Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Маңғыстау өлкесі пірәліxah тұсында

Мақалада Маңтыстау өңіріндегі тарихи оқиғаларға зерттеулер жүргізіліп, өзіндік көзқарастар тұрғысынан зердсленген. Маңғыстау өңірін зерттеу, аумақтың қазақ тарихындаға алатын орны, мемлекеттілігіміздің қалыптасуына тигізген өзіндік ықпалы, кай кезде де тарихшылар мен тарихты сүйетін қауымның қызығушылығын туғызған. Осылай бола тұрса да, аталмыш тарихи оқиғалар олардың жүру барысы мен ықпалы өте аз зерттелген тарихи объектілерге жатады. Үланғайыр аумақты алып жатқан Маңғыстау жерін мекендеген Адай руының өзіндік тарихиның срекшелігі түрлі тақырыпқа бастау бола алады. Адайлардың Маңғыстау жеріне келіп түрікмен тайпаларын ығыстырып орналасуы, өрісі тарылған түрікмендер Астрахань губернаторы аркылы Ресей патшасынан өздеріне қамқор болуды өтініп, қайта-қайта елші жіберді. Ресей патшасы ол тілекті қабыл алып, Маңғыстау түрікмендеріне Нұралы ханның үлы Пірәліні хан етіп тағайындайды. Бірақ әуелден еркіндік сүйетін, хандық билікті мойындамайтын Адай руын бағындыруға Пірәлі ханды лайық көріп, түркімендерге хан етіп тағайындаған. Мақалада Маңғыстау мен Түрікмения өңіріндегі қазақ ханы Пірәлінің ел басқарған тұсында орын алған тарихи оқиғалардың арадағы өзара байланысы туралы баяндалады.

«Жеті жұрт келіп,жеті жұрт кетті» делінетін киелі Маңғыстаудың 1750- 1850 жылдар аралығындағы негізгі тұрғындары құрамы қазақ, түрікмен халықтары болды. Жоңғар қалмақтарымен соғыста Жайықтың батыс бетіндегі ежелгі ата-мекенін азат еткен алмаған қазақ қолы, осыған дейін қалмақ боданы болып, қазаққа қарсы қару көтерген Маңғыстау түрікмендеріне ұрыс қимылдарын бастады. 1742 жылгы шабуылда Арал мен Каспий аралығындағы аумақты біржола иеленген адай журты, одан кейінгі жылдары біртіндеп батысқа ілгерілеп, жаңа жер аумақтарын пелене бастады. Әуелі Бозашы түбегін жаулап алып, одан әрі Маңғыстауға қарай ат басын бурып, ол жерлерді жайлаған түрікмен руларын ығыстыра бастады.

Маңғыстауды мекен еткен түрікмендердің Есен елі - абдал, шәудір, арабашы, бұрыншық рулары іргедегі Хиуа, Қоқан, Қоңырат, Үргеніш арасындағы шапқыншылықтар мен хан талауынан әбден запы болған Маңғыстау түрікмендері, Кіші Жүз рулары орыс патшасына бодан болғаннан кейін, 1744 жылы орыс үкіметінен сауда қаласын салып беруді сүрапты. 1767 жылдың 12 маусымында түрікмен билері мен батырлары өз қарамағындағы ауылдарды Ресейдің қол астына алуды өтінеді. Түрікмен ауылдарының бір бөлігі Астрахань жеріне қоныс аударады да, қалғандары Балқан түбегіне қарай көшеді. Ол кезде Маңғыстауда орыс қамалы ірге көтермеген болатын. Маңғыстау орыс картасына Қоқан жері белгіленді [1,6.6]. Opici тарыла бастаған түрікмен басшылары Астрахань генерал-губернаторы арқылы байланыс орнатып, дипломатиялық жолдармен Ресей патшасынан өздеріне қамқор болуына сөз салып, қайта-қайта елші жібереді. Көктен тілегені, жердер табылып, Каспий шығысындағы кең даланы, одан әрі Орта Азия хандықтарын отарлауды көздеген Ресей патшасы түрікмендердің өтінішін қабыл алып, Маңғыстау түрікмендерінің басшысы ретінде Нұралы ханның екінші ұлы Пірәліні (Пірғалиды) хан етіп тағайындайды.

Әкесі Нұралының хан кезінде 1751-1754 жылдары патша Орынбор қаласында аманатта болып, орысша білім алған Пірәлі, император I Александр Орынбор қаласына келгенде оның қабылдауында болып, патшадан қалада мүсылмандар үшін мешіт салуға өтініш жасаған екен. Патшаның Пірәлінің өтінішін қабыл алуы, оның патшаның сенімді адамы болғандығын білдірсе керек. Пірәліні орыс патшасының қолдауы, Маңғыстаудағы хандық билікті одан әрі күшейтуден туындады.

