Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қхр-ның аймақтық саясатының концептуалдық негіздері

Аңдатпа

Мақалада ҚХР-ның аймақтық саясатының концептуалды негіздеріне тарихи тұрғыдан талдау жасалған. Автор халықаралық саясаттағы ҚХР шекара және трансшекаралық өзендер мәселесіндегі Қытай ұстанымын талдауда, оған қатысты геосаяси, геостратегиялық, демографиялық, экономикалық және территориялық факторлардың маңыздылығын атап өтеді.

Мақалада ҚХР әскери доктринасындағы «стратегиялық шекара», «өмірлік кеңістік» концепциясы және ҚХР-ның сыртқы саяси тұжырымдамалары баяндалған.

XX ғасырдан XXI ғасырға Қытай үш мәселемен өтті: тұрғындар саны, жер, су. Қытай тарихы - жер үшін күрес тарихы. Яғни өңдеуге, тыңайтуға қолайлы жерлер үшін талас. Қазіргі уақытта Қытай басшылығы үшін күрделі демографиялық жағдаймен шиеленісіп отырған жер мен су тапшылығы стратегиялық бірінші кезектегі проблемалардың бірі.

ҚХР үшін шекаралар бір мезгілде геосаяси нақтылық, геосаяси мақсат және геосаяси құрал болып табылады [1]. Бұл жерде белгілі неміс географы, саяси географияның негізін салушы Фридрих Ратцельдың географиялық заңдары әділдік тұрғыдан танылады. Заңдар «Саяси география» еңбегінде жарияланған, мұнда Ратцель мемлекеттің кеңістікті өсуі принциптерінің жиынтығын ұсынған. «Шекара - мемлекеттің түпкір органы, ол мемлекеттің өсу деңгейінің күші мен әлсіздігінің және ондағы өзгерістердің куәсі» [2].

XX ғасырдағы мәселелер ҚХР әскери доктринасында, «стратегиялық шекара», «өмірлік кеңістік»концепциясында және ҚХР-ның сыртқы саяси тұжырымдамасында баяндалған.

Бұл тұжырымдамаға сәйкес ҚХР миллиардтан астам тұрғыны бар халықтың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кеңісгіктен де тапшылық көруде. Мұндай жағдайда «стратегиялық шекара», «өмірлік кеңістіктің» «мемлекеттің кешенді қуаты» өкіміне қарай ауысуы қажет, он да мемлекет әскери күш көмегімен өз мүддесін қорғай алады. Қытай зерттеушілерінің пікірінше, мемлекеттің кешенді қуаты - экономика, ғылым мен техника, сыртқы саяси тұрақтылық пен әскери қуаты.

Сондықтанда ҚХР-ның «стратегиялық шекара» тұжырымдамасын қабылдауы - саяси, экономикалық және таза әскери сипаттағы себептермен түсіндіріледі.

Саяси тұрғыдан алғанда мұндай тұжырымдама Қытайдың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің, мемлекеттік қауіпсіздігі мен әлеуметтік экономикалық табысты дамудың қажетті шарты болып табылады.

ҚХР басшыларының пайымдауынша тұжырымдаманы жасау әлемдегі бәсекелесгік күреспен және осыған байланысты Қытайдың алдағы кезеңдегі стратегиялық шекараларды қайта белуге байланысты күдігімен түсіндіріледі.

Тұжырымдаманы жасау экономикалық түсінікке негізделген, ол ең алдымен ҚХР-ның тұрғындар санының өсуімен байланысты [3].

Ғаламдану дәуіріндегі континенттік ресурстардың шектеулігіне байланысты Қытай мамандары континенттік шельфтерге, теңіздерге, полярлық облыстарға назар аудара бастады. Себебі бұл салалар мемлекет арасындағы бәсекелестіктегі стратегиялық шекаралардың маңызды бөлігі болып саналады.

«Өмірлік кеңістік» тұжырымдамасы ҚХР-ның әскери мүдделерімен байланысты.

Бұл концепция мүмкін болатын шабуылды алдын ала болжау үшін қолайлы жағдайлар жасау, басқыншылық күштерді барынша қашық шепке ауыстыру қажеттілігімен және әскери күштерді мемлекеттік шекара аймағынан «стратегиялық шекара» аймағына ауыстырумен түсіндіріледі. Кезінде ҚХР Mao басшылығы Үнді - Қытай ауданымен және барлық Оңтүстік Шығыс Азия н ы өз ықпалы жүретін аймақ деп есептеген. Бұл туралы бір қатар ресми құжаттарда жарияланған.

