Мақалада сатираға мысал келтіріп, түрлі талдау жасалған. Негізінен, сатира өз кезіңінде. айналасында болып жатқан ақиқатты ашып көрсетеді. Әр елдің мәдениеті, келбет-кескіні оның өнер туындыларынан. салт-дэстүрінен ғана емес сықақтарынан, юмор-сатирасынан да көрініс табады. Міне сол сатира мен юмор тарихтың әр кезеңіндегі өрлеген, құлдыраған сэттерін. ұмтылыстарын көңіл-күйін көрсетеді. Орын алған эділетсіздіктер мен теңсіздікке қарсы күш біріктірген, жарқын болашаққа үміттенген халық өз ашу-ызасын, қарсылығын сықақтап жеткізген. Халық езушілеріне қарсы күресте сатира детей қарумен қарсы шыққан. Өзіне жамандық қылып. тонаған, қорлаған тап өкілдерін табандап емес, мысқалдап саясат сахнасынан шығарып отырған. Сатира қазақ даласында алдымен ауыз эдебиетінен бастау алып кейінен баспасөз бетінде көрінді. Мақалада белгілі бір жүйелілік сақталуы анық аңғарылады жэне негізгі тақырыпшалар, мазмүны, жасалған талдаулар БАҚ-қа қойылатын бүгінгі күн талабымен орайлас күрылған. "Садақ" журналынан бастап "Ара" журналына дейінгі бір ғасырта жуық аралық сатира жанрының қалыптасу кезеңі болып саналады. Әр ғасырдағы, эр дэуірдегі белгілі бір қоғамдық кезендегі өзгерістер түсында сатираның алатын орны ерекше. Қазақ сатирасының оның ішінде прозалық. поэзиялық, комедиялық дараланып түратын өзіндік ерекшеліктері- тілдік бейнелілігінде, адам мен қоғам өміріндегі келсңсіз дүниелерді сөзбен аша білуінде, жалпы автор ұстанымының идеялық биігі, ар ілімін көтсре білуінде деп түсінеміз. Сатираның өзі адам бойындағы арсыздық, ынсапсыздық тағы басқа адамдықтан кетіретін сипаттардан арылуды көздеген жақсы ниеттен туындайтыны анық. Сатира келеке етуге емес, кемшіліктерден арылуға қүрылған.
Қазақ халқы өнерлі ғана емес, күлкішіл, сөзге шешен халық. Жан түршігерлік азап пен әділетсіздікті көп көрген ол қанша қиналса да, теңсіздік табанға салып таптаса да күлген, күлкіден қол үзбеген. Бір сөзбен айтсақ күресін тоқтатпаған, күлкісін жоғалтпаған.
Erep Добролюбов: Біздің әдебиетіміз Сатирамен басталып, сатпрамен дамыды, оның тамыры да сатира да жатыр,- десе, қай халықтың болсын әдебиеті жөнінде, соның ішінде қазақ әдебиеті туралы да, осыны айтуға болады [1].
Халқымыз сонау ерте замандар да-ақ жаз жайлауда өнер жарыстырып, өлең айтқан. Осында жиылыстарда талант иелері тапқырлық, күлдіргіштік қасиеттерін танытып, көңіл көтеру үшін әзіл-оспаққа құрылған туындыларын ортаға салған. Міне ауыз әдебиетіміздегі юмордың алғашқы көріністері ссылай пайда болған. Ал сатира болса таптық топтармен күрес кезеңінде өз күшіне еніп оларға азуын көрсету үшін жүмсалып отырған. Сол үстем тап өкілдеріне тойтарыс беру үшін сатиралық туындылар да көптеп туды. Демек қазақ әдебиеті де сатира , юмормен бастау алып, бірге дамып отырған деуге негіз бар.
Ауыз әдебиетіндегі ең алғашқы сатиралық бастамаларды М.Әуезов айтқандай хайуанттар жайындағы ертегілерден-ақ көруге болады [2]. Қазақ фольклорындағы тұрмыс - салт жырларын, өтірік өлеңдерді мысалға ала отырып қазақ халқының күлкіге жақын халық екенін байқауға болады. Сол кездегі сатира мен юмордың ең көрнекі туындылары ретінде Алдар көсе мен Қожанасыр туралы аңыз-әңгімелерді қарастырдық. Иә, айтып өткеніміздей теңдік үшін күрескен қазақ халқы өзінің әр кезеңдегі әрекеттерімен, толғаныстарымен қазақ әдебиетінің қоржынын сатира мен юморға толтырып отырды. Басқа Шығыс халықтары сияқты, қазақ жүрты да шағын әңгімелерге, уытты әзіл-қалжыңға, қуақы анекдотттар мен сықақты этюдтерге, өткір де іліп-шалма сөздер мен сатиралық дидактикалық өлең жырға өте бай [3].
Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері жазба әдебиетіміздегі сатиралық жанрлардың бастауы, нәр алған, білім алған мектебі болды. Қазіргі біздің сықақ әңгімелердің негізінде күлкілі аңыз ертегілер, сықақты этюдтер негізінде қуақы анекдоттар, юморлық, сатиралық шарждар негізінде әсіреге қүрылған өтірік өлеңдер, мысалдар негізіндегі шешендік сөздер жатыр. Бүгінгі сатирамыздағы кездесетін тапқырлықты, әзіл шынын араластыра мысқылдауды, бетпердені сыпырар сарказмды, айтары мен айтылуы басқа иронияны сол халықтық сатирадан үйрендік [4].
Қазақ ауыз әдебиетіндегі әзіл оспақ ғасырлардан-ғасырларға жалғасып, қуаныш пен қайғысына ортақтасқан, ал кейіннен жазба әдебиетінде де ойып түрып орынын алды десекте болады. Дей тұрғанмен де ерте ғасырдағы қазақтың мына жыраушысы не ақыны сатира мен юмордың алғашқы өкілдері деп айта алмаймыз.
Ал XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің бірінші кезеңін Абай дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, екіншісін Абай дәуіріндегі қазақ әдебиеті деп жіктедік.Абайға дейінгі дәуір ұлы тарихи оқиғаларға толы [5]. XVllI ғасыр қазақ халқының тарихында жаугершілік заманда Қазақ хандықтарына Шығыстан Жоңғар шапқыншылығы, батыстан қалмақ феодалдары, Оңтүстіктен Бұқар, Хиуа хандықтары шабуыл жасап халықтың түскен еңсесін сатирағақұрылған зілді туындылармен ақындар көтеріп отырған болатын. Біз оны шығармалары үнемі жарияланып, зерттеліп, зерделеніп келген Бұхар жыраудан бері қарайғы әдебиеттен іздестірдік. Сонда Абай дәуіріне дейін-ақ қазақ сатирасының қалыптасқан, даму жолындағы сала екенін аңғардық. Абылайдай ханның асып- тасуын, Бөгембайдың батырдың жөнсіз қоқаңдауын, Ақаңдай байдың жылаңқылығын әрі ақыл айтып тежеп, әрі сынап-мінеп әшкерелеген дидактикалық - шешендік сатира Бұқар жырау шығармашылығынан-ақ орын алған. Қазақ халқына қиянат қылып, жаулық көрсеткен Қоқан хандығының алған ойран-топанын бетіне басса, жергілікті әкімдердің елді жаумен бірге тонаған әрекетін ашына әшкерелеген ащы сатира Жалайыр Жангісі бидің толғауларында табылады. Бұлардағы сын-сықақтық үн-әуездер Шал Құлекеұлы мен Көтеш ақынның мұрасында тағы да дами түскен. Сатира, юмор осы кезде күш ала бастады. Ханды, хандықты, үстем тапты әшкерелеумен шектелмей, тұрмыстағы кемшіліктерді шенеуге ойысқан.Исатай мен Махамбет көтерілісі қазақ халқының жылдар бойы тапталған рухын биікке көтеріп тастады. Үстем тап өкілдері мен отаршылдарға жақ болған ханға, жүргізілген әділетсіз саясатқа қарсы болған халық ызасы ақындардың ауызынан улы сықақ, сатира болып төгілді. Батыста Махамбет, Шернияз Жәңгір хан мен Баймағамбет сүлтанды, Арқада Дулат жырау Барақ султан мен Кеңесбай мырзаны, Шөже ақын Алшынбай хан мен Мүса мырзаны, Жетісуда Сүйінбай Тезек төрені аяусыз әшкереледі. Олардың бірі хан мен бек, би мен сұлтандардың сатиралық бейнесін жасаса, екіншісі жауыздық, қатыгездік әрекетін сипаттайды. Осыдан-ақ сол тұстағы ақындардың екпіндерінен сатиралық лептің қалай есіп тұрғандығын анық байқауға болады. Олар қазақ сатирасына мұра қылып, іліп- шалма қалжыңдармен түрлі күлкілі әңгімелер қалдырған. Мүны Шөженің шығармашылығынан да көруге болады.Ерекше атап айтар нәрсе болмыс-құбылыстардың айнасы, сәулесі болды. Оның өзіне тән міні де жоқ емес. Kon сықақтар мазмұндас, бір сарынды. Бәрінде де байлардың сараңдығы, молда-қажының арамдығы, ұлық, әкімдердің зорлық, қорлығы сыналды. Моральдық бейнедегі міндер, адамдық атқа кір келтіретін мінездік кемшіліктер аз көтерілді. Көптеген сықақтық шығармалар әлі нағыз сатира дәрежесіне көтеріле алмай, жай міншілдік, сыншылдық деңгейге жатты. Нысананың түр-түсін, іс-әрекетін суреттеп, образды ашудың орынына, оны сөгу, жеку, тілдеу натуралистік мінездеулер басым болды.
