Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Домбыра үйренудегі психологиялық-педагогикалық әдістемелік қағидалары

Күй домбыраның үні мен жан дауысы болса, домбыра қазақ халқының жан сезімі мен жан серігі, қазақ халқының көне музыка аспабының бірі. Домбыра көшпелі елдің көне шежіресі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Халықтан өткені мен тұрмыс-тіршілігін, ой-арманын көне аңыз-күйлерден танып білуге болады.

Домбыра қазақ халқының жан сезімі, жан серігі. Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналды.

XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.

Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Орыстың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екенін көрсетсе керек.

Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.

Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.

Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 78 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.

Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тымтырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.

Иә, күміс көмей қаз дауысты ақын жырауға, балбармақтай күйшіге қазақ халқы қай дәуірде де кенде болған емес. Күй дегенде еске түсіріп, мұрасына мың мәртеге басымызды иетін күй бабасы Қорқыт. Бақсы қолынан қара қобызды жұлып алып, әлеумет мүддесін қозғаған Қорқыт туралы аңызды тындап көрсек; «адам күй тартқанда ажал жоламайды, жарқын өмір салтанат қурады», деген ұғым туындайды. Ал, күй сазы естілмей Қорқыт қалғып кеткенде, ажалы жылан болып шаққан деседі. Мұның өзі сауықшыл халықтың өнерге деген сүйіспеншілігін діттейді.

Халқымыздың қай заманда болсын, атын ауызға айналдырып, жырын жаттаған алып тұлғалардың бірі Асанқайғы. Ол XV ғасырдың алғашқы жартысында шамамен 1445 жылдары Әз-Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Асанқайғы қалдырған өлеңдер мен күйлер бүгінгі күнге дейін ұмытылмай ауыз әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына айналып отыр.

Домбыра дәстүрінің дамуы XIX ғасырда өзінің шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген профессионал күйші-композитор қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінеді. Домбыра өнерінде батыс қазақстандық төкпе және шығыс қазақстандық шертпе тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты. Бұл екі дәстүр бір-бірімен композициялық құрылысы, ойнау техникасы, музыкалық тілі жағынан айрықшаланып дараланады. Төкпе күйлер негізінен шиеленіскен тартысты оқиғаларға құрылады. Төкпе күйлердің шертпе күйлерден айырмашылығы оның бас буын, орта буын кіші саға, үлкен саға болып келетін нақтыланған формасы бар. Және бұл дәстүрдегі тағы бір ерекшелік оң қол қағысында. Қағыстар оң қолдың сермей соғуымен орындалып, қара қағыс, ілме қағыс, бөгеме қағыс сияқты сан түрге бөлінеді. Шығыс қазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктеріне күйлердің ән тектес әуезді, сазды және жұмсақ нәзік үнді болып келуін, саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады.

Домбыра күйлері: аңыз, тарихи тартыс, арнау, лирикалық күйлер деп, шығу тарихына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Домбыра өнері бұл күнде өз жалғасын тауып, дамып өркендеп отыр. Домбыра күйлері бұдан жүздеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген сенімін сақтап келеді.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесінде шешендік, өнерпаздық тәрбиеге баса назар аударды. Қытайда ата ана мен мектеп баланы төзімділікке, іскерлікке, ептілікке тәрбиелейді екен. Ал, қазақ мектебі қандай концепция ұстанады. Әзірге беймәлім дей тұрғанмен бізде халықтық тәрбиенің бай тәжірибесі бар. Көшпенді халық балаларын төзімді, епті, сезімталдыққа баулыған. Демек Қытайдағы сияқты белгілі бір бағыттар ұстану бізде де қалыптасқан. Мұнда сөз өнері мен саз өнері ерекше құрал ретінде пайдаланылған.

Музыканың адам тәрбиесіндегі орнына ежелден мән беріліп келген. Өнерге құмар халық өмірге де сондай құмар болады.