Мәселен, 1964 ж. 10 шілде қабылданған «Териториялық тізім» бағдарламасында Mao Цзедун «.Біз бүкіл дүниежүзін бағындыруымыз керек, Қытай XX ғасырдың 60 жж. Оңтүстік - Шығыс Азияны, яғни Оңтүстік Вьетнам, Таиланд, Бирма, Малайзия, Сингапурмен қосып алып, Камбоджаға байланысты бейбіт ұстанымды сақтауымыз керек.

Оңтүстік Шығыс Азия өте бай аудан, онда табиғи қазбалар көп, ол жұмсаған шығынды өтейді. Ол аудан болашақтағы Қытай өнеркәсібінің дамуы үшін өте пайдалы. Оңтүстік Азияны алғаннан кейін бұл ауданда біздің күштерді ұлғайтуға болады. Уақыт өте келе біздің өз күшіміз болады», - деп жазды [4].

Өзінің территориялық дәмегөйлігінің заңдылығы жөнінде Mao ешқандай дәлелдер келтірмеген. Оның дәлелдері қандай еді? Жауабы - көптеген жүзжылдықтар бойы Қытай богдыхан дары осылай ойлап келді және оған Қытай халқын да үйретті. Богдыхандар Қытай «бүкіләлем орталығы» - чжун-ю, ал басқа мемлекеттер бағыныштылар деп есептеді және олар алым төлеуі қажет.

Көптеген ресми құжаттарда осы пікір қалыптасты. Mao басшылығы немесе әкімшілігі ешқашан қытайлықтар болмаған немесе кездейсоқ өткен жерлердің бәріне иероглифтық жазбаларда территориялық дәмелерін білдірді. Мұндай жерлерге жиырма милионнан астам қытай қауымдастығы тұратын бүкіл әлем территориясының көптеген бөлігі жатады. Оңтүстік - Шығыс Азияның бірқатар елдері «жоғалған Қытай елдері» есебінде айтылды.

Ал, осы концепция бойынша Оңтүстік Шығыс Азияға келсек, ежелгі уақыттан бұл аудан Қытайдың этникалық ауданы болмаса да, «Ортадағы Империя» билеушілерінің көзін қызықтырды. Бірнеше рет қытайлықтар көптеген ортазиялық кеңістіктерді бағындырып алды (б.э.д. I ғасыр - б.э. III ғасыры Хань династиясы, б.э. VIII ғасыры Тан династиясы). Сол уақытта Қытай шекаралары қазіргі Қазақстан оңтүстік шығыс аудандарын Арал теңізіне дейін қамтыды.

Ipi әскери жорықтар біздің эрамыздың VIII және XIII ғасырларында жасалды. Сондай-ақ кішігірім әскери экспедициялар жорығы болды.

Ресейлік ғалым М.В.Воробьевтің пікірінше, Қытай және оның маңындағы ойкуменде немесе Қытайға қатыссыз, Қытайда болмаған, Қытайға арналған, Қытайға қарсы немесе Қытаймен байланысты барлық оқиғалар Қытай тарихи арнасына енгізілді. Қытай билеушілері өздерін бүкіл әлемнің нағыз билеушілеріміз деп санады. Сондықтан да Қытай мемлекеттілігінің таралу шекарасының нақты айтылмауының үш себебі бар:

Біріншіден, шекараны техникалық дәл белгілеу жүргізілмеген;

Екіншіден, көптеген территориялар өз тәуелсіздіктерін таныды, оның дәрежесін қазіргі халықаралық құқықтану анықгай алмайды;

Үшіншіден, белгілі бір аумақты қысқа мерзімге басып алуды (1-2 күн немесе айлар) түбегейлі оны меншіктілікке айналдырмайды.

