Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттықкоммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» – деп, ақпараттықкоммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамыту және оның мүмкіндіктерін әлемдік ақпараттық ортаға ену мақсатында қолдану ұсынылып отыр [1]. Олай болса, білім беруді ақпараттандыру және ақпараттықкоммуникациялық технология құралдарын жаңа жағдайда қолдану арқылы жеке тұлғаның танымын зияткерлік әлеуетін дамыту негізінде әлемдік білім деңгейіне қол жеткізуіміз керек.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «бастауыш білім берудің мақсаты – білім алушылардың оқу ісәрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау», – деп көрсетілген [2]. Осындай күрделі мақсат пен міндеттер бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану әдістемесін дайындау қажеттілігін айқындайды.
С. Пейперт, Р. Вильямс, Б.С. Гершунский, А.П. Ершов, Е.Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, А.Е. Абылқасымова, Ж.А. Қа-раев, С.Қ. Қариев, Е.Ө. Медеуов, Қ. -С. Му-син, Ж.К. Нұрбекова, С.М. Кеңесбаев және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технология туралы ой тұжырымдары аппараттық және програм-малық құралдарды оқу үрдісінде қолдану әдістемесін жетілдіруге негіз болады.
Бастауыш мектептің оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолданудың психологиялықпедагогикалық мүмкіндіктері және оқушының танымын дамытудағы рөлі П.Я. Гальперин, П.И. Пидкасистый, Ю.К. Бабанский, Е.И. Машбиц, О.К. Тихомиров, Г.И. Дацюк, Ж.Ы. Сардарова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. С. А. Богданов, Д.А. Лукашенконың еңбектерінде компьютерлік ортада жоғары сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесі зерделенген. О.В. Даниленко, О.Б. Тыщенко, А.П. Гришаева, О.Р. Ельмикеев, Ю.М. Васина, А.Е. Сағымбаева, А.Б. Ибашова, Д.С. Байғожанова, А.Б. Медешова, Е.А. Вьюшкова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде бастауыш мектепте информатика және ақпараттық технологияны оқыту әдістемесі зерттеліп, оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мүмкіндігі ішінара қамтылған.
Қазіргі ақпараттандыру дәуірі оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология мүмкіндіктерін кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Әлемдік ғылым мен практикада ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген әлеуметтікфилософиялық тұжырымдамасы мен компьютермен оқытудың бағыттарына арналған іргелі және қолданбалы сипаттағы мәселелер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мәні, мазмұны мен құрылымы алдыңғы қатарлы ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Олар аталған ұғымға «компьютерлік технология», «ақпараттық технология», «ақпараттықкоммуникациялық технология» ретінде түрлі деңгейде анықтама берген:
- В.В. Персианов, Н.А. Шайденко: ақпараттық технология ақпаратты өңдеу, түрлендіру, тасымалдау, тарату технологиясы, есептеуіш техниканы, желіні және жүйені (жасанды интеллекті қоса алғанда), программалық құралдарды және т. б. жасау технологиясы [3];
- М.И. Жалдак: ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және ұсынудағы адамдардың білімін кеңейтетін және олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың жиынтығы [4];
- Н.В. Апатова: оқытуда компьютерді қолдану [5];
- И.В. Роберт: ақпараттық-коммуникациялық технология – нысан, үрдіс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпаратты алу мақсатында алғашқы ақпаратты өңдеу мен тарату, жинақтау әдістері мен құралдарының жиынтығын қамтитын үрдіс [6];
- Е.Ы. Бидайбеков: ақпараттық-коммуникациялық технология ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдаумен сипатталатын әртүрлі әдіс, тәсілдерді жалпылайтын ұғым [7];
- Ш.Х. Құрманалина: ақпараттықкоммуникациялық технология негізгі ақпараттық үрдістерді автоматтандыруға арналған және программалық өнімдерді пайдаланып, дамытуға байланысты компьютерді қолдануға негізделген технология [8]. Жоғарыдағы аталған ғалымдардың көзқарасынан ақпараттық-коммуникациялық технология компьютер арқылы оқытудың жүйелі әдісі, техникалық ойлау және танымдық әрекетіне бағыттап оқытуда түрлі техникалық, электрондық және компьютерлік құралдарды қолдану мәселесі деп түсінеміз.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесін басқару мен оқытуда ақпараттықкоммуникациялық технологияны қолданудың бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:
- ақпараттық технологиялардың аппараттық және программалық құралдарын оқу материалын баяндаудағы көрнекілікті арттыру, әртүрлі нысан мен үрдістерді модельдеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану;
- оқытудың әртүрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. Оқыту үрдісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;
- әртүрлі пәндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен программалық әдістемелік кешендерін жасақтау;
- ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау;
- білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану;
- білім беруді басқаруда ақпараттық технология құралдарын кәсіби қолдануға оқыту (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары);
- психологиялық педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану.