Қазақ сатирасы Абай дәуірінде жоғары, жаңа деңгейге көтерілді, түр, мазмұн жағынан көп толықты. Бұған Қазақстанның Россияға түгелдей қосылып бітуі, орыс әдебиеті мен мәдениетінің біздің сахараға тереңдей бойлай енуі, әдебиетте Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған прогресшіл халықтық бағыттың пайда болуы, ана тілінде мерзімді баспасөздің шығуына эсер етті. [6]. Өмірдегі ескі мен жаңаның егесуі сияқты, әдебиеттеде ескі дәуірді, ру-ақсақалдық заманды көк еген кертартпа ақындар мен прогресшіл жаңа бағыттағы ақын, жазушылар арасында бітіспес пікірталас туды. Бұл талас, тартыста демократ-ағартушылар сатираны күрес құралы ретінде пайдаланған. Сын-сықақпен прогресшіл, ағартушы өкілдердің Шығыс және ауыз әдебиетіне арқа сүйеген Мәделіқожа, Майлықожа, Базар жырау сияқты тобы да, орыс әдебиеті мен Европа мәдениетінен нәр алған Ыбырай, Абай сияқты тобы да айналысты. Алдыңғы топтағылар Шығыс фольклор дәстүрінен ұзап шыға алмады. Бұрынғы толғау, жыр, өсиет өлең, хикая түрінде жазды. Араб, парсы, үнді хикаяларын сюжет етіп пайдаланды.Екінші топтағылар әлгі түрлерді жаңа мазмұн, жаңа стиль, жаңа жанрлармен байытты [7]. Мысалы Ыбырай әдебиетіміздегі тұңғыш рет сатиралық әңгімені, Абай шын мәніндегі уытты сатиралық эпиграммалар мен саяси сатиралық өлеңдер әкелді. Екі ақын да аударма арқылы қазақ мысалын дамытты. Erep Ыбырай, Абай қазақ мысалын орыс мысалдарын аудару арқылы байытса, Шығыс шығармаларының сюжетін мысалға айналдыру арқылы байытты. Ол Қалила мен Димна әңгімелерінің негізінде "Тотықұс", "Қасқыр", "Аңқау мен арамза" сияқты мысалдар жазды. Майлықожаның бүл жанрдағы ерекшелігі - оны ақын үнемі он бір буынды қара өлеңмен келтіреді. Майлықожа қазақ әдебиетіне сюжетті сатиралық поэмаларды алғашқы нүсқаларын туғызды. Сөйтіп XIX ғасырдың аяғына қарай қазақ әдебиетіне Абай бастаған бір топ сатириктер келді. Дәуір, заман олардың алдына өз тұсындағы қоғамдық дерттерді әшкерелеу міндетін қойды. Бұл міндетті орындау ниетінде әркім өз үнін естіртіп, өз түрін тауып жатты.
