Мақала барысында Ата заңымыздың даму тарихы мен даму жолындағы конституциялық қүндылықтың мәртебесі. заң үстемдігі зерттелген. Конституциялық реформа нсгіздері анықталған. Мемлекеттің саяси жүйесі конституциямызда нақты жазылтан. Сонымен біргс бұл заң алғаш рет саяси жүйенің өзегі - президенттік жүйені сипаттайды. Бүгінде біздің Конституция мен зандар шығармашылық пен кәсіпкерлікті ынталандыруға мүмкіндік береді деп айта аламыз. Бұл норма негізгі мақсаты. конституциялық зандармен реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар аясын, зандарды. Президент Жарлықтарын. Қазақстан Республикасы мемлекетгік органдардың нормативтік құқықтық актілерін анықтайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының еліміздің Негізгі қужаты ретінде алатын орны мен маңыздылығына. ерекшеліктеріне назар аудару керек екендігі айтылған. Сонымен қатар. Конституциямыздың қабылдануы, оның жеткен жетістіктері. Қазақстан елінің құқықтық мемлекет екендігін дәлелдейтін іс-шаралар баяндалып отыр. Жаңа Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылау үшін бүқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін-ақ. шын мәнісінде оның жүмысына бүкіл ел кірісті деп айтуға болады.
Жоғары зандық күш пен тұрақтылыққа ие. азаматтардың. азаматтық қоғам институтгарының. мемлекеттік үйымдар мен мемлекетгік органдардың құқықтық мәртебесі саласындағы негізгі әлеуметтік қатынастарды нығайтып. ретгейтін Республика Конституциясы конституциялық дамудың жаңа кезеңінің бастамашысы екеніне сенімдімін.
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, қүқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1] - деп жазылған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында, мемлекетіміздің құрылымы, мемлекетті жандандыруға, жаңа әділетті қоғам құруға ұмтылған көптеген ұрпақтардың тарихи дәйектілігінің тереңдігі шоғырланған. Мемлекет тек қана аймақ, азаматтардың шоғырланған жері, билік институттары ғана емес, Конституция, ол алдыңғы ұрпақтың тәжірибесі мен болашаққа деген үміті. Экономиканың, саясаттың, халықтың ақыл-ойының түбегейлі өзгеруі соншалықты жылдам орындалды, жаңа Конституцияны қабылдау қажеттілігі түсінікті болды.
25 жыл тарихы бар Конституцияның заңды сипатын ерекше атап өтсек, Конституция референдум алдында жобаның кең талқылануы болды, оның барысында азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныс жасады. Референдумға қатысқандардың шамамен 90 пайызы, бүл оған қатысуға құқығы бар жеті миллионная астам азамат жаңа Заңды қабылдау туралы айтқан. Сондықтан, оның авторы - Қазақстан халқы деуге болады. Конституциялық құрылыстың осы сатысында өзіне қойған міндеттер өте күрделі, әртүрлі және жауапты болды. Біріншіден, жаңадан қалыптасқан мемлекеттіліктің, мемлекеттік биліктің және үкімет жүйесінің барлық мүмкіншіліктерін нығайту қажет болды. Екіншіден, экономиканы түбегейлі реформалаудың өзекті мәселелерін шешу, оны ең терең дағдарыстан шығару. Үшіншіден, сыртқы саясат қүру. Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Ақыр соңында өркениетті әлемде қабылданған азаматтардың азаматтық қүқықтары мен бостандықтарын құруға, демократиялық институттарды дамытуға байланысты бірқатар міндеттерді шешу қажет болды.
