Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орыс аудиториясында кәсіби қазақ тілін оқыту мәселелері

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Қазақстан ұлттық тәуелсіздігінің үш тірегі саяси, экономикалық, рухани тәуелсіздік десек, соның ішіндегі басты ұлттық құндылығы қазақ тілі. Тіл – ұлттың ұлы жетістігі. Бұл орайда қазақтың тілі ғасырлар сынынан өткен, шыңдалған, халықтық қасиеті қалыптасқан халық тілі.

Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Орыс тілді аудиториядағы оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты – студенттерге қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдетғұрпын, тарихын танып талаптандыру, Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Студенттерді қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету.

Менің жүргізіп жүрген пәнім колледждегі кәсіби қазақ тілі болғандықтан, әңгіме осы орайда болмақ. Орыс аудиторияда кәсіби қазақ тілін үйрету, білдіру қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. «Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты қазақ тілін кәсіби деңгейде меңгеру. Кәсіби қазақ тілінде еркін, сауатты, сапалы оқу, іс-қағаздарды жаза білуге дағдыландыру, сан алуан мемлекеттік қоғамда, ортада сөйлей білуге үйрету. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренушіге қойылатын талаптар:

  • мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;
  • мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;
  • өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын, терминологияны үнемі дамытып отыруы;
  • мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында шешен сөйлеуге дағдылануы;
  • кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білуі;
  • проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде көркем жеткізе білуі керек және т. б.

Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. Сондықтан да шығар қазіргі сабақ қандай болу керек, оның қандай жақтары жеткіліксіз, қай саласына көп мән бөлу керек, күнделікті сабақтың сәтті өтуін қалай қамтама сыз етуге болады деген сан алуан сұрақтар әрқайсымызды толған – дырып жүргені сөзсіз.

Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. «Қызығу әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н. Морозова, С. Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады.

Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге қызығуы артып қана қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, топ типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты.

Сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар. Олар:

  • Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет.
  • Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
  • Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.
  • Дидактикалық, техникалық құралдарды мақсатқа сай, студент сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
  • Сабақта алдыңғы қатарлы озық істәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.

Демек, студенттердің тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, студент қай пәнде оқып үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысын, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан, кәсіби қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары студенттердің жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, студенттердің тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай төрт бағытта жүргізіледі:

  1. мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, студентке мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
  2. лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы студенттің сөздік қорын байыту;
  3. жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру;
  4. студенттің ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.

Тіл дамыту – қазіргі колледждің оқу тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, студенттің дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Студенттердің ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде колледж мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдынды тұрған басты міндеттердің бірі.

Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мазмұндама, шығарма, диктант, мақала жазу, мінездеме беру, суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады.

Кәсіби қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру мамандыққа қатысты мәтіндер арқылы жүзеге асырылатыны дәлелденіп отыр. Студент өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды.

Мәтін – тілді оқытуда негізгі құрал. Оқу, жазу, тыңдау сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтіндер арқылы студентке келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұматтар беріледі. Ол студент білімін, танымын толықтырады. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс екі түрлі мақсатты көздейді:

  1. Студенттің сөздік қорын байыту;
  2. Қазақша сөйлеуге үйрету, қазақша дағдысын қалыптастыру.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Студенттің сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Студенттің сөздік қорын байытып,тілін ұстартуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар,дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз. Кәсіби лексиканы дамыту мәселесінде, яғни сөздік қорды байыту – өте маңызды мәселе. Ал өзге ұлт өкілдеріне кәсіби қазақ тілін оқытуда ол басты бағыттардың бірі болып саналады. Тілді меңгертудің негізгі мақсатына жету үшін тіл дамытуға, оның ішінде, сөздік қорды байыту жұмысына, грамматика, орфоэпия, жазылым, оқылым деген жұмыстар ілігіп жүруі тиіс. Бұл мәселені кәсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білетін мамандарды даярлау және олардың сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытумен байланыстыруға болады. Осындай дағдыларды қалыптастыруда студенттердің сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамыту ісі жақсы нәтиже берері сөзсіз. Кәсіби қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, студенттердің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу.

Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.