Өйткені кең байтақ жерді сезімтал, епті, төзімділіктің басымдылығының арқасында ие болды. Ал қазіргі көзқарас мүлде басқа арнаға бұрып осы тұрғыда тәрбиеленген ұрпақты кірме мәдениет арқылы ұлттық құндылықты бұзды. Өнер адамдарына сенімсіздік күдіктерді ұялатты. Өнер адам тәрбиесіне тікелей өнер етпесе де оның елестету қиялын тербеп сезімталдығын оятады. Ата-бабалардан қалған жақсы өнегенің барлығы дерлік өнермен байланысты болды. Ақын, батыр, би шешен, әнші, күйші, биші, бәрі-бәрі тікелей өнерді білді, ұстанды. Неге? Өйткені бір адам бірнеше өнерді меңгеру арқылы оның күш қуаты мен ақыл ойының күші артты. Әр өнердің бөлек-бөлек энергиясы адамға құятын нұр секілді. Сол-себепті кез-келген қазақ домбыра өнерін меңгеруге тырысты. Домбыра өнері белгілі бір философиялық-психологиялық қуат берді. Бүгінгі білім ордасында осы үрдіс басымдықта сақталмаған. Оны ойластырып енгізуге ұмтылмаған. Демек ата-бабаның аманат етіп қалдырған мұраларын ұрпақ тәрбиесінде пайдалану іс жүзінде емес сөз жүзінде қалған. Өнерлі ұрпақ тәрбиеге икемді келеді. Өнерсіз ұрпақты тәрбиелеу асау ат секілді түсінбейді. Тіл, тарих пен өнерге қазіргі жас ұрпақ жұтаң. Домбыра рухына иленбей өскен бала жат қылығын байқатады. "... құлаққа ілінетін күй сезім күйі... тіршіліктің суреті, әңгімесі аз болса да, ішкі өмірдің сыры көп, адамды өз ішіне үңілтетін мұң мен шердің сарыны бар" дейді М. Әуезов (1, б. 233).

Өнер атаулының бірнеше түрінің қалыптасуында оның осы қоғамдық қажеттілігі ықпал етсе керек. Мысалы: Ән, күй, жыр, терме, айтыс, толғау, желдірме, қысса дастан мұның бәрі ізгілікті тәрбие қуатын арттыруға бағытталды. Өйткені әр саланың өзінің сезімге әсер ететін тұстары бар. Мәселен өлеңнің сөзі ақыл мен ойға толы, ол елестету қиялын жетілдіреді. Өлең сөзді әуен реттеп, көркемдеу жағымен санаға жетіп, іштегі сезім түйсігіне әсер етеді. Сөйтіп адам сезімін реттеген өнер төзімді болуға шақырады. Төзімділік қалыптасқан жерде ептілік пайда болады. Өнер иесі өзінің көңіл күйі мен жан-жүрегін, сана сезімін, ой қиялын, арман аңсарын, бар болмысын өз шығармасына арқау етіп, жұртқа ұсына одан алған әсер - ләззатың жалпыға ортақ біріктіруші қасиеті болады. Өнер тек қана сезімді, төзімділікті оятып қана қоймайды сонымен қатар ол бірлік пен біріктіруі күшке әсер етеді.

Қазақ мінезі домбыра өнерімен шыңдалғанӨйткені оның үні ізгі үйлестікке шақырады. Домбыра өнері-тәрбиенің басты құралы. Қазақ халқының менталитетін айтқаңда, оның басты бір ерекшелігі ол тәрбиелік қасиет. Қазақ халқының бүкіл салтсанасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тірелетіні тәрбиелік мәселе. Олар адамгершілікке, көпшілдікке, азаматтыққа баулыған.

