Психологиялық әдебиеттерде мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.
В.И. Ковалев бойынша мотивтер қажеттіліктердің жоғарғы бейнелеу формасында пайда болып, тұлғалық қасиетіне айналатын, әрекет пен адам жүріс-тұрысынын саналы ынталары болып табылады.
М.Ш. Магомед Эминов бойынша мотивация әрекетті ұйымдастырып басқарушы, ішкі және сыртқы ынталарды бір мотивациялық ынтаға біріктіруші және әрекетке байланысты белгілі жүріс тұрысты туындататын адам ағзасының психикалық және саналы реттелінуінің бір түрі болып табылады деген.
Е.П.Ильин мотиві жеке адамның ерікті саналы әрекетінің алғашқы сатысы ретінде, оны, адамды саналы әрекетке ынталғандырушы күрделі психологиялық интегралдық құрылым деп белгілейді (6).
Р.С. Немов бойынша «мотивация» терминi қазiргi психологияда екi түрлi мағына бередi: детерминантты мiнез-құлықты (бұған қажеттiлiк, мотивтер, мақсаттар, талпыныстар жатады) бiлдiретiн факторлар жүйесін анықтаушы ретiнде және белгiлi бiр дәрежедегi мiнез-құлықтық белсендiлiктi стимулдайтын процесс мiнездемесi ретiнде көрiнедi. Көбiнесе мотивацияны бiрiншi мағынада қолданамыз. Мотивацияны адамның мiнез-құлқын түсiндiретiн психологиялық мiнез-құлық себептерiнiң жиынтығы ретiнде де қарастырамыз. Оның бастау көзi – бағыттылық пен белсендiлiк.
Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда болады. Бұл «нелiктен?», «неге?», «қандай мақсатпен?», «не үшiн?», «не мағына бар?» деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты өзгергiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы туралы сұрақтарға жауап болып табылады.
Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек.
ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальды даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті.
20 ғасырдың екiншi жартысында мотивациялық концепциялар Д. Мак-Клелланд, Д. Аткинсон, Х. Хекхаузен, Г. Келли, Ю. Роттер еңбектерiнде толықтырыла түстi.
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады.
Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай. Адам психологиясы әртүрлі өзгерістерге түседі. Осыған орай оның түркілері де мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Мотивтің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт бағдарына нәтижесіне әсерін тигізеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекет не итермелелейтін қозғаушы күш-мотив, оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңызды материалдар қажет (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Басқа да қажеттілік түрлерін:
- Қауіпсіздін қажеттілігі ;
- Сыйласымдылық қажеттілігі;
- Басқару қажеттілігі;
- Тәуелсіздік қажеттілігі;
- Жетістікке жету қажеттіліктері.
Адамның алдына әр түрлі мақсат қоюға себепші болатын – түрткі, қажеттіліктер. Осы қажеттіліктерді орындау барысындағы жағдайлармен индивидтің өзара әрекеттестігін мотивация деп атаймыз. Адам қажеттін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланып, бұл оның белсенді іс-әрекет етуге талпындырады.
Мотивация мәселесіне байланысты көпшілік зерттеулерде негізгі рөл мотивацияны іс-әрекетпен байланыстырып талдауында деп тұжырымдауға болады. Әр түрлі бағыттағы зерттеу жұмыстарының авторлары (А.Н. Леонтьев, С.А. Рубинштейн, Л.М. Якобсон, Д.И. Узнадзе, В.И. Ковалев) мотивацияның құрылымын тұлға іс-әрекетінде байқала дамитынын көрсетті.
Кез-келген іс-әрекет белгілі бір мотивтерден туындайды да, белгілі бір жағдайларда өтеді. Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер.
Адамдардың қажеттері – іс-әрекетінің қайнар көзі, бастамасы болады. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс.
«Жетістік» түсінігі біздің өмірімізге енді. «Жетістік» және «жетістікке жету» феноменіне философтардың, психологтардың, әлеуметтанушы және педагогтардың көптеген еңбектері арналған.
Философиялық еңбектерде жетістік деген не жанама және тура анықтауға талпыныс жасайды, сонымен бірге белсенділік, ерік жігер, әрекет, тұлға ұғымдары да қарастырылады.
К.А. Абульханова-Славская ойынша, белсенділік түсінігі «тұлға өзін іс-әрекетте қалай объектілейді» қарастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі ғалымдардың көпшілігі ісәрекет құрылымы мынандай элементтерді қамтиды, мақсатмотивтәсілнәтиже .
