«Қазақстан – 2030» стратегиясында ел Президенті: «Нарықты жетілдіруге таңдалған модельдің өмір сүру қабілеттілігін кардлар шешеді»,деп атап көрсетті [1].
Нарықтық экономика жүйесіндегі өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы материалдық, қаржы, ақпараттық ағындарды басқаруда болып отыр. Нарық компаниялардың жоғары бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа тұжырымдамалардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Соңғысы шығынның көлемін ұлғайтпастан өнім өндіру деңгейін сақтауға ұмтылады.
Қазіргі жағдайда тауарлы материалдық қорларды басқарудың теориялық қағидаларын материалдық қорларды жасауды есептеу тәжірибесіне енгізу өзекті мәселе болып отыр. Бүгінгі таңда қорларды басқарудағы тиімділікке қол жеткізу үшін, менеджерлер қор құруды бағалауға талдау жүргізіп, оның жоспарларына болжау жасап отыруы тиіс.
Шығындарды төмендету, еңбек, материалдық, қаржы және ақпараттық ағындарды басқару логистикаға жатқызылады. Ло-гистика – салыстырмалы түрде алсақ тек бүкіл әлемде ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда да жаңа ғылым. Логистика ағылшын тілінен аударғанда «жабдықтау» дегенді білдіреді. Қазіргі кезде экономикалық әдебиеттерде жинақталған логистика түсінігінің көптеген анықтамалары келтірілген. Француз мамандары логистиканы белгіленген орында, белгіленген мерзімде аз шығын шығарып қажетті өнім санын алу мақсатындағы әр түрлі қызмет түрлерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Неміс ғылымында логистика деп – экономикалық және тиімді көзқарастан шығындардың жылжуын бақылау, жоспарлау, материалдардың, дайын өнімнің, сонымен қатар олармен байланысты тауарларды өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін клиенттердің талаптарына сәйкес жеткізу туралы ақпараттардың сақталу процесі түсіндіріледі. Жеткізу – бұл өндіріс процесін қамтамасыз ету үшін тауарлықматериалдық қорлармен жабдықтау процесі. Осымен байланысты логистика және оның операциялары тек тауарлық-материалдық қорларды жабдықтауда ғана емес, өнім өндіруде, оны сатуда, оны өткізуде де жүргізіледі.
Әрбір ұйымдардың тауарлық-материалдық қорларды сатып алуы әр түрлі жабдықтаушылармен жүргізіледі. Оларды жеткізу әр түрлі көлік құралдарымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ әрбір ұйымның өндіріске қажет қорлар сақтайтын және алатын, өнім өндіру процесін қамтамсыз ететін қоймалары болады.
Бұл қорлар өндірісте қолданылу немесе пайдаланылу мөлшеріне қарай үнемі толтырылып отырады. Осының барлығы ұйымдастыруды, жоспарлауды, тауарлық-материалдық қорларды дер кезінде жеткізуді талап етеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы жабдықтау процесін басқарудың ең үздік әдістерін таңдау мақсатында үздіксіз ізденіс пен құрылымды реформалауды жүргізеді. Ұйымдарда өз қызметі үшін қажетті тауарлық-материалдық қорларды уақытша сақтайтын қоймаларда сақтау, жеткізу, сатып алу жөніндегі барлық құжаттамаларды жүргізетін маркетингтік жабдықтау бөлімі бар. Жабдықтау қызметі жеткізушілермен тауарлық-материалдық қорларды жеткізумен байланысты ұйымдастырушылық, шаруашылық, құқықтық қатынастар орнатып, тауарлық-материалдық қорларды жеткізуге келісімшарт жасасады. Өндірісті ұйымдастыру жүйесіне байланысты талаптар негізінде материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі бюджеттерді немесе жеткізу жоспарын құруды, ұйым басшыларымен оларды келістіруді, жеткізу жоспарын жүзеге асыруды, әрбір жеткізу келісімшарты бойынша жеткізу шартының орындалуын бақылауды, жеткізуге белгілі бір жеңілдіктер алуды қамтамасыз етеді.
