Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

¥лы дала идеясы: адамдық қалыпты орнықтырудағы фольклорлық жанр

Мақалада халық шығармаларында тәрбиенің басты устанымы - рухани-адамгершілік қасиеттерді. әсіресе ар-ожданды қурметтеу. әдептілік. сыпайылық, мейірімділік және басқа сезімдер ар-ождан тазалығы туралы жазылған. Жас урпақты тулға ретінде қалыптастыруда дәстүрлер ерекше орын алатыны көрсетілген. Біріншіден. қазақ халқы үшін қазіргі заманғы басты талап - құндылықтар урпактан-урпакка жалғасып келе жатқан сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сонымен, ұлттық дәстүрлерді оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үлттық сананың қалыптасуына ықпал етеді. Erep жастайынан халық санасына халықтық тәрбиенің негізі, қүнды байлығы саналатын салт-дәстүрлердің мәнін жастар санасына жеткізу дүрыс болса. біз патриот азаматты тәрбиелейміз деп үмітгене аламыз. Қазақ отбасының тәрбиесі жеке мінез-күлык пен рухани-мәдени қүндылықтардың қалыптасуының «баспалдақтары» болып табылады.

Қазіргі күні мектепте оқу-тәрбие процесінде салт-дәстүрді пайдаланудың маңызы ең алдымен оның халықтың тәрбие саласындағы тәжірибесімен амал жолдарымен, педагогикалық мүмкіндіктерімен етене таныстыратындығында. екіншіден жекс түлға бойында қасиеттер жауапкершілік, инабаттылық. белсенділік сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Қазақ халқыньщ сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі. салт-дәстүр, әдет-ғурып. ауыз әдебиеті, ұлттық ойындары - ерекіпе тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, көңіл бөлген. Оның аса жауапты қоғамдық мәселе екендігін мойындай отырып, халықтың әр түрлі әлеуметгік топтары бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, оның іске асыру жолдарын өз мүддесіне сай, өзінше шешуге тырысатын. Эрине, бала тәрбиесі барлық әлеуметтік топтарға ортақ, бәріне бірдей қажетті жақтары да аз емес, көп- ақ. Мүндай ортақ жағдайлар ең алдымен баланың сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.

Адамның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз-жан-жақты, мазмұны кең қүбылыс. Әркім, эр отбасы өз ұрпағының адам баласына тән барлық жақсы, жағымды қасиеттердің бәрін өз бойына сіңіруді қалайтыны да даусыз. Бірақ өмірде әр адамның мұндай ізгі тілегі, арманы орындала бермейді. Өйткені, біріншіден, табиғаттың әркімге әр түрлі мүмкіндік беруі болса, екіншіден, әркімді қоршайтын орта оған өз ықпалын жасамай қоймайды. Табиғатынан дарынды адам өмірден өз орнын алады, бірақ оған да ортаның әсері тимей қоймайды.

Қазақ халқы өскен ортаның, кісінің кісілігінің қалыптасуына эсер ететіндігін тым жақсы білген, сондықтан қазақта «көрегенділік», «көргенсіздік» деген ұғымдар қалыптасқан. «¥лың өссе, үлы ұлығымен, қызың өссе қызы қылығымен ауылдас бол» деген ғой ақылды бабаларымыз. Мұндай ортаның ең бастысы, сайып келгенде, жас үрпақтың кісілік қасиеттерін қалыптастыруына шешуші эсер ететін өз отбасы эке-шешесі, аға-жеңгесі, апалары. Қала берді ауыл аймақ, елжүрт ондағы қатар жүретін көрегенділік пен көргенсіздік те бірдей эсер етуі ықтимал. ¥л да, қыз да ең алдымен өздерінен әке-шеше, аға-жеңгелерінен үлкенді сыйлау, кішілерді де кіші деп ілтипатынан қалдырмауға, қонақты сыйлау, тіпті қонақ асы беру тәртібін, жолын білуі не білмеуі де осыған байланысты. Жомарттықты да, сараңдықты да солардан үйренеді той [1, 15 6].