Жылдан-жылға дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер мұғалімдерге, оқушыларға жоғарыда аталған бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге мүмкіндік береді. Мұндай бағыттарды меңгеруде оқыту үрдісінде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының алатын орны ерекше.
И.В. Роберт ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын микропроцессорлық техника құралдары негізінде басқарылатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылғыларды, сондай-ақ ақпаратты тасымалдаудың қазіргі құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинау, қорландыру, өңдеу, сақтау, тарату, пайдалану операцияларын қамтамасыз ететін ақпараттық алмасу, компьютерлік желілердегі ақпараттық ресурсқа кіру мүмкіндігі деп түсіндірген [6].
В.В. Гриншкун оларды программалық қамтамасыз етілу тұрғысынан қарастырып, білім беру саласында қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының негізін перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес компьютердің құрайтындығын және оның мүмкіндіктері программалық қамтамасыз етілумен анықталатындығын көрсеткен. Ол программалық құралдардың негізгі көрсеткіштеріне жүйелік, қолданбалы және құрал-саймандық программаларды негіздеген. Жүйелік программалар ретінде компьютер мен жабдықтардың, адамның арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін операциялық жүйелерді, сонымен қатар қызметтік, сервистік программаларды қарастырған. Қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның құралдары болып табылатын программалық қамтамасыз етуді – мәтінмен, графикамен, кестелік мәліметтермен жұмыс жасау технологиясын жатқызса, үшінші түріне программалық қамтамасыз етуді өңдеуге арналған программаларды арнаған [9].
Бұдан, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер және программалық техникалық құралдар жиынтығы, ол өз кезегінде ақпараттық ресурстарды пайдалану үрдісінің оңтайландырады, сондай-ақ, оның сенімділігі мен жылдамдығын арттыратын құралдар болып табылатындықтан, оған келесідей анықтама береміз: ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үрдістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық және программалық құралдар. Осы анықтаманың негізінде білім беру жүйесіндегі аппараттық және программалық құралдарды ұсынуды жөн көрдік (1 кесте).
1 кесте. Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары
Аппараттық құралдар: |
Педагогикалық мүмкіндігі |
Компьютер |
Кез келген ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрал |
Интерактивтік тақта |
Оқу сабақтарын ұйымдастыруға және семинарлар мен пікірталастар өткізуге ыңғайлы құрал. |
Принтер |
Мұғалім мен оқушылардың дайындаған ақпаратын қағазға шығаруға арналған құрылғы |
Проектор |
Сабақтың көрнекілік деңгейін арттыруға және оқушылардың өз жұмыстарының нәтижесін көрсетуге арналған құрал |
Телекоммуникациялық блок |
Ресейлік немесе әлемдік ақпараттық ресурстарға кіруге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқытуға, басқа мектептермен хат алысуға көмектесетін құрал |
Пернетақта және тышқан |
Мәтіндік ақпаратты енгізуге және экрандағы нысандарды басқаруға арналған құралдар |
Сыныптағы және мектептегі желі |
Ақпараттық желіге кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық, техникалық және уақыттық ресурстарды тиімді қолдануға көмектеседі. |
Дыбыс-бейне құралдары |
Сканер, фотоаппарат, видеокамера, магнитофон қоршаған әлемнің ақпараттық бейнесін оқыту үрдісіне енгізуге мүмкіндік береді. |
Программалық құралдар: |
Педагогикалық мүмкіндігі |
Ақпараттың өзегі - интернет |