Конституцияға дауыс берген Қазақстан халқы осы уақытқа дейін қалыптасқан үкіметтің президенттік формасын анықтап берді. Бұл таңдау кездейсоқ емес. Ол бүрынғы тарих пен қазіргі шындыққа, кез-келген әлеуметтік- экономикалық дағдарысқа немесе биліктің түрлі салалары арасындағы келіспеушіліктерге байланысты ешқандай ауытқуларға ұшырамайтын күшті және шоғырландырылған билік жүйесін қажет етеді. Президенттің басқару формасы шеңберінде мемлекет басшысының мәртебесі оған «жағдайдан жоғары» болуына мүмкіндік береді және Қазақстандағы мемлекеттік органдардың үйлесімді қызмет істеуін қамтамасыз етеді, қоғамның табысты және қайтарымсыз реформасы үшін ең қолайлы алғышарттар жасайды. Бұдан басқа, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам үшін күшті әлеуметтік айырмашылықтар бар, Президент азаматтық бейбітшілік, әлеуметтік тұрақтылық пен этносаралық келісімнің кепілі. Бұл сондай-ақ, оны негіздеген адамдарға биліктің жауапкершілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.
1995 жылы қабылданған Конституциямыз Қазақстанда реформаны жүргізудің аса қуатты серпіні болғанын мақтанышпен айтуға болады. Көп жағдайда оның ережелерінің арқасында, аздаған мерзімдердің ішінде ғана жас мемлекеттің экономикасы мен саясатында, үлтаралық тұрақтылықты аса үлкен жағымды нәтижелерге жеттік. Қолданымдағы Конституцияны қызмет ете бастағанда Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізуге «даңғыл жол» ашылды. Дәлірек айтқанда, Жоғарғы Кеңестің орнына, заң шығару билігін жүзеге асырушы орган Парламент келді.
Біздің халқымыз және елбасымыз мемлекеттік билікті заңнамалық, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлудің қиын конституциялық міндетін шеше алды. Бір жағынан олардың тығыз ынтымақтастығын, екінші жағынан өзара тежелуді, Конституция мен заңдарда белгіленген бір-бірінің құзыретіне араласуға жол бермеуді қамтамасыз ету үшін механизм құрылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің қүқықтық жүйесінің негізі, қазіргі (салалық) заңнаманы дамытудың негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қабылдауы бойынша түрлі мемлекеттік органдардың құзыретін белгілейді. Бұл норма негізгі мақсаты, конституциялық заңдармен реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар аясын, заңдарды, Президент Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін анықтайды.
1995 жылғы Конституция экономикалық реформаларға жаңа серпін берді, нарықтық қатынастардың талаптарына сәйкес келетін және жауапты болатын Үкіметтің қызметі үшін заңнамалық база мен заң шығару саласын қүрды. Осылайша, Конституция мемлекеттік және жеке меншіктің тең қорғалуына кепілдік береді. Бүгінгі күні біздің Конституция мен заңдар шығармашылық күш- жігерді жандандыруға және кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға мүмкіндік береді деп айтуға болады[2, 57 6.].
Жаңа Конституция азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын нақты анықтайды және шын мәнінде кепілдік береді. Адамның құндылықтары, оның құқықтары мен бостандықтары туралы ереженің негізгі заңында әрбір азаматты қорғауға деген ұмтылыс туындайды. Конституциямыздың қабылдануы қазір қоғамды одан әрі демократияландыру үшін кеңістік ашады, азаматтардың қызметін іске асыру үшін барлық жағдайлар қамтамасыз ететін сапалық, жаңа құқықтық ортаны қалыптастырды. Еліміздің Ата заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, мынадай норманы көреміз: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде табылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» [3, 106 б.]. Бұл дегеніміз, қоғамда кез келген түлға өз құқығының қорғалатына, еркін жүріп-тұра алатынына сенімді және оған Негізгі заңымыз кепілдік береді.
Экономикалық еркіндік, идеологиялық және саяси әралуандылық, заң алдындағы теңдік Қазақстанның құқықтық дамуының негізгі басымдықтары болып табылады. Сонымен қатар, Конституция әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді тыйым арқылы демократиялық институттар үшін теріс деп жариялайды.