Қазақта бала тәрбиесі баланың шешесінің бойына бітуінен басталады десек, артық айтқандық болмас сірә. Қай халықта болсын, отбасы құрған соң, отбасы баланы арман етеді. Сол сияқты, қазақ халқы да баласын үйлендіріп, қызын ұзатқан соң олардың ендігі тілейтіні бала-шағалы болуы.

Баланы қырқынан шығып, қара қүлақ болғанша шомылдыру, сылап-сипап, қүрғатып дұрыстап бөлеу әдісін тұмса босанған келіншектерге олардың енелері немесе тәжірибелі абысындары үйрететін. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен, бір жетідей уақыт өткен соң, оны бесікке салады. Ол үшін абысын- ажындары, ауылдың үлкен әйелдері шақырылып «бесікке салар» ырымы жасалады. Шақырылған әйелдердің ішінен жас жағынан болсын, мінез-қүлық іс- әрекет жағынан болсын парасатты, балалы-шағалы болған бәйбішелердің біріне баланы бесікке салғызады. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын- орнына қойып, әбден жасап алған соң, шашуға әкелінген қүрт, май, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байланатын тесігінен томен өткізіп, бесік астынан қолын тосқан балаларға, әйелдерге үлестіреді. Осы шашылатын шашулардың да өзіндік қасиеті бар деп есептеледі. Балалы болғысы келген жас әйелдер, әлі бала таппаған жас келіншектерге ырым етіп, үлкен сеніммен шашудан татады. Шашу үлестірілгеннен кейін бесіктің түбегін орнатып, сіріңке тартып бесікті отпен аластайды. Аластаушы әйел: «Ә, әруақ, қүдай пәле- жаладан сақта, тіл-көзінен сақта» деп сыйыну айтады да, қолына берген баланы «бисмилла» деп бесіктің оң жағынан жатқызып жанындағы бір-екі әйелдің көмегімен бөбекті бірінші рет бесікке бөлейді.

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабылады. Тонмен жабу баланың малды болуын, шапан ер жеткенде баланың елшіл, халықшыл болуына білдірілген тілек, жүген тез өсіп ат үстінде ойнақ салсын, кебенек пен қамшы ел қорғайтын ер болсын деген тілекті аңғартады.

Қазақ үл балаларының тәрбиесіне ерекше мән берген. «¥лға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» дей отырып, ұлға да жігітке де айтылар сын аз болмаған. Халықтық дәстүрлік тәрбиеде осы баға «жігіт сыны» деп аталады. Азаматқа жүктелер міндет тұрғысынан алғанда ер жігіттің, болашақ отау, шаңырақ иесіне халықтық талғамға сай мынадай талаптар қойылған:

Кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, білекті, қынай белді, қапсағай денелі, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, т.б.».

ә) Қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сүсты, нардай төзімді, құландай сүйекті, жылқыдай мінезді, бүландай алып, сауысқандай сақ, т.с.с. және жігіттің қыраны, жігіттің сүңқары, жігіттің арыстаны, жігіттің қабыланы, жігіттің қасқыры, жігіттің нары, жігіттің жампозы, жігіттің султаны т.с.с.».

Қабілет икемі: «Көсем-жігіт ел басқаратын жігіт», шешен жігіт-дау шешетін тұлға (қызыл тілін безеніп, шешен жігіт дауда ойнар), «Батыр жігіт» - еліне қамқор, жауына алаберен жігіт» (баданасын киіп ап, бар қайратын жиып ап, шашақты найза қолға алып, батыр жігіт жауда ойнар), «Сері жігіт» - аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағында ойнап, ер қаруы бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, жомарт жігіт күнде ойнар, «Палуан жігіт - мойны жуан, жауырыны қақпақтай, бүлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, денесі сергек, иненің көзінен өткендей епті, алып күш иесі».