ТМҚ жеткізушіден келіп түсуі жөніндегі операциялар күн сайын болып тұрады, сондықтан логист-менеджер әрбір шарт бойынша алынған табыстың немесе артық шығыстың сомасын анықтап отыруы тиіс. Сонымен қатар күн сайын жеткізушіден ТМҚ келіп түскенде менеджерлер алынған ақпарат негізінде жеткізілімнің көлемі, жабдықтаушылардың шарт келісімін орындауы, жеңілдіктің бар-жоғы, төлем сомасы, осы жеткізілім бойынша дебиторлық немесе кредиторлық берешектің бар-жоғы бойынша жедел бақылау жүргізуге міндетті.
Тауарлық-материалдық қорлар жеткізушілерден сатып алушының қоймасына түседі. Қоймадан материалдар шығын құжаттары негізіндегі өтінім бойынша әрбір цехтың қажеттілігін, сұранысын қамтамасыз етуге жұмсалады. Кейбір материалдардың жеткізушілерден өтінімсіз немесе қателесіп, иә болмаса фактураланбаған жеткізілім ретінде құжаттарсыз түсетін кездері де болады. Мұндай жағдайлар жабдықтау бөлімінде кезек күттірмейтін жедел шешім қабылдауды талап ететін
бірқатар мәселелерді туындатады. Бухгалтерлік шоттарда қабылданған тауарлықматериалдық қорлар жеткізілімінің әрбір партиясының көтерме құны көрсетіледі. Ұйым келген жүктерді қоймаға қабылданғанға дейін кеденнен өткізуге, оларды қоймаларға орналастыруға қосымша шығын жұмсайды. Мұндай шығындар көлікдайындау шығындарына жатады. Бұл шығындарды ай сайын есептеп отыру керек. Сол шығындарды кемітудің жолдарын табу үшін жеткізілімнің әр топтамасын ескеріп ортыру қажет. Есепте көлік-дайындау шығындары туралы нақты ақпарат болуы тиіс, ол үшін көлік-дайындау шығындарының нақты шегін білу керек. Көлік-дайындау шығындары запас жасау шығындарының ажырамас бөлігі болғандықтан бұл анықтамаларды елдегі барлық ұйымдарға қатысты қолдануға болады. Қорлар жасау шығындарын есептеудің талдамалық шоты сол шығындардың сомасын айқындап, оның үстіне көтерме құнды қоса, жеткізілме қалдықты қоса бөле отырып, транзиттік шоттың функциясын ТМҚ-ың көтерме құны бойынша орындайтын болғанымен, ол міндетті түрде қажет. Жеткізілімнің көтерме құнына қарай анықталатын көлікдайындау шығындары және қалдық.. Алайда «қорлар жасау шығындарының» талдамалық шоты қорлардың орташа өлшенген құнын анықтаудың дәлдігі үшін қажет.
«Қорлар жасау шығындарын» өндіріске шағып есептен шығарылған қорлардың көтерме құны мен қорлар жасау шығындарының сомасынан құралады. Сонда өндіріске деп бөлінген материалдардың нақты құны шығады, ол – ТМҚ жеткізу, яғни теміржол тарифі, автоқызмет, әкелім бажы, жүкті іздеу шығындары, жүкшілердің еңбегіне төленетін ақы және өнімді тиеу мен түсіру шығындары, өнімнің жол-жөнекей ысырабы, сынуы, кем шығуы, бүлінуі және т.б.
Негізгі мәселелердің бірі – тауарлықматериалдық қорларды алуға кететін көлікдайындау шығындарын ең төменгі дейгейге дейін азайту. Келесі бір мәселелердің бірі – талап етілетін сапаға байланысты жеткізілетін өнімнің көлік-дайындау шығындарын өтеу, жеңілдік алу, бағаны төмендету мақсатында біршама тиімді жеткізушіні таңдау. Үшінші мәселе – тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдісін анықтау. Төртінші мәселе – тауарлықматериалдық қорларды «тура уақытында» жеткізу әдісіне қол жеткізу. Бесінші мәселе – ұйымдағы, әрбір цехтағы қойма шығыстарын төмендету. Жоғарыда айтылып кеткен нарық жағдайындағы мәселелерді шешетін әдістер өте көп. Оның біреуі – тауарлық-материалдық қорларды жабдықтау жүйесінде – бұл Қазақстан Республикасының ұйымдарында логистиканың қолданылуы. Шығынның кез келген түрінің төмендеуі логистиканың енгізуіне байланысты жүзеге асырылады.