1801 жылы 21 желтоқсанда I Александр патша атына, Астрахань жеріне қоныс аударған түрікмен ауылдары мен Маңғыстау игі жақсылары атынан 33 ру ақсақалы қол қойып, мөрлерін басып, жазған хаттарында, Орынборда тұрып түрікмендерге сырттай басшылық жасап келген Пірәлі султан, «түрікмендерге адал, жағымды басшы болып отырғанын» - мәлімдеген [2,п. 105].

Алғашқыда Маңғыстаудағы түрікмендердің Оғры, Делі, Меңліқожа, Қүрбан рулары ғана Ресей боданы болса, уақыт өткен сайын олардың қатары еселеп артып, саны біртіндеп көбейе түстіі. 1801 жылдың аяғында Дәулет Мұрат молда, Ералы бек басшы болып отырған ауылдарда орыс патшасы I Александрға бодандыққа алуды өтініп хат жазып, Пірәлі хан жасақтаған түрікмен елшілігі Орынбордан Петербургке жол тартқан.

Нәтижесінде, 1802 жылдың 9 мамырында I Александр патша ағзам осыған дейін, Орынборда тұрып түрікмендерге сырттай басшылық жасап келген Пірәлі сұлтанды, Ресей қарамағына өткен бүкіл Маңғыстау түрікмендерінің ханы ретінде тағайындаған жарлығына қол қойды. Пірәлі ханды таққа отырғызу салтанаты шарасы 4-14 желтоқсанда 1802 жылы Орынбор қаласында өтіп, ел тарихындағы елеулі саяси оқиға болды [2,п. 115].

Иннагурация салтанатында Маңғыстауды мекендейтін түрікменнің Абдал, Бұрыншақ, Шәудір, Егдір, Бозашы руларының ақсақалдары I Александр патшаға өз хандарына адал болатындықтарына ант беріп, сенім білдірген. Сол тұста, Пірәлі хан қол астында Маңғыстау түбегінде 4800 түрікмен отбасы болды. Осыншама ел мен жер аумағын қолды қылған патша өкіметі, арадағы қатынастарды жандандыру мақсатында, бодандық қабылдаған түрікмендерге, Астрахань қаласына келіп емін-еркін сауда жасауына, Каспий теңізінде ешбір кедергісіз балық аулауынада ерік берген. Оның қайтарымы, жасаған жақсылықтың өтемақысы үшін түрікмендер Хиуаға бағытында, Маңғыстау арқылы өтетін орыс керуендер мен теңіздегі орыс балықшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.

Адай руы бір шеті Маңғыстауды қыстап, Каспий мен Арал теңіздері арасындағы ен далада көшіп жүретін. Қазақтың Әбілқайыр ханы мен Ресей патшасының арасындағы қағаз жүзіндегі келісімі бойынша қазақтар Ресей боданы бола отыра, мал өрісі жерлері мен жайылымдары үшін Хиуа ханына кіріптар болып, аздаған мөлшерде салық төлегенімен, өздерін тәуелсіз елміз деп санап, емін еркін көшіп қонып жүрген. Маңғыстау қазақтары, өзге қазақ ауылдары сияқты Орынбормен екі арада шаруашылық үрдісімен көшіп-қонып жүргенімен, негізінен, Хиуа, Қоқан хандарының ықпалында болды. Салықтардың барлық түрлерін соларға төлеп тұрды. Хиуа ханы Маңғыстаулықтарды ықпалын жүргізе отыра, оларды өз қажетіне пайдаланып, өзінің басты қарсыласы Бұқар әмірі мен орыс елімен екі араға қатынайтын керуендерін тонатты. Соның ішінде керуендердің қазақ даласында тоналуы, бірқатар ру басыларының Хиуаның ықпалында кетуі қазақтарға жақсы ат әкелген жоқ [3,6.63].

Қоңсы отырған түрікмендердің орыс бодандығына өтуі, Адай жүртына мүддесіне қайшы келіп, түркімендердің орыс әскерлері қолдауымен қазақ жүртына қысымы, оның үстіне түрікмен мүддесін қорғаған 1803 жылдан ресми хан тағына отырған Пірәлі ханның саясаты да жағдайды ушықтыра түсті.