Ep баланы тәрбиелеуде әкенің ролі ерекше. Әке үлына өзінің бар өнерін, естіп-білген білімін түгел үйретуге тырысқан. Ал әр ұл өз тарапынан ағаға, әкеге еліктеп, одан үйренген. «Ата көрген оқ жонар немесе «¥яда не көрсе, үшқанда соны алады» деген мақалдар бала тәрбиесіндегі ата-ананың, өскен ортасының алатын орнын толық сипаттайды. Баланың әкеден ең алдымен үйренетіні, оның негізгі кәсібінің сан-қилы, қыр-сыры екені даусыз. Өйткені кәсіптің өзі күн көрістің көзі болғандықтан, әр азамат ер жеткен соң өзін, отбасын асырап-сақтау үшін бір кәсіп түрімен айналысуы қажет.

Балаларын да осыған баулып, әркім өзінің ата тегі туралы әңгімелеуді, оның өнерлі жақтарын дүрыс деп біледі.

Енді қыз бала тәрбиесіне байланысты айтқанда, қыз абыройы отбасының, елінің болашағы, босағаның беріктігі, өмірдің қызығы. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абырой сақтауын, оның ақыл парасатына, инабаттылығына, махаббаты жоғары бағалануына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына байланысты.

Қазақ халқы қыздың абыройын жоғары бағалайды, оның абыройлы болуына, көбіне ана жауапты деп қараған, анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройын да сақтай білмейді деп тұжырымдайды. Есті жігітке ес қосады. Қыз абыройлы болу үшін оның мінез-қүлқы ибалы иманды болу керек. «Қыз қылығымен жағады» деген мақал содан қалған. Қызының әсем киінуін, әкені күту, тамақ жасау, дөрекі сөйлемеу, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, бала тәрбиесін білу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, орынсыз сөз айтпау, кілем тоқу, текемет басу, арқан есу, т.б.іс-әрекеттермен мінез-құлықтың қасиеттері иман жүзді абзал жанды қыздың бойында болу керек деп те есептеген.

Әрбір отбасы ұлы мен қызына жеті атасын білуге үйретті, жүртын білуге баулыды. Жеті ата: L Ата. 2.Әке. З.Бала. 4.Немере. 5.Шөбере. б.Шөпшек. 7.Немене. Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елдің қамын жер. Үш жүрты: өз жұрты, қайын жүрты, нағашы жұрты.

Отбасының келесі бір көңіл бөлетін нәрсе жекжат-жүрағат сияқты сөздерді, мақал-мәтелдерді айтуды әдетке айналдыру, сондай-ақ ізгі тілектерді айту, асыл сөздер, ырымдар, тыйым сөздер айтуды да әдетке айналдыруға ерекше көңіл бөлген. Қай ата-ананы алсақта, қызының барған жерінде «балдай тәтті, судай сіңіп» жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызын тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыздың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» дегенде жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дүрыс тәлім-тәрбие беруін келіннің жақсы, жаман қасиеттерімен өлшеген [2, 26 6].

Ата-ананың қанша баласы болса да, әрқайсысы ата-анаға өзінше қымбат. «Эке балаға сыншы» демекші, эр баланы эр қисынды жақсы көреді, келешегінен үміт күтеді. Құнанбай балаға кенде болмаса да, ел аралағанда, ел жақсыларымен, билер - бас қосқанда, қасына жас Абайды ертіп жүретіні бэрімізге белгілі. Құнанбай өз балаларының ішінен ойлы сөзге, қисынға, шешендік өнерге Абайдың бейім екенін, сөз ұғарлығын ерте біліп, ерте ел аралатқан болар. Келешекте ел ұстайтын қасиетті Абайдан тапқан болар. Міне, көріп отырғандай, бір отбасындағы, бір кісінің балалары жаппай «бірдей тэрбие» алмай, өмірге эр түрлі «жолдама» алған. «Алуан-алуан жүйріктің әліне қарай шабатынын» ең алдымен атасы мен анасы біледі.

