Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiрудің объективті жағын анықтау

Аңдатпа

Ұсынылған ғылыми мақалада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-бабымен көзделген «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіру» қылмысының объективті жағы қарастырылған. Мақала авторлары бірқатар заң және арнайы әдебиет көздерін, нормативтік- құқықтық актілерді және сот тәжірибесінің материалдарын пайдалана отырып, пікірталас туғызатын мәселелер бойынша осы қылмыстың объективтік жағын анықтау жәнінде өз пікірлері мен ұсынысгарын берген.

Бүгінгі күні қазақстандық қоғамның алдында тұрған көптеген мәселелер арасында халықтың денсаулығына және жалпы ұлттық қауіпсіздікке төнетін жаһандық қауіп ретінде есірткі бизнесі мен нашақорлықтың өсу мәселесі барған сайын алғашқы орындардың біріне шығуда. Нашақорлықтың қауіптілігі заңсыз есірткі тұтынатын тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келетін залалмен қатар, ел экономикасының өркендеуіне қатерлі кеселін тигізу мүмкіндігінде.

Криминологиялық теория әлеуметтік биология ғылымымен үйлесім тапқан жағдайда ғана табысты дами алады, себебі оларды ортақ мәселе - адам болмысын зерттеу мәселесі біріктіреді [1,6.191]. Осыған орай, аталмыш мәселемен кешенді түрде айналысу қажет. Бұл мәселе төңірегінде ғылыми зерттеулер мен қатар, заңгерлер, психологтар, педагогтар, биологтар әрекеттерінің бірлігі де қажет.

Есірткі заттары мен жүйкеге эсер ететін заттардың заңсыз айналымын тұмшалау және оларды тұтынушылардың санын тежеу мақсатында елімізде әртүрлі қылмыстық-құқықтық ықпал ету, атап айтқанда, есірткі заттары мен жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндірумен айналысатын тұлғалардың әрекетін ауыздықтауға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.

Есірткі заттары мен жүйкеге эсер ететін заттарды тұтыну медициналық көрсетілімдер негізінде дәрігердің тағайындауы бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Осы мән-жайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-бабымен көзделген қылмыстың объективті жағы ретінде 119 «есірткі тұтынуға көндіру» түсінігімен қамтылатын іс-әрекеттер танылады, өйткені, оларды заңды түрде тұтыну мемлекеттің арнайы бақылауында болады.

Нашақорлық саласында қоғамымыздың ерекше көңіл аударатын мәселелерінің бірі, есірткіні заңсыз та ратуш ылардың көбеюі. Бұл «кәсіппен» тек қана бұрын қылмыс жасаған адамдар емес, сондай-ақ осыған дейін ала жіпті аттамайтын азаматтарымыз да айналыса бастады. Нарықтық экономикалық қатынастардың кейбір ерекшеліктері, халқымыздың жаңа өмір салтына дайындығының аздығы, бұл есірткілерге байланысты қылмыстардың өсу себебінің бірі болды.

Н.М. Әбдіровтың айтуынша, есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға қайсібір адамды көндіру, біз суреттегендей, ықылас емес. Шындығында, көп сатылы көп өнімділікті көндірудің басты мақсаты - тұрақты есірткі өткізетін рынок құру, сонымен қатар тыйым салынған іс-әрекеттерінің бүркеу мәселесін шешуге байланысты, өкіметтің ресми жүйесінің өкілдерін өздеріне тәуелді ету [2,6.22].

Есірткі заттардың түсінігіне келетін болсақ, есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы 1998 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1 тарауында есірткі заттардың ұғымы берілген. Онда есірткі заттарға Қазақстан Республикасының заңдарына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға тиісті. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне синтетикалық немесе табиғи тектес заттар енгізілген. Ал есірткілер есірткі немесе психотроптық заттар деп жіктелген, оларды шектен тыс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиіс өсімдіктер, заттар немесе препараттар енгізілген [2].Осы ұғымдар, белгілер, есірткі заттардың және құрамында есірткі бар өсімдіктердің қасиеттері ҚР ҚК-нің 296-299-бабында көрсетілген қылмыстардың жасалуына себеп-салдар болып табылады.

