Жайық өзеніндегі барлық балық кәсіпшілігі учаскесіндегі жартылай өтетін. өткінші балық түрлерінің қазіргі жағдайы және оларды кәсіптік пайдалану бойынша материалдарға талдау жүргізілді. Балық аулау объектілері үшін гидрологиялық жағдайлардың және кәсіпшілікке эсер ететін негізгі факторлардың қысқаша сипаттамасы берілген. Кэсіпшілік балықтардың өсімін молайтудың тиімділігін анықтайтын ең маңызды гидрологиялық факторлар судың су ағынының көлемі болып табылады. Өзен ағынының жоғарғы бөлігінде реттелуі жэнс эртүрлі қажеттіліктерге айтарлықтай су алу. төменгі ағынның жылдық ағысы көлемінің төмсндсуінің негізгі себептері болып табылады. Жайық өзенінің суы соңғы онжылдықта тайыз болып кследі.Жайықтың суының тайыздануына жэне сағаға жақын жердегі теңіздегі экологиялық жағдайлардың нашарлауына қарамастан, Жайық өзінің балық кэсіпшілігі сақталуда. Жайық өзеніндсгі биоресурстардың табиғи жағдайда өсіп жетілуі өзенінің су ағынының эсеріне байланысты.
Қазіргі уақытта кэсіпшіліктің негізін жартылай өткінші жэнс өзсн балықтары қүрайды, олардың көбеюі көктемгі су тасқыны режиміне байланысты (табан, сазан жэне көксерке т.б) түрлергс. бұл олардың қорларының көбеуіне жэне су тасқынына тэуелді емес балықтарға (жайын, шортан. басқа тұщы су балықтары) эсер етеді. Бекіре тұқымдас балықтарының аулануын талдауда өсуі өте томен деңгейде жүретіндігін көрсетеді.
Kipicne
Жайық-Каспий бассейні ихтиофаунаның әртүрлілік бірегей және жоғары биологиялық өнімділігімен танымал болды. Бассейін ихтиофаунасының түрлік құрамы 27 түр болып, оның 16 түрлері кәсіпшілік балықтар болып табылады.
2019ж. Жайық өзеніндегі кәсіпшілік аулануда балық түрлерінің 88% құрайтын тұқы тұқымдастарына - сазан, қаракөз, табан, қылыш балық, ақмарқа т.б және 9% көксерке, 1,9% жайын, 1% шортан түрлері тіркелді. Ихтиофаунаның жалпы құрамынан Жайық өзенінің төменгі сағасында мекендейтін формалардың ең көп саны жартылай өткінші және жергілікті балықтар. Ipi тұщы су балық түрлеріне шортан, жайын, ақмарқа жатады, ұсақ балықтар мөңке, балпан балық, ақкөз, алабұға, қызылқанатт.б. [1].
Зерттеудің мақсаты - Жайық өзеніндегі балық кәсіпшілігінің қазіргі жағдайын бағалау.
Материалдар мен тәсілдер
Жайық өзенінің гидрологиялық режімі туралы деректер Атырау қаласының Гидромет орталығынан алынған. Кәсіпшілікте аулану деректерімен және зерттеу жүргізілген станцияларда кәсіпшілік аулану жағдайына сараптама жүргізілді. Жыл сайын су қоймаларында Жайық өзенінің балық қорының қазіргі жағдайына зерттеу жүмыстары «Балық шаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығы» ЖШС- ң Атырау филиалы жыл сайын бағалайды жэне оларды аулауға мүмкін көлемге ұсыныстар беріледі.
Жайық өзен кәсіпшілік ауланудан балықтарға сан және жартылай өткінші , тұрғылықты балықтардың жеке түр құрылымы бағаланды.
Нәтижелер мен пікірталас
Жайық өзені Жайық-Каспий бассейнінің кәсіпшілік ауданының бөлігі болып табылады. Жайық өзені сияқты су қоймалары кәсіпшілік балық түрлерінің үлкен қорымен ерекшеленеді, өйткені табиғп жағдайда өсуіне, балық жайылымы мен уылдырық шашуға қолайлы жерлерінің сақталғаны анық. Kon жылдар қатарынан жартылай өткінші балықтарға кәсіптік аулау жүргізіліп келеді және биоресурстарды тиімді пайдалану мақсатында, Қазіргі кезде антропогендік және басқа да факторлардың әсерінен балық шаруашылық су қоймаларында ихтиофаунаның сапалық құрамы өзгеруде және Жайық өзен биоресурстарына өзенінің гидрологиялық жағдайы әсерін тигізуде.