Қазақ ауылында бала тэрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, эсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез- құлқын көрсе, үрсып, зекіп тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті ретті жерінде ұруға да құқылы болған. Біз - арымыз берік, саналы салтымыз шыңдалған халықпыз. Міне, бүгінгі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық қасиеттерімізді жоғары бағалауға құқықты болып, құлшынып, барымызды байыптап, өркениетгі өмірге өрледік. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бүрынғы аға буынның ақыл-ойын, тэрбиелік тэжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Ән айтуға, күй шертуге, зергерлік өнеріне бейімі бар балаларды эке-шешесі, атасы ел ішіндегі аты шыққан энші, күйші, ұсталардың жанына қосып, шэкірттікке беруі ата дэстүрі болып саналған. Ал шэкірттің ұстазын ұлы экесіндей сыйлауы, оның өнерін жалғастырып, кепке тарату немесе жақсының жанында жүріп, өнегелі шешен, ақын, билердің, көпті көрген қариялардың батасын алу олар үшін парыз боп есептелген [3, 40 6].

Үлт тағдыры - ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді өнерге, еңбекке шақыра отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу мэселесін алғашқы орынға қойған. Халық мұраларында рухани-адамгершілік қасиеттерді, эсіресе, ар-ожданды қастерлеу тәрбиенің басты қағидасы болып саналған. Осыны басты нысана етіп ұстанған ата-бабамыз «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Әдептілік, ар-үят - адамдықтың белгісі» деп ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, эділ болуға баулиды. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілділік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің бэрі ар-ұят, ождан тазалығынан туындайды. Имансыз болу - ата-ананы, ұстазды, үлкенді сыйламауды халқымыз кешірілмес үш күнэ деп санаған. Қазіргі мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік етек алып отырған заманда жасанды ар-ождан тазалығын сақтауға, рухани- адамгершілікке, имандылыққа тэрбиелеуге ерекше көңіл белу қажет болып отыр.

Ғылыми педагогика өкілдері анықтаған бүл заңдылықтың мэнін халықтық педагогиканың ұстаздары анағұрлым бүрын ерте сезініп, ашқандығы белгілі жэне көп жағдайларда жас ұрпақты тэрбиелеудің амал-жолдарын осы жүйе негізінде шебер ойластырып, құра білді. Оған тіпті халық педагогикасындағы адам жасының эр табиғи кезеңіне, дүниетанымына, ақыл-ой мүмкіндігіне (тілі, қабылдауы, есте сақтауы, қиялы т.т.) сай туған фольклор туындыларының өзі дэлел деп білеміз[4,23 6].

Енді, тарихқа көз салсақ, халқына қорған, еліне басшы болар азамат өсіріп, төңірегіне аналық мейірім төгіп ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ене, Қараша - ана, Мұрын - ана, Дэулет бике, Қарқабат - ана секілді көптеген аналарымыз еліне тұтқа боларлық ұл-қыз өсіріп, бір ру тайпаның атын иеленіп, өнегелі істері аңызға айналып бүгінге жетіп отыр. Сондай-ақ кешегі түрік қағанаты заманында түрік әлеміне Күлтегіндей батырды, Білге-Қағандай дананы сыйлаған ананы хан көтергендей ақ киізге салып ардақтап, Білге-қатын деген атақтың берілуі халқымның болашағын тәрбиелеген аналарды елі, халқы сүйгендігін көрсетеді.

Қазақ ауыз әдебиетінің өзекті мәселелерін фольклористиканың қазіргі қол жеткен табыстары негізінде қарастырғанда, біз қайта құру, жаңаша ойлау, жариялылық, демократияға сай өзгерістерді, сапаға көңіл белу керектігін жіті басшылыққа алып отырдық. Біздің бабаларымыз өздері туралы сөзді ертегі- аңыздарда айтып қалдырған, сөйтіп, өздеріне ескерткіш орнатқан. Сол ескерткіштердің мән-мазмүнына талдау жасау үшін әуелі ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктеріне біраз тоқтауды жөн көрдік.