Қылмыстық іс-әрекет - адамның қылығы. Олай болатын болса, қылмыскердің жеке басын, жасаған іс-әрекетіндегі ниетін, мақсатын нақтылап қарамай, адамның қылығын анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, қылмыскердің іс-әрекетіндегі ішкі көрінісін, мінез-құлқын тұжырымдап қарау қажет. Іс-әрекет - адам мінез-құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болып такбылады. Сондықтан да ол адамның ниеті, пікірі, ойы қаншалықты зиянды болғанымен, ол белгілі бір іс-әрекетпен ұштаспаса, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды [4,6.54]. Іс-әрекет біз қоршаған ортаға белсенді эсер ету қасиетіне ие бола отырып, заттарға, сыртқы ортаның қозғалысына физикалық, сондай-ақ психикалық (интеллектуалдық) өзгерістер жасауға қабілетті. Сондықтан да дене қозғалысы сыртқы ортаға физикалық және психикалық өзгерістер келтіреді. Психикалық өзгерістер адамның психикасына эсер ете алатын қабілеті бар сөзден, ишарат, ымдау көрінісінен тұратын адам органының әртүрлі формалы қозғалысында болады. Бұл есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіру әрекетінің психикалық әсеріндегі формаларынан (сөзінен және іс- қимылдарынан) көрінеді. Келесі әрекет адам органының қозғалу формасындағы физикалық әсерінде. Бастапқысы да және соңғысы да сыртқы ортаға өзгерістер келтіретін көндірудің негізгі екі формасынан танылады: олар сендіру және мәжбүрлеу. Сендіру арқылы жүзеге асатын көндіру психикалық әсермен басқа адамның есірткі қабылдауға деген сезімін ояту ынтасын қоздыруға бағытталған алдау, ұсыну, ақыл беру, т.б. іс- әрекеттірінің жасалуынан көрінеді. Мәжбүрлеу жолымен көндіру - есірткі тұтындыруға көндіру мақсатымен тартылған адамның еркін психикалық немесе физикалық эсер ету арқылы өзіне бағындыру. Бұлар - қорқыту, алдау, бостандығын шектеу, сабау, азаптау, ұру, қинау, әртүрлі дәрежедегі денеге жарақат салу, және тағы да басқа зорлық әрекеттер. Бұл баппен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін осы көрсетілген әрекет бір рет болса да жетіп жатыр [5].

Әрі қарай қылмыстың объективтік жағын толық анықтау үшін алдымен «көндіру» деген сөздің мағынасын білу керек. 1998 жылғы 14 мамырындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының «Есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы» қаулысында: «Есірткі немесе жүйкеге эсер ететін заттарды пайдалануға көндіру деп, басқа тұлғалардың оларды тұтынуға ниетін қоздыруға бағытталған кез-келген қасақана әрекетін (үгіттеу, ұсыныс жасау, ақыл беру, адастыру, алдау, қорқыту) түсіну керек» делінген [5].

Есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіру барысындағы қоғамға қауіптілігі жөнінен екінші нысан - есірткі эаттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға мәжбүрлеу.

Осы мәжбүрлеу нысанына, яғни, күш қолдану жолымен көндіруге байланысты В.И. Ткаченко: егер де көндіру денеге ауыр жарақат салумен жалғасқан болса, онда кінәлінің әрекетін екі баптың жиынтығымен қарап және кінәсінің бағыталған тәуелдігіне қатысты жәбірленушінің өліміне әкеліп соқтырса, онда басқа да қосымша қылмыстық жауаптылық қараған баптардың жиынтығымен жауапқа тарту керек дейді [6,6.78].

Келесі көңіл аударатын мәселе - қылмыстық заңдағы есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіргенде күш қолдануға, одан туатын зардаптарға және осы әрекеттің нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан немесе басқа да ауыр зардаптарға байланысты. Зардаптардың тар түрдегі түсінігінің қылмыстың барлық құрамдарын материалдық және формальдық деп бөлуде және құрастыруда тәжірибелік зор мәні бар, ол нақты бір қылмыстың аяқталу мерзімін дәл анықтауға және оны дұрыс саралауға мүмкіндік береді. Есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіргенге дейінгі адамның ойы, мақсаты, есірткіні тұтынғаннан кейін болатын өмірді, хал-жағдайын, күйін мадақтау және басқа да әрекеттер дербес өзінен өзі қылмыс болмайды. Себебі олар басқа адамдарды қоғамға қарсы жат қылықтарға есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндірумен жалғаспаған. Олар аяқталған қылмыстың құрамын құрамайды немесе дәлелдеу мүмкін емес. Мұндай әрекеттер қасақана тікелей оймен қылмысқа дайындалу немесе оқталу шарттары сақталғанда ғана сараланады.

Қазіргі уақытта есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық жауаптылықгы қарайтын норма бар бола тұра, осы норманың нашақорлықтың алдын алуда тиімді пайдаланылмауы, әсіресе, есірткі өткізетін рынок құру, тұтынушылардың шеңберін кеңейту мақсатын көздейтіндерге қарсы бағытталмауы, тиімді қолданылмауы бүгінгі күнде жіберіліп отырған үлкен қателік. Қазіргі кезде есірткі саудагерлерінің есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға мектеп оқушыларын көндіру мақсатымен мектеп маңын көп төңіректеулерін, сондай-ақ қылмыстың бұл түрлеріне орай, есірткі тұтынатын жасөспірімдердің жасы 9-10 жасқа күрт жасарып отырғанын ерекше ескере кетуіміз керек.