Қазіргі Қазақстан түрақты саясат және болашаққа арналған жеңіске жету жоспары бар тәуелсіз, демократиялық мемлекет. Бүгінде Қазақстан өзінің құқықтары мен мақсаттарын батылдықпен жариялайды. Біздің еліміздің Президент! шынымен дана, адал, лайықты, ілтипатты, жауапты тұлға, саясаткер, дипломат, стратег және шынайы патриот. Оның арқасында біз тұрақтылық пен өркендеуге қол жеткіздік.
Конституциямызда мемлекеттің саяси жүйесі нақты көрсетілген. Сонымен қатар, осы заңда алғаш рет саяси жүйенің негізгі тұғыры - президенттік басқару жүйесі де баяндалған. Еліміз президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып табылады. Президентіміз еліміздің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтайды, мемлекеттік биліктің тармақтарының келісіп, қызмет етуін және олардың халык алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент, парламент, үкімет, сот жүйелерінің қызметтерімен бірдей қатынаста болады. Олардың жұмыстарын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дүрыс қызмет етуінің кепілі болып танылады.
Ел басымыздың Конституция мызда көрсетілген міндеттерін жемісті орындап отырғаны айдан анық. Мемлекетімізде саяси тұрақтылық пен қоғамдық татулық орын алып, экономикалық деңгейдің ілгерілеуге, еліміздің өнеркәсібін жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тартуға, шикізатты, жер асты байлықтарын игеріп, экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалануға, шетелдермен жақсы қарым-қатынастар орнатуға, үлттардың татулығын қамтамасыз етуге, еліміздің мәдени және рухани құндылықтарын сақтап, қорғанысын дамытуға күш салуға және басқа сан-салалы қызметтердің орындалуына үлес қосқанын айта кетуге болады. Президентіміз халыққа өз Жолдауларын жариялай отырып, елдің дамуының басты бағыттарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Президент! - Конституцияның кепілі. Конституция - кез келген заманауи дерлік мемлекеттің негізгі заңы, сондай-ақ ертеңгі күннің кепілі. Алғашқы мақаласында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі айтылып келеді. «Қазақстан Республикасының Конституциясының кепілі ретінде мен оның ережелерін қатаң орындауды талап етемін», - дейді еліміздің көшбасшысы.
Конституция кепілгерінің басты функциясын мемлекет басшысының айрықша орны ретінде атап өтуге болады. Конституцияға кепілдік беру үшін Президент барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар және олардың бірлестіктері тарапынан оның нормаларын сақтауды талап етеді. Мемлекет басшысын Конституцияның кепілі ретінде тағайындау азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау, оның тәуелсіздігі мен мемлекеттік тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау болып табылады. Конституцияның кепілі ретінде Президент Конституцияны қорғау механизмінің тиімділігіне жеке жауапты. Конституцияны кепілдендіріп, президент өзі оны қатаң сақтап, көшбасшысы болуы керек [4, 130-138 бб.].
Мемлекеттік органдардың құрылымы мен функциялары заңдылықтарын, Конституцияның құрылысын білу әрбір адам үшін маңызды. Адамды тәуелсіз өмірге дайындау, мұның бәрін білу, мемлекеттік және қоғамдық өмірге белсенді қатысушыларды қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін билік азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін жариялайды, сонымен қатар жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын пайдалану, қорғау жолдары мен тәсілдерін көрсетеді, республиканың заңдылықтарын зерделейді. Әрине, мемлекет, оның органдары, лауазымды тұлғалар халықтың игілігі үшін жұмыс істеуге, азаматтарға олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен пайдалануына көмектесуге тиіс. Осы мақсатта арнайы қүқық қорғау органдары - сот, прокуратура, құқық қорғау органдары құрылды. Азаматтарға кең құқықтар мен бостандықтар беріледі, сонымен бірге оларда үлкен жауапкершілік бар. Олар Конституцияны, мемлекеттің заңдарын сақтауға тиіс.
