Мақалада Жайық өзеніндегі еріген оттегінің құрамы мен сутегі көрсеткіші қарастырылды. Cy температурасы, сутегі, биогенді жәнс оттегі режимінің маусымдық динамикасы зерттелді. Зерттеу жылдарындағы Жайық өзені суындағы еріген оттегінің құрамы берілген. Зерттеудің барлық маусымында суда ерітілген оттегінің концентрациясы әр маусымда өзгерісте болғандығы анықталды. Зерттеу нәтижесінде көктемгі кезенде станцияларда суда еріген оттегінің орташа деңгейі -5,7 мг/дм3 аралығында болды. Ал жаз мезгілінде өзендегі еріген оттегі 7,2- 8,7мг/дм3 аумағында болатыны анықталды. Kon жылдық зерттеу деректері бойынша Жайық өзенінің оттегі режимі 5.6-дан 14.4 мг/дм3. -те шамасында болды. Жайық өзенінің суындағы оттегімен қанығудың ең томен көрсеткіші 2019 жылы тіркелді. Жалпы, бақылау кезеңінде судағы оттегі құрамы біршама төмендейді. бірақ оның жылдық ағын мөлшеріне тәуелділігінің нақты зандылықтары жоқ екендігі. судағы оттегі төмендеуінің белгілі бір тенденциялары қарастырылған. 2002-2009 жж. орташа алғанда суда оттегінің курамы жылдық су ағыны 7,8 км3 деңгейінде 9,2 мг/дм3 қурады. 2012-2019 жылдар аралығында оттегі қурамы 1,0 мг/дм3 азайды, бірақ жылдық су ағыны іс жүзінде өзгермегендігі анықталды (7.8 км3).
Жайық-Каспий бассейні, республиканың балық шаруашылығы құрылымында маңызды мәні бар. Қазақстанның маңызды балық шаруашылық бассейні болып табылады.
Жайық-Республикамыздың ең ірі өзендерінің бірі, бассейн алаңы 380 мыңға жуық (ағынсыз аудандарды қоса алғанда). Жайық өзені Бугорки учаскесінен ағыс бойымен төмен қарай Жайық өзенінің сағалық аймағымен және Каспий теңізінің жағалаулық бөлігіне дейін созылып жатыр. Өзен ағысы бойынша Ресей Федерацпясының аумағында, сондай-ақ Қазақстан аумағында оның гидрохпмпялық режимі мен экоуыттылық жағдайына эсер ететін эртүрлі кэсіпорындар бар. Сондықтан Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарында бпоресурстарды сақтау жэне оңтайлы пайдалану жөніндегі қазіргі жай-күйін бағалау, адекватты іс-шаралар қабылдау үшін балықтар мен басқа гидробионттардың қорын қалыптастыруға эртүрлі факторлардың әсерін зерделеу қажет[1].
Осы факторлардың бірі болып, судағы еріген оттегі болып табылады. Отгегі-бүл табиғи сулардың барлық түрлерінде тұрақты түрде еритін тыныс- тіршілікті қамтамасыз ететін газ. Суда ерітілген оттегі концентрациясының көрсеткіші су обьектілерінің газ режимін сипаттау мақсатында қолданылады. Судағы оттегі гидробионттардың тыныс алуын, өзін-өзі тазалау механизмін, судағы тірі ағзалардың тіршілігінде тотығу процестерінің жэне судағы органикалық заттардың ағын арқылы араласуын қамтамасыз етеді. Судағы оттегі қүрамының төмендеуі су объектілерінің белсенді тотығатын органикалық қосылыстардың ластануы салдарынан, ондағы биологиялық жэне химиялық процестердің трансформациялануынан болады. Cy айдындарындағы оттегінің қүрамы температураның төмендеуі немесе оның минералдануының жоғарылау нэтижесінде өседі. Сондай-ақ, судағы оттегі құрамы тэулік жэне маусым бойынша өзгеріп отырады. [2].