Соңғы пікірге сүйене отырып кейбір Қытай тарихшылары Солтүстік Ауған, Иран тіпті Ресей, Қаратеңіз аймағына дейін жеткен «ежелгі» Қытай шекарасы туралы айтқан. Территорияларды басып алуды ақтайтын әскери доктринадан басқа, Қытай осы мақсатпен тағы бір негіздеме ұсынған. Ол белгілі «36 стратагемалардың» ішіндегі бесінші стратагема. Онда егер жау ішкі жағынан жеңілсе, оның жерлерін басып ал. Erep сырт жағынан жеңілсе, халқын бағындыр, егер екі жағынан да жеңіліс тапса, онда мемлекетін ал дел і н ген.

Маньчжур билігі құлап, 1911 жылы Қытай Республикасы құрылғаннан кейін Гоминьдан «теңсіз келісім шарттар» және «жоғалған территориялар» тұжырымдамасын жасады. Ал, Қытай Халық Республикасы құрылуының алғашқы жылдары (1949 - 1959 жж.) «жоғалған территориялар» идеясы күшейе бастады. Осыған байланысты Пекиннің дипломатиялық арсеналында «стратегиялық шекара» мен «өмірлік кеңістік» тұжырымдамасының жүзеге асырылуын көздейтін тағы бір мүмкіндік пайда болды. Бұл «картографиялық басқыншылық», оның мәні қате белгіленген карталарды жариялау арқылы көршілес елдерге шекаралық дау салу. ҚХР-да жарияланған алғашқы картографиялық басылымдарда, жалпы қабылданған Қытай шекаралары көрсетілген карталар мен айырмашылықтар болды. Он да Қытай территориясының аумағына көршілес елдердің: Ауғанстан мен Бірманың көп бөлігі енгізілген. Бұл басылымдар Қытай мен көршілес елдердің арасында наразылықты тудырды.

Осындай басылымдардың бірі 1972 жылы «Элем атласы» деген атаумен жарыққа шықты. Көршілес елдердің наразылықтарына Қытай үкіметі шекаралық мәселелерді қарауға уақыты болмағанын, гоминьдан режим! тұсында дайындалған материалдарды баспаға бергендері мен түсіндірді.

Бірақ белгілі болғандай карталар маошылардың ойлап тапқаныемес, ол 20 жылдары әзірленген. Қытайда ұлтшылдық өршіп тұрған тұста елдің шекарасын айқындаған халықаралық актілер қайта зерттеліп және бұл актілерге өзгеріс енгізілген,соның негізінде олар мен келіспеушілік белеңалды, яғни «картографиялық басқыншылық» пайда болды.

Мысалы, 1926 жылы жарияланған «Қытайдың жаңа атласында» елдің шекарасын белгілеуде шындықты бұрмалауға жол берілген. Қытай территориясының құрамына тек Монгол Республикасы ғана емес, көршілес бірқатар елдер енгізілген. Мысалы Қытайдың құрамына «Ауған коридоры» деп аталатын аудан, бүкіл Памир, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның аудандары, Бирманың солтүстік жағы және басқа жерлер енгізілген. Сол себепті картографиялық басқыншылық әдісі Қытайда 1923-1926 жылдар аралығында жасалып, кең қолданыла бастаған. Тіпті 1949 жылы Гоминьдан үкіметі құлатылып, Қытай Халық Республикасы құрылса да, Чан Кайши үкіметі де Тайваньда картографиялық өнімдерді шығара отырып, бұрынғы тәсілді қолданған. Кейіннен бұл әдіс көршілес елдерге территориялық дәмелікті білдіруге пайдаланылды. Ал, Тайвань мен ҚХР арасындағы идеологиялық және саяси қарама-қайшылықтар екі елдің террриториялық мәселелер бойынша жалпы ұстанымдарына эсер еткен жоқ.

ҚХР құрылғаннан кейін тарихшылар мен саясаттанушылар Қытайдың «жоғалған территориялар» жөніндегі ілімін әрі қарай жалғастырды [5]. Қытай коммунист!к партиясы Орталық Комитет!нің 1996 жылғы 10 қарашадағы социалистік мәдени құрылысты нығайту туралы қаулысы «жоғалған аумақтарды үшінші мың жылдыққа дейін жинап алуды» өз алдына мақсат етіп қойды.

Яғни осы тұжырымдамаға сәйкес «стратегиялық шекаралар» мен «өмірлік кеңісгікке» көршілес елдердің, әсіресе Оңтүстік-Шығыс және Оңтүсгік Азия мен Тынық мұхиттың территориялары кіргізілген. Орталық Азия елдерінің аумағы да осы қатарға енген.

