Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тәуке хан және оның «Жеті жарғысы» азаматтық құқық ретінде

Құқық саласы қазіргі кездегі өркениеттің бір саласын құрайды, құқықтық концептуалды сала, ғылым, өнер, фольклор, мифологиямен қатар қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылады. Мәдениеттің бір бөлігі бола тура азаматтық құқық ол жеке тұлғалардың заңмен шектелуі және құқық бұзған жағдайдағы берілетін айыптары.

Адамзаттың көп жылғы өмір сүру жолдарында өмір сүру тәртібін, белгілі бір нормалар мен маңызды қарым – қатынастарды реттеу үшін бағыттар қажет болып табылады. Қоғам арасындағы қақтығыстарды реттеу үшін міндетті түрде заңды тіл қажет.

Мақаланың өзектілігі болып, құқық саласы, өзінің көптеген бағыттары негізінде нақты сол сала бойынша жұмыс істеуді қажет етеді. Және әрбір саланың өзіндік салалық тарихы бар. Сондықтанда оның әрбір салалық тарихына үңілмесек те, тек азаматтық құқықтың қазақ қоғамында да. Сонау қазақ хандығының мемлекеттікке ауысуы кезінде пайда болғанын айтуды жөн көрдік. Қазіргі кезде азамат құқық кең бір мықты салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның азамат құқығын ерекше назар мен зерттеуді қажет етеді.

Мақаланың мақсаты болып, автор негізінен сонау 17-18 ғасырларда пайда болған ең алғашқы құқықтық сала ретінде туындағы Тәуке хан және оның Жеті жарғысы арқылы қазақ қоғамында азамат құқығының пайда болып, дамып отырғанын дәлелдегісі келді.

Мақсатты ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды:

  1. 17-18 ғасырлардағы Жеті жарғыдағы азаматтық құқықтың негізінің жүзеге асырылғанын көру;
  2. Тәуке хан мен оның Жеті жарғысы және оның тарихи маңыздылығы мен Азаматтық құқықтағы алатын орнын көрсету;
  3. Қазіргі кездегі ҚР Азаматтық құқықтағы Тәуке хан тұсындағы ұғымдардың пайдалануын көрсету.

Қазіргі дамыған елдерде адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық жолдармен бекітілген, бұл мемлекеттің адамға байланысты басып-жаншу мен зорлық-зомбылық жасауына тыйым салып, оның дербестігін және адам құқықтарының мемлекетке қарағанда басымдылығын қорғайды. Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарыншектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді. Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.

1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамның құқықтары мен бостандықтары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам ҚР Конституциясының және Азамат Кодексінің қабылдануы болды [1, 8].

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында ҚР Азаматтық құқығы адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы [3, 18].

Қазақстан тәуелсіздік алғалы оның азаматтық құқығында өзгерістер туындады, нормативті актілердің тақырыптары заңды тілдегі ұғымдар жаңа айналымға еніп, заңды күрделі үрдіске айналды. Қазақстанның азаматтық құқығында қазақ хандығы кезіндегі ұғымдар пайдаланған, оның көбін Тәуке ханның жеті жарғысынан алған. Бұл жағдай қазақ азаматтық құқығының негізгі тамыры мен азаматтық – құқықтық реттелудегі бастаманың негізі болып табылады.

Тәуке ханның ел үшін сіңірген еңбегі екі қырымен айырықша назар аудартады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, сырттан анталаған көп дұшпанға бел алдырмағаны болса, екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнықтыруы болатын. Әкесі Жәңгір хан жанына жүзбен жалғыз жүздессе, жүрегі шайлықпайтын, екі талай сынақты шақта басын бәйгеге тігіп, өзін халқы үшін құрбан етуге ойласпай баратын батырларды жинап, хандығын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, Тәуке хан төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзбен мыңды жатқызып, өргізетін, беделімен елдің берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарып, ішкі-сыртқы саясат тізгінін тең ұстады, елінде ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі бізге сол кезде Тәуке ханның қасында ұлы жүз Әлібекұлы Төле, орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі өк шеп шығарған, кейін даналық сөздерімен, ғаділетті істерімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары аңызға айналған атақты бірнеше бидің болғанын білдіреді. Осындай ақыл-ой алыптарының замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, бірлік-берекесін алар ішкі дау-жанжалды тыйып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, игілік бағытында бірігіп іс-қимыл жасауы – кезінде Қазақ хандығының жағдайын күрт жақсартып, сыртқа абыройын асырады.