Еріген оттегі- гидрохимиялық процестердің ағу интенсивтілігін елеулі дэрежеде анықтайтын табиғи сулардың маңызды компонент!. Табиғи жэне ластанған су қоймаларында тұтыну процестері үздіксіз жүріп тұрады жэне сонымен қатар оттегімен қамтамасыз етіп тұрады. Жер үсті сулары үшін еріген оттегінің құрамы 12-14 мг/дм3 аралығына сэйкес келеді. Cy қоймаларын эвтрофизациялау кезінде бүл концентрация айтарлықтай төмендейді; 2 мг/дм3-ден кем мөлшерде болса ихтиофауна мен сезімтал гидробионттардың жойылуы басталады. Осы көрсеткіштің төменгі экологиялық шегі 4 мг / дм3 болып саналса, балықтың бағалы тұқымдары мен балық шаруашылық су айдындары үшін - 6 мг / дм3 болып саналады [3].
2019 жылдың маусымдық (жазғы) кезеңінде Жайық өзенінің гидрологпялық жағдайын талдау Атырау Гидромет орталығының материалдары мен жеке мәліметтері бойынша жүргізілді. Судың гидрохимиялық талдаулары станцпялардың стандартты торы бойынша бір горизонтта (үстіңгі қабатта) жалпы танылған әдістемелерге сэйкес орындалды [4,5].
Жайық өзеннінің төменгі сағасын зерттеу барысында еріген оттегінің маусымдық динамика қүрамы судың жоғарғы қабатында 2019 жылы зерттелген бекеттерде (Бугорки, Атырау су арнасы, Курилькин бағы, Перетаска ағыны, Төменгі Дамба) анықталды. Зерттеу жұмыстары барысында барлық өзен суының гидрохимиялық сипаттамасы зерттелінді. Соның ішінде бекеттерде судағы еріген оттек құрамын; температура жэне сутегі ионының индексі (pH) -ты анықтау үшін арнайыприбор (оксиметр, pH-метр) арқылы, сол сэтте сынамаларда анықталынды[б]. Сонымен қатар алынған сынамаларды жэне мэліметтерді өңдеу жүмыстары жүргізілді. Судың гидрофизикалық, гидрохимиялық көрсеткіштері жалпы қабылданған мемлекеттік стандарттармен (MEMCT) сәйкес орындалды [7].
Оттегі гидробионттардың тыныс алуына жағдай жасай отырып, суда жеткілікті мөлшерде сақталуы тиіс. Ол сондай-ақ су қоймаларының өздігінен тазалануы үшін қажет. Өйткені, оттегі органикалық және басқа қоспалардың тотығуы, өлген организмдердің ыдырауы процестеріне қатысады. Қысқы кезеңдегі су айдындарының жағдайы уыл дырық шашу кезінде көктемде қолайлы жағдайлардың негізі болуы мүмкін. Мұнда судағы оттегі құрамы ерекше рөл атқарады. Оттегі концентрациясының төмендеуі ластанудың болуын, жоғары өнімді - деструкциялық процестерді көрсетеді. Сондықтан оны табиғи су айдындарында және ағынды суларда бақылау маңызды экологиялық проблема болып табылады.
Осы көрсеткішті мониторингілеу үшін су сынамасын алу талаптары дүрыс орындауды талап етеді. Осылайша, су қоймасынан су алу кезінде оның ауамен жанасуына жол беру үшін: су астында қақпақпен сәл жабылып ыдысқа алынады, оттегіге су сынамалары консервацияланбайды, сондықтан да экспресс - әдістерді жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу жүмыстары барысында кислородомер, pH- метр приборлары қолданылды.
Зерттеу жүмыстары барысында Жайық өзенінің 2019 жылғы көктемгі су температурасы - 6,8 - 14,2С°, жазғы кезеңде 26,OC0 болса; ал күзде 20,4°С шегінде болды. Мөлдірлік көрсеткіш көктемгі-күзгі кезеңдерде 0,2-0,7м аралығында өзгерді. Cy тереңдігі станцияларда 2,0 - 11,Ом аралығында ауытқыды. Жайық өзенінің суы қалыпты су тобына жатады. Көктем, жаз кезеңдерінде судың pH 8,2- ден 8,5-ге дейін өзгерген. Оттегі режимі су қоймасының тіршілігіне терең эсер етеді. Біздің зерттеу нэтижелерімізде көктемгі кезеңде станцияларда суда еріген оттегінің орташа деңгейі -5,7 мг/дм3 аралығында болды. Ал жаз мезгілінде өзендегі еріген оттегі 7,2-8,7мг/дм3аумағында болатыны анықталды. Перманганаттық тотығу тотықсыздандырғыштардың судағы жалпы қүрамын сипаттайды-тотықсыздандырғыштармен эрекеттесетін органикалық жэне бейорганикалық қосылыстар. Жайық өз. бекеттерінде мұндай заттардың құрамы көктемде- 1,52 мг/дм3-ден, жазда- 2,7 мг/дм3-ке дейін өзгерген.Көктемгі кезеңде аммоний азотының ең көп концентрациясы бекет Курилькин бағы- 0,1 мг/дм3 болса, ең аз концентрациясы - төменгі Дамба бекетінде - 0,031 мг/дм3 тіркелді.Нитрат-иондардың ең жоғары концентрациясы 7,9 мг/дм3, ең төменгі - 4,1 мг/дм3 құрады. Ең көп минералдану төменгі Дамба бекетінде -810 мг/дм3, бұл ШРК-дан шегінен аспады.