Ұйымдастырылған ақпараттық массивтер – компьютердегі энциклопедиялар, ақпараттық сайттар және Интернет жүйесі. |
Виртуалды конструкторлар |
Көрнекілік, математикалық және физикалық нақтылықтың символдық үлгілерін құрастыруға, осы үлгілерге эксперимент жүргізуге мүмкіндік береді. |
Жаттықтырғыштар |
Ақпараттық нысандармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға – мәтінді енгізу, экрандағы графикалық нысандармен жұмыс, жазбаша және ауызша жұмыстар жүргізуге бағытталады. |
Компьютерлік тест программалары |
Оқушылар автоматты түрде компьютер арқылы тапсырманы орындайды және нәтижесін алады. Компьютер оқушыны бағалайды. |
Оқытушы кешендік жиынтық (электрондық басылым) |
Жоғарыда аталған программалық құралдардың сәйкестігіне қарай дәстүрлі түрде оқыту үрдісін автоматтандырады, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін дербестендіреді. |
Басқарудың ақпараттық жүйелері |
Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларымен оқушылар, мұғалімдер, басшылық, ата-аналар, қоғам мүшелерінің арасындағы ақпараттық ағындардың жүруін қамтамасыз етеді. |
Аталған құралдарды өзінің ерекше қызметімен қатар, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құралы ретінде қамтамасыз ету мәселесі де өзекті болып отыр. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын бастауыш мектептің оқу үрдісіне қолдануды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді.
Бастауыш мектепте аталған құралдарды танымдық тұрғыдан қолданудың әртүрлі психологиялық-педагогикалық аспектілері С. Пейперт, Б. Хантер, Дж. Нокс, Т.М. Ньюсем және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. С. Пейперт «компьютермен оқытуда бала – өзінің интеллектуалдық құрылымын құрушы құрылысшы.
... бала қазіргі техниканы меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар жаратылыстану, математика пәндерінен, басқа да интеллектуалдық дамуына қажетті ақпараттармен танысады» деген [10. Шынында дәстүрлі оқытуда бала дайын білімді арнайы іскерліктерді меңгереді. Мұндай жағдайда ересектер балаларда өздігінен оқудың дағдыларын қалыптастырудың қажеттілігін, оның нәтижесінде бала жан дүниесінің үлгісін құратынын естен шығарады. Компьютермен жұмыс барысында оқушы өздігімен әртүрлі әуестігіне байланысты (сурет салу, өлең құрастыру, ән айту) оқу дағдыларын меңгеріп, өзі үшін жаңаны таниды, қоршаған әлемді зерттейді, білімді өздігімен ізденуге деген қызығушылығы, білуге құштарлығы пайда болады. Бұдан компьютердің есте сақтаудан терең ұғынуға көшуге мүмкіндік беруін, заттардың ұқсастық, айырмашылығын ерекшелеуін, ақылмен, санамен әрекет жасауға төселдіруін, өзіндік қызығушылығына байланысты тапсырмаларды орындай білуге дағдыландыруын балалардың танымдық үрдістерін дамытуда жүзеге асыру көзделеді.
Бірқатар мамандар, бұл құралдарды бастауыш сыныпта қолдану оқушыларды қоршаған әлемді танудағы бағытынан адастыруға, ойлауының ассимиляция үрдістері мен интеллектуалдық дамуында олқылықтар болуына, кішкентай балалар тәрізді сезімдік ойлауға бой алдыруы, компьютермен жұмыс істеуде нақтылық пен қиялдың, нақты мен тілектің арасындағы үзілістің сезілуі; компьютерді қолдану арқылы орындалатын символдармен және абстрактылы ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибесінің пайдасын түсінуге дайын еместігі, программалауға қажетті дағдылар баланың әрекетке дейінгі қабілеттеріне сәйкес келмеуі басым болатындығы жөнінде пікірлер айтады. Мәселен, Дж. Нокстың еңбегінде компьютерлер балалардың табиғи дамуы мен дене күшінің белсенділігін шектейді, сондай-ақ нақты нысандар мен жағдайларды ой елегінен өткізуге кедергі болуы мүмкін деп көрсеткен [11].