Философтар Н.Н. Трубников, О.Г. Юдин мақсаттың және іс-әрекет нәтижесінің сәйкес келмеу мәселесін анықтады, мақсат қоюшылықта нақты мақсаттарды жүзеге асыратын барлық шынайы салдарды есепке алу мүмкін емес деген. Іс-әрекеттік тұрғыдан қарағанда жетістік мақсаттың және нәтижелердің жоғары көрсеткішке сәйкес келу болып табылады.
Жетістікке жету әрекеті адамның ойлап тапқаны, өйткені, сапа стандартына сәйкес міндеттерді қабылдауға міндетті, Сондай-ақ іс-әрекет аяқталған соң өзін өзі бағалап, жоғары жетістікке, әлде бір жоғары дәрежеде орындап, нәтижесін көруге тырысу, өзінің ақылы мен қабілетін көрсету. Субъект белгілі бір дәрежеде жетістікке жетуге өзін міндетті санайды.
Алғашқы рет жетістікті адам мотивациясының қайнар көзі ретінде 1930 жылдардың соңында Мюррей қарастырды. Қиындықты жеңіп, жетістікке жету оңай емес. Оны жылдам әрі, жақсы етіп орындау жолдарын табу басты міндеті. Қиындық, кедергілерді жойып, жоғары стандартқа жету. Өзін көрсетіп, өзгелермен жарысқа түсу, өз таланты мен қабілеті арқылы өз өзіне деген құрметті арттыру .
Жетістікке жету мотивациясы кезкелген іс-әрекетті жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтиже көрсетуге бағытталған, оған жетістік критерийі қолданылады. Жетістік мотивациясы субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуі үшін талпыну арқылы пайда болады.
Т.О. Гордеев [1] қазіргі индустриалды қоғамда адамзат үшін негізгі құндылықтар кәсіби жетістік және өзін жақсы көретін адам ретінде қоғамға пайдасын тигізу деп санайды.
Жетістікке жету мотивациясы нәтижеге бағытталған іс-әрекетпен байланысты өмірдің барлық сферасындағы жетістікті зерттеуде аса үлкен мағына береді, олар оқу және кәсіби іс-әрекет болып табылады.
Х. Хекхаузен ойынша бұл әрекет мыналарға міндетті: 1) өзінен кейін жақсы нәтиже қалдыру; 2) сан және сапа жағынан дұрыс бағалау, 3) бағалау өте жоғары немесе аса төмен болмауы тиіс. Адам ісәрекетіне қарай бағалау және іс-әрекет көп күш пен уақыт жұмсалуы арқылы іске асыралады; 4) іс әрекет нәтижесін бағалау үшін арнайы салыстырмалы шкала қолданылып, сол шкала арқылы тиісті нормативтік деңгей анықталады. Бұл міндетті болып саналады; 5) іс-әрекет субъектінің қалауы бойынша, жоғары нәтижелі болуы тиіс [3].
Зерттеудің бұл контексінде Хекхаузенның жетістік іс-әрекеті туралы тек шектеулі мағынада айтуға болады деген сөзі маңызды, егер міндеттерді қою объективті нәтижені көруге мүмкіндік бермейді, нәтижесін субъектінің мүмкіндігінен төмен немесе жоғары болған жағдайда, егер ол ісәрекетті бағалаудың эталоны мен нормасын өзі үшін міндетті деп санамаса, егер міндет мәжбірлеген жағдайда немесе оның шешімі оның қатысуынсыз жүзеге асады .
Сонымен, біз мотивация теориясының тарихи тұрғыдан дамуының үш саласын қарастырдық (биологиялық, бихевиористік, когнитивтік) (С.В. Рубцов). Мотивацияны даму психологиясында төрт кезеңді қарастырдық: ғылыми – табиғи, антропологиялық, жағдаяттық – динамикалық және тұлғалық (Д.А. Леонтьев).
Кез келген іс-әрекеттегі жетістік білім мен қабілеттілікке ғана байланысты емес мотивацияға да байланысты болады. Мотивация мен белсенділіктің деңгейі жоғары болған сайын адамды іс-әрекетке итермелейтін факторлар да көп. Мотивтері жоғары индивидтер көп жұмыс істеп, ісәрекетте өте жақсы нәтижелерге жетеді. Ал жоғары мотивтелген студент жақсы оқып, қосымша әдебиеттерді көп оқиды.
Сонымен жетістік ұғымымен тұлға түсінігі де тығыз байланысты. Тұлға тек әрекет етіп және қойылған мақсатқа жетіп қана қоймайды, сонымен бірге өз әрекетін жетістік не жетістік емес деп бағалайды.
