзырлылық (құдіреттілікке) бағытталған жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Ал, құзіреттіліктің қалыптастырудың негізгі субъектісі оқушылардың өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Ол – білім сапасын арттырудың негізгі жолы. Өйткені, студенттермен өз бетінше жұмысты тиімді ұйымдастыру – жеке, дара тұлғаның еркін қалыптасуына мүмкіндік береді. Сол арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығып, түрлі дара қабілеттерін арттыруға септігі тиеді.

Ауқымды әрі тереңдетілген өзіндік жұмыс бос уақытты үнемді пайдалануға бейімдейді. Студенттердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанын, яғни мақсаттың дұрыс қойылғанын көрсетеді. Оқытушының ұйымдастыруымен жасалынған өзіндік жұмыс пән бойынша оқу материалын меңгеру мен жаңа оқу тапсырмаларын шешуге деген талпынысты құрайды. Студенттердің өзіндік жұмысы ─ бұл оқу-танымдық іс-әрекетінің өздігінен білім алудың жоғарғы түрі ретінде қарастырылады.

Студенттің өзіндік жұмысы ─ бұл оның өзіне ыңғайлы және белгілі уақытта танымдық қызығушылықтары мен мақсат бағыттарын белсенді дербес ұйымдастырған жұмысы. Студенттің өзіндік жұмысының нәтижелері оқытушымен Бақыланады.

Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістер күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмаларды өздік жұмыс түрін ұйымдастырудан бастау қажет екендігін айқын көрсетуде. Бүгінгі студенттер оқытушы қауымнан өз бетінше жұмыстар арқылы білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ мамандарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт бағдар беруші болып шығуы бұл қазіргі заманның талабы. Қорытындылай келе, айтарым:

  1. Студенттермен жүргізілетін өздік жұмыс теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді.
  2. Студенттермен жүргізілетін өздік жұмыс білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға игі әсер етіп, жүйеге келтіріп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттырады.
  3. Студенттермен жүргізілетін өздік жұмыс олардың логикалық ой-өрісін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, ал бұл бүгінгі күннің басты талабы.
  4. Студенттермен тіл және әдебиет сабақтарында оқып үйренетін, машықтанатын және тексеретін өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда олардың шығармашылық іскерліктері дамиды.
  5. Студенттермен өздігінше жұмыс істеуге үйретудің нәтижелі болуы оқытушының сол пәнді оқытуда қолданатын әдіс тәсіліне, ұсынылатын материалдардың мазмұнына, материалды оның ой-өрісін дамытарлық дәрежеде іріктеп бере білуіне байланысты, ал бұл студенттердің ойлау қабілетін дамытады, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін жетілдіреді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері. Алматы, 2004.
  2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.
  3. Әбиев Ж.Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын, 2004.
  4. Исмаилова Р.Б. Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бастауы мектеп -№ 5,6. 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.