Домбыра өнері ұлт менталитетінің айнасы. Құрманғазы, Абай, Махамбеттерді мақтан етіп айтамыз да, олардың рухани өсиет нақыл күйлеріне келгенде шорқақпыз. Неге, өйткені оларға баянды көңіл қоймаймыз. Алдымен басқа жұрттың өнерін үйреніп алайын деп өз өнеріне салқын қарап өзін тани алмайтын дәрежеге дейін жеткізеді. Сөйтіп жүргенде өзгенікін де өзінікін де меңгеруге шамасы келмей жалқаулыққа ұрынады. Белгілі бір нәрсені терең білуге ұмтылыс жасаса, сонда ол нәтиже береді. Бір нәрсені жетік білмегеннен кейін адам тез бұзылу жолына түседі. Мәселен "Бес ғасыр жырлайды" кітабынан жарыса айтатын адамдарды кездестіру өте қиын. Ал ертеректегі адамдардың кез келгені осы кітап ішіндегі жинақталған өлгендерді ауызша жатқа айта білген. Және оны өзінің өмірінің белестерінде пайдалана білді. Ал қазіргі көп білуге ұмтылу, көп пәндердің қалыптасуы адамдардың біліктілігіне мүлдем қайшы болып жүр. Себебі бір нәрсені анықтап біле алмаған оқушы жастар сағат сайын айтылатын әр түрлі ақпарды үлгіріп бойына сіңіре алмайтыны белгілі. Әйтпесе өз ата бабасынан келе жатқан кәсіптерден айырылуына нендей нәрсе кедергі болып отыр. Әрине әр түрлі кірме мәдениет өзінің кірін әкеліп оқушы – жастарға жағуда. Ал оның қандай мағынада кіргені туралы бірде бір зерттеу орталығы жоқ. Салыстырмалы түрде қарап зерттеп ұлт мәселесіне қажет пе пайдалы ма ол жағы мүлдем қарастырылмаған сыңар жақты пәндер мен мәдениет, тәрбие енгізіліп жатыр. Бүгін келіп, істеген ісіне жауап бермей ертеңіне кете беретін болса, қазақ мәдениеті мен салт дәстүр тілімізден жұрдай болатынымыз күн санап алға жылжыған сайын айдай анық байқалып, көрініп келеді. Қазіргі мектептер де әлі күнге дейін бұрынғы білім қоржынымен келе жатыр.

Музыкамен айналысу баланың өзінің ішкі дүниесіне үңілуге көмектеседі. Көптеген оқушылар мектепте жаттанды сөздерді жеткізумен болады. Сыныпта еркіндік жок, еркіндікті ашатын ол – музыка. Музыка мектебі, хореография мектебі, қолөнер мектебі мен жалпы білім беру мектебі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өйткені ол көптеген өнерпаздарды көріп тез есейіп өсуіне әсер етеді.

Адамның ішкі әлеміне әсер ететін нәрсе біріншіден ауқаттануы, екінші естіген сөзі мен әуені, үшінші көргені, төртінші үйренгенін істеуі, бесінші жұмыс, оқу, жазу т.б. сияқты ортаның әрекеттері жатады. Қазақтың баласы, домбыра өнерінен тараған жыр, терме, күй мәдениетінен тәлім алмай қайдағы бір тегі жок кірме мәдениетке әуес. Сол себепті баланы өз тілін, жер байлығын қорғауға, өнерін сүйеуге, салт-дәстүрін бағалауға, даналарын мақтан етіп жүруге тәрбиелеу керек.

Кез-келген өнердің қай саласын алсақ та, ол өздігінен өркен жайып, еркін дамып кете алмайды. Әрбір өнер туындысы халықтың өткені және бүгінімен, болашағымен тығыз байланысты екені ешкімге құпия емес. Өйткені, өткенсіз бүгінді, бүгінісіз келешекті көз алдымызға елестете алмаймыз. Бұл ретте қазақтың ұлы композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Қазанғап, Тәттімбет аталарымыздың шалқар шабытынан туындаған күйлері өткен ғасырлардың ғана емес, келешегіміздің де асыл мұрасы болып табылатынын ерекше атап өткеніміз жөн.

Қазіргі таңда домбыра өнерінің өркендеуі – Қазақтың Ұлттық консерваториясының ұлт аспаптар факультетімен тығыз байланысты. Домбыра өнері уақыт талабына сай дамып келеді. Осы салада А. Жұбановтың «Ғасырлар пернесі», «Замана бүл бұлдары», «Құрманғазы», «Дәулеткерей», Х. Тастановтың «Домбырадан сабақ беру методикасы», Л. Хамиди мен Б. Ғизатовтың «Домбыра үйрену мектебі», А. Тоқтағанов және Т. Бәділовтың «Домбыраға арналған гаммалар мен арпеджиолар» атты еңбектері домбыра өнерін дамытып, аспабын жетілдіруде үлкен әдістемелік құрал болып табылады.