Жаз мезгілінде Жайық өзені суындағы биогенді элементтердің қүрамы көктемгі көрсеткіштерге ұқсас. Нитрат-иондардың ең жоғары концентрациясы Курилкин бағы станциясында байқалды -5,9 мг / дм3. Нитрит-иондардың қүрамы өзгермеді, алайда аммонийиондарының құрамы көктем кезеңіндегі бекеттер бойынша ауыспалы өзгеруімен сипатталды. Аммоний иондарының ең жоғары концентрациясы - 0,27 мг/дм3 көрсетті.
Судың минералдануы жазда, көктем мезгілімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді және 407мг/дм3-590мг/дм3шегінде көрсетті.
Күзде Жайық өзенінің төменгі сағасының сутегі көрсеткіші бекеттерде 6,8- ден 8,3-ге дейін ауытқиды. Судағы еріген оттегі мөлшері 6,0 мг/дм3 құрады Перманганатты қышқылдану мөлшері барлық бекеттерде 2,7 мг/дм3. Жайықтағы 121 ISSN 2077-0197
су минералдануы күз мезгілінде 752-830 мг/дм3 аумағында болды. Судағы биогенді элементгердің қүрамы маусымдық ауытқуларға ұшырайды. Күзде аммоний, нитрат және азот нитриті концентрациясы шамадан аспайды. Алайда жазғы құраммен салыстырғанда нитрит - иондардың күздегі мөлшері өсті. Судағы аммоний азотының концентрациясы 0,094-0,2 мг/дм3, нитрат иондар - 1,55-2,80 мг/дм3, нитрит иондар - 0,22-0,74 мг/дм3 шегінде болады.
Жалпы, бақылау кезеңінде судағы оттегі құрамы біршама төмендейді, бірақ оның жылдық ағын мөлшеріне тәуелділігінің нақты заңдылықтары жоқ. мысалы, 2002-2009 жж. орташа алғанда суда оттегінің құрамы жылдық су ағыны 7,8 км3 деңгейінде 9,2 мг/дм3 құрады. 2012-2019 жылдар аралығында оттегі құрамы 1,0 мг/дм3 азайды, бірақ жылдық су ағыны іс жүзінде өзгерген жоқ (7,8 км3), судағы оттегі төмендеуінің белгілі бір тенденциялары сақталуда.
Қыс мезгілінде судағы оттегі құрамы жылдық су ағынының көлеміне байланысты болады. 2000-2006 жылдары орташа есеппен судағы оттегі мөлшері 11,7 мг / дм3 құрады, ал жылдық ағын 8,6 км3. Кейінгі кезеңде (2007-2013 жж.) жылдық су ағынының 1,6 км3 қысқаруы жағдайында оттегі құрамы 2,1 мг/дм3 азайды.Өкінішке орай, 2014-2018 жж. мәліметтерінің болмауы және сынамалар алудың әртүрлі әдістері, әртүрлі орындаушылармен болғандықтан, қысқы кезеңде өзендегі оттегі режимінің нашарлауы туралы нақты шешім бекітуге мүмкіндік бермейді, бірақ белгілі бір тенденция байқалады.
Осылайша, Жайық өзенінің төменгі саға суындағы оттегінің орташа жылдық мөлшері судың жылдық ағынының мөлшеріне байланысты емес, ал қысқы кезеңдегі оның құрамы ағынның азаюы кезінде заңды түрде төмендейді. Бұл 2019 жылы судың жылдық ағыны 4,45 км3-ке дейін азаюына және қысқы кезеңде судағы оттегінің құрамы 5,6-6,3 мг/дм3-ке дейін төмендеуіне негіз болады деп болжауға негіз береді. Ағыс пен оттегі туралы пікір: айқын заңдылықтар байқалмайды, бірақ кейбір тенденциялар орын алады. Қысқы ұзақ бақылау кезеңіндегі оттегі режимінің ауытқуы (1999-2019 жж.) 1-суретте көрсетілген.