Жайық өзен гидрологиялық жағдайларына қысқаша сипаттамасы
Кәсіпшілік балықтардың өсімін молайтудың тиімділігін анықтайтын ең маңызды гидрологиялық факторлар судың су ағынының көлемі болып табылады. Өзен ағынының жоғарғы бөлігінде реттелуі және әртүрлі қажеттіліктерге айтарлықтай су алу, төменгі ағынның жылдық ағысы көлемінің төмендеуінің негізгі себептері болып табылады [2].
Жайық өзенінің су ағынының гидрологиялық режимі үшін жылдық ағын көлемінің айтарлықтай өзгергіштігіне тән.Соңғы 5 жыл ішінде Атырау қ. Жайық өзеніне жылдық ағын көлемі 2015 жылы 6, 8 мЗ/жыл, 2016 жылы 8,7 мЗ/жыл,2017 жылы 8,1 мЗ/жыл, 2018 жылы-5,0 мЗ/жыл,өзерісте болды. 2019 жылы жылдық ағын көлемі 4,02 км3дейін төмендеді. Жыл сайын Жайық өзенінде балықтардың уылдырық шашу кезеңінде су деңгейінің ауытқуы, балық өндірушілердің уылдырық шашу кезеңінде тасқын судыңкөтерілуі мен төмендеуі байқалады. Жайық өзеніндегі биоресурстардың табиғи жағдайда өсіп жетілуі өзенінің су ағынының әсеріне байланысты.
Жайық өзеніндегі судың төменгі деңгейі балықтардың ұдайы өсімінің кемуіне әкеледі (бекіре балықтарының саны азайып кетті). Өткен 70-80-90 жылдармен салыстырғанда жартылай өткінші балық түрлерінің саны (қара балықтар) азайды. Соңғы онжылдықта Жайық өзені сусыз өзен болып табылады. Жайық өзенінің суы соңғы онжылдықта тайыз болып келеді.2019ж. ІЗнаурызда өзен мүздан тазарып, ағын суынның келіуі 20-сәуірден басталып ең биік жоғарлауы мамырдың орталарына дейін жалғасыты. 2019 ж. судың орташа айлық температурасы мен су ағынының динамикасы Icypeire келтірілген.
Табан (Abraniis brama Orientalis Berg).Соллүстік Каспий теңізінде бірнеше жергілікті табан түрлері мекендеп: еділ терек.уралдық түрлері болып бөлінеді.Теңізде және сағалық кеңістікте табан өмірлік циклының көп бөлігін өткізеді. Жаздың соңында және күзде теңіздегі тайыз учаскелерге, авандельттік және төменгі учаскелерге күзгі қоныс аударуы болып, онда ол қыстайды.Дельтаға кірер алдында табан авандельтте шоғырланады, онда оның ең көп саны қыркүйек және қазан айларында болады. Өзендердің төменгі бөлігінде және атырау алды қыстаған жетілмеген табан, көктемде Солтүстік Каспийге теңіз түбінің ең өнімді жайылымдар орналасқан қүламаларына қарай кері қайтады [4].
Кәсіпшілікте соңғы жылдары табанның аулануы 981,9-1274,3 тоннаға өсті. 2019ж. Көктемгі маусымда балық кәсіпшілігі учаскесінде табан барлық учаскелерде ауланған 733,914т., бұл жалпы квотаның 28,4% болды.
Табанның негізгі жоғары ауланудағы көрсеткіштері Жайық өзені бойында орналасқан Төменгі Зарослый, Золтенок және Кіші Дамба тартымдарында 115- 202т. дейін тіркелген. 2019ж. күзгі кәсіпшіліктегі табанның өзенге жаппай өтуі алдыңғы жылдарға қараған бірнеше кейінірек болды. Күзгі кәсіпшілік аулауда табан балығы 1236,39. т (71,6%) ауланды. Кәсіпшілік аулануда табанның негізгі бөлігі күзгі маусымда ауланып,жалпы бөлінген квотаның-76,2%(1274,4т) игерілді.
Көксерке (Stizostedion Iucioperca, Z.). Каспийге қүятын барлық өзендерде көксерке кездеседі. Теңізде жағалау және тұщы суларды үстанады. Өзен атырауында, әдетте, ересектер мен ірі көксеркелер, ал ашық теңізде - жас және ұсақтары мекендейді. Ал Солтүстік Каспийде көксерке ареалы 7-9%о-мен шектеледі, бірақ негізінен тұздылығы 3-4%о-тен аспайтын сағаларға жақын орналасқан. Бұл жартылай өрістейтін көксерке [5].
