Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Индустриалды-инновациялық экономикадағы білім

Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшiн кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi. Оның білімге ролі қандай?..

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 20032015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi – Стратегия) индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.

Тұтастай алғанда, даму институттарының тұрлаулы жұмыс iстеуi орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестiк және ашықтық қағидаттарына негiзделетiн бiрыңғай жүйенi қалыптастыруға тиiс.

Бiлiм беру мен кәсiби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттiк саясат мына мiндеттердi шешуi тиiс:

  • бiлiм берудi дамыту басымдықтарының бiрi ретiнде инновациялық қызмет үшiн кадрлар даярлауды айқындау;
  • мемлекеттің және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардың мамандарын кәсiптiк даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелермен айналысатын институттарды құру;
  • бiлiм берудiң барлық түрлерiнiң материалдық-техникалық және әдiстемелiк базасын ұлғайту;
  • халықаралық стандарттарға сай келетiн бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу мен енгiзу;
  • құрылатын жаңа өндiрiстер мен басқалары үшiн жоғарғы бiлiктi мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндiрiстерiндегi жұмыс үшiн даярлау және тарту саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
  • жоғары технологиялы өндiрiстер саласында кадрларды даярлау үшiн жаңа жоғары оқу орындарын (халықаралық тәжiрибе негiзiнде) құру немесе жұмыс iстеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейiмдеу;
  • республикада инновациялық қызметтi дамыту үшiн: инновациялық жобалардың менеджерлері мен сарапшылары; халықаралық маркетинг пен патент құқығы, инновациялық жобалардың ықтимал тәуекелін бағалау және оны азайту тәсiлдерi бойынша, венчурлiк қаржыландыруды ұйымдастыру және басқалары бойынша мамандарды қажетті мамандықтар бойынша даярлау.

Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

Экономика салаларына мамандардың біліктіліктерін сертификаттаудың тəуелсіз жүйесін енгізе отырып, жоғары білікті жұмысшы кадрлар даярлау сапасын реттеу, оның ішінде жергілікті жерлерде «оқушылық» түрінде қамтамасыз етілетін болады. Кадрлардың бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қосымша қаража тарту үшін техникалық жəне кəсіптік білім (бұдан əрі – ТжКБ) оқу орындары мамандар даярлау бейініне сəйкес, оның ішінде тең құрылтайшылық арқылы ұлттық холдингтер мен компанияларға, трансұлттық корпорациялар мен шетелдік инвесторларға бекітілетін болады. Дүниежүзілік Банктің займы шеңберінде инновациялық даму бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарын атаулы қаржылай қолдау жүйесі құрылатын болады.

Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына сəйкес келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан əрі – ҮИИДМБ) басымдықтарына сəйкес келетін мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғайтылады. Білім ұйымы, кәсіпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттермен практикадан өту жəне жұмысқа орналасу жөнінде шарттар жасалатын болады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі: магистратурада жəне PhD докторантурада, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін ұлғаяды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың 100%-ы магистратурада, докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда оқитын болады, бакалавриатта – бір семестрден академиялық бір жылға дейін. ЖОО-ның кафедра аралық байланысы негізінде жоғары жəне жоғары білімнен кейінгі білімді мамандар даярлау қарастырылады. Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық жəне техникалық мамандықтардың студенттеріне өндірісте кеңейтілген практика енгізілетін болады. ЖООлар базасында ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтер жасау үшін ЖООлардың, бейінді ғылыми ұйымдар мен кəсіпорындардың консорциумдары құрылатын болады. Əлеуметтік əріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен стипендиялар (ҮИИДМБ-дің əр жобасынан 5 грант/ стипендия) бөледі. Мақсаты – Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру Білім беру

«Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа əлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Халықаралық тəжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дəлелдеп отыр. Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін əлемде бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ.

Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар: макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды. Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика жəне біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси жəне əлеуметтік-мəдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың қалыптасуына ықпал етеді – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғам. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық секторларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында.

Елдің адами капиталы тек білім арқылы ғана көрінетіні сөзсіз. Ал, білімде серпіліс болмаса – инновациялық дамуда серпіліс болмайтыны бесенеден белгілі. Сондықтан, қазақстандық университеттер “білім экономикасы мен әлеуетінің” ұйытқысы, елдің инновациялық дамуының тегершігі болуға тиіс. Әлемдегі білім мен ғылымның, мәдениеттің ең соңғы тоғысатын жері – жоғары білім. Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріс үстінде дамып отырады. Ол қаншалықты күрделенген сайын, оны шешетін жаңа мүмкіндіктерге де кең өріс ашылып отырады.

Индустриалды-инновациялық процестерді реттеу мақсатында мемлекет тікелей және жанама қолдау көрсетеді.

