Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқушыларға білім берудің әдістемесі

Мектепте, жоғарғы оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пәндерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж. Рассель, П. Юцявичене, Р. Бекирова, Г. Лаврентьева, М. Жанпейісова, К. Жақсылықова, Е. Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді.

Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Білімді, яғни оқу материалын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модульмен оқыту – толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы.

Модульдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді, кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады.

Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:

Mодуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;

модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді;

модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.

Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модульдерге жіктеудегі модульдік оқытуға байланысты.

Модульдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқа да дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпыдидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Даралық модульдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, білгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек.Модульдік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде модульдік бағдарламалардың операциялық түрі кәсіби икемділікті қалыптастыруға бағытталған.

Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет – қадамдардан тұрады:

1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.

2-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтікі (код сияқты) сөздерді табу . Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.

3-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)

4-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында)

5-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар ме тапсырмалар блогын құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).

6-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу.

Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысына кеңінен тоқталып, қарастырайық.

Оқу модулінің кіріспе бөлімі. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе қызықтырушылық, операционалдық танымдық және рефлекциялық бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс.

Аталмыш модульде қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.

Оқуды басқарудың икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.

Оқытудың модульдік жүйесі Модульдік оқытудың құрылымы.

Оқытудың модульдік жүйесі оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге (модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема бойынша жүргізуге болады.

Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып, оның теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға арналған әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығу керек.Оқушылардың білім деңгейін және олардың өзіндік тапсырмаларын орындауын бағалау үшін Рейтингтік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға – мәліметтердің аяқталған толық блогына бөліп шығу керек, олар бір бірімен сабақтас болып, өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.

Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық, өзіндік және лабораториялық жұмыстар тізімін толық қамтуы тиіс. Практикалық жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тақырыптарын өткен соң жауап беретін сұрақтарымен толықтырылады. Практикалық тапсырмалар теорияны толық қарастырып, модульдің тапсырмаларын тиянақты түрде меңгеруге көмектесуі тиіс. Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз білім деңгейлерін тексере алатын өзін өзі бақылау, тексеру тапсырмаларымен, мысалы, тестермен толықтырылуы керек. Әрбір модуль нәтижелік бақылау жұмысымен аяқталадыМодульдік жүйені енгізудің нақты нәтижесі ретінде оқушылардың өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле бастағанын үлгерімдерінің өсуі ған.

Оның мазмұнына:

  1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
  2. жалпы құрылған мақсатты нақтыанық көрсетеді.

Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен қамтамасыз ететін мұғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл оңай іс емес.

Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл – жобалар тәсілі болып табылады. Бұл тәсіл соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық бір жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар тәсілі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады.Бұл тәсіл практикалық бір нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана бөлу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет. Жобалар әр түрлі типте – зерттеу, шығармашылық жұмыстары, ойындық түрде, ақпараттық (мәлімет жинақтау, оны талдау, өңдеу, орналыстыру, безендіру) жұмыстар, практикаға бағытталған, істер сияқты болып құрастырыла береді. Пәндік мазмұндық аймағына байланысты моножобалар (бір пән аясында) немесе пән аралық жобалар бола береді. Үйлестіру, қадағалау сипатына қарай тікелей (нақты) немесе жасырын координациялы жобалар болды.

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынланды руға көшу;

  1. оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
  2. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
  3. нәтижені бағалау енеді.

Осының арқасында оқу процесі “модульдік” сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.

Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі танаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б. ұмтылдық.

Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж. Блок, Л. Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады:

  1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
  2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
  3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде).
  4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
  5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
  6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
  7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.

Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу)

Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

Қорытынды бөлімі (бақылау)

Оқу мазмұнына “өсу” бағытымен – қарапайымнан күрделіде, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске (кей жағдайларда – зерттеушілік қызмет элементтеріне) қарай бірнеше мәрте қайта оралу әрбір оқушының оқу материалын қарапайым білім деңгейінен “білімді бағалау” деңгейіне дейін меңгеруіне мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс негізінен сыныпты шағын топтарға (4-7 адамнан) бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекеті негізінде, осы бөлімге түрлі ойын технологияларын енгізе отырып құрылады. Мұғалім негізінен фасилитатор, кеңесші және оқушылардың танымдық процесін ұйымдастырушы рөлінде болады.