Музыка пәнінен сабақ беру – абыройлы да қиындығы мол күрделі процесс. Бұл процеске тек музыкалық аспап игерген оқушы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ой деңгейімен дүниетанымы қалыптасқан тұлға дайындау міндеті де кіреді. Ұстаздың тағы бір міндеті шәкіртін көркемдік парасаттылыққа, даралыққа, өнерді эстетикалық сұлулықпен ұштастыра ойнауға баулу. Оның музыкалық аспапта ойнау шеберлігін дамыту. Оқу процесіндегі психологиялық-педагогикалық әдістемелік принциптері өзара методологиялық жүйеде біріккенде ғана, өнер ұстазының қызметі нәрлене түседі.

Домбыра аспабының ерекше бір қасиеті оның бұрауы мен адам мінезіне сәйкес психологиялық ерекшеліктерінің сипатын көрсетіп тұрады. Адам табиғат мінезімен үндес, домбыра адам мінезімен сабақтас. Домбырашы қолына домбыраны алып бұрауына тиіспей-ақ тартып кете бермейді, ол әуелі құлақ күйін өзіне бейімдеп, жан-жағына қарап, тыңдаушысы бар ма дегендей сыңай білдіреді. Мұның өзі оның мінезінен хабар береді. Ұлттық қазынамыздың ерекшелігіне кеңінен тоқталған танымал өнер иелерінің еңбегінен санаға сіңірер дүние көп. Домбырашы әуелі біраз ішегін шертіп, құлалан бұрап, әбден бабына келтіріп өзіне ыңғайлап алады да өз мінезіне сәйкес жүрісі жай, қатты, орташа екпінде жүретін күйлерді тартады. Демек домбыра құлағын бұрап отырған адамның қандай бұрауға түсіріп отырғаны арқылы оның психологиялық күйін, мінез-құлкын анықтауға болады. Күйлердің де өзіндік мінезі болады. Сондықтан Дина шешеміз өмір бойы домбыраның құлақ күй бұрауына қатаң мән берген.

Қасиетті аспап ішінде жатқан ойды толғатады және оны сыртқа шығаруға икемдейді. Сөйтіп оның адамның ішінде жатқан шерлі ойды күй арқылы екінші адамға жеткізетіні бар. Ата-бабаларымыздың бір-бірімен күй арқылы сөйлесіп түсінуі олардың ішкі сезім психологиясының терең дамығандығының айғағы. Домбыра адаммен тіке бірлестікте болады. Демек музыка адам мінезіне икемделеді және оны реттейді. Сырлы аспаптан шыққан туындының шығарған композитордың да мінезін білдіретіні шын. Домбыра өнері адам мінезін реттеумен қатар тәрбиелеуге, қызығып үйренуге, өнердің сан түрін меңгеріп, білуге құмарттырады. Бірінің білгенін екіншісі көріп, естіп үйренуіне жетелейді.

Ғажайып толы аспабымыздың мойны арқылы әуен саз құралады. Оның мойын негізінде шыққан әуендер төрт бөлікті құрайды. Домбыраның мойны төрт бөліктен тұрады. Бұл құранды бөліктер емес, дыбыс регистріне қарай бөлуден шыққан ұғымдар. Ең төменгі регистрді "бас", яки "алғашқы" деп атаймыз. Ол мойынның алқымдағы бесінші пернесіне дейінгі бөлігін қамтиды. Бесінші перне мен оныншы перненің арасын "орта шен", яғни ортағы регистр. Мойынның қалған жағы "саға" болып аталып, оның өзі "бірінші саға", "екінші саға" болып екіге бөлінеді".

Домбыраның сағалық жүйесі оның адамның ыңғайына үйлесімге келтіру мүмкіндігін арттырса, ал, кейбір европалық (фортепиано, скрипка) аспаптары адамды бағындырады. Нақты аспаптың дыбысына бағындыруы адамды еркіндік қалпынан ажыратып оның психологиялық қабілетіне нұқсан келтіретіні анық. Демек домбыра адам еркіндігіне ыңғайлы аспап. Домбыраның құлақ бұрауының әр түрлі қалыптасуында белгілі бір заңдылық бар. Сондықтан оның дыбысты есту, есте сақтау қабілеттерінің әр түрлі болуы және белгілі бір бұрауға түспеуі оның еркіндігін білдіреді.