мг/дмЗ; 2002; 10,1
мг/дмЗ; 2005; 12,2 мг/дмЗ; 2008; 10,7 у = -0,3828х + 13,906
Ерігсн оттеп, Еріген оттегі Еріген отгегі,
мг/дмЗ; 2003; 9,1 мг/дмЗ; 2006; 10,1 мг/дмЗ; 2009; 10,2
R2 = 0,6736
“ Еріген оттегі, мг/дмЗ Линейная (Еріген оттегі, мг/дмЗ)
1-Сурет- Жайық өзен сағасының еріген оттегі режимінің динамикасы
Мұз астындағы кезеңде 6 мг/дм3 еріген оттегі құрамының мәні балықтардың көптеген түрлерінің тіршілік әрекетін қанағаттандырады. Алайда, бекіре балықтары үшін қыста оттегі құрамы физиологиялық норма шамасында болса да, белгілі мөлшерден томен болды. Бекіре балықтары оттегінің жетіспеушілігіне жоғары сезімталдылықпен сипатталады. Қалыпты тіршілік үшін оттегі концентрациясы 7-11 мг/дм3 болуы тиіс. Ерітілген оттегі оптимумнан томен болған жағдайда бекіре тұқымдасы улы әсерге неғұрлым бейім болып келеді.
Гидрохимиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей Жайық өзенінің төменгі сағасының суының химиялық құрамы айтарлықтай өзгерген. Бұл табиғи және антропогендік факторларға байланысты. Гидрохимиялық сипаттамалардың бірқатар өзгерістерінде байқалады: перманганатты тотығуында және судың минералдануының ұлғаюында.
2019 жылдың жазы мен күзінде Жайық өзеніндегі төменгі сағасында биогенді заттардың құрамы табиғп ауытқулар шегінде болды. Айта кету керек, соңғы жылдары қыс мезгілінде еріген оттегінің құрамы біртіндеп төмендейді. Мұз кезінде 6 мг/дм3 еріген оттегі құрамының мәні балықтардың көптеген түрлерінің тіршілік әрекетін қанағаттандырады. Қалыпты тіршілік үшін оттегі концентрациясы 7-11 мг / дм3 болуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі
- Асылбекова С.Ж. Балық ресурстарына антропогендік факторлардьщ теріс әсерін төмендету жөнінде үсыныстар әзірлеу мақсатында Жайық өзенінің зерттеу ауданында мекендейтін балық организмдеріндегі патологиялық өзгерістерді зерттеу жөнінде кешснді зерттеулер жүргізу және оның Жайық өзенінің ихтиофаунасына әсері ҒЗЖ есебі / "БШ ҒӨО ' ЖШС; Атырау. 2019ж. - 170 б.
- Масленникова Н.Н. Определение содержания кислорода в воде оптическими методами // Новая наука: теоретический и практический взгляд: Международное научное педогогические издание по итогам международной научно- практической конференции (Ижевск, 4 февраля 2017) Стерлитамак: АМИ 2017.-№ 2-2.-C 113-115.
- Локтионова Е.Г.. Яковлева Л.В. Определение содержание растворенного кислорода и биологического потребления кислорода для оценки качества речной воды / Экология и промышленность России,- Астрахань,2011.-С.34-35.
- Руководство по химическому анализу поверхностных вод суши,- Л.: Гидро метео издат. 1977. -541с.
- Лурье Ю.Ю Унифицированные методы анализа вод/Под ред. - M.: Химия. 1973. - 76 с.
- Кадимов Е.Л., Уразгалиева Р. Сравнительный анализ данных гидрологического режима р.Кигаш. Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова Вестник(научный журнал)//№13 сентябрь Атырау. 2019. С. 125.
- Бокова Е.Б., Джунусова М.М., Бектемиров Ж. Состояние естественного воспроизводства полупроходных видов рыб в условиях изменения гидрологического режима р.Жайык. //Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова Вестник (научный журнал) /№13 сентябрь Атырау. Атырау. 2019. С. 128.