Қазақ елі “ерді ер қолдаса – береке, ханын елі қолдаса – мереке” екенін көреді. Сол себепті де Тәуке ханның ел билеген кезі халықтың жадында “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” тыныш та берекелі заман болып қалады. Әрине, бұл ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті деген ойды тудырмаса керек. Керісінше, Тәуке хан билік құрған кезде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген емес. Сонау қалмақтың қонтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағанынан басталған шабуылдар ілегі кейін оның немересі Цеван Рабтан билікті қолға алған кезде де тыйылған жоқ. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ-қалмақ арасында ірі соғыстардың болғанына тарихи деректер нақты куәлік бере алады. Сондықтан бұл арада “қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман” дегенде, қазақтар сыртқы жаумен соғыспай мамыражай күн кешкен екен деп түсіну жөн болмайды.

Елдің өз ішінде тыныштықтың орнауында, халықтың арасында ырыс қазығы – ынтымақтың берік қағылып, ағайын аралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жиналып, бәрінің бірігіп, ортақ мүдденің абыройын жоғары көтеруінде. Қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер, реформалар енгізген Тәуке хан еңбегінің түпкі көрінісі, бірегей нәтижесі. Тәукенің тарих таныған тұлғаға айналуының да, халқы сүйіп “әз” (әулие) аталуының да негізінің өзі сол, халықты халықтың өзінің ішінен шыққан Естісіне басқартып, елдік тұтастықтың іргетасы – ішкі тәртіп пен сыртқы қорғанысқа жалпақ жұрттың көкірегінде ортақ ұлттық мүдделіліктің оянуына мүмкіндік туғызуында жатса керек. Тәуке ханың «Жеті жарғысы» өзі де қазақ халқына көп көмегін тигізді, ол жеті тараудан турған. Негізі,«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген.

Билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкейіндегі көкейтесті мәселелерді: қөшқоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.

XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің тілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестеуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.

XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі құқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық құқығының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы»«Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі [4, 134].

«Тәуке хан ережесінің» негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың әдеттегі байырғы құқығын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер енді.

«Жеті жарғыны» жасау қолданылып келген әдеттегі құқықтың нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде баянды етілді.

«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш бөлімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет – ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, саясатына сай енгізілген жаңалықтар.

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:

  1. Жер дауы заңы (земельный закон);
  2. Отбасы неке заңы (семейно – брачный закон);
  3. Әскери заң (военый закон);
  4. Сот заңы (судебный закон);
  5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон);
  6. Құн заңы (закон о Куне);
  7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)

«Жеті жарғының» жеті заң мен жеті жарлықтан тұрған. Жеті жарғысына тоқталсақ:

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді» [10, 234].

ҚР Ақаматтық кодекстің заңдар ұғымдарындағы негізгі дерек көзі Тәуке ханның Жеті жарғысы болып табылады. Сол кезде әйгілі болып бүкіл көшпенділердің, қазақ қоғамындағы далаға тараған ұғымдар

бүгінде мәні жойылған болып саналады. Бірақ оларды баламалап пайдаланып жүр. Мысалы, Барымта – мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады [4, 234]. ҚР Азаматтық Кодексінде кез келген даудың арты негізсіз, дәлелсіз, аргументсіз, фактісіз болмайтынын айтылады [6, 56].

«Барымта» сөзі XVIII ғасырға дейін романдар мен поэмаларда пайдаланған. Бірақ қазір, ҚР Азаматтық Кодексінде оны кездестіре алмаймыз, ол өзінің мағынасын жоғалтқан, бірақ оны «мүлкін тәркілеу» деген сөзбен мағынасы жағынан алмастыруға болады. Ол ҚР Азаматтық Кодекстің 254 бабында, «егерде заңды актілерге сай істеген қылмысы мен құқық бұзушылығы негізінде сот жүзінде ол дәлелденген жағдайда құқық бұзушы азаматтың мал мүлкі тәркілеуі қажет (конфискация)».