Домбырашы азғана уақыт екі ішекті кезек бұрап, ұзына бойы иіргенде, кергенде, ысқанда кеткен татау жоқ па екен деген кісідей, ішекті басып перне бойлап, әр жерге бір тоқтап, үстіңгі ішекті бір-екі жерден басып қарап, сырғытып сағаға барып, үстіңгі ішекті сөйлете, сылытып бас пернеге шыға келіп, көңіл жаңа тынғандай, өз домбырасына өзі разы болғандай, әдемі саусақтарымен домбыраның ішегін тәртіпті ғана бір-екі қағып жіберді.

Онсыз ән шырқалмайтын аспабымыздың үні табиғат тіршілігінде кездесетін әр түрлі дыбыстар мен үндестіктен тұрады. Табиғаттан пайда болған дыбысты айнытпай қайталап, оны музыка үніне айналдыру үшін сол дыбыстың өзін сала білу керек. Дала табиғатынан жаралған дыбыстарды домбыраға түсіру үлкен шеберлікті қажет етеді. "Жылқының кісінегені, қойдың маңырағаны, сиырдың мөңірегені, түйенің боздағаны, кешкі мал сауған шелектің дауысы, қойдың желініне анда-санда шапалақпен шарт еткізіп қоятын әйелдердің алақандарының дауыстары, мал суарып жатқан малшының құдық пен астауға кезек соққан қауғасының әрбір өлшенуі минуттан кейін шығып тұрған дыбысы, шақырлатып қырған қазанның құлағын жаратын дауысы міне осының бәрі қосылып ұласқанда, бір әдемі фон болып, баяғы шыққан домбыра күй, туындаушыларға қалайда бөлек естіліп тұрады" (2, б. 123). Міне, осындай далада жаңғырып шыққан дыбыстарды күйге айналдырып тарту талантты адамдардың іс-әрекеті. Соңдықтан естіген дыбыс үдердің әуенін салу үшін домбыра құлағын бұрап келтіріп алып, тез перне бойын қуалап екі ішектің көмегімен әуен саздарды құрастырды. Сөйтіп, жаңағы дыбыс әуендер күйге ұласады. Домбыраның әр пернесін адамша сөйлетіп, адамға қызмет еткізу үшін оның қыр сырын толық меңгеру керек. Ол үшін домбыра болмысының философиясын тұтас білу қажет.

Күй тарту алдында келтіретін құлақ бұрауды байқар болсақ олар адам мінезінің психологиялық типтеріне сәйкес бұралатынын аңғарамыз. Мысалы: бос бұрау меланхолик, қатаң бұрау флегматик, орташа бұрау сангвиник, шіңкілдек бұрау холерик. Осы төрт бұрау орындаушы адамның психологиясын аңғартады. Оның ішіндегі сезім қуатының тебіренісін сыртқа айдап, әуен арқылы әуелетіп, кеңістікке алып шығады. Қазақтар ішке жиналған мұңқайғысын, қасіреті мен қуаныш, үмітін сыртқа әнмен, өлеңмен шығаратын. Соның дәлеліндей далада астындағы атымен аяңдап келе жатқан жолаушы аспан-жермен, аймен, күнмен, тау-таспен ән арқылы тілдеседі.

Күйшінің қозғалысы мен ойнау әрекеті тыңдаушыларын өзіне қызықтырып, ішкі сезімге түрткі болатын туындыларды тарта бастайды. Әуен (ән, күй) тыңдаушының бойын балқытып, оның ойынан шығатын шығармаларды орындап, тыңдап отырған халықты өзіне қаратып баурап алады. Психологиялық тәсілді терең меңгерген орындаушы мінезіне лайықты шығармаларды өз репертуарына жинастырып, түрлі актерлік қылықтарымен жұртты ұйытып бағындыруға әрекет етеді.

Орындаушылық дәстүр орындаушының психологиялық мінез-құлқына көп байланысты болған. Мәселен орындаушы холерик болса, оның орындау шеберлігі де сол психологиялық мінезіне сабақтас. Ал меланхолик, флегматик, сангвиник мінезінде болса, оның орындаушылық шеберліктері де сол сипатта өріледі. Мінезіне байланысты бір күйді олар әр түрлі етіп орындап тартуы да мүмкін...