Барлық халықтардың фольклорына ортақ ерекшеліктер — авторсыздығы, ауызша таралатындығы, көп варианттылығы, көркемдігі мен ерекше стильдік белгілері (кейде танымалылық дейді). Теориялық зерттеулер тереңдеген сайын ауыз әдебиетінің жалпы ерекшеліктері де айқындала түсуде.

Қазақтың қара өлеңдері, сыңсу, жоқтауларының, терме-толғауларының әуездік мәні қосылғанда ғана ерекше күйге енетіндігі ескерілмей, олардың мәтіндері жеке бөлек алынып қарастырылуда. Қазақтың ән өнері де біраз зерттелінді, бірақ оларға мәтін мәні қоса алынбай жүргендігі байқалады. Ақындық, шығарғыштық өнер мен халықтық музыкалық өнер тұтас қарастырылғанда ғана фольклор ерекшеліктері толыса түседі екен. Бұған сал- серілердің творчестволарындағы синкретикалық жағдай дәлел.

Фольклор ерекшеліктері халықтың этнографиясы мен тіл мәдениетіндегі өзгешеліктермен де дараланады. Фольклордағы халықтың күнкөріс тіршілігіне орай шаруашылық салалары — мал бағу мен көшіп қону және таптық сананың ояну дәрежелері сөз болады. Сондықтан да ауыз әдебиетінің негізгі мазмұны сол әдебиеттің ұлттық ерекшелігі болып табылады. Қазақ халқы айналыспаған сауда- саттық, қала салу, бау-бақша, егін шаруашылығы сияқты тағы да басқа кәсіптер оның ауыз әдебиетінде сөз болмаған. Ел қорғауға байланысты батырлық дәстүрлер қай елдің болса да ауыз әдебиетінде молынан кездеседі.

Ауыз әдебиетіндегі басты мәселені шешуде халыққа қандай әдістер ыңғайлы әрі жеңіл болды дегенде, біз алдымен поэзияны ауызға аламыз. Бұл өте- мөте күрделі де әрі жан-жақты салада дамыған жанр. Жанр туралы ойымызды ауыз әдебиетімен байланыстыратын болсақ, біз оны шартты түрде ғана қолданамыз. Әдебиет теориясында жанр туралы ұғым жан-жақты қалыптасқан әрі дәлелденген. Ал ауыз әдебиетіндегі ертегіні жанр дейміз, сондай-ақ терме айтыс, қаһармандық, лироэпикалық жырлар тек поэзиядан тұрса да өз алдына жеке жанрлар боп қарастырылады. Бұл жанр туралы ұғымды бұрмалағандық емес, тек ауыз әдебиетінің салаларын жеке қарастыру ұғымынан туып, осылайша атау қалыптасып қалғандықган.

Қазақ халқы поэзияны ерекше сүйді, ерекше дамыта алды. Кез-келген мәселені өлеңге айналдырды. «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер, сал жүйрік өрге салса өршеленер»,—деп, өлең өнеріне қабілеттілікті аса жоғары бағалады, оны қас жүйріктікпен салыстырды. Erep өлеңге шорқақ болып, ұйқасын келтіре алмай жатса, «Шөп те өлең, шөңге де өлең, өлең де өлең»,— деп, кез-келген сөз тізбектері өлең кадірін кетіретіндігін сынады. «Өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді»,— дегендегі немесе Махамбет жырларында кездесетін «Өлең төсеп, ет жемей»,— деген жолдардағы өлең — шөптің аты.

