Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырауда су спорт түрлерінің даму тарихы

Аңдатпа

Спорт-денсаулық кепілі болып табылады. Сол себепті елімізде спорттың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Өткен ғасырымыздың екінші жартысында кеңінен етек алған Атырау спорты жарты ғасыр ішінде көптеген жетістікке жетті. Мыңдаған жастарымыз сүйіп айналысып, жүздеген спортшымыз жеңімпаз болды. Осындай спорттың бір түрі су спорты болып табылады. Еліміздің мерейін көтерген су спорт түрлерінің даму тарихы осы мақалада баяндалады.

Cy спорт түрлері адамның денсаулығы үшін өте қажетті спорт болып табылады. Соның ішінде Атырау тұрғындары үшін бұл спорт түрінің маңызы өте жоғары. Себебі Атырау қаласы теңіз жағасында орналасқан қала. Бұл өңірдің жері тұзды келеді. Сондықтан тырысқақ, оба ауруларының қаупі жоғары. Тарихымыздан білеміз, 1913 жылы осы өңірде оба ауруы етек алып, көптеген адамдардың өмірін қиған болатын. Бұл эпидемияны жойған қазақтың данышпан ұлы, өзіміздің жерлесіміз Халел Досмұхамедов еді. Дегенмен тыныс орындарына көп пай да келтіретін осы спортты біздің өңірде дамыту ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Cy спорт түрлерін дамыту арқылы тұрғындарды түрлі аурулардан аман-сақтап қалар едік.

Атырауда су спорт түрлерінің өзіндік тарихы бар. Бұл спорт түрінің дамуы басқа спорт түрлеріне қарағанда кеш басталса да республикалық, одақтық деңгейде нәтиже көрсетті. Бұл мақаламызда өңіріміздегі осы спорт түрінің даму тарихы айтылады.

Адам баласы судан балық аулау үшін ерте бастан қайық жасап үйренді. Александр Македонский мен Юлий Цезарь Судан өту үшін жеңіл қайықтарды пайдаланған екен [1].

Қайық туралы алғашқы жазба мәліметті француз саяхатшысы Жак Картье 1523 жылы жазып кеткен екен. Оның айтуынша жергілікті үндіс тайпалары 10 адам көтере алатын ұзындығы 6,5-7,5 метр болатын қайыққа мініп жүргенін жазады [2].

Ағылшынның «сапое» деген сөзі кариб теңізі жағалауын мекендеген халықтардан алынған екен. Еуропада қайық есу ісі XIX ғасырдың алғашқы жартысында пайда болды. 1867 жылы ағылшын каноэ-клубы алғаш рет қайық есуден жарыс ұйымдастырды. Осы кезден бастап теңіз жағалауында тұратын Eypona халықтары каноэмен суда серуендейтін болды. Ал, 1885 жылы көптеген елдерінде қайық есу клубтары құрылып, түрлі деңгейде жарыстар ұйымдастырыла бастайды.

Ресейде 1860 жылы «Санк-Петербург өзен яхта клубы» ашылған болатын. Сол клуб қайық есу ісін насихаттай бастайды. Осы жылы алғаш рет жарыс ұйымдастырылады. Ал 1866 жылдан есу спортына әйелдер де қатыса алатын болды. Мұны Ладога көлінің жағасынан табылған қазбалардан көруге болады [3].

1908 жылы Петербург пен Мәскеу клубы Бүкілресейлік қайық есу одағын ұйымдастырады. Оның мүшелері 1923 жылы Гетеборг қаласында өткен Швед ойындарына шақырылады.

Кеңес үкіметі орнаған кезден бастап-ақ қылқайық (байдарка), каноэ, шлюпка және қарапайым қайықтардың клубтары ашыла бастайды. 1928 жылы қайықпен жарысу алғаш рет Бүкілодақтық спартакиада бағдарламасына енеді.

1952 жылы олимпиада ойындарында Н.Савина әйелдер арасында қылқайықпен жарыста қола жүлдегер болады. An екі адамдық каноэмен 1000 метр қашықтыққа жарыста каноэ экипажы 4-ші орынға ие болған екен. 1956 жылы KCPO қайық есушілері биресми жарыста бірінші орынға ие болады. И.И.Рогачева, Г.М. Краснопевцова мен Н.Савинаның дайындаған спортшылары 2 алтын, 3 күміс жэне 2 қола медальдарға ие болды. А.Силаев пен П.Харин екі адамдық каноэда, М.Каалесте мен А.Демтиков екі адамдық қылқайықта Eypona чемпионы болды.

Қазақстанда су спорт түрлері ¥лы Отан соғысынан кейін да ми бастады. 1972 жылы Ecy спортымен 12 мың адам айналысқан екен [4].

Атырау қаласында су спорт түрлері 1952 жылы ашылады. Мектептің ашылуына адмирал Лев Владимирский себепкер болды. Лев Владимирский сол кезде KCPO қорғаныс министрлігінің әскери-теңіз флоты бөлімінің басшысы еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қара теңіз әскери-теңіз флотының қолбасшысы болған ол өзінің жерлестерінің соғыс жылдарында көрсеткен ерлігін айтып, осы Атырау қаласында теңізде жүзу мектебін ашу туралы ұсыныс жасайды. Адмиралдың ұсынысын қабыл алған Каспий теңіз флотилиясының басшылары 1952 жылы теңізде жүзу мектебін ашады. Сол үшін 1951 жылы Атырауға KCPO Мемлекеттік жаттықтырушылары Ипполит Ипполитович Рогачев пен Петр Родионов келеді. Бұл екі су спортының мамандары Ұлы Отан соғысының батырлары еді. Соғыстың алғашқы жылынан бастап аяқталғанша НКВД-ның барлау-диверсиялық арнайы әскерінде