Жетістікке жету мотивациясында адам іс-әрекетінің қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелігі оның ең басты белгісі болып табылады.
Адамның іс-әрекеті рухани және материалдық нәселермен тығыз байланысты. Олар сол нәрселер арқылы өздерінің қажеттіліктерін, өмір жағдайы мен қабілеттерін өзгертеді. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті жаңа мазмұнға ие болып отырады.
Әр алуан іс-әрекет барысында адамдар өз қажеттіліктерін өтеп, жетістікке жетуге ұмтылады. Демек, Жетістікке жету мотивациясы дегеніміз адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі.
«Жетістікке жету мотивациясы» және «дамыту» терминін қолдану бұл процесті әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жетістікке жету мотивациясын дамудың жас ерекшеліктерін бейнелейтін көрсеткіштер X. Хекхаузеннің жұмыстарында аса үлкен қызығушылықтар тудырды. Оның ойынша, жетістікке бағытталған мінез құлықтың негізі 3 және 13 жас аралығында қалыптасады. X. Хекхаузен жетістікке жету мотиві және іс-әрекет арасындағы байланысты талдай келе, жетістікке жету әрекетінің үш мотивациялық детерминаттарына сәйкес келетін, жетістікке жету мотивацияның жалпы жас ерекшелікке байланысты дамуының үш топтық көрсеткіштерін бөліп көрсетеді:
- табыстың және сәтсіздіктің тартымдылығы;
- тұлғалық стандарт;
- атрибуция типі.
Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері және ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, қиындықтан мойынсымаса шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті тұрде кез келген іс-әрекетте жетістікке жете алады. Жалпы жетістікке жету мотивациясы теориясында табандылық 1958 жылдан бастап арнайы зерттеудің обектісі болып табылды.
Х. Хекхаузен, М. Уинтерботт, Э. Френч, Ф. Томас және басқа ғалымдардың еңбектерінде жетістікке жету мотивациясы табандылықпен тығыз байланыста екенін көрсеткен. Х. Хекхаузеннің ойынша, табандылық мотивация сапасы және күшіне байланысты болатын құбылыс деп санады. Бұл сұрақтарды зерттеу жоғары сынып оқушыларына, студенттерге және ересек адамдарға жүргізілді. М.В. Матюхина және Т.А. Саблина еңбектерінде жетістікке жету мотивациясының қалыптасу және зерттеу мәселесіне байланысты сұрақтарды кіші мектеп жасында қарастыру қажеттігін негіздейді.
Жетістікке жету мотивациясының даму мәселесін зерттеген Д.Мак-Клелланд кіші және орта саудагерлердің жетістікке жету мотивін арттыру мақсатында мотивациялық тренинг курстарын жүргізді.
Осыған сәйкес мотивациялық тренингтің келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:
- Жетістікке жетуді зерттеу және өңдеу;
- Өзіндік талдау;
- Мақсаттарды қою;
- Әлеуметтік қолдау.
Ресей психология ғылымдарының зерттеушілері К.Д. Ушинский, И.М. Сеченев, И.П. Павлов, В.М. Бехтерев, А.Ф. Лазурский, В.Н. Мясищев, А.А. Ухтомскийдің, К.А. Абульханова-Славская, Е.В. Козиевская, Е.Е. Лушников мотивация мәселелеріне байланысты құнды еңбектері бар.
К.А. Абульханова-Славская жеке тұлғаның өмірлік стратегияның белсенді белгілерін бөліп көрсетеді:
- өмірдің тәсілін таңдау;
- «керек – бар» қарама қайшылықты шешу біліктілігі;
- өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдайларды құру және шығармашылық ізденіс.
К.А. Абульханова-Славская жеке тұлғаның белсенділігін іс-әрекеттің субьектісі ретінде зерттейді.
Л.М. Митинаның зерттеулері арнайы психологиялық технология көмегімен жасалған бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаның мінездемесін дамытуға бағытталған. Технология жеке тұлғаның мотивациялық, ақыл-ой, аффективті және мінез-құлық құрылымын қайта құруды болжайды, нәтижесінде өмір әрекетінің сыртқы детерминациясы ішкіге ауысады. Жеке тұлғаның дамуының негізгі психологиялық жағдайы ретінде Л.М. Митина өзіндік сана деңгейінің жоғарлауын қарастырады.
