Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Криминалистикадағы жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерінің қолданылуы

Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылысты, жаңалық енгізу деген техникалық мағынаны білдіретін «инновация» термині деп атайды. Сонымен қатар ғылыми қызмет нәтижелерінің мол болуын білдіреді.

Криминалистік техника жалпы екі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы, криминалистика ғылымының бөлімі ретінде болса, екінші жағынан техникалық құралдар жиынтығы.

Жұмыстың мақсаты тақырыптың актуальдығы мен шешілетін мәселесінің маңыздылығынан туындап отыр. Қылмысты ашу және тергеу, іздестіру мен дәлелдеу, криминалистік.

Техниканы қолданушы субъектілердің ақпараттың жетіспеушілігіне, оны алудың қиындығына, уақыттың тығыздығына, кәсіби деңгейі мақсатында арнайы инновациялық технологиялар қолданылады.

Нақты бір қылмыстық іс бойынша тергеудің тиімділігі тергеуші мен олардың арасындағы ара қатынасқа тартылған тұлға орнатқан ақпараттың криминалистік маңызының көлеміне байланысты.

Қылмысты зерттеуші тұлғаның ақпараттық – аналитикалық жұмысы жинақтау, сақтау, жүйелеу және шешім қабылдау мақсатындағы дәлелді сараптау мен ақпаратты болжаудан тұрады

Мұндай ақпараттардың көзі болып табылады:

а) қылмыс туралы өтініш пен хабарлама;

б) тексеру ісінің және оперативті – іздестіру шараларының қорытындылары;

в) сараптамашылар мен қорытынды мамандар қорытындылары;

г) криминалдық және басқа да есептер мәліметтері;

д) қылмыстық сот ісіне қатысушылардың берген әртүрлі мағлұматтары;

е) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары;

ж) қылмыстық іс материалдары мен бас тарту материалдары;

з) оперативтік мәліметтердің, болжамдардың мәліметтері;

и) әртүрлі ұйымдар, мекемелер, өндірістер, т.б. түскен ақпараттар.

Тергеуші ақпараттар тобын өңдеп, одан криминалистік маңыздыларын ерекшелеуі керек. Бұл жерде ақпараттың жетіспеушілігіне, оны алудың қиындығына, уақыттың тығыздығына, кәсіби деңгейдің төмендігіне қарамастан қателік жібермеуі қажет. Мұндайда уақыттың көп бөлігі әртүрлі құжаттарды: хаттамалар, қаулылар, сұраныстар, т.б. құрастыру сияқты жұмыстарға жұмсалады. Криминалистикада қылмыстық іздерді алу, ашу және зерттеуді инновациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырып, қолданады.

Мынандай әдіс құралдарды көрсететін болсақ:

Компьютерлік техниканың көмегімен ақпараттық үрдістер ғана емес, судьялардың шешімдеріне сәйкес тергеушілердің, сараптамашылардың, оперативті қызметкерлердің шешімдерін қолдау компьютерлендіру жүйесіне енгізілуде.

Нақты бір істерді тексеруде қылмыстың құрамы, әрекеті, қылмыстық қастандық, жапа шегуші, т.б. туралы компьютерде диалогтық кестеде мәлімет енгізіледі. Өңдеуден кейін экранға тексеру барысында қолданылуы мүмкін мәліметтерді эпизод бойынша, қатысушылар бойынша тексеру ісін топтауға болатын, тексеру ісін қалай жүргізу керектігін нақты айтып беретін, тектерін, есімдері, мерзімдерін, т.с.с. қатысты эпизодтарды құрауда кепілдеме беріледі.

Компьютерлік техниканы тіпті қолдану «жасанды зият» әдісі негізінде күрделі формада қолдану компьютер қабылдаған шешімді орындауда тесеруші немесе сараптамашы ойланбай әрекет ететіндіктерін білдірмейді. Біріншіден, компьютерлік «зият» бұл жағдайда тексерушілік (сараптамалық) әрекеттің озық әдіс – тәсілі болып табылады, ал екіншіден, сөз міндеттілік белгілері жоқ түрдегі кеңестер туралы болып отыр.

Тәжірибе көрсеткеніндей, компьютерлендірілген ақпараттар жүйесі төмендегідей ережелерді сақтауда еңбекке қабілетті болды:

  1. барлық енгізілген ақпараттар арнаулы сөздікті қолдану тілінде жазылуы қажет;
  2. ақпаратты өңдеу бір типті міндеттер тобына жататын, шыққан шешімі өзгеруі ықтимал кез келген нақты міндетті шешуге мүмкіндік беретін нақты анықталған операцияның жүргізілу алгоритмімен сәйкес жүргізілуі қажет.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі компьютерлік жүйелердің жоғарғы оқу орындарында, сондай – ақ судьялардың, тексерушілердің, оперативтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруда криминалистиканы оқыту үрдісінде кең қолданылуы қажеттігін білдіреді. Осы мақсатта зерттеу әрекеттерінің жеке түрлері (мысалы, оқиға болған жерді тексеру), сондай – ақ тексерудің толық: «Кісі өлтіру», «Тексеруші», «Рекет», «Мираж» бағдарлама – жаттығу құрылғыларының қатары құрылды.

Оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың тиімділігі студентке немесе ақпаратты басқарушыға олардың қабылдау, өңдеу, жіберу қабілеттіліктерін арттырумен байланысты. Бұл орайда алдын ала бағдарлама жасалған.

Криминалистиканы оқуда компьютерді қолданудың келешегін анықтай отырып, төмендегілерді атап өтуге болады:

  1. аталмыш техника құралдарын қолдану мен автоматтандырылған ақпараттық сұраныстық жүйесін қолдану;
  2. компьютерлік база жүйесіндегі ше-шім қабылдауды қолдау, әртүрлі міндет атқарушы қызметкерлерінің, құқық қорғаушы органдарының құрылымдарының автоматтандырылған жұмыс орындары;
  3. криминалистік техника, тактика, әдіс – тәсіл бойынша тәжірибелік сабақтарда компьютерді қолдану;
  4. қылмыстың жекелеген түрлерін (имитациялық оқу жүйесі базасында) ашу мен тексерудің тәжірибелік дағдысында компьютерлерді қолдану;
  5. криминалистиканың әртүрлі бөлімдері мен салалары бойынша компьютерлік білім бақылауын қолдану.

Үшінші бағытқа «Қару жарақ» және «Суық қару» автоматтандырылған ақпараттар жүйесі қызметі мысал бола алады. «Суық қару» жүйесіне назар аудара отырып, белгі, құрылым, әртүрлі суық қаруларды ұстау әрекеттері, дайындалу әдіс – тәсілдері туралы ақпарат алуға болады. «Қару жарақ» жүйесі қазіргі отты қарулар мен бүгінгі қарулар туралы мәліметтер бар.

Автоматтық баллистикалық сәйкестендіру жүйесі (АБСЖ) «Таис». Бұл құрылғы оқтың үстіңгі жағының электрондық көшірмелерінің және гильзаның үстіңгі жағының дон насын сәйкестендіру жағдайын анықтаумен базаға енгізу мақсатында қолданылады.

ЭВМ–ді қолдану криминалистік тексеру әдісі арқылы жекелеген қылмыс түрлерін тексеру мен ашуда тәжірибелік дағды алу үшін тиімді. Оқытудың имитациялық жүйелері ("Тексерущі", "Өлтіру", "Мүрдесіз өлтіру", "Рэкет", "Зорлауды тексеру") қылмыстық істі тексерудің жетістігі негізінде құрылған, сондықтан студенттерде жекелеген қылмыс түрлерін ашу мен тексеруде дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен, желілік жоспарлау әдеттегі күнтізбелік жоспар алдында басымды екендігі сөзсіз. Оны қолданудың мақсаты жоспарлау сапасын арттыру, уақытты рационалды қолданудың есебінен тексеру мерзімін қысқарту және әрекет жоспарының орындалуын үнемі қадағалау. Персоналды компьютердегі желілік графика параметрінің есебі уақыт пен құралды жұмсау тұрғысынан әрекет нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бұл әдіс барлық міндеттер мен мақсаттар арасын нақты қалыптастыруға, қылмыстық істі зерттеудің алғашқы кезеңі мен келесі кезеңдерін бақылауға көмектеседі, тексерудің әрбір күніне қатысты істің мән – жайы туралы тексерушіге уақтылы ақпарат беруге мүмкіндік туғызады. Желілік жоспарлаудың әдіс – тәсілдерін оқыту кезеңінде меңгеру жоғарғы оқу орындарында криминалистиканы оқытуда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқыту ісі студенттік аудиториямен арадағы байланыстың үнемі болғандығын, білімді сапалы да саналы терең меңгеруді, тексеру әрекетінде тәжірибелік міндеттерді шешуде оны қолдана білуді қажет ететіндігі белгілі. Сондықтан оқыту үрдісінде студенттер білімін бақылау бағдарламасын енгізу компьютерді қолданудың негізгі формаларының бірі болып табылады. Криминалистикадағы жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді ұйымдастыру саласындағы тиiмдiлігін одан әрі арттыруға, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, техникалық құралдарды жаңғырту мен жетiлдiруге себеп болатын іс-шараларды, деректер банкiнiң жалпыға бiрдей қол жетiмдiлігін қамтамасыз ететін бiрiктiрiлген автоматтандырылған сәйкестендiру жүйелерiн құру жолымен құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды пайдалану жөнiндегi құқық қорғау органдарының мемлекетаралық ықпалдастығын қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған дактилоскопиялық идентификациялық жүйе (АДИС) бұл программалық техникалық кешен, дактилоскопиялық есептер жүргізу мен қол іздерін алу үшін арналған, ашылмаған қылмыстар орнынан алынған тұлғаның дактилокарт сілемі арқылы дактилоскопиялық септерінен құрылған жүйе. Соңғы жылдары бірнеше «АДИС» өңделіп және енгізілген, айрықша жетілген жүйелердің бірі Папилон пайда болды.