2019 ж. көктемде жылдық аулаудың 10,9% ауланған, ал негізгі аулау (89,1%) күзгі кезеңде игерілді.Қыркүйек айында көксеркенің аулануы да жоғары болды және ауды бір ауланғанда 60-70 данаға жетгі. Жайық өзенінің күзгі маусымында көксерке 303,2 т дейін, оның ішінде Kiші Дамба, Сол жақ Яицкий балық кәсіпшілігі учаскесінде 84,2-88,2 т дейін -ал басқа Бугорки тартымда - 7тоннадан аспады. Кәсіпшілік аулануда барлығы 340,34т ауланып бөлінген квотаның-96,2% құрады.
Сазан (Cyprinuscarpio L.) Теңіздегі тұщы су учаскелерін мекендеген түр. Өзен алды атырауында жэне орта, төменгі бөліктерінде сазан негізделіп, шоғырланады. [6]. Жайық атырауында сазан уылдырық шашуы сәуір айының соңында басталады жэне мамыр айында да жалғасады.
2019 жылғы көктемгі маусымда сазанды аулау біркелкі емес болды. Ерте көктемде сазан аулау, Ескі Лицевая, Төменгі Дамба тартымында барынша аз болды, наурызда 0,2-0,4т. ауланды. Сазанның өзендегі уылдырық шашу жолының шыңы сәуір айының соңында және мамырдың бірінші онкүндігінде аталып өтті. Бірінші жарты жылдықта сазан аулану 38,2т құрады, жалпы аулану көлемінің игеру - 28%.Күзде сазанның негізгі шоғырлануы сағалақ кеністікке болды,су температурасы төмендеуінен кейін, өзенге қыстаққа көшуіне байланысты, кәсіпшілік аймақта аулану ұлғайды.
Соңғы жылдары сазанның кәсіпшілікте томен аулануының негізгі себептері, табиғи жағдайда өсу өнімділігінеөзен ағын суының аздығы және жоғары көлімдезаңсыз аулану есепке алынбауына байланысты. Соңғы жылдары кәсіпшілік аулануда сазанның азайғандығы тіркелген, 2015жылы 1714т сазан ауланса, 2019жылы 94,34т. дейін аулану төмендеген.
Сурет 2-2019ж. Жайық өзеніндегі балықтардың бөлінген квота көлемінің
аулану пайызы.
Жайын-(8іІиги$ glanis). Каспийдің барлық аймағындағы көп таралған. Жайын өзен атырауымен, жайылма алқаптарда қаладан жоғары жайылған лайлы суларда уылдырық шашады. [6]. 2019ж. жайынның уылдырық шашуы сәуірдің II бескүндігінде басталды. Бұл уақытта өзендегі оның саны аз болды-0,06 дана /тартымға. Жайынның максималды аулауы әдетте судың температурасы 14 - 16°С - тан жоғары болғанда, негізінен мамыр айының ІІІ-бескүндігінде байқалды. Уылдырық шашу кезеңі әдетте 1 - 1,5 айды құрайды және маусым айында 24-26°С температурада аяқталады. Көктемгі маусымда ауланған жайын шоғырлануы мен аулануы темен болды. Сәуір-мамыр айларында су температурасының жоғарылауымен бүл түрдің аулануы күшейе түсті. Көктемде өзенде жайынның аулануы - 53,93 т (88% ) құрады. 2019 жылдың күзінде жайын концентрациясы 2018жылға қарағанда томен болды. Жайынның кәсіпшілікте жылдық аулануы 61,Зт, бекітілген квота көлемінің 74,1%орындалған.
Шортан - (Eesoxlucius). Каспий теңізінің бассейінің өзендерінде қоректенеді. Шортан уылдырық шашу кезеңде тайыз жерлерге шығады. Әлбетте кішкентайлары,содан кейін ірі шортандар жақындайды. 2019 жылы көктемгі аумен ауланған кезде шортан саны томен болды,көктемінде шортанның ең көп шоғырлануы мен аулануы наурыз айында байқалды. 2019 ж. Көктемгі кәсіпшілікте 29,1т. шортан өндірілді, бұл бекітілген жалпы квотадан игерілгені - 76,2%. Күздік шортанның аулау көлемі ауа-райы жағдайына байланысты, күзгі шортан шоғырлануы қыстқа жиналуына байланысты. 2019 ж.күзінде оның аулануы қараша айында байқалды-9,1т. құрады. 2019ж. Жайық өзенде кәсіпшілікте басқада ұсақ балықтар: берш, қылыш балық, мөңке 0,08-42,Зт балықтары ауланады.
