Қазіргі кезде егеменді еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімі тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім қызметкерлерінің құрылтайында атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауапты мұғалім жаңа технологияны меңгеруі тиіс. Білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру оқытудың әдіс тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды, әсіресе, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді талап етеді.
Қазіргі нарық заман талабына сай жұмыс жасау үшін әрі мұғалім еркін және қолайлы еңбек ету үшін не істеу керек? Ал өмірге саналы, бәсекеге қабілетті, құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектеп қандай міндет атқаруы керек және ол келешекте қандай болуы керек ? Міне, қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналып отырған осы сұрақтар көптеген ұстаздардың назарында жүр.
Болашақ мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген жаңа технологияны өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, үнемі әдістемелік жетілдіріп отыру. Міне, инновация жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал.
Сондықтан осы талаптарға сай жұмыс жасау үшін мұғалім жаңа педагогикалық технологияларды іздеп, қолайлысын оқу үрдісінде пайдалануы қажет.
Р. Декарттың «Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден оқыту – олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай» деген пікірін еске алсақ, пәнаралық байланыс кіріктірілген технологияның құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі жаңашылдандыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің жаңаруына байланысты мұғалім білім берудің жаңа жолдарын қарастыру керек. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпарат тандырылған жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.
Соның бірі кіріктірілген сабақтар жүргізу. Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктірілген сабақ – бірнеше пәндердің бірігуі негізінде қандай да бір тақырыптың оқытылуы.
Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Кіріктірілген сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кіріктіру сабақты тиімді ұйымдастырудың құралы болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Сондай сабақтардың бірі өздеріңіз көрген «Кәсіпорын экономикасы» және «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» пәндері бойынша кіріктіріліп өткізілген сабақ.
Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы – ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады.
Бүгінгі жаппай қолданылып жүрген жаңа технологияның өзі кіріктірілген болып саналады. Қазіргі педагогикалық технологияда пәнаралық байланыс кіріктірілген білім берудің моделі болып саналады. Пәнаралық байланыс оқытудың кешенді жүйесін құрай отырып, әртүрлі білім салаларының ортақ тақырыптарын, кейде ортақ элемент, бөлім, дәйек, теория, ұғым заңдарды біріктіріп, құрылымдық және ғылыми-мазмұнды блоктар жасайды.
Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.
Кіріктірілген сабақтарды өтуде төмендегідей артықшылықтары бар:
- оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
- басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
- ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);
- сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ – Ы, т.б.).
Атқарылатын жұмыстар:
- кері байланысты орнату, үнемі байланыста болу, яғни оқушылардың барлығын бақылауда ұстауың керек;
- мамандық пәндеріне күнтізбелік жоспарларын жасау, пән мұғалімдерімен бірге жұмыстар атқару;
- өзімізге қажетті тақырыптарға кең көлемде тоқталу;
- нәтижелерді өңдеу, түзету, дамыту Сабақты кіріктірілген формамен өткізудің тиімділігі және күтілетін нәтиже төмендегідей:
- Студенттердің оқуға қызығушылығын көтереді;
- Пәнаралық байланыс нығаяды;
- Уақытты үнемдеу арқылы практикалық білім алуға көп көңіл бөлінеді;
- Барлық пәнде оқылатын кейбір тақырыптардың қайталануы жойылады;
- Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үш бірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі;
- Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттырады;
- Студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді.
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
«Пәнаралық іскерлік» ұғымы былай тұжырымдалады: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды».
Қазіргі заман талабына сай ақпараттық немесе компьютерлік технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт – бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан-жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару әрбір ұстаздың азаматтық парызы.
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың алған білімдерін бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігін жетілдіруге көмектеседі.
Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырумен қатар уақыт талабына сай оқыту үдерісін жетілдіру. Сабақ сапасы мен білімділігін арттыру – әр мұғалімнің басты міндеті.
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін білім беру жүйесінің негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып,толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру, жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру болғандықтан, осы аталған міндет, мақсаттарымызға жету үшін оқытудың тиімді әдіс– тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды тиімді ұйымдастыруымыз қажет.
Өз сабақтарымды басқа пәндермен бірге өткізу себебім де осы заманауи инновациялық технологияларды пайдаланудың қазіргі күні тиімді әдіс екендігін мойындайтындығын.
Қазіргі студенттердің пәнге деген қызығушылығын туғызу арқылы көп нәтижеге жетуге болады деп ойлағандықтан осындай қадамға бардым, яғни кіріктірілген сабақтың мақсаты. Қазіргі студенттің болашақ маман екендігін ескерсек, теориялық білім мен іс-тәжірибенің ұштастырылып, байланыстырылып берілуі нәтижелі болатындығы айқын.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Дуанов, Ж. Б. Кіріктірілген сабақтарды өткізуде компьютерлік технологияларды қолдану // ШҚО педагогика жаршысы = Педагогический вестник ВКО. 2012. - № 1.
- Нургалиева, С. К. Кіріктірілген жаратылыстану пәндерінің мазмұнын таңдап алудың факторы ретіндегі оқыту мақсаттары // Білім = Образование. 2009. N 6.
- Раисова Б.Т. Кіріктірілген сабақтың тиімділігі неде? // ШҚО педагогика жаршысы. 2008. № 2
- Мұхамбетова Ш. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану үрдісінде студенттерді кәсіби әрекеттерге дайындаудың ғылыми теориялық негізі // Білім = Образование . 2010. № 2
- Муфталова А. Оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану / Білім технологиялары = Образовательные технологии . 2011. № 2
- Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 28 ақпан, 2007 ж.