Осы тұрғыда логистиканың ағындық процестерді басқарудың ғылыми әдісі ретіндегі мәні арта түседі. Сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдау үшін жедел ақпарат алуды, қосымша көрсеткіштерді енгізуді талап ететін мәселелерді қою мен шешу күрделеніп кетеді. Үлкен көлемдегі қорларды жеткізумен байланысты материалдық ағындарды басқару жөніндегі келісілген іс-әрекеттер жедел жоспарлаумен, бюджеттеумен, көлік дәліздерін салумен байланысты. Сонымен қатар қорлар қозғалысының сызбасы мен тиімді бағытын жасап, қорларды жеткізудің уақытын қысқартып, тауарлық-материалдық қорларды қоймаға жеткізу мен түсудің тиімді жолдарын таңдау керек.
Логистикада арнайы жүйе өңделуі қажет. Логистика функциясына байланысты жабдықтауды, өндірісті, өтімді, жеткізуді, қойма шаруашылығын бөліп айтуға болады. Осы жүйелерді іске асыру мақсаты өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Белгілі болғанындай, әрбір ұйымдағы материалдық шығындардың үлес салмағы жалпы шығындар көлемінің 40 пайызынан 50 пайызына дейін құрайды. Нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында тек шет елдердің қолайлы тәжірибесін ғана емсе, сонымен бірге осы саладағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ұсыныстарын қолдану қажет. Ұйымның басқарушылары мен менеджерлерінің алдында логистиканың әдістерін қолдану және зерттеу мәселелері туындайды. Логистиканың негізгі объектілері болып қоймалар және қойма шаруашылықтары, жабдықтау, өндіріс пен көлік, қоймалар құралы және оларды ұстау шығындарын қысқарту жөніндегі ақпарат, «тура мерзімінде» әдісімен жеткізу табылады. Осы әдістерді, соның ішінде мерзімінде жеткізуді енгізу жеткізілетін тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құнын қысқартуға белгілі бір мүмкіндіктер береді.
Менеджерлерге «қорлардың құрылуын басқару» және «қорлардың ұсталуын басқару» мәселелерін зерттеу қажет. Нарық заңдары бүгінде білімді, логистика білімін талап етеді. Сонымен қатар, оларды тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек және 10-15 жылдан кейін «тура мерзімінде» жеткізу әдісіне қол жеткізуге болады. Сондықтан Қазақстанның барлық халық шаруашылығының мақсаты шығындарды тұрақты төмендетіп, табысты ұлғайту болып табылатын басқарушылық есепті енгізу керек.
Бүгінгі таңда бағаны ырықтандыруға, сыртқы саудаға, өндірістік қатынастағы логистикалық менеджменттің, маркетингтің қажеттілігін түсінуге, кәсіпкерліктің дамуына, өндіріс құрылымындағы үлкен өзгерістерге әкеліп соқтырған Қазақстанның нарықтық қатынастарға кіруі өндіріс процесін тауарлық-материалдық запастармен қамтамасыз ету саласындағы экономикалық қатынастардың тиімділігін көтеруде логистиканың рөлін біршама күшейтті.
Қазіргі кезде материалдық және ақпараттық ағындарды басқарудың теориялық жағдайы басқарушылық есептің негізі болып табылады [2].
Логистика материалдарды, құралдарды бір қалыпты сатып алу негізіндегі тауарлық-материалдық қорларды қадағалауды күшейту саласы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ логистиканың қызметтеріне төмендегілер жатады:
- қажетті материалы бар бәсекелестердің арасынан тиімді жеткізушілерді таңдау;
- жеткізу мен бөлудегі менеджмент, жеңілдік көрсетілген материалдарды жеткізуді таңдау;
- тиімді көлік жолдарын және көлік түрлерін анықтау;
- тауарлық-материалдық қорларды жеткізуде өндіріс процесіне қызмет көрсету;
- қойма шаруашылығының жағдайын бағалау, оны ұстауға кететін шығыстар.
Бұның барлығы көптеген байланыстардың жүйесін, ақпараттың үлкен көлемін біріктіруге және нәтижені оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жабдықтау бойынша шығындарды ғана емес, сондай-ақ қойма шаруашылығын сақтаудағы шығыстарды да қажетті үнемдеумен қамтамасыз ететін жүйені енгізу және компьютерлендіру арқылы материалдық ағындарды басқару маңызды [3].