Орыс үкіметінің Маңғыстау даласы арқылы немесе Каспий теңізі арқылы Орта Азия мен Парсы жеріне, онан әрі Ауғанстан мен Индияға шығуды көздеген мақсатына байланысты Маңғыстау, Маңғышлақ сөздері экспедициялардың есепті жазбаларында жиі аталатын болды. «XIX ғасырдың басында қазақ рулары Маңғыстауға дендеп орныға бастайды. Орынбор губернаторы князь Г.С.Волконскийдің қазақтардың саны туралы 1803 ж. ақпарында 10 мың үй шамасындағы адай руының көшіп-қонуы Орал облысы мен Хиуа арасы деп көрсетіледі. Осы кезде бүл көшпелі ру Жем сағасын, Сам, Асмантай - Матай құмдарына қоныстанған» [1,6.6]. Ежелден еркіндік аңсап, сол бағытынан танбаған Адай жүрты бодандыққа мойын ұсынбағандығы, орыс империясының Орта Азияға барар жолда өзіндік тосқауыл болды. «Түздіктердің ержүрек, жауынгер тайпасы Адайлардың орысқа бағынбауы, Орта Азия хандықтарын Ресейдің отарлауынан 150 жыл бойы сақтап тұрды», - деген неміс философы Ф.Энгельстің сөзі бекер айтылмағанды [3,6.62].

Осы себепті таршылдық саясатты жүзеге асыру мақсатымен, патша өкіметі Пірәлі ханды өз жүртына қарсы пайдаланып, орыс империясы саясатын жүзеге асыруға пайдаланды. Әрине, ел жақсылары бұл қитұрқы саясаттың астарын түсініп, ханға мейлінше қарсылық көрсетті.

Арада жергілікті қазақ жүрты мен Пірәлі хан арасында алауыздық туып, жағдай мейлінше шиеленісе бастады. Ал түрікмендерге келер болсақ, Пірәлі ханның қазақтарға тоқтау салмай отырғандығы жөнінде, патша әкімшілігіне арыз- шагым жазумен болды. Хан екі оттың арасында қалып, жағдайдың шиеленіскені сонша, 1802 жылы керуенбасылар Құдайшүкір, Баба, Құдайназар, Бекназар қазы, Мұхамед қазылар Сыртқы Істер Министріне Пірәліге бағынбайтындығын білдіріп хат жазды. Пәленің қайдан, қалай шығып отырғанын сезген I Александр патша, 6 сәуір 1803 жылы Орынбор әскери губернаторына «Маңғыстау түрікмендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» бүйырып, губернатор арқылы Пірәлі ханға қатаң ескерту жасап хат жолдады.

Сағы сынып, қауіптеніп қалған Пірәлі хан өзіне төнген патша қаһарын жеңілдетпек болып, Петербургке Маңғыстаудың алтын, күміс, күкірт кеніштері туралы хабарлайтын арнаулы елшілік жасақтап хабар салды. Пірәлі ханның бүл саяси амалы, патша тарапынан жақсы қабылданып, оған әскери, қаржылай, азық- түлікпен көмек берілетіндігі жөнінде хабар келді. Патша ағзам бұйрығымен Ішкі Істер Мннпстрлігі арқылы Астрахань губернаторына Маңғыстау түрікмендеріне астық сатуға тапсырма берілді. Сонымен бірге, Мемлекеттік канцлер Маңғыстаудан барған елшілерге арада сауда байланысын күшейту туралы хат жазды. Жағымды хабар алып желпінген, түрікмен басшылары оған жауап ретінде, Маңғыстауда орыс әскерн қамалын салуын қолдайтындықтарын білдіріп, оның артынша түрікмендердің Ресей жағында Иранға қарсы соғысуға әзір екенін білдірді.

Ресей патшасының қолдауына сүйенген түрікменде адай руларына қарсы шабуылдарын үдетті. Адайларда түрікмендерге қарсы амалдар жасап, олардың малдарын барымталауды жиілете түсті. Адай жүрты қысымына шыдай алмаған оңтүстік Маңғыстауды, Үстіртті мекендейтін көп түрікмен ауылдары Хиуа хандығына қарай көшуіне мәжбүр болды. Ал Солтүстік -батыс жағалауды мекендейтін түрікмендердің ондай көшуге мүмкіндіктері болған жоқ. Өйткені, жолды қазақтар басып алып, жағдайды қиындата түсті. Амалы құрыған түрікмендер, бас сауғалап, орыс патшасынан пана сүрауға мәжбүр болды. Адайлардың алған бетінен қайтпайтындығын сезген орыс патшасы оларды Астрахань губерниясы аумағына қоныстандыруға нұсқау беріп, шаралар алуды бұйырды. Осы мәселе бойынша Астрахань азаматтық істер губернаторы С.Андреевскийдің Кавказдағы патша өкіліне жазған мәлімдемесінде, «бұл көші- қонның себебі, оларға көрші отырған адай халқы, топ-топқа бөлініп, тонаумен айналысуда» - деп көрсетеді [4,п.95].