Әдетте орындаушылар домбыраны бір қалыпқа салып орындамаған. Сондықтан олардың түрлі мектеп үлгілері қалған. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап т.б. күйшілік мектептер және күй шығару әрекеттері мен орындаушылық дәстүрлерінің әртүрлі болатыны белгілі. Орындаушы композиторлар қашанда бірбірін естіп-біліп жүреді. Бірінің тартқанын бірі тартып үйренуге құмар. "Түркешке" еліктеп шығарған Динаның "Байжұма" күйінің де тартымдылығы белгілі. Түркештің асқан домбырашылығын Дина үнемі мадақтап, оның творчествосын жоғары бағалап отырған... Динаның варианты үні жағынан да, ырғағы жағынан да, перне бөлу жағынан да "Байжұманың" басқа варианттарына ұқсайды. Бірақ Динаның домбыра тартушылық шеберлігінің өзгешелігі арқасында оның "Байжұмасы" тіпті жаңа, өз өзгешеліктері бар, өз мазмұны бар, өз формасы бар басқаша күй болып шыққан.

Еркін орындаушылық қалпы қалыптасқан жерде шынайы музыкалық шығармалар туады. Бір қалыпқа салып орындау музыкалық ырғақтардың характерін таныта алмайды Бұйрыққа салып тежеу орындаушының мінезін айқындамайды. Мұндайда шебер домбырашы орындаушылық еркіндігінен айырылады.

Халық композиторларының шығарған күйлерінің ішкі мазмұнына терең бойлайтын болсақ, Құрманғазы мен Қазанғапты, Тәттімбет пен Сүгірді немесе Дәулеткерей мен Динаны салыстырмалы түрде бәрі бірдей күй шығарып, бір қалыпта орындады деп айту қиын.

Құрманғазының "Кішкентай" күйіне зер салып қарайық: "Аспай-саспай, жұмсақ қағыспен, баяулап қана, тек домбыраның үстіңгі ішегінде (екінші дауыста) басталатын жалғыз дауысты "кіріспе" іште жатқан шер, терең қиял теңізінің толқуын бергендей. Мелодия сол бір ішекті қуа жоғары қарай өрлейді, аққан судай бұралып, иреңдейді... мелодияның сыр түрі жыршылардың кей кезде сөзсіз, тек ыңыл арқылы келетін сазды қайырмаларына ұқсайды. Одан кейінгі буындарында баяу толқу, қобалжу кезгендерімен кезектесе белсенді күрестің, драманың элементтері көрінеді. Күйді екпіні жүрдектелік, музыканың сазы бұрынғыдан гөрі қатая, ширай түседі: бастағы минор кейіпті буындар орнына енді мажор сазды дыбыстар келеді. Домбыраның сағасына қарай жылжығанда екпіні бұрынғыдан едәуір шапшаңдап, қағыстар қатайып, күйде шын мәнісінде тынышсыздық, талас-тартыс айқас суреттері алдына келеді.

Міне, көріп отырғанымыздай әр композитор өзінің туындыларын өз характерінде ойнап, өздері тыңдаушы халық алдына шығып өз өнерін көрсете білді. Соның нәтижесінде олардың шығармалары халық арасына кеңінен жайылып ұрпақтанұрпаққа тарады. Өнер туындысын дүниеге келтірумен қатар орындау кезінде өзіндік шеберлігі тасыған орындаушыдан көп үміт күтуге болады. Себебі оның орындау шеберлігінде ерекше қасиет оты жалындайды. Демек орындаушының күш-қуаты басым болған жерде одан жақсы туынды шығады.