Біздің ойымызша, Қытайдың «сгратегиялық шекара» және «өмірлік кеңістік» тұжырымдамасының басқыншылық сипаты бар және қауіпті сипатқа ие болуда.

Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитет!нің Бас хатшысы Цзян Цзэминь ҚКП-нің 1997 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында өткен 15-ші съезінде жасаған саяси баяндамасында осы мәселеге аса назар аударған болатын. Съезде «Дэн Сяопин теориясының туын биік көтеріп, Қытайға тән ерекшелігі бар социализмді құру ісін ХХІ-ші ғасырға бағыттау» - атты тақырыпта жасаған баяндамасында Қытай басшысы Қытайдың сыртқы саясатын төмендегіше түйіндеген:

  • тәуелсіздер бес бейбіт сыртқы саясат жүргізу, Қытай халқы мен әлем халықтарының мүддесін қорғай отырып барлық халықаралық істерді жүргізу;
  • гегемонизмге қарсы тұру, әлемдегі бейбітшілікті сақтау. Даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуді ұстану, ешқандай сылтау мен басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласуға қарсы күресу;
  • бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципы басшылыққа ала отырып, БҰҰ Уставының негізгі мақсаттары мен принциптері негізінде әділ де тиімді жаңа халықаралық саяси тәртіп орнату;
  • әлемнің көптүрлілігін құрметтеу. Барлық мемлекеттер өзінің қоғамдық құрылысын, даму стратегиясын және өмір салтын таңдауға құқылы. Әр мемлекеттің істерін сол елдің өз халқы басқарады» [6]. Жалпы, KCPO ыдырағаннан кейінгі Орталық Азия елдері Қытаймен байланыстары және Қытайдың осы аймаққа деген ұстанымы көптеген әлем ғалымдарының ізденісіне арқау болған өзекті тақырыпқа айналған.

АҚШ зерттеушісі Р.Мунро Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланыстарға арнайы зерттеу жасаған. Оның пікірінше, бұл байланыстар Қытайдағы реформалары мен тікелей байланысты. Қытайдың экономикалық және әскери қуаты қарқынды өсуде. Оның негізінде алдымен экономикалық мүдде болғандығын атап көрсетеді.

Американдық авторлар Ч.Анделенд пен Н.Платт, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыстардың негізі ретінде экономикалық факторды атайды. Олардың айтуынша, Қытай өзі үшін тарихтан мұра болып қалған қолайсыз жағдайда кірді. Байланыстарға үш элемент тәнболды:

  • Қытай алдындағы үрейді қалдырған ондаған жылдарға созылған қырғи - қабақ теке тіркесі;
  • ҚХР ядролық факторы;
  • Қытайдан келетін миграция мен дәстүрлі қорқыныш, деген пікірді ұсынады.

Ал, ресейлік ғалым С.Г. Лузяниннің пікірінше, Қытай өңір мемлекеттеріне бірдей көзқарасты ұстанады. Әйтсе де, саяси және экономикалық өмір шындығы, атап айтқанда, өңірдегі ислам фундаментализмінің қаупі, Қытай арнайы қызметтерінің көрші елдердегі әріптесгерімен ұйғыр сепаратизм!, Тибет, басқа да «бөлінген ұлттар» мәсәлелері бойынша ортақ саясат пен оперативті әрекеттерді үйлестірудің қажеттілігі, өзара сауда қатынастарын жөндеу Қытайды өңір мемлекеттерімен байланыстарды белсендіруге мәжбүр етті. Сондықтанда, «ислам лаңкесгігі» қаупі төніп тұрған жағдайда, ондай «басым» мемлекеттердің қатарына, ең алдымен, Қытаймен ортақ шекарамен және ұлттық қауіпсіздік сақтау сияқты ортақ мәселелермен байланысқан Орталық Азия елдері кірді. Оған қоса зерттеуші Қытайдың бұл өңірдегі рөлінің біртіндеп арта беретінін, бірақ өңірдің жекелеген елдеріне деген таңдау саясатының сақталып қалатынын айтады. Мұндай тәсіл Орталық Азияның кейбір елдеріне қатысты сауда-экономикалық саясатты жандандыру арқылы жүзеге аспақ. An бұл өз кезегінде өңір елдерінің орасан зор ресурстық және технологиялық әлеуетін пайдалана отырып, оларды Қытай нарыығына біржола «байлап» қоймақ [7].