Сөйтіп, түрікмендердің алғашқы көші су жолымен Каспийдің келесі бетіне қарай беттеді. Маңғыстауда олардың малый сатып алудың мүмкіндігі жоқтығынан, патша үкіметі арнайы кемелер бөліп, малдарында тасып берді. Барған түрікмендер Ставрополь өлкесіне қоныстандырылды. Осылайша, Кавказда түрікмен диаспорасы пайда болды. Кейін олардың қатары Маңғыстаудан барған түрікмендермен, Нарыннан ығысқан қалмақтармен бірге, Еділ асқан түрікмендермен толығып, орыс империясы қызметіне алынып, Жайық казачествосы әскері сапын толықтырды. Жайық казачествосының негізгі тобы: ресейліктер, татарлар, қалмақтар, түрікмендер, парсылар, шоқынған қазақтар тағы басқалармен толықты. Орыс тарихшысы А.Рябинин, "қазақтарды казак-орыстар әскері қүрамына алу көп жағдайда оларды шоқындыру арқылы жүзеге асырылды" [5,6.31]- деп атап көрсетеді. Әскер қүрамына алынған соң қазақтардың аттары өзгертілген, сондықтан да, олардың есімдері әлі күнге белгісіз қалыпта болып келеді. Мәселен, Орынбор облысында XIX ғасырдың орта шенінде казачество спында 838.365 адам болды. Оның 764.406-сы қазақ болса, орыс, қалмақ, башқүрт, туркмен тағы басқа халықтар саны 63957 адам болған [6,С. 136].

Қорыта келе, патшалық Ресейдің Маңғыстауда дербес түрікмен хандығын құрған мақсаты - оларды қазақтарға қарсы қойып, бауырлас екі халықты атыстырып-шабыстырып ұстау болғандығында күмән жоқ еді. Мұндай зымиян саясатына барысында, ресей патшасы өкіметі түрікмендерге көптеген артықшылықтар беріп, қалмақтарға көрсеткен қолдау шараларын көрсетіп, басқа халықтардың қолымен от көсеу саясатын қолдануға ұмтылды. Бірақ ол саясат жүзеге аспады. Қарауындағы халқынан айырылған, әрі Адайлардың тегеурініне төтеп бере алмаған Пірәлі хан Маңғыстаудан өз еркімен кетуге мәжбүр болды. 1821 жылдан бастап “Кавказ бұратана халықтары басқармасынан” бөлініп шыққан Астрахань өңірі қазақтары, ноғайлар, түркімендер “Мұсылмандар халықтары басқармасы” қарамағына енгізіліп, басқарманы бас пристав басқаратын болған [7,6.168].

Осылайша, Маңғыстау түбегіндегі соңғы хандық билік аяқталды. Түбек біржола қазақ билігіне өтті. Бұл өзді-өзі болғалы өріс, жері мен қонысы үшін отаршылдыққа қарсы күрескен, мекен еткен жер аумағының шекарасын кеңейтуге талпынған Маңғыстау қазақтарының ең ірі және соңғы жеңістерінің бірі болды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Нүрмұханова Ж.Ж. Маңғыстау деген бүл аймақ. Алматы, 2012. 6 бет.
  2. Ресей Фсдсрациясының Сыртқы саясат Мұрағаты. 1-қ. 8-т. 2-іс. 105. 115 парақ.
  3. Шәудірбасв Р.И.. Турдалиев Ә.О. Туған жер - киелі ұғым ретінде. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы. №1(40) наурыз. 2016. 62-63 беттер.
  4. Түрікмсн-орыс қарым-қатынастары. AMH TCCP. Казан. 1968 г. С.95.
  5. Турдалисв Ә.О. Жайық қалмақтары, Ресей империясы және қалмақтар. Қазак тарихы. Журнал. № 4. 1994. 31 бет.
  6. Рычков П.И. Топография Оренбургской губерний. Оренбург, 1887. С. 136.
  7. Турдалисв Ә.О. Қазақ-қалмақ қатынастары: арпалыс. ортақ тағдыр. тарих тәлкегі. Атырау. 2013. 168 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.