Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«қызықты криптография» бейіндік курсына арналған дидактикалық материалдар жиынтығы

Мектеп қабырғасында оқушыларды ақпаратты қорғау саласына, соның ішінде криптографиялық есептерді шығаруға баулу, олимпиадаларға қатысуға дайындық жасау және де болашақта осы сала бойынша бейіні бар оқушыларға мамандық таңдауға бағыт бағдар беру маңызды дайындықтың бірі.Ақпаратты қорғау мәселелері тек жоғарғы оқу орындарында ғана емес, мектепте де дамыту көзделіп отыр. Мектеп оқушыларының да ақпаратты қорғау мәселесі қызығушылықтарын тудырары сөзсіз. «Қызықты криптография» бейінді курсы криптография есептерін шешуге үйрету мақсатымен ұсынылып отыр.

Енді ақпаратты қорғаудың мектепте оқытылу жағдайына назар аударсақ Ресей мектептерінде оқушылар арасында криптографиядан олимпиадалар өткізіліп, сол олимпиадаларға арналған кітаптар шығарылған. Университеттердің басқаруымен «Қызықты криптография» клубы ашылып, оған 8-11 сынып оқушылары қалаулары бойынша қатыса алады, бұл да криптография саласын дамытуға үлкен үлес қосып отырғаны белгілі. Біздің елде Қарағандының орталығындағы Дарын мектебінің 11 сынып оқушысы Забира Омарова құпия ақпаратты қалай жеткізудің сырын әбден зерттеп, терең меңгерген. Әдістің сыры қарапайым, оны зейін қойып, зерделеген кез келген адам бірден игеріп алуына болады, сөйтіп қажет кезінде құпия тілмен хат жазысу қиын емес. Ол Кирилл әліпбиінің негізінде шифрлеу әдісін ойлап тапқан [1]. Тарихқа жүгінсек, мұндай тәсілді ежелгі жауынгерлер кеңінен қолданған. Мәселен, гректер Александр Македонский жорығының кезінде тұтқиылдан шабуыл жасайтын орындарын бір-біріне дәл осы жолмен білдіріп отырған. Бірақ 42 әріпті қазақ әліпбиіндегі шифрлеу әдісін әлемде бірінші болып оқушының ашуы әрине, үлкен жаңалық.

Дидактикалық материалдар жинақтау арқылы криптография жайлы әртүрлі қызықты материалдармен, есептерді шешу барысында ғылымның қызықты жақтарымен және криптография әлемі қиын да күрделі екенін көруге болады. Бүгінгі күні білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жанжақты маман болу мүмкін емес. Сонымен қоса, жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық тағы басқа қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Зерттеу жұмысы бойынша дидактикалық материалдар жинақталды. Зерттеу жұмыстың нәтижелері:

  • 10 сынып оқушыларына арналған бейіндік курс бағдарламасы;
  • бағдарламаға сәйкес сабақ жоспарлары (8 тақырып қарастырылды: «Қызықты криптография», ауыстыру шифріне «Сиқырлы шаршы», «Скитала» және «Айналма тор», алмастыру шифріне «Хилл шифрі» және «Виженер шифрі (ойын сабақ)» және жылжыту шифріне «Цезарь шифрі», «Криптография дегеніміз не? (әңгімелесу)»).
  • сабақты откізуге арналған көрнекілік құралдар (карточкалар, үш тілде әліпбилер жиыны, сабақ жоспарларын сүйемелдейтін слайдтар);
  • бақылау жұмыстары (ағымды Бақылау жұмысы – «Сиқырлы шаршы» тақырыбына, қорытынды бақылау жұмысы – курс бойынша);
  • Delphi объектілі бағытталған бағдарламалау ортасында мәтінді шифрлейтін, шифрден ашатын бағдарламалары (айналма тор, Цезарь шифрі және Хилл шифрлеріне

3 тілде жұмыс жасайтын бағдарламалар) және тест тапсырмасы (Хилл шифрлеу жүйесіне);

  • жаңа педагогикалық технологиялар қолданылды (Сиқырлы шаршы тақырыбына модульдік оқыту технологиясы, Цезарь шифрі тақырыбына сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолданылды)

«Қызықты криптография» бейінді курсының оқу бағдарламасы (Кесте 1).

Кесте 1. Күнтізбелік жоспар

Тақырып

Сағ.

1.

Кіріспе. Қызықты криптография (тарихи дерекнамалар). Жалпы шолу.

2 с.

2.

Жылжыту шифрі. Ағымдық шифрлеу жүйесі Цезарь шифрі

2 с.

3.

Ауыстыру шифрі. Ежелгі Спарта шифрі сцитала, сиқырлы шаршы, айналма тор.

5 с.

4.

Алмастыру шифрлері. Қарапайым және күрделі шифрлеу. Виженер шифрі.

3 с.

