Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу жолдары

Қазақстан Республикасы үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісті. Жаңа ғасырдағы Қазақстан қоғамын сипаттайтын саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мен қайта құрулардың шапшаңдығы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде. Яғни, жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі. Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымдарының кызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы жасөспірімдерінің бос уақытының шамадан тыс молдығы олардың арасында бақылаусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының күрт өсуіне негіз болып отыр. Тұтас алғанда қазіргі қазақ жастарын бүгінгі қоғамдық және экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесіне жарым-жартылай бейімделген, тұрақсыз статусқа ие әлеуметтік топ реттінде тани аламыз.

Біздің елімізде 2011 жылы жүргізілген сынақ нәтижесі бойынша 10 жас пен 19 жас аралындағы жастар мен жасөспірімдер жалпы халықтың 25 пайызын құрайды. Олай болса, жастар арасындағы маскүнемдік пен нашақорлықты және бопсалау, қарақшылық, тонау, ұрлық сияқты қылмыстардың күннен-күнге өршуі қаншалықты дәрежеде қауіпті екендігі айтпаса да түсінікті.

Қырық жылға тақау уақыт қолданып келген ескі заңның дәурені озып, оның орнын толтырған жаңа Қылмыстық кодекстің 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгені мәлім. ҚР Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы көзделген алтыншы бөлім.

Алайда, оның баптары жұмыс істей бастаған жылдар ішінде Қазақстанда кәмелетке толмаған соттаушылар қатары кемудің орнына көбейіп кетті.

Сот сарабы олардың әсіресе қарақшылық, қорқытып алушылық, тонаушылық, ұрлық жасау сияқты қылмыстарға көбірек құмартатынын көрсетеді.

Сотталушылардың осы санатына сараптама жасаушы заңгерлер ахуалдың бұлай қалыптасуына ең алдымен отбасыларындағы тапшылық, одан кейін олардың оқуымен немесе жұмыспен қамтылмауы себепші деп санайды.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін қарау әдетте тәжірибелі судьяларға сеніп тапсырылады. Олар іс бойынша жинақталған әрекеттерді байыппен зерделеп, баға береді. Жазаларды даралау қағидасын ұстанып, оның мөлшері қателескен жеткіншектің түзелмеуіне мүмкіндік жасайтындай болуын ескереді. Сонымен бірге облыс соттарының қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас еркінен айыру жазасын тағайындауды едәуір азайтқанын атап өту керек (1).

Сонымен бірге сотталушы жасөспірімдерге қатысты еліміз Конституциясының маңызды бір тармағы жиі бұзылатынын жасыруға болмайды. Атап айтқанда, Ата Заңның 13-бабының 3 тармағында әркімнің білікті заң көмегімен алуға құқығы бар екен көрсетілген. Ал, біздің облыста кәмелетке жетпеген сотталушылардың тең жартысы дерлігі білікті заң көмегімен, яғни кәсіби адвокатпен қамтамасыз етілмейді. Адвокаттар жетіспеушілігінің кесірінен, әсіресе шалғайдағы аудандарда олардың қорғаушылары болып әдетте заңнан хабары шамалы ата-аналары, өзге де жақын туыстары белгіленеді.

Жоғарыда көрсетілген конституциялық талаптардың бұзылуынан алдын ала тергеу мен сот процесінде бұдан да күрделі жағдайлар – қорғаушы ата-ананың заңнан мақұрымдығының салдарынан жасы жетпеген баланың жазықсыз сотталуы немесе жазасының негізсіз ауырлап кетуі кездесіп жатады.

Назар аударарлық және бір мәселе тәуелсіздігімізге ие болған соңғы онжылдықтың беделінде қылмыс жасаушылардың, түрмеге қамаушылардың арасында қазақ жастарының көбейіп кетуі. Тәжірибелі заңгерлер қалалық, аудандық соттарда кәмелетке толмағандар айыпталатын істердің қаралуын мамандандыруды тереңдету, оларды қараумен белгілі бір судьялардың үнемі айналысудың қамтамасыз ету, ал түптің түбінде арнаулы соттар құру қажет деп есептейді. Қалай болғанда да жасөспірімдердің қылмыс жасауы құқықтық органдардың үнемі бақылауында болуы, оның әлеуметтік-психологиялық тамырларын зерттеуге ғылым мен тәжірибе қатар жұмылдырылуы тиіс. Әйтпесе, заңды қанша әдемілеп, жаңалағанмен, өзгертулер мен толықтырулар енгізгенмен, ертеңгі жантүршігерлік, ірі қылмыстардың қайнар көзі ретіндегі олардың қоғамға қауіпті әрекеттері бүгінгіден де көбейе беруі мүмкін.