Логистика жүйесі, мамандардың ойынша, өндірушіден бастап тұтынушыға баратын бағытты қамтитын жеке бөлудің шағын жүйесі және материалдың жеткізушіден немесе запас көзінен өндіріске баратын қозғалысы кіретін нақты қамтамасыз ететін шағын жүйе деп аталатын екі шағын жүйеге бөлінеді. Онда логистика әдісінің келесі элементтерінен тұратын мәселелері сипатталады:
- Қор көзі, көлік, өндіріс пен сату арасындағы буфердің рөлін атқаратын өндірістік запас. Ол бүкіл жүйенің үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Өнім өткізілетін запас түрінде өндірушіде, өндірістік запас түрінде – тұтынушыда және тауарлық запас түрінде – делдал-кәсіпорында сақталуы мүмкін. Алайда келген жерде запастың мөлшері оңтайлы болуы және ол капиталдың қандай да болмасын бөлігін жансыздандырмауы тиіс.
- Логистикалық тұрғыдан жүкті жеткізушіден тұтынушыға жеткізетін көліктің белгіленген құны болса да әр түрлі техниканы пайдалануы мүмкін және оны икемді қолданған жағдайда бәсекелік артықшылық беруі тиіс.
- Өндірістің қажетін анықтау, жаңа технологияларды, ноу-хауды және олардың оңтайлы жүктемесін ұтымды орналастыру, пайдалану, сондай-ақ жүйе үнемді жұмыс істеу үшін оған өндірістік қуатты бейімдеу негізінде оған қызмет көрсету. Логистиканың осы элементіндегі маңызды мәселелерінің бірі – фирманың мөлшері мен орналасуын анықтау.
- Қойма шаруашылығына қажетті қойма үй-жайының есебі, оларды белгіленген аумақта ұтымды толтыру және орналастыру.
- Ақпараттық байланыс пен бақылау арқылы тапсырыс беріледі, ол арқылы белгіленген құжат айналымы жүргізіледі, экономикалық және өндірістік процестер талданады, алынған нәтиже таңдалған мақсатпен салыстырылады.
- Жеткізушілерден запас бірнеше бәсекелестің арасынан қажетті жеткізушіні таңдау және онымен жеңілдікпен шарттық қатынас жасасу арқылы сатып алынады. Сатып алу кезінде бағаның, тауарлық-материалдық қорлардың сапасының және жеткізушімен көлік байланысының оңтайлы деңгейін таңдау.
- Жабдықтау процесі аяқталғаннан кейін кіріс алу немесе залал шегу. Қойманың, бөлімнің, құрылымның өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету.
Логистикалық жүйелер мен олардың элементтерін қарастырғанда запасты бастапқыда орналастыруға және алынған қосымша кіріске жұмсалған шығынды салыстырған кезде айырмашылыққа жету мақсаты қойылады.
Логистиканы пайдалану нәтижесінде қызмет бағасының өзгеру сипатына байланысты тұтынушылар оның барлық элементтерін қолдануға мүдделі болып отыр. Логистиканы қолдану қоймадағы ауыстыруды қайталауды 1-1,5 ретке дейін, көлікпен тасымалдауға жұмсалатын шығындарды 7-10 пайызға, теміржол шығындарын 5-8 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде тұтынушылардың қызметіне логистиканы енгізу оларға жоғары кіріс әкеледі, ол үшін төмендегі талаптар сақталуы тиіс:
- жеткізілімнің орындалу кезеңін белгілеу және оны сақтау;
- шартты жеңілдікпен пайдаланып жасасу;
- қорларды жеткізуге тапсырысты орындаудың белгіленген мерзімін сақтау;
- шарттың барлық ережелерін нақты орындау;
- әр түрлі көлік түрінің тарифтеріндегі айтарлықтай айырма және тауарлық-материалдық запастар мен жабдық сатып алынатын көздердің географиялық жағынан қашықтығы;
- нарықтық инфрақұрылым элементтерінің арасында шиеленісті бәсеке.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997. – 135 б.
- Тайғашынова Қ.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп. Алматы: Экономика, 2008. – 59-61 б.
- Ержанов А.К. Басқару есебі. Алматы: Экономика, 2009. – 32 б.