Қазақ хандығында «әділетті түрде шешетін адамды би» деп атайды. Би – ақсақалдар халықпен келісе отыра сайлаған, ел мен халық тарихын білетін шежіреші, рулық жағынан ешбір қылмыссыз, бедел мен қадірлі адам болуы керек. Бұл қызметке кез келген жастағы адам сайлана алады. Егерде халық сайлаған жағдайда тіпті жасы жағынан кішкенелер де болуы мүмкін. Кез келген рулар мен адам мен адам арасындағы азаматтық, қылмыстық және мал мүліктік негіздегі шыққан дай жаналды реттеп, шешуге бар күшін салады. Бидің мықты білімі мен адамгершілігі және ешбір жақты жақтамайтындағы мінезі, шешендік өнері, табиғи қабілеті, дұрыс шешім шығара алатын, әрбір сөзі салмақты да мәнді болуы қажет. Би қасқада нұсқа, қандай болмасын шешім шығарарда тоқ етерін айтып, халықтың көңілінен шығып отыруы керек. Өзінің жеке басының мүрделерін ешбір іске араластырмауы қажет [4, 68].

Қазіргі уақытта бұл ұғымға және айтылған мағынаға «сот» ұғымы тең келеді. Сот дегеніміз мемлекеттің қызметтік тұлғасы, соттық биліктің тізгінін ұстаушы. Сот болып, конститутциялық негізде әділеттілікті орындаушы, өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындаушы болып табылады [5, 65]. ҚР барлық соттары бір ізділіктегі статус пен құзырет тілікпен анықталады. Олардың барлығы ҚР соттар туралы Заңына тәуелді және оны қағат орындауға міндетті. Олар тәуелсіз тек заңға ғана тәуелді. Соттар кез келген істі қарауда объективті болып, дұрыс заңға сәйкес гуманизм мен адамгершілікті тұрғыдан шешім шығара алуы керек. Сот кеңестері мен жүгініс немесе мәжілістері арқылы қиын мәселелерді шеше алады. Сот мемлекет атынан қаулы қабылдап, шешімдер шығара алады. Халықтық мәжіліс керлерге негізделе отыра тең құқылы болып табылады.

Келесі мысалды, «Соттық мәжіліс» ретінде қарастырсақ. Соттық мәжіліс әрбір адам белгілі бір қиындыққа тап болған жағдайда белгілі бір адаммен кеңеседі, көмекке жүгінеді. Осы байланысты қазақ хандығы кезінде көшпенділер қоғамында «Кеңес» және «Мәжіліс немесе жүгініс» органдары болған. Кеңес пен мәжіліс арасындағы ерекшелік белгілі бір істің мәні мен мазмұнына байланысты. Егерде іс өлім, ұрлық, зорлық немесе ру арасындағы қылмыстарға байланысты болса оны Кеңес шешкен, онда 8-ден 24-ке дейін билер болған. Жоғарғы биді жазаланушы мен жәбірленуші өздері таңдайды. Егерде іс ірі көлемдегі ұрлықпен, қарақшылықпен, ішкі рулық және көрші рулар арасындағы ұрлық зорлыққа байланысты болса, онда оны «Жүгініс» шешеді, онда 6-8 билер және құрметті адамдар болған. «Жүгініске» қатысушылар жоғарғы биді шақырады. Бұл тұжырымнан шығатыны «Сот мәжілісі немесе жүгінісі» мен «Сотты Кеңес» арасындағы айырмашылық ауқымды болмағанмен мәні мен мағынасы жағынан ерекшеленеді [4, 68].

Бұдан шығатын қорытынды отандық заңдар мен құқықтық нормативті актілерде қазақ хандығынан келе жатқан сөздіктерді неге қолданбасқа.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады.

Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адами ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінезқұлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады.

Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. ҚР Азаматтық Кодекс. Алматы, Юрист 2006.
  2. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С. Гражданское право РК. Алматы, Данекер,1999 С. 6-10
  3. Қазақтың ата заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер 10 томдық Тасмағамбетов И.Н., Тажин М.М., Жанаханова Қ. т. 4 С. 9-12
  4. Юридический энциклопедический словарь. Гл. ред. Сухарев А.Я. М., «Советская энциклопедия», 1984.
  5. Ысқақов А.Сыздықова Р., Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, Ғылым, 1966. С. 240
  6. Артықбаев Ж.О. Жеті Жарғы. Алматы, Заң әдебиеті, 2004, 150б
  7. Винокур Г.О. О некоторых явлениях словообразования в русской технической терминологии // Труды МИФЛИ, 1939, т.5. С. 5-21.
  8. Шанский Н.М., Иванов В.В., Краткий этимологический словарь русского языка. Изд. 3-е. М.; «Просвещение», 1975. - 540 с.
  9. Рахметов Қ. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 т. Алматы, 1980.
  10. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1994.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.