XX ғасырдың басында қазақ халқының империализмге ұласқан Ресеймен етене араласуы, өз қоғамдық-әлеуметтік өмірінің жоғарылауы, саяси үйірмелер мен баспасөздің көбеюі солар арқылы небір прогресшіл идеялардың тарауы саяси қозғалыстардың етек алуы ақын, жазушыларымыздың ой-өрісін өсірді, мазмұн, түр, жанр жағынан ілгеріледі. Дәуірдің әлеуметтік пробремаларынан туған жаңа мазмұн, жаңа түр, соңы жанрлар табуды талап етті. Ой, білім, өресі өскен, өзіндік саяси әлеуметгік көзқарасы қалыптаса бастаған ақын, жазушылар әдебиеттік роман, пьеса жанрлар әкелді. Сатираны да өрлетті. XX ғасырдың басында қазақ сатирасын тағы бір биікке көтерген тұлғалардың қатарына Сұлтанмахмұт пен Сәбитті жатқызады. Себебі бірқатар шығармаларының басты ерекшелігі, айқын стилі сатира мен юмор. Сатираны Абайдан кейін эр түрдегі шығармалармен кемелдендірді [8]. Қазақ сатирасын дамытудағы Айқап журналының үлесі ерекше. Бұл орайда үш салада қызмет етті. Ең алдымен сатираның тек Ыбырай Алтынсаринде көрінген проза түрі-сықақ эңгімені көп жариялады. Оларда беллетристикалық елестету мен пейзаж көп болды. Екіншіден, журнал өзіне дейінгі поэзиялық сатираны ілгерлетті. 1917-1925 жылдар арасы: Қазақ кеңес сатирасының туу, қалыптасу дэуірі. Бұл тұста мерзімді баспасөзде алғашқы күлкі, сықақ бөлімдері көрінді. Ақын, жазушылар ауылды кеңестендіру, шабындық, егістік жерлерді қайта белу, эйелдер теңдігін қорғау, жастарды жаңаша тэрбиелеу ісіндегі кемшіліктерді сынап-мінеп шағын сықақ өлең, фельетондар жариялай бастады. Оны қалыптастыруға Сэкен астарлы, сықақты саяси, Сэбит сюжетті өлеңдермен, Ілияс, Аманғали фельетондармен, Бейімбет сатиралық новеллалармен, Ерғали сықақ эңгімелермен қатысты. Қалыптасу дәуіріміздегі сатирамыздың басты ерекшелігі -көбіне шартты түрде жазылды, жинақталған пікірлер қозғады. Кемшіліктері- көп сықақ шығармаларда артық баяндаулар мен тэптіштеулер , тіл жағынан солғындылық бар еді.
1925-1938 жылдар арасы. Бұл қазақ кеңес сатиарсының өркендеуі. Бұған XIII сьездің Баспасөз туралы, Ортақ комитеттің Партияның көркем эдебиет саласындағы саясаты туралы, Қазақстан баспасөзі жөніндегі қаулылары түрткі болды. Сонымен бірге қазақ кеңес сатирасының бүл аралықтағы өркен жаюына Түркістан республикасын ұлт ретімен қайта қүруға байланысты Ташкенттегі көп газет, журналдың Қазақстанға ауысуы, республикамызда жаңа баспасөз орындары мен "Шаншар", "Жаршы", "Балға" сияқты сатиралық журналдардың шығуы, оқшау сөз фельетондарға екі рет бэйге жариялануы зор ықпал жасады. 1928-1929 жылдары төрт, 1935-36 жылдары бес сатиралық жинақ басылып шықты. Жанр саласында Бейімбет Ілияспен бірге, Асқар, Қадыр, Қалыбек, Дүйсенбек, Жүмағали, Жиенғали сияқты ақын, жазушылар еңбек етті [9].
1938-1952 жылдар арасы, қазақ кеңес сатирасының еңістеу дэуірі. 1937 жылы қоғам, ғылым, әдебиет, мэдениет қайраткерлерін қуғындау басталды. Бұл науқан бір жағынан сатириктерді сықақ жазудан тыйылуға мэжбүр етті, қатарын азайтты. Газет журналдарда сықақ сирек басылды, күлкі кітабы мүлде шықпады. Дегенмен 1938-1952 жылдары сатира ¥лы Отан соғысыннегізгі нысан қылып алды. 20-30 жылдардан бері көрінбеген мысал қайта қатарға қосылды. Әйтсе де газет ісінде асығыстық белең алып баспасөз беттерінде сапасыз жауды сырттай жамандауға қүрылған материалдарда болды.
Әдебиеттер тізімі
- Қожекеев. Т. Сатира негіздері. Алматы, 1996. 464-бет
- Қожекеев. Т. Қазақ сатирасы. Алматы, 1970.
- Қожекеев. Т. Сатиралық жанрлар. Алматы. 1983.
- Қабдолов. 3. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы, 1970. 313-бет
- 5 Мүсірепов F. Тандамалы үш томдық 2 том. Алматы, 1980. 242-243-бет
- 6 "Айқап" журналы, 1914, №12
- 7 "Айқап" журналы,1913, №21
- 8 "Айқап" журналы,1913, №14
- 9 "Балта" журналы, 1932, №1