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің даярлық жүйесі.

Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай – ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.

Модульге бөлінген сабақтардың түрлері Оқу модулінің кіріспе бөлімі

Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып – үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе – қызықтырушылық, операционалдық – танымдық және рефлексиялық – бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М. Фридман).

Аталмыш модульде кіріспе – қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.

Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.

Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түйсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.

Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

ә) оқушылардың осы оқу содуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының “қабылдауына”, түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

б) тірек сызбаларға (“орамалға”, белгілілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.

Бұл бөлімді құрастырғанда Л. Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйенсек:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде құралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
  2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
  4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
  5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатын және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.

Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктерімен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.

Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушының өзі шешеді.

Бұның бір маңызы – күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез-келген күрделілік деңгейдегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.

Бұл бөлімінің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөлуі тиіс.

Оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімі

Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі (рефлексиялық бағалау кезеңі).

Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Нақ осы бөлімде оқушылар өз қызметін талдайды – яғни, баға алады, бұл соңында әр оқушының танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды.

Оқу модулінің қорытынды бөліміне біз бақылаудың бірнеше түрлерін енгізсек.

Біріншісі – міндетті – тестілеу.

Екіншісі – мұғалімнің өз таңдауы бойынша (пәннің, тақырыптың, тараудың өзіндік ерекшелігіне орай) – сынақ, бақылау жұмысы.

Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау мүмкін емес. Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілеу оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады, бұл аса маңызды. Сонымен қатар тестілеу тұлғаның психологиялық қорғануын қамтамасыз етеді, ішкі кедергілерін жояды, өйткені бақылаушымен (мұғаліммен) қатынас жанама түрде жүреді. Бұл осындай бақылау түрінің жағымды жағы. Алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ берілу мүмкіндігі бар.

Қорыта келе, біз тестілеуді Бақылаудың қажетті түрі, бірақ ол бақылаудың басқа түрін қайталап қолдануды керек етеді деп есептейміз.

Оның мақсаты:

а) білім деңгейін әділ бағалау;

ә) бағасын жақсартуға (жоғарырақ балл алуға) мүмкіндік беру;

Қалай айтқанмен, егер бақылаудың бір түрінен нашар баға алынса, бақылаудың басқа түрі оны жөндеуге мүмкіндік береді. Тестілеуден жақсы өткен оқушы келесі бақылаудан (немесе керісінше) нашар баға алса да, оның қорытынды бағасының нашар болмауына мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн.

Пәннің өзіндік ерекшелегені орай тапсырмалар жазбаша немесе ауызша сипатта (болмаса, олардың қосылған түрінде) болуы мүмкін.

Бақылаудың бұл негізгі екі түрінен басқа:

  • бақылау жұмысын;
  • диктант;
  • семинар;
  • оқу (пән) конференциясын жүргізуге болады.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тұтас модуль бойынша бағалағанда, нақты осы бағалар есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың ғылыми қоғамына (ОҒҚ), конкурстарға және т.с.с. (оқушы жүргізген зерттеудің құндылық және мәнділік дәрежесіне қарай) ұсынылуы мүмкін.

Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде, оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, мен оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын қарастырып шықтым.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, түрлерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Сондықтан мен Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» нұсқасын қолдандым.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. Модульдік оқыту технологиясы әлі түбегейлі зерттеуді қажет етеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // Қ.М, 2/6 шілде, 1999 ж.
  2. Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. // Қ.М, 28 қазан, 2000 ж.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 8 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //ҚМ, №1, 2004 ж.
  4. Педагогика. Дәріс құралы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003, /Абай атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті. 5.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика . – Алматы: Дарын, 2004.
  5. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика Алматы, 2000.
  6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз: ТарМу, 2003.
  7. Ахметова А.К. Принципы технологий и содержание образовательной программы. – Алматы, 1995.
  8. Инновационное обучение: Стратегия и практика / Под. ред. В.Я. Ляудие. – М., 1994.
  9. Керимбаева М.Р. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы , поиск. Алматы, 1995.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.