Поэзияны әдебиеттану ғылымындағы жанр десек, қазақ ауыз әдебиетіндегі поэзияның түрлерін де жеке-жеке жанрлық тұрғыдан топтастырамыз. Қара өлең, көңіл күйіне байланысты музыкалық өлендер тобы (сыңсу, жар-жар, жоқтау, қоштасу т.б.) да жекелей алғанда осы поэзия жанрының бір саласы. Ал, тойбастар, айт келін, беташарлар да өздерінің айтылу, орындалу мәнеріне қарай дараланады. Осыларға қоса, терме, толғау, дастан, қиссалар да, қаһармандық, лиро-эпикалық жырлар сияқты поэзия жанрының күрделі түрлерін қалыптастырады. Өлеңге ұқсас белгілі бір шарттылыққа сай құрылғандықтан, ұйқас, ырғақ, қайталаулар мол болып, ерекше тиімділікке, үнділікке ие болатын шешендік сөздер мен мақал- мәтелдер де поэтикалық жанрдың ерекше түрін қалыптастырады. Қазақ ертегілері мен жүмбақтарда ұйқас, ырғақ белгілері күшті дамыған, ал, айтыс - қазақ өнерінің жоғары формасы. Онда өлеңге қойылатын шарттардың барлығы да қатар орындалғанмен, әрі шапшаңдық пен тапқырлыққа қоса құрылғандықтан ерекше жанр делінеді.

Қазақ өлеңдерінің ұйқас, ырғақ, шумақ ережелері белгілі бір ізбен қайталанған, соған орай ырғаққа бағындырылған болып келеді. Сондықтан адамның жатқа ұзақ уақыт сақтауына да жеңіл. Әрине, өлең өнерінің биік шыңына шыққан Абай да өлең ырғағына, өмір келісіміне мойын ұсынды. Фольклордың небір асыл үлгілерін жете меңгерген ұлы ақынның «Тас бүлақтың суындай» тамаша жыр келісімдері ұйқасқа, ырғаққа, мәнерге, әуенге өзі сүранып жатқандай көрінеді. Қазақ өлеңдері ырғақ, үйқас, буын, жол тізбектеріне байланысты қара өлең, терме, толғау, ал осы қасиеттерге коса, айтылу мақсатына қарай беташар, айт келін, жар-жар, сыңсу, естірту, жоқтау, жүбату, тойбастар болып бөлінеді. Бұлардың бәрін қазақ поэзиясының жеке түрлері, яғни, жанрлары десе де болғандай.

Тұрмыс-салт өлеңдерін тұрмыс-салт жырлары деп белу кей жағдайда поэзиямыздың мазмұн мен түр тұтастығын дәл айқындай алмайды. Бұл арада тұрмыс-салт деген ұғым артықтау сияқты, өйткені тұрмыс-салт қамтылмайтын поэзиямыздың ешбір түрі кездеспейді десе де болады. Тұрмыс-салт поэзияның ішкі мазмұны болады да, енді оны қай түрмен беру, қандай ырғақ, ұйқас заңына сыйғызып айту — сыртқы формасы болады.

Қазақ ауыз әдебиеті ерекшеліктерінің бірі - көркемдік бояуларында. Осы бір ерекшеліктерімен фольклордың ұлттық көркемдігі, ерекше танымалылығы, фольклорлық стиль, поэтика деген атаулар анықтала түседі. Поэтикалық қорытулар, детальдар, әдістермен дараланады. Оларды адам портретін, мінез- құлқын, күйініш-сүйінішін, қарым-қатынасын ашуда көбірек қолданады. Табиғат құшағында ғұмыр кешкен қазақ әр түрлі жағдайларды беруде мал шаруашылығына байланысты лексикологиямызды көп пайдаланған. Қазақ бір- бірімен көрісіп амандасқанда «Мал-жан аман ба?» - деген тіркесті тегіннен-тегін айтпаса керек. Қазақ баласын әлпештегенде, аймалап сүйгенде, қозым, құлыным, ботам,—деген сөздерді жиі айтады. Бұл атауларға еті үйренгендігі сонша, ондай жағдайларға ешкім ренжімейді, қайта, елжірей түседі. Ал, қазақтын, баласын бұзауым немесе торайым, не қодығым, тайқарым деп жатқанын ешуақытта кездестірмейміз. Ол қазақ поэзиясының контексінде де кездеспейді. Адам портретін жасағанда «Танадай көзі жарқырап», «Торсық шеке», «Ақ бетінің қызылы — ақ тауықтың қанындай» деген тәрізді тіркестер жиі қолданылады. Жігіттің көбіне сүлулығын айтпайды, оның қайратын, темірдей төзімділігін, парасаттылығын әңгіме етеді. Сол сияқты, жігіттің шандозы, жампозы, нары, марқасқасы деген тіркестер көбірек пайдаланылады[5, 35 6].