Ақмарқа (AspiusaspiusL). Жайық өзені сағасынан тау өзеніне дейін таралған. Жайық өзенінің төменгі жағында жартылай өткінші ақмарқа ауланады, ол жылына екі рет өзенге көктемде уылдырық шашуға, күзде қыстауға көтеріледі [7]. Ақмарқаның жылдық аулануы бөлінген лимит көлемінің 249,823т (65,6%) игерілді.
Бекіре тұқымдас балык түрлері жылдар бойы жиналған материалды талдаудан, Каспий бассейніндегі бекіре тұқымдас балық қоры жойылып кету күйінде, оларды алу қазіргі уақытта тек екі бекіре зауыты өсімін молайту мақсатында жүзеге асырылады.
2010 жылдан бастап өнеркәсіптік өндіру тоқтатылды.
Бекіре балық тұқымдас түрлерінің қорын толықтыру табиғи жағдайда өсуімен және жасанды жолмен өсіру есебінен жүзеге асырылады. Соңғы жылдары ауланған бекіре тұқымдас балық өндірушілер саны жеткіліксіз және сапалық сипаттамалары өте қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2019ж. Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балықтың бекіре өсіретін заводтардың аулағаны-1,249т., аулануда қортпа түрі болмаған.
Жайық өзенінде ғылыми биологиялық негіздеме негізінде бекітілген су қоймалардағы 2019ж. балық ресурстарын алу лимиті бойынша су жануарларын аулану 4583,7тоннасының, тек 3690,75 т. ауланып, 81 % игерілді.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, кәсіпшілікте шектеу қойылаған көлемде балық түрлері ауланды. Қазіргі кезеңде Жайық өзенінде кәсіпшілік балық шаруашылығында ихтиофаунаның түрлік құрамы сақталған.
Жайық өзенінде жартылай өткінші балықтарды аулау квоталарын кәсіпшілік игеруде өткен жылдар деңгейінде және бөлінген шектеу көлемі - 65,6- 99,3% игерілді.
Жоғары көлемдегі балық аулау пайызы Жайық өзені бойындағы орналасқан кәсіпшілік тартымдарда Кіші Дамба, Золотенок, Сол жақ Яицкий, Төменгі Зарослый учаскелерінде анықталды. Жайық өзеніндегі көктемгі кезеңде гидрологиялық факторлардан, ағын су деңгейінің төмендеуінен балықтардың өсіміне, өрістеуіне уылдырық шашатын жерлердің кемуіне әкелді, бекіре тұқымдас балықтар мен жартылай өткінші балық түрлерінің (қара балықтар) саны азайды. Өзендегі бекіре тұқымдас балықтарға жарияланған мораторий мерзімі жалғасуда. Осылайша, Жайық өзеніндегі көктемгі балық аулаудың кэсіптік күндерінің саны балық аулаудың бөлінген лимитін толық игеру мүмкіндігін шектейді. 2019ж. зерттеулер қортындысында көктемгі кәсіпшілік мерзімін 16 мамырға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру қажет ұсынымдар берілді. Осындай ұсыныстар орындалған жағдайда және өзен су ағысы молайса кейбір балықтардың шекті аулану көлемі толықтай орындалады.
Әдебиеттер тізімі
- Шапошникова Г.Х. Биология и распределение рыб в реках Уральского типа. «Наука», M., 1964, 67 с.
- Петрова А.Н.. Ахмедзянов Ф.И. Влияние гидрологического режима на эффективность естественного воспроизводства полупроходных видов рыб реки Урал// Биологические ресурсы Каспийского моря. Махачкала: Изд-во ДагФАН СССР, 1989-С.58-66.
- Каспийское море и промысловые ресурсы - Москва наука 1989-С. 124
- Иванов В.П., Комарова Г.В. Рыбы Каспийского моря - Астрахань Издательство-АГТУ- С. 110-111
- Иванов В.П.. Сокольский А.Ф. Науные основы стратегии защиты биологических ресурсов Каспийского моря от нефтяного загрязнения. Астрахань. Издательство КаспНИИРХ, 2000 - 95 с.
- Правдин И.Ф. Руководство по изучению рыб,- M.: Пищевая промышленность. 1966. - 376с.
- Бокова Е.Б., Джунусова Г.Г., Бектемиров Ж. Состояние естественного воспроизводства полупроходных видов рыб в условиях изменения гидрологического режима р.Жайык. Вестник №13. Атырауский государственный университет. Атырау. 2019 г сентябрь С. 120.
- Камнева Т.Н. Жайық өзенін ереқше қорғалатын табиғи аймақ приморский каналындағы қәсіпшілік балық турлерінің жағдайы. Вестник №1. Атырауский государственный университет Атырау. 2020ж. наурыз С. 170.