Жасөспірімдер арасындағы қазіргі қылмыс түрлері негізінен өзінің әдейілеп зорлық жасау бағытын ұстанған. Жасалатын қылмыстық оқиғалардың көп бөлігін ұрлық, қарақшылық және тонау сынды заң бұзушылықтар алып отыр. Сонымен бірге, жастар арасында аса қатігездікпен жасалатын адам өлтіру, әйел зорлау сынды ауыр қылмыстардың саны күн өткен сайын артып келеді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көп жағдайда топтық немесе ұйымдасқан түрде болуымен ерекшеленуде. Бұл жағынан алғанда Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтістүк Қазақстан облыстары ең криминалды аудандар болып есептелінеді.

Бұл сияқты заң бұзушылықтардың алдын-ала мақсатында ішкі істер органдары білім беру, денсаулық сақтау және жергілікті атқару органдарымен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізіп, оң бастамалар көтеріп келеді. Мұнда әсіресе білім мекемелері мен жалпы білім беру мектептерінде оқитын оқушыларға зор мән берілуде. Дәстүрлі шаралармен бірге тәжірибеге қылмыстың алдын алу жұмыстарының жаңа формалары мен амалдары енгізіліп отыр. Олардың қатарында атап өтер бір оң бастама, жалпы білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер ісі жөніндегі «мектептегі» полиция инспекторлары штаттық лауазымдарының енгізілуі (2).

Айтар кетер мәселе, бұл келеңсіздіктермен күресетін, оның алдын алуға бағытталған шаралардың жеткіліксіздігіне қатысты болып отыр. Алкоголизм және нашақорлық дертіне шалдыққан кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарды сауықтыруға арналған емдеу алдын алу мекемелері жоққа тән. Салауатты өмір салатын қалыптастыруға насихаттайтын жұмыстардың сапсын көтермейді.

Бұл істе жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен компьютер клубтарының да тигізер зияны орасан. Әр түрлі атыс-шабысы бар ойындар бүлдіршіндердің қылмысқа қадам басуын насихаттайды. Осыны түсінбеген кейбір атааналар балаларына тәулік бойы осы тәріздес клубтарда уақыт өткізуіне қарсылық білдірмеуде. Оның зияны жайлы ойланбайақ келеді.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер психикасына құрамында адам өлтіру, зорлық пен қатыгездіктің егжей-тегжейлі көрсетілімдері бар бейне тауарлар да зор кесірін тигізуде.

Ең өкініштісі, бұл тәріздес фильмдер телевизияның барлық дерлік арналарынан тәуліктің қай мезгілінде болсын көрсетіледі. Осы сияқты фильмдердің көріп өскен бүлдіршін, өсе келе өзін Терминатор немесе Фредди Крюгер ретінде сезініп, әр түрлі категориялы қылмыстар жасауға бейім тұрмасына кім кепілдік бере алады.

Қазіргі күні тағы бір проблема, мемлекет көмегіне зәру әрі әлеуметтік қауіпті ахуалға ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді өз уақытында тиісті мекемелерге орналастыруға қатысты.

Жастарға отбасы мен мектеп табалдырығынан ақ құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету керек. Білім беру мекемелерінің оқу бағдарламасына түрлі дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды енгізу қажет. Қылмысты алдын алу ісінде республикамыздың ішкі істер органдарының атқарған жұмыстарын атап өтуге тұрарлық.

Жас ұрпақ қоғамдағы болашағы мол, екпінді әлеуметтік топ. Жастар қандай болса, белгілі дәрежеде біздің бүгініміз де ертеңімізде соған сәйкес болады. Сондықтан да бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алар шақ келді.