Қазақ ауыз әдебиеті - өткен заманнын ауыз әдебиеті, бөбегім деп аңсаған ананың әдебиеті, үрпағым деп қақсаған атаның әдебиеті, іңгалаған баланың әдебиеті, сөз маржанын төккен жыршы-жырау, сал-сері, өлеңші- әнші даналардың әдебиеті, байтақ даласының жүпар иісін қимай, шүйгін шөбін аңсаған көшпенділер әдебиеті. Ауыз әдебиетінің әлеуметтік табиғаты таптық сананың тарихи жетілу сатыларымен өлшенеді, анықталады, халық сана-сезімінің жетілу барысында тарихи факторлардың ролі зор болғаны белгілі. Жалпы алғанда, қазақ баласын талай сал бөкселік сарсаңдыққа салып келген жайттар көп болса да, тарих тегершігі алға жылжығаны айқын. Тарихи қаһармандық жырлар - солардың куәсі. Үстем тап өкілдері «Дауды мен даулайын, жауды сен жаула» - деп, рушылдық, қарға тамырлық дәстүрді қуаттаса да, қара халық тарихты жасаушылық ролін ғана атқарып қойған жоқ, сонымен бірге, оның рухани байлығының да негізін қалады. «Халық - айтса, қалт айтпайды» деген мақалға сүйенсек, ауыз әдебиетіміздің бүкіл жанрларын жасаған да, аттың жалында, атанның қомында жүрсе де оны жоғалтпай, атадан балаға ауызекі жеткізген де, оны толықтырып жетілдірген де - халық.

Ауыз әдебиеті көркем сөз өнерінің басы десек, ондағы басты мәселе адам. Адам тағдыры үлкен мәселе, оның әлеуметтік ролімен қатар, ішкі жан сырын суреттеу сол адамды жан-жақты ашу болып табылады. Олай дейтін болсақ, қазақ фольклоры арқылы алғашқы дәуірден бастап, қазірге дейінгі адамның психологиясын айқындау - сол фольклордың ұлттық ерекшеліктерін ашумен теңбе-тең.

Қорыта айтқанда, адамдық қалыпты орнықтыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның үрпақтан-ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру бүгінгі күннің басты талабы болып қала бермек. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі үлттарды ұлғылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар үлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизмін күшейте түсіру болып табылады. Фольклорлық жанрларды оқу-тәрбие үдерісіне енгізу негізінде жас үрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін зерттеулерден байқадық. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің белгісі - ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қасқабасов С. Ойөріс.- Алматы: “Жібек Жолы". 2009. - 303 б.
  2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы:Санат, 1994.-236.
  3. Садырбаев С. Фольклор жэне эстетика. -Алматы. 1990.-356.
  4. Койшигулова Л.Е., Губашева А.С. Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің ерекшеліктері. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлсксттік университетінің Хабаршысы (тылыми журнал) /№53 (2) - Атырау. 2019 ж. сәуір. 15.
  5. Артынбаев X. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. - Алматы: Қайнар. 2005,- 976.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.