Шынында да, компьютердің балаға әсер ету мәселесі жан-жақты. Әртүрлі зерттеулердегі бастауыш мектепте компьютерді қолдану мәселесін талдау негізінде тек сауатты жоспарланған педагогикалық үрдіс жағдайында ғана аталған құралдарды бастауыш сыныпта қойылған талаптарды баланың психикалық даму деңгейіне байланысты ескере отырып қолданғанда ғана, баланың психикасы мен денсаулығына кері әсері болмайтындығы туралы қорытынды жасауға болады.
Егер басқа елдердің тәжірибесіне көз салсақ, мысалы АҚШ –та бұл мәселе 25 жыл бұрын шешілген және компьютерді арнайы балаларға арналған жоғары сапалы, тексерілген апробациялаған программаларды қолдану арқылы оқытуды қолға алған. Педагогтар, психологтар, дәрігерлердің зерттеулері бойынша компьютерді қолдану баланың денсаулығына зиянды емес, керісінше баланы эволюциялық тұрғыдан дамытады. Д. Солпитердің «Бала және компьютер» кітабы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды оқытуға және оқуға компьютерді қолдануға арналған. Автордың «компьютерлер сиқырлы құрал емес... компьютер баланың оқуына және қоршаған дүниені білуіне мүмкіндік жасайды» деген ойымен келісуге болады. Бұл кітапта дербес компьютерді қолданудың пайдалы жақтары, баланың денсаулығына тигізетін әсерлері, қауіпсіздік шаралары, жақсы модельдерді таңдау тәсілдері туралы айтылған [12]. М. Никитинаның «Бала компьютер алдында» кітабында компьютердің баланың дамуы мен қалыптасуына әсері, сергіту жаттығулары, балалардың интернетті қолдану мүмкіндігі, дамытушы ойындардың түрлері және балаларға оқуға қажетті материалдар мен ертегілер, журналдар, мультфильмдер қамтылған интернет сайттары берілген [13].
Компьютерді қолдануда баланың денсаулығын қорғау қиындық туғызатын мәселе. Оны кейбір бақылаусыз орындалатын ойындарды ойнауға емес, тұлғаны дамыту үшін қолдану керек. Сондықтан, бастауыш сыныпта аппараттық және программалық құралдарының оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру кезеңдерін жүзеге асыруындағы мүмкіндіктеріне тоқталайық.
Оқушыларда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарына ойыншық ретінде әуестену компьютермен алғашқы таныстық кезінде пайда болып, мектептен тыс және оқу әрекетіне байланыссыз сирек ұйымдастырылады. Біз бұдан қызығудың бұл түрінің мағынасын тарылтқымыз келіп тұрған жоқ. Өйткені, компьютермен білім беру барысында оқушы компьютерлер әлеміне енеді. Компьютермен алғаш танысу кезінде «таң қалдыратын тірі машинаға», ойынға қызығу, компьютерлік қызықты әсерлер оқушыны өзіне тартып, әуестігі пайда болады. Компьютермен ойнай отырып, оқушылар жүйені басқарудың әліптерін меңгереді, компьютерде серігін көруге машықтанады. Соның ішінде дидактикалық компьютерлік ойындар оқытудың басқа да кезеңдерінде өз мәнін жоғалтпайды, мұғалімдер компьютердің дидактикалық, эмоционалдық тартымдылық мүмкіндіктерін пайдаланады. Бірақ қызығудың бұл түрі оқытудың келесі кезеңдерінде басымырақ болып, қалыптан тыс түрге ие болса, онда жағымсыз зардаптар болмас еді. Компьютерлік ойындармен шамадан тыс әуестену, виртуалды ойындық әлемге көшу, компьютерлік ойындарды зорлық-зомбылық идеологиялары негізінде қолдану, қандай жолмен болса да мақсатқа жетуді көздеуі қауіпті. Психологтардың көзқарасы бойынша, «компьютерде кейіпкерлерді өлтіру», жазасыздық, «бірнеше өмірді жеңіл алу» және «оларды жеңіл қайтару» мүмкіндігіне