«Адис Папилон» ең бірінші отандық компьютерлік жүйесі, әр түрлі дактилокарт сілемесін, олардың сапасын алдын алусыз іріктеу мерзімді мінездемелерді қамтамасыз етеді.

Бүкіл дактилоскопиялық мәліметтерге тексерулер жүргізіліп, нәтижелер шығарылады. Қылмыскерді сәйкестендіру тірі сканер «Папилон»-нан өткізіледі, дактилоскопияны бояусыз шығаратын оптоэлектрондық құрал болып табылады.

Криминалистикалық мүмкіндіктер үлкен ЭВМ-ді қолданумен алмастыратын аналитикалық жүйе «Квадрат» өндірілген. Жүйе қаладағы бүкіл қылмыстың түрін, оның шекарадан бөлінуін және нақты қылмыс түрлерін береді. Анализ қылмыстық орындарды айқындау үшін көмектеседі.

ҚР-ның ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарында бейнетаспа және фото түсір ілімдерді автоматтандыру бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде. Тұлғаларды фото бейне базаларында автоматтандырылған түрде іздеу жаңашыл технологиялар енгізілген. Автоматтандырылған ақпараттар жүйесі (АИПС) “образ ++”. Бұл отандық өнертапқыштардың жұмысының нәтижесі.

Алматы және Астана қалаларының ІІД-ң ДНК зертханалары құрылған. Бұл бағыттың дамуында ең басты мақсат ашылмаған қылмыс орынан табылған генетикалық куәлік, биологиялық іздер тіркеу бойынша республикалық бөлімшесін құру. Жаңашылдық болып криминалистикалық тіркеуге дауыс биометриясын енгізу болып табылады. Құқық қорғау ойрандарының бөлімшелерінің ішінде орталықтандырылған тұлғалардың сөйлеу мәнеріндегі фонограммаларға тіркеу базасын құру.

Шетел мемлекетімен қатар, бізде де автокөлікте орнатылған жылжымалы лабораториялар бар. Фототүсірілімге автоматтық фотокамералар қолданылады, фотобасылым процестерін қоспағанда, видеобейнетаспаны теледидардан көру мүмкіншілігін береді.

Криминалистика мен иіс сезгіш иттерді асырау үйлесімінде пайда болған криминалистикалық одорология әдісі қылмыстардың бетон ашу мен тергеудегі адам иісін қолданудың жаңа сатысы болып табылады.

Одорологиялық әдіс адамды сипаттайтын иіс заттарын оқиға болған жердің бейне көрінісінің заттарын жинауға, оларды тергеудің бүкіл аралығында сақтау мен белгілі бір субъектінің жасалған қылмысқа қатыстылығын тексеріп, анықтауға мүмкіндік береді. Одорологиялық объектілерді кинологиялық зерттеу, иттердің сезім ана-

лизаторларының оларға берілетін адамдардың жануарлардың жеке иіс кешендерін есте сақтау мен жаңа үлгілер сияқты басқа иістермен аралас күйінде де тез арада есте сақтау спецификалық қабілетіне негізделген. Оқиға болған жерде иіс іздерін қамтитын мынандай объектілері болуы мүмкін: кепкен қан дақтары, шаш, тырнақ, адам ағзасының бөлінгіш және кепкен шіру процестері жоқ бөлшектері; жеке заттар, темекі қалдықтары; қылмыс құралы немене тірі адам денесімен жарты сағаттан аз емес уақыт аралығында қатынаста болған заттар; аяқ, аяқ киім іздері.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында иттердің жүйке қызметі мен сезу ерекшеліктерін пайдалану арқылы Ресейдің сараптама – криминалистика орталығында ойлап табылған адамның жеке иісін зертханалық идентификациялау әдісі қолданылады.

Қорытындылай келсем, біздің ойымызша инновациялық технологиялардың тиімділігін одан әрі арттыруға, кадрлардың біліктілігін арттыруға және ұйымдастыруға, техникалық құралдарды жаңғырту мен жетілдіру, оның ары қарай дамуына қаражатпен және арнайы жоғарғы оқу орындарымен қамтамасыз ету.

Қылмыстарды ашу, тергеу мен оның алдын алудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялардың дамуына үлкен жол ашуымыз керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Криминалистика. Учебник для юридических вузов. / Под ред. И.Ф. Пантелеева, Н.А. Селиванова. М., 2007.
  2. Минаев В.А. Информатика и вычислительная техника в деятельности органов внутренних дел: Учебное пособие. М., 2006.
  3. Федеральный научно-практический Журнал «Эксперт – криминалист», ИГ «Юрист», 2010.
  4. Криминалистикалық техника тарауы бойынша қысқаша дәрістер жинағы. – Алматы, «Жеті Жарғы», 2005. 144 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.