Біздің көзқарасымызша, құқық қорғау органдары еліміздегі жастар арасындағы таралып бара жатқан нашақорлықтың алдын алу тиімділігін арттыру үшін, жасы 18-ге толмаған жас қыздар мен ұлдар есірткі заттардың буымен қылмыс жасап немесе есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты басқа да қылмыстар жасап жатқан жағдайда, оларды нашақорлыққа итермелеп есірткі заттарды тұтынуға көндірген адамдарды анықтап, оның жасы қаншада екенін, тұрғылықты жерін біліп, есірткі заттарды тұтынуына қандай жолдармен (мәжбүрлеу, сендіру) көндіруді т.б. жағдайларын егжей-тегжейлі анықтауға міндетті. Тіпті оларды анықтап біліп қана қоймай, айыптыларды міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа тартуы қажет.

Елімізде есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға қарсы жаппай тексеріс жүргізуді енгізу керек. Жаппай тексерістің тиімділігі - есірткі тұтынудан адам өзін әлдеқайда алшақ ұстайды. Erep де адам жақсы жұмыс орнына орналасу немесе сақтау үшін, спорттық командаларға ілігу немесе мектептерде оқуларын жалғастыру үшін міндетті түрде наркологиялық бақылаудан өту керегін түсіне білетін болса, онда олардың есірткі тұтынуға көнуі де аз болады. Сонымен қатар, бүгінгі күні нашақорлықтың зияндығын ашып айтып, жиіркендіретін үгіт-насихатты күшейтіп, сондай-ақ, нашақорлыққа әуестеніп, дертке шалдыққандарды толыққанды емдеуден өткізетін орталықтарды да көбейтуіміз керек.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға қарсы іс-қимылдар барысында денсаулық сақтау саласы назардан тыс қалмауы тиіс. Өйткені, есірткілік дәрі-дәрмектерді қолдану барысында қылмыстық әрекеттерге жол беріліп жатады. Медициналық қызмет көрсету саласында, нашақор дәрігерлер ерікті немесе еріксіз түрде нашақорлықты таратушылар болып табылады. Осыған орай, есірткі дәрі - дәрмектермен жұмыс жасайтын медициналық қызметкерлер өте сақ болып, қылмыстық әрекеттерге жол бермеуі қажет, кінәлі қызметкерлер уақытында сотқа беріліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет [7,6.167].

Бүгінгі күні есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды тұтынуға көндіруге тек қана нашақорлар ғана емес сонымен қатар есірткі заттарды немесе жүйкеге эсер ететін заттарды өткізетін тұрақты рынок құру және тұтынушылардың шеңберін кеңейту мақсатымен есірткі саудасымен айналысатын адамдар да жеткілікті. Сондықтан жазаның барынша жеке даралығын қамтамасыз ету барысында есірткі заттарды тұтынуға көндіретін адамдардың айырмашылығы мақсатынан көрінетін осы екі санаттағы қылмыскерлерді ескеруді қажет етеді. Бұл талап ҚР ҚК 299-бабында көрсетілген қылмыстарды жасаған адамдарға жазаны қолдану барысында алғышарт болып табылу керек.

Қазіргі кезде біздің мемлекетіміздің алдына қойып отырған саясаттарының бірі - халықтың денсаулығын сақтау және жеке адамды жан- жақты дамыту. Қазақстан Республикасы Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі.Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады» делінген [8]. Есірткіге тосқауыл қою мәселесі ешқашан Елбасы назарынан тыс қалған емес. Ендеше, бұл күн тәртібінен де түспеуі керек. Өйткені, есірткінің артында ел тұр. Ал осынау жаһандық дерттің артында халықтың қасіретіне апарып, соғар қатертұрса, мүлде қол қусырып қарап отыруға болмайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Тажғарина Б.К. Жастар арасындағы рухани және өнегелік қасиеттер деңгейін зерделеу // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет! «Хабаршысы». - Атырау, №1(36), 2015. - 191 б.
  2. Абдиров Н.М. Уголовно-правовые меры борьбы с наркотизмом и наркобизнесом в Казахстане // Система и функции правоохранительных органов PK: проблемы и перспективы: Сборник материалов научной теоретико-практической конференций. - Караганда, 1996. - С. 22.
  3. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 17 шілде 1998 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы.
  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 54 б.
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының № 3 қаулысы 14 мамыр 1998 ж. «Есірткі, психотроптық, күшті эсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы».
  6. Ткаченко В.И. Преступлений против здоровья населения. - M.: ВЮЗИ, 1983. - C 78.
  7. Рустемова Г.Н. Понятие, система и виды правонарушении в сфере медицинского обслуживания населения // Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ «Хабаршысы». Атырау, №2(41), 2016. - С. 167.
  8. Қазақстан Республикасы Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.