әдеттену бала психикасының бұзылуына әкелуі мүмкін. Кейбір оқушылардың компьютерлік ойындарға әуестенуі көп жылдарға созылады, мұндай қызығу қажеттілікке айналады. Компьютерлік программаларды басқару іскерлігі ойын әрекетінен оқу әрекетіне табиғи жолмен алмастырылады, бірақ шиеленістер болуы мүмкін. Кейбір кезде бала ойынға «үйір» болғаны сондай, оқу әрекеті жағдайында да қызықтылыққа, сыртқы күшті әсерлерге ұмтылатын жағдайлар кездеседі. Оқушы компьютерді меңгерілген білімдермен байланыстырмайды, оқу мазмұнынан алшақтайды, оқу жағдайында оған ұсынылған ақпаратты түсінбейді. Оқу әрекетінен компьютер арқылы оқытуға көшуде көп қиындықтар кездеседі, сондықтан мұғалім оқушыларға дер кезінде көмек көрсетіп, танымды дамыту тұрғысынан ынталандыруды ұсыну қажет. Біз экрандағы бейненің оқушы санасында сурет, ашық графикалық бейне тәрізді бейнеленеді, оқушы мәтінді оның мазмұнын түсінбей оқитын, оқу ақпаратын нашар қабылдаған жағдайын талдайық. Мұндай оқушыларға да мұғалім көмегі және біртебірте қабылдау жүйесін қайта құруға мүмкіндік беретін, қызығуды мазмұнына қарай қалыптастыратын, дисплейде шығарылатын ақпаратты түсінуге үйрететін арнайы тапсырмалар жүйесі қажет болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының оқу үрдісін басқаруда өзіндік ерекшеліктері бар. Түс, графика, мультипликация, дыбыс, қазіргі видеотехниканың барлық құралдары оқытуға қолайлы жағдай жасап, оқу үрдісінде ақпаратты беру мүмкіндігін кеңейтеді, оқушылардың зейінін оқуға аударуға септігін тигізеді. Аппараттық және программалық құралдардың ақпараттарды түрлі деңгейде көрсету арқылы көрнекілік ретінде қолданылуы оқушылардың кез келген ақпаратты ғылыми, практикалық, құбылыс және болмыс түрінде меңгеруін оңтайландырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2008. – 240 б.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер. Астана, 2006. – 64 б.
- Персианов В.В. Использование вычислительной техники в учебном процессе: Учеб. пособие / Персианов В.В., Шайденко Н.А. – Тула: Изд-во Тульского госпедуниверситета, 1997. – 231 с.
- Жалдак М.И. Система подготовки учителя к использованию информационной технологии в учебном процесе: автореф. ... д-ра пед.наук . – М., 1989. – 41 с.
- Апатова Н.В. Влияние информационных технологий на содержание и методы обучения в средней школе: автореф. ... дра пед. наук. –М., 1994. 37с.
- Роберт И.В. О понятийном аппарате информатизации образования // Информатика и образование. 2003, №1. С. 2-6.
- Бидайбеков Е.Ы. Проблемы компьютеризации национальных школ // в кн.: Компьютерные технологии в учеб-новоспитательном процессе школы и вуза. – Свердловск, 1990. С.34-37.
- Құрманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования. –Алматы.: Алем, 2002. – 413 с.
- Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Изтлеуова Г.К. Средства телекоммуникаций в вузовском преподавании информатики. // Вестник АГУ, Физико – Математическая серия, №1, АГУ им. Абая. – Алматы, 2000. – С. 2127.
- Пейперт С. Переворот в сознании: дети, компьютеры и плодотворные идеи / Пейперт С. – М.: Педагогика, 1989. 345 с.
- Нокс Дж. Что могут дать компьютеры педагогике / Дж. Нокс // ИНФО. – 1991. - №5. – С. 107-112.
- Солпитер Д. Ребенок и компьютер. М.: 1992. 205 с.
- Никитина М. Ребенок за компьютером. –М.: Эксмо, 2006. 287 с.