5.

Аналитикалық өңдеу негізінде шифрлеу. Хилл шифрі

3 c.

6.

Қорытынды сабақ

3 с.

 

Курс бойынша барлығы:

18 с.

Берілген курс бірнеше оқыту формаларында жүргізіледі: дәріс, практикалық жұмыстар, семинарлар, үй тапсырмалары және қорытынды бақылаулардан тұрады. Мүмкіндігінше барлық сабақ компьютерлік сыныптарда жүргізілу тиіс.

Курстан күтілетін нәтижелер:

  • Криптография есептерін шешу мақсатымен қызықты математикалық мәселелермен танысу;
  • Криптографиялық шифрлеу жүйелерінің үлгілерін құру.

Бейіндік курсына арналып жасалған дидактикалық материалдар жиынында «Айналма тор» (поворотная решетка) шифріне тоқталайық [2]. Шифрді қолдану үшін айналма тор деп аталатын, 2mx2k өлшемді шақпақ жолды тікбұрышты төртбұрыштан тұратын қағаз беті қолданылады. Кейбір шақпақтары қиылады. Трафаретте mk шақпақтарын таза бетке орналастырғанда оның қиындылары мүмкін болатын төрт әдіс (белгіленген жақтан жоғары, оңға, төмен, солға) толығымен беттің ауданын жабады.

Хабарлама әріптері сәйкесінше алдын – ала белгіленген тәртіпке сай төрт мүмкін жағдайдағы трафареттің қиындыларына жазылады (жол бойынша, әр жолды

солдан оңға қарай). Трафаретті алғаннан кейін, бетте шифрленген хабарлама қалады.

Осыдан «ніінжтотрышааңужыиеғдфсрткаейіыкыебмрауздошрлшаериуфтріседты» шифрленген мәтінін алынады. Әр топқа жеке есеп беруге болады: 1-ші топқа 5х4 көлеміндегі трафарет, шифрленетін сөз қызықты криптография! 2-ші топқа 4х4 көлеміндегі трафарет, шифрленетін сөз ақпаратты қорғау!

Криптография негіздерін оқытуда қолдануға болатын ақпаратты шифрлеуге және шифрден ашуға арналған бағдарламалық құралдар бар. Бірақ шифрлеу және шифрден ашу нәтижелерін байқап көру жеткіліксіз. Шифрлеу және шифрден ашу үрдісінің орындалуын көзбен көріп Бақылау арқылы үйрету әдістемелік мақсатқа лайықты. Бұл арада информатиканың түпнұсқалық негізіне сүйену керек. Криптографиялық әдістерді қолдануымен шифрлеу және шифрден ашу үрдісін көрнекілеуге Цезарь, Хилл, айналма тор шифрлеріне арналған үш тілде жұмыс жасайтын бағдарлама құрылды. Соның ішінде Айналма тор бағдарламасы.

Сурет 2. Шифрлеу және шифрден ашу бағдарлама интерфейсі

Сурет 3. Мәтінді шифрлеу терезесі

Сурет 4. Жабық мәтінді шифрден ашу

Дидактикалық материалдар жиынтығында көрсетілген Хилл шифрлеу жүйесіне жасалған ашық тест тапсырмалар негізінде бақылау бағдарлама көмегімен жүргізіледі [3].

Сурет 5. Тестілеу бағдарламасы

Сурет 6. Тест сұрақтары

Қорытындылай келгенде, «Қызықты криптография» бейіндік курсын ұсыну мақсаты: ақпаратты қорғау мәселесімен жетік танысып, болашақта осы салада тереңдетіп оқуға бағыт бағдар беру. Бұл бейіндік курс қызығушылығы бар, осы тақырып аясында зерттеулер жүргізгісі келетін және де ғылыми жобаларға қатысқысы келетін оқушыларға арналып жасалған. Сондықтан студенттерді ғана емес, оқушыларды да ақпаратты қорғау түсінігін жетік меңгертудің, криптографиялық әдістерді және оларды бағдарламалауға үйретудің жаңа әдістері мен құралдарын үнемі іздестіріп отыру қажет. Курстың бағдарламасын кеңейтіп (34 сағат көлеміне), жаңа қызықты дидактикалық материалдар жинақтарымен толықтырып, тәжірибеден өткізу және басылымға ұсыну жоспарланып отыр.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. БАҚ ақпарат. Қарағандыдағы «Дарын» мектебінің екі оқушысы ашқан екі жаңалық ел құлағын елең еткізді http:// www.bsh.kz/
  2. Ященко В.В. Олимпиады по криптографии и математике для школьников / Ю.А. Зубов, В.А. Зязин, Н.В. Овчинников, М.С. Рамоданов. –М., 2006. 288 б.
  3. Алексеев А.П. Изучение криптографии на уроках информатики // Информатика и образование. 2003. №4. 33 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.