Күйшілердің бір-бірінен ерекшеліктері мінез-құлықтары мен психологиялық көзқарастарының әр түрлілігімен сипатталады. Құрманғазының "Сарыарқасын", Тәттімбеттің "Сар жайлауын", Қазанғаптың "Жұртта қалғанын" немесе Сүгірдің "Кер толғауы" бір-біріне тектес деп айтуға болмайды. "Сарыарқа... ол халықтың күшті үні, ашуы мен арманы, қарасы алыста болса да аңсаған "Жеңіс жыры" болатын. Ата-бабалар орындаушылық мектептің әр түрін ұстана білді. Өйткені орындаушылардың бәрінің бір-бірінен оқшау ерекшеленіп көрінуі домбыраның адам мінезімен сабақтасып өрілуіне байланысты. Егер барлық орындаушылар бір қалыпқа салып орындаған (шығарған) болса, онда әр аймақтың орындаушылық мектептері мен күйшілік дәстүрлері дамымай қалған болар еді. Әр аймақтың өзіндік ірі-ірі мектептері бар. Бірақ соған қарамастан олардың ішінен бөлінетін алуан түрлі бір біріне ұқсамайтын өзіндік бөлек бөлек ішкі мектептік үрдістері және бар. "Өзі бір жібек мінезді, салмақты, аса сыпайы кісі, жанының шуағы мол, мейірбан адам. Наушаның күйлері, менің білуімше, бұл халық суреткері дарынының мәнділігі мен шынайы шеберлігін, музыкадан мол хабардар, сезімтал жан екенін сайрап-ақ айтып тұр. Өзінің досы Махамбетке қарағанда орындау мәнері мүлдем басқа. Соған қарамастан екеуі де осы маңайдағы ең маңдай алды үздік домбырашылар... Наушаның ең бір артықша қасиеті тыңдаушысының құлағын әлдилеп, күйді өте биязы, жұмсақ үнмен, сабырлы, байсалды қалыпта орындап, қазақ жұртының отбасы, ошақ қасындағы тыныш тұрмысы, жарасымды көңілінің поэзиясын тақырлата жеткізеді" деп Затаевич оның ерекше орындау қасиетіне мән береді (5, б. 68). Орындаушы құлақ күйін мінезіме сәйкес келтіріп орындау арқылы өзінің байсалды, салмақты екенін білдіреді.

Домбыра өнерінен туған ән, күй тез бойға сіңеді. Осы өнерді үйрену адамды жақсылыққа жетелейді. Оның кілтін ашып, игере білген адамға нұр шапағаты құйылады. Домбыра тіл мен мәдениетті реттейді. Салт-дәстүр қағидаларын ұмыттырмайды. Домбыра меңгерген адам көп білуге құштар. Сондықтан қазақ күй өнеріне өте қатты мән беріп түсінген.

Домбыра бір тәулік бойы (хисса, дастан, күй т.б.) тыңдауға жалықтырмайды. Өйткені одан пайда болған әуен адам бойына тіке бармай, біртіндеп жүрекке кеулеп енеді. Фортепиано, скрипка т.б. темір ішектер араласқан аспаптар адам бойына тіке дәл барып адам психологиясының тез шаршауына соқтырады. Жапондық тауарлардың (машина, киім, үй жабдықтары т.б.) адамның ыңғайына сай жасалатыны рас болса, онда домбыра аспабының адам ыңғайына көнуіне негіз бар деп түйіндеуге болады.

Егеменді ел атанып, іргемізді қымтап, қатардан қалмай алға ұмтылу кезінде адамға бейімдеу ұстанымы қалыптасуда. Демек, адамға бейімдеп жасалған дүниелер қанды болатынын түсіне бастадық. Осы орайда қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан домбыра аспабын аса құрметпен айтуға лайық. Бұдан шығатын қорытынды домбыра аспабының адам мінезімен сабақтас құралып жасалғанын және адамға бейім екенін айтуға болады. Домбыра өнерімен айналысқан адамдарда көпшілдік, ашықтық, еркіндік жақтары басым. Сондықтан олар тез тіл табысып, кез-келген жерлерге сіңісіп кете береді. Ортақ бір келісім тудырып пікір алмасуға, шүйіркелесіп, ынтымақ-бірлікке ықпал етуге өте қажетті құрал болып есептелген. Домбыра өнерін кез-келген қазақ баласы меңгеруге тырысып оны үйреніп отырғанына да сол қасиет себеп болса керек.

Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жес жеткіншек бойына дарытып, оның жан жүйесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының атқаратын ролі ерекше.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Еңсепов Ж. Домбыра психологиясы //Сыныптағы тәрбие, 2006 – № 1
  2. Есенберлина Сағыныш “Қазақтың ұлттық аспабы – домбыра” // www.45 minut. kz
  3. Еңсепов Ж. Ұлттық тәрбиедегі өнердің орны // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы, 2006 – № 3
  4. Еңсепов Ж. Күй мен табиғаттың біртұтастығы арқылы оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру // География және табиғат. – 2008 – № 2
  5. Нарымбетов М. Оқушылардың музыкалық танымын қалыптастыру жолдары // Музыка әлемінде, 2006 – № 2.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.