Жалпы, Қытайдың Орталық Азия бағытында жүргізіліп отырған сыртқы саясатын нақтылай түсер болсақ, бұл саясатты, 1994 жылы Қытай үкіметінің премьері Ли Пэннің сөйлеген сөзінен анық көруге болады. Оның пікірінше, қазір Қытай халқы бар күш-жігерін мемлекет құрылысына жұмсауда, ол үшін ұзақ мерзімді, тұрақты, бейбіт халықаралық жағдай қажет, әсіресе қолайлы қоршаған орта қажет. Қытай дүниежүзінде, оның ішінде Орталық Азия аймағында ешқашан жеке басының пайдасын асыруға талпынбайды және өзінің «эсер ету аясын» орнатпайды. Әлемде қандай жағдай болмасын, Қытайдың осы бағыты өзгерпейді. Біздің мақсат өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, ортақ гүлденуге үлес қосу.Бұл орайда бізде өте жақсы бастама бар, ол әрбір халықтың таңдауын құрметтеу, басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау болып табылады деп атап өткен болатын.

Ал, Қытай саясаттанушысы Чэнь Цзэхуа өзінің «ХХІ-ші ғасырдағы Қытай сыртқы саясатының стратегиясы»,- атты еңбегінде елдің сыртқы саяси стратегиясын негізгі үш бағытта қарастырады:

  • ҚХР мен алпауыт мемлекеттер арасындағы байланыстарды үйлестіру және шиеленістерді жұмсарту;
  • Қытайдың көрші мемлекеттермен байланыстарды белсенді түрде реттеу;
  • «Қытай қаупі» туралы лақап сөзді жою, жаңа әлемдік қырғиқабақ соғыстың тууын болдырмау [8].

Бүгінгі халықаралық қатынастарда мемлекеттердің жалпы саяси жағдайы әртүрлі және халықаралық саясатта ешқашан жалпыға ортақ саяси даму формасы болған емес және болмайды да, эр мемлекет өз тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға тырысуда.

Бүгінде, ҚХР халықаралық қатынастарда бейбіт қатар өмір сүру принциптерін ұсынуда. Бұл принципті Қытай 1949 жылдың 1-ші қазанында Қытай Халық Республикасын құрылған күні жариялаған болатын. Бұл мәлімдемеде: «....Аталмыш үкімет ҚХР-дың барлық халықтарының атынан өкілдік ететін бір ғана заңды үкімет болып табылады. Аталмыш үкімет теңдік, өзара тиімділік және өзара аумақтық егемендікті құрметтеу принциптерін сақтауға дайындық білдірген кез-келген мемлекетпен дипломатиялық байланыстар орнатады» - делінген [9].

Қазақстан Республикасы ҚХР-ның аймақтық саясатындағы мемлекеттердің тәуелсіздігін, егемендігін сақгауда, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға, әр елдің достығы мен ынтымақтастығын нығайтуға жасалған барлық талпыныстарын қолдайды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Хафизова К. Казахстанско-китайская граница в прошлом и сегодня http://www. balkariaJnfo/library/h/hafizova/kkgvpis.htm
  2. «Политическая география» Фридриха Ратцеля//һйр://51иЬЬоок5.пеІ/ 560424/ politologiya/politicheskaya_geografiya_fridriha_rattselya#340
  3. Стефашин В.В. Военно-стратегические концепции Китая // Зарубежное военное обозрение. 1994. N 9. С. 2 - 7;
  4. Маоизм без прикрас. Сборник. - M.. 1980.- С.223-224.
  5. Там же. C 225.
  6. Сладковский М.И. Китай: основные проблемы истории, экономики и идеологии. - M., 1978. - С. 187.
  7. Маоизм без прикрас. Сборник. - M.,1980.- С.223-224.
  8. Территориальные притязания Пекина: современность, история. - M.,1979. - С.63.
  9. Хлюпин В.Н. Тихая экспансия: Проблемы казахстанско-китайских отношений на современном этапе // Имперский сборник. - M., 1997. - № 1,- С. 67-80.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.