Сонымен бірге жеке тұлғаның болашақ психологиялық фундаменті немесе бәсекеге түсе алатын кәсіптенген адам әрекетінің кез келген саласында базалық мінездемелері, яғни, тұлғалық бағыттылық, құзыреттілік және икемділік маңызды.
Автор жеке тұлғаның және мінез құлықтың өзгеруінің төрт кезеңін бөліп көрсетеді: дайындық; саналы түрде түсіну; асыра бағалау; әрекет.
Жеке тұлғаның дамуының негізгі процестерін біріктіреді: мотивациялық (I кезең), когнитивті (II кезең), аффективті (III кезең), мінезқұлықтық (IV кезең).
Е.В. Козиевская жетістікке жету мотивациясының феноменін индивидтің кәсіби іс-әрекетімен өзара байланысты деп қарастырады. Жетістікке жетудің кәсіби мотивациясын дамытып және зерттеудің негізгі критерий ретінде жетістікке жетудің кәсіби мотиві ұғымы ұсынылады (6).
Е.Е. Лушников жетістікке жету мотивациясын оқу әрекетімен байланыстырады. Ол жетістікке жету мотивациясының келесі функцияларын бөліп көрсетеді: танымдық функция (білім алуға ұмтылысы); эмоционалды функция (эмоцияның оқу әрекетіне әсері); интегративті (жеткен нәтижені бағалау және өзіндік бағалау жұйесін бейнелейді). Автордың ойынша, жетістікке жету мотивациясының қалыптасуы педагогикалық құралдар жүйесінің құрылуын талап етеді. Бұл жүйенің жүйесін құрайтын фактор мақсаттар болып табылады.
Демек, жетістікке жету мотивациясының даму үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі механизм бұл мақсат қою механизмі болып табылады.
А.В. Сальков өзінің зерттеулерінде жетістікке жету мотивациясының дамуының негізгі процесі ретінде құнды таңдау деңгейін ұсынады, яғни, жаңа әлеуметтік жағдайда жеке тұлғаның саналы түрде жүзеге асыру мүмкіндігі.
Мінез құлық типтерінің мәліметтерін талдау негізінде, автор табысты жеке тұлға ретінде қалыптаса алған индивидтің моделін ұсынады. Бұл адам:
- Оның нәтижесі табыстылық ретінде бағаланады:
- жеке тұлғаның өзі ( нәтижені субъективті уайымдау);
- референтті топ ( субьект үшін маңызды адамдардың пікірін тыңдау);
- жетістік көрсеткіштерінің объективті мәліметтері;
- Рефлексивті қабілетіліктері жоғары дамыған:
- өзбетімен мақсат қою және оған жету тәсілдерін меңгеру;
- «болашақ бейнені» құру және дамудың болашағын көру.
- Белсенді өмірлік позициясы айқын айқындалған.:
- өзін-өзі анықтау үш деңгейде (эмотивті, когнитивті, іс-әрекетте);
- жетістікке жету мотивациясы жоғары.
Д.К. Мак-Клелландтың мотивациялық теориясында адам мотивтері мен қажеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндіктері, жетістіке жетуге ұмтылу, негізгі мотивтік түрткі болып, қанағаттанушылық пен нәтиже түрлерінің болуын жатқызған жетістікке жету мотивациясы қоғамдық тарихи жағдайлармен байланысты қарастырылып, қоғамдағы экономикалық даму, жетістікке жету мотивтерінің ұлттық деңгейімен” айқындалады деген қорытындыға келген.
Жалпы, жетістікке жету мотивациясы бұл адамның қандай да бір іс-әрекетті сапалы және жақсы орындап, өзінің іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту болып табылады. Ал жетістікке жету мотивациясы жоғары адамдардың мақсат және міндеттерді қоюда өзінің мүмкіндіктерін шынайы бағалайды, қиындықтарды жеңуге ұмтылып, іс-әрекетте жоғары нәтижелерге жетуге тырысады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Гордеева Т.О. Мотивация достижения: теории, исследования, проблемы // Современная психология мотивации /под ред. Д.А. Леонтьева.– М.: Смысл, 2002. – с. 47-103.
- Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность. 2-е изд. СПб.: Питер. М.: Смысл, 2003.
- Хекхаузен Х. Психология мотивации достижения. Пер.с англ. –СПб.: Речь, 2001.240 с.
- Пакулина С.А. Методика диагностики мотивации достижения успехов студентов в вузе // Психология обучения, 2009, №1. – С. 102-113
- Занюк С.С. Психология мотивации. –Киев, 2001.351 с.
- Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. –СПб.: Питер, 2002.508 с.