  1. Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орны ерекше, сабақ процесінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту.
  2. Сөздік жұмысының енді бір саласы әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттаумен байланысты.
  3. Әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуы қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Кәсіби тілді меңгертуде сөз тіркестерімен оңтайландырып алынған мамандыққа қатысты мәтіндермен, кәсіби терминдермен, сөздіктермен жұмыс түрлері жүргізіледі. Мамандықтарына байланысты шағын мәтіндер, сұхбаттар құрастыруға болады. Әр тақырыпқа сай сөздік және лексикалық минимум, сұрақтар беріледі. Әр сабақтан соң мазмұнына сай сұрақтар мен тапсырмалар беріліп, қорытындылау мақсатында түрлі рөлдік ойындар мен түрлі жағдай бойынша тапсырмалар беріледі.

Студенттер мәтінмен әртүрлі жұмыстар істегенде (мәтінді оқу, мәтінге ат қою, мәтін бойынша сұрақтар дайындау, диалог құрастыру т.б.) байланыстырып сөйлей білуге үйренеді. Мәтін – қашан да тілдік әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Дайын мәтін ала отырып:

  • Студенттерге мынадай жұмыстар орындату тиімді: сөз тіркестері арқылы сөйлем құрату, аяқталмаған сөйлемді аяқтау, диалогты сөйлем құрату, әңгімені аяқтау, белгілі таныс тақырыптар бойынша бір-бірінің жұмысын реакциялату тағы басқа – осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы студент дұрыс сөйлем құрастыруға бейімделеді.
  • Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естиді, тыңдайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады.
  • Ал жазбаша сөйлеу. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша, тырнақша, леп белгісі, сұрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік құралдарды пайдаланады.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда,осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырыларды.

«Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында» «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзек жарды мәселелерді де айқындайды. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар студенттің ойлау қабілетіне,сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Сукенттің білімі ғана жетіліп қоймайды,қабілетінің,дарын көзінің ашылуына түрткі болады.

Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп,дұрыс ұйымдастыра білсе, ол студенттің күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін,күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді. Тамаша педагог В. Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да колледждің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» – деп атап көрсеткен. Студенттерді тіл дамыту жұмыстарында шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптарды басшылыққа алуға болады:

  • Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталады;
  • Білімді өз беттерімен алу іс-әрекеттері көзделеді;
  • Шығармашылық ізденістеріне жол ашылады;
  • Студенттердің қызығушылығына түрткі жасалады;
  • Іздендіру, зерттеу жұмыстарына жұмылдырылады.

Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:

  • студенттің сөздік қорларын,көркем тілдерін байытады;
  • сауатты жаза білуге төселттіреді;
  • теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады;
  • өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

Жаңа уақыт өткен сайын қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Занның сегізінші бабында: «Қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, жан-жақты білімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілеті жанды қалыптастыру.

Ғалым В.М. Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі» деп айтты. В.П. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек». Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.

Қазіргі кезде жаңа инновациялық технологиялармен білім берудің негізгі мақсаты – қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да колледждерде кәсіби қазақ тілін оқыту барысында студенттерді болашақ өз мамандықтарына сай, яғни болашақ мамандарға қазақша кәсіби сөйлеуге үйретуде жүйелілік пен сабақтастық, бірізділікті қалыптастырудың маңызы ерекше деуге болады. Әрине, мамандыққа қатысты тілді меңгеру арнайы алынған бір мәтінді оқыту және аудартумен ғана шектеліп қалмай, мәтіндегі тақырыптық сәйкестіктің алынып отырған мамандыққа сай мазмұн түсініктілігін қалыптастырып, мәтінге лексикалық және грамматикалық материалдардың сәйкестілігін басшылыққа алу керек.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өзім кәсіби қазақ тілі пәні бойынша оқытудың «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясын жиі қолданып, сабақты барынша түрлендіріп өткізуге тырысамын.

Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға ауа іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушының санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:

  1. Нақты мақсат қоюға дағдыланады;
  2. Өзіне деген сенімді артады;
  3. Оқу процесіне белсенді қатысады;
  4. Жолдастарының пікірін сыйлайды;
  5. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі;
  6. Сараптауға, бағалауға дағдыланады;
  7. Пәнге деген қызығушылығын артады.

Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді аудиториядағы студенттердің қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қадашаева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі. Автореферат. Алматы, 2001.
  2. Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері. – Алматы, 2000.
  3. Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингводидактика мәселелері (9-шығуы). – Алматы, 2004.
  4. Нұржанова А.С. Орыс аудиториясындағы қазақ тілі сабағында мамандыққа негізделген терминдер мен мәтіндерді оқыту әдістері. Қызылорда, 2002.
  5. Халперн Д. Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы. СПб, 2002.
  6. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алма-Ата, 1985.
  7. Жұмабаев М. Педагогика. Алма-Ата, 1992.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.