Қылмыстылықпен күресте ең маңызды іс – оның алдын алу одан сақтандыру екені белгілі. Осыған орай, жастардың психикалық және физикалық тұрғыдан сау – саламат болуына, олардың сыртқы әлеммен өзара қарым – қатынасы барысында және кәмелетке толмағандар жасайтын қоғамға қауіпті әрекеттерге қатысты қолданылатын құқықтық нормаларды насихаттауға бағытталған арнайы бағдарламаны қабылдау аса қажет – ақ. Әрі аталмыш бағдарлама аясында біз мынандай іс – шаралардың жүзеге асырылғанын қалар едік:

  1. Жастарды кітап оқып, театрға баруға, жалпы рухани өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көз қарасын қалыптастыру;
  2. «Балаларға көмек көрсету орталығын» ашу әрі мұндай орталықтарда қамқорлықсыз қалған балаларды, жетім балаларды, ата анасы тастап кеткен балаларды, қараусыз қалған және қайыршылықпен айналысатын балаларды, әр түрлі себептермен күн көруге қаржысы жоқ балаларды жан – жақты қамқорлыққа алу және тиісті тәлім тәрбиемен қамтамасыз ету;
  3. Ұйымдастырушылық бағытында республикалық, аймақтық, облыстық және аудандық, ауданаралық жасы кәмелетке тоймағандар қылмыстылығымен күресу шараларының бағдарламалары қабылданып, оларда кәмелетке толмағандар тұлғасы ерекшеліктерін қылмыстың алдан алуда ескерілуі нақтылы түрде қаралу;
  4. Республика шеңберінде арнаулы мемлекеттік криминологиялық орталық, ғылыми зерттеу институты ашылып, оның басты бір бағыты – жасы кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу мәселелері мен идеялары болу қажет. Ол орталықтың бөлімшелері (топтары, лабораториялары) әрбір аймақ, облыстарда жұмыс жасалуы қажет. Бұл жұмысқа жастар тәрбиесіне байланысты барлық мемлекеттік мекемелердің (әсіресе, ұйымдардың, педагогикалық, психологиялық, медициналық, тағы басқа әлеуметтік (профилактикалық), субьектілердің белсене қатысуын қамтамасыз ету;
  5. Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жұмыс жүргізетін әлеуметтік және әлеуметтік – педагогикалық қызметтердің бөлімшелерін, яғни:
  • ювеналдық полиция;
  • ювеналдық соттар;
  • реабилитация (патронаждық) қызметтер;
  • омбудсмен (кәмелетке толмағандар құқығы жөніндегі өкілі) қызметін ашу;
  1. Бұрын сотталып, рақымшылық алған, берекесіз отбасыларынан шыққан жасөспірімдердің мамандық алып, жұмысқа араласуына жағдай жасау, олар үшін еңбекке бейімдеу орталықтарын құру;
  2. Міндетті квоталарды белгілеу жолымен кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру және жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу жүйесін қалыптастыру;
  3. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, жастардың еңбек биржасын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтандыру мекемелердің, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын көптеп құру;
  4. Оқу орындарында психо – педагогикалық қызметтер құру, сонымен бірге олардың типтік ережелерін жасау;
  5. Балаларды қорғау мәселесі жалпы әлеуметтік қорғау проблемасынан ажыратылуы тиіс.

Сонымен ұсынылған шаралар, біздің пікірімізше кәмелетке толмағандарды құ-

қықтық – санасын жоғарғы деңгейге көтеруге, қоғамның ұмытыла бастаған моральдық құндылықтарын қайта қалпына келтіруге, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыруға барлық мүдделі ұйымдардың жұмысын үйлестіруге көмектеседі. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, оларды тәрбиелеу, сондай ақ ата – аналардың бала тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілігін жоғарылату, кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау сияқты мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

Қорта айтқанда, бүгінгі танда жас ұрпақ өзіне ерекше назар аударуды, әрі тәрбиелеу бағытындағы ықпалды шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды, сонымен қоса қоршаған дүниенің заңдылығын дұрыс түсіну үшін үздіксіз көмек көрсетіп отыруды қажет етуде. Олай болса, болашақтың бүгіннен басталатын ескере отырып, жас ұрпақ мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлгеніміз абзал. Жастар проблемасын асқындырмай, алдын алған мемлекетте ғана кемел келешек бар екені сөзсіз.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған (қолданыстағы редакциясы).
  2. Елеонский В.А. Поощрительные нормы уголовного права. Хабаровск, 1984. -С. 17.
  3. Наумов А.В. Механизм уголовно-правового регулирования / Криминологические и уголовно-правовые идеи борьбы с преступностью. М., 1996. С. 19.
  4. Рахимжанова Г.К. Осуществление лицом своего права как обстоятельство, исключающее преступность деяния. – Караганда, 1995.
  5. Голик Ю.В. Уголовно-правовое стимулирование позитивного поведения: вопросы теории. Новосибирск. 1992.
  6. Уголовный закон: опыт теоретического моделирования. М., 1987.
  7. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен бекітілген.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.