«Білім – инемен құдық қазғандай» демекші, білімге ден қойған жастардың еңбектері еленіп, жеткен жетістіктерінің бағалануы – келешек ғылыммен айналысуға бел буған жастардың қызығушылығын оятары сөзсіз. Елбасы жастарды ешқашан назардан тыс қалдырмаған. Дүние жүзінде орын алған экономикалық дағдарыс кезінде Мемлекет басшысы ақылы бөлімде оқитын үздік студенттерге қосымша грант бөліп, соның нәтижесінде қаншама білімпаз жастардың отбасына көмек көрсетілген. Білім көкжиегін жетілдіру ісін алға қойған Елбасы: «Қазақстанның алдында өте күрделі міндеттер тұр. Әлемнің бірқатар елдері барлық салада тың өзгеріске қол жеткізіп, жаңа технология мен ғылыми жетістікті игерген көшбасшы елдерге айналды. Біз мұндай проблемаға енді ғана нақты қадам бастық. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басты мақсаты – біздің тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді нығайту болмақ. Бұл – тәуелсіздіктің екінші жағы. Еліміздің келешекте бәсекелестікке қабілетті мемлекет атанып, адамдардың өмірін жақсартатын елге айналуы немесе бұл істі атқара алмайтыны туралы әңгіме басты мәселе болып отыр. Индустрияландыру мен инновациялық жобалар осы мәселенің орнын толықтыратын болады. Осыған байланысты мен 100 инновацияны ұсындым, – деді.

Ел экономикасының дамуы барысында инновациялық жобалар маңызды бағыттардың бірі саналмақ. Халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, энергетика саласы, биология, медицина мен қаржыэкономикалық салаларын жақсарту – Қазақстанның гүлденуіне апармақ. Ол үшін ең алдымен ойы ұшқыр, білімді жастардың біліктілігі мен ізденімпаздығы бірінші орынға қойылмақ. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, машина жасау салаларына мамандар тарту жұмыстары да жан-жақты насихатталды. Ел болашағына қажет мамандық саналатындықтан, мемлекеттік грант көрсеткіштері де кейінгі жылдары көптеп бөлінуде.

ХХІ ғасыр әлемге «жаңа экономика» білімге негізделген экономика идеясымен келді. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің болашақтағы экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі білім өндірісі және осы білімді таратушылар арқылы анықталатынын, елдің «интеллектуалды элитасы» екенін өркениетті әлем және біз жақсы түсінеміз.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған. Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеу ішіне сəйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық жəне кәсіптік білім қайта құрылым далды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Басты мақсаты: Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің экономикалық өркендеуінің болашағы сүйенетін платформасы болуы тиіс.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.

Мүмкіндіктер мемлекет үшін:

  • қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • адами капиталдың сапасын арттыру;
  • еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
  • ұлттық экономиканы тұрақтандыру;
  • халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді инвестициялық қолдау;
  • білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;
  • оқушылар арасында спортты насихаттап тарату;
  • бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру;
  • білім беру саласының қол жетімділігін, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын арттыру;
  • ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету;
  • халықаралық рейтингілердің көрсеткіштерін жақсарту.

Бүгiнде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуi айтарлықтай салмақ түсiрiп отыр.

Халықаралық деңгейдегі білімнің басты бір ерекшелігі – күшті нарықтық бәсекеге қажет кадр даярлау ісі болса керек. Бәсекеге қабілетті болудың алғышарты оның ішкі механизмін қалыптастыратын жүйе құру деген сөз. Бүгінгі кезеңде отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартудан басқа, жоғары білімді мамандарды дайындаудың үш сатылы моделін – бакалавриат – магистратура – докторантура PhD – қабылдау мен білім беру жүйесін жаңаша басқару үрдісі қалыптасты. Алайда, бұл жерде айта кететін бір мәселе, білім берудің ұлттық моделі мен ұлттық жүйесі ұғымдарының ара салмағы мен айырмашылығын, ұқсастығын салыстыра зерттеген ғалымдар “ұлттық жүйе” ұғымының аясы “ұлттық модель” ұғымына қарағанда әлдеқайда кең әрі күрделі екендігін айтады. Әдетте, ұлттық модель ұғымында негізінен білім берудің формасы мен құрылымы, сондай-ақ оның мазмұнының бірлігі төңірегінде әңгіме қозғалады. Ал, білім берудің ұлттық жүйесі дегенде, жоғарыда сөз болған ұғымдармен шектеліп қалмай, оларға қоса білім саласының барлық деңгейдегі буындарының инфрақұрылымдары, атап айтқанда, құқықтық-нормативтік және материалдық базалары, оқу-жаттығу алаңдары, кадр мәселесі, оқу-әдістемелік құралдары, тағы басқа толып жатқан проблемалары кеңінен қамтылады. Міне, осыдан-ақ білім берудің ұлттық жүйесінің инфрақұрылымдарын тез арада шешу туралы Елбасының берген тапсырмаларының қаншалықты зор ауқымы мен қатаң жауапкершілігін сезінуге болады деп ойлаймын

Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты болып табылады. Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн басты "отты нүктелердiң" бiрi болып отыр. Ғаламдану жағдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң басты басым саясаты етiп алды.

"Ақыл-ойдың сыртқа кетуi" бұрынғы коммунистiк елдердiң экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бiрi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегi бiлiм берудiң жалпы деңгейiн көтермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды. Қазiргi жағдайда экономикалық өсу ғылыми-техникалық прогреспен, бiрiншi кезекте, еңбек ресурстарының кәсiби сапасымен теңестiрiледi. Қазақстандағы бiлiм беру жүйесi ырғақты дамитын ғаламдану мен ақпараттанудың қарқынды әлемдiк процестерiне барабар әрекет етуге қабiлеттi болуы тиiс. Бiлiм берудi реформалау және еңбек ресурстарын дайындау саласындағы нақты мемлекеттiк саясат кәсiптiк техникалық бiлiм беру және инновациялық менеджмент бөлiгiнде де қажет.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
  2. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылғы білім бағдарламасы
  3. Қазақстан Республикасының Білім Заңы

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.