Конституциямызда екі палаталы тұрақты қызмет істейтін Парламентті заңдастырылды. Парламент - ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламент өз алдына жүмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына мақсат етіп қойды. Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері айқын көрсетілген. Осы құқықтарға ие бола отырып, әрбір депутаттың жауапты жүмыс жасауына толық негіз бар. Парламент Президенттің ұсынысы негізінде Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қадағалайды[5].
Біздің Конституциямыздың ең үлкен, сөзсіз жетістіктігі тіл мәселесін шешудегі ұлттық мүдделердің айшықты көптүрлілігін мүлтіксіз қанағаттандыруында болып табылады.
Н.Ә.Назарбаев: «Мен ақиқатты Конституцияда бояп көрсетудің қажеті жоқ, ол Негізгі Заңның маңызын құнсыздандыруға апарып соғады,оны бар-жоғы қайтадан жылтырақ бос сөзге айналдырады деп есептедім және осы ойымды жұмыс тобының мүшелеріне ашық айттым. Барлық конституциялық құқықтардың шынайы болуы, конституциялық нормалардың тікелей қолданылуы үшін қажетті нәрселерді жасау керек болды...» дейді[6, 43 бет].
Конституцияны шынайы етеін тағы бір маңызды тетік - оның тікелей әсерінде, былайша айтқанда, заңға сәйкес келетін басқа актілердің болу- болмауына қарамастан туралай қолданыс күштерінің болуында еді. Бүл дүниежүзінде кең тараған және елдердің бәрі мойындаған тәжірибеге айналған. Конституцияның барлық ережелері бүгінде жүмыс істеп тұр және Қазақстан азаматтарының құқықтарын шынайы қорғауда. Жаңа Конституцияның жобасы бүкілхалықтық талқылау үшін бұқаралық ақпарат қүралдарында жарияланғаннан кейін-ақ, шын мәнісінде оның жұмысына бүкіл ел кірісті деп айтуға болады. Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінен жобаға қатысты күнделікті түсіп отырған ұсыныстар бойынша мәліметтер топтамасы жасалынды. Күніне осындай ұсыныстардыңи бірнеше папкасы түскен. Сонымен бірге баспасөзде жарияланып жатқандарды да естен шығармау қажет болды.
Елдің негізгі заңы біз үшін басты құжат болып қала береді. Біздің жоғары мақсаттарға қол жеткізген прогресемізді реттеп, өз азаматтарының гүлденген және лайықты өмірі қамтамасыз етілген тәуелсіз, экономикалық дамыған және интеграцияланған мемлекет құру - біздің басты мақсатымыз болмақ... Ойымды қорытындылай келе, жеке адамның, азаматтық қоғам институттарының, мемлекеттік ұйымдардың және мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесі саласындағы негізгі әлеуметтік қатынастарды нығайтатын және реттейтін ең жоғары заңды күші мен тұрақгылығына не Республика Конституциясы тәуелсіз, егемен Қазақстан мемлекетінің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің бастамашысы екендігіне сенімдімін [7, 51 бет].
Әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995.
- Сапарғалиев F.C. Қазақстан Республикасының Конституциялық қүқығы. Алматы Жеті Жарғы, 2013. 57 бет.
- Абдулова Р.Б.. Жағыпар Ж.Ж.. Джанибекова А.М. Азаматтық құқықтарды қорғау жүйесіндегі өзін-өзі қорғауды анықтау мәселелері. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы. №2(49) маусым. 2018. 106 бет.
- Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М.. Махат Д.А. «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010. 130-138 беттер.
- Практикум по Конституционому контролю в PK 2016 г.
- Кожабекова А.Д. Қазақстан Республикасының құқық нсгіздері. «Қыздар университет!» баспасы Алматы, 2015. 43 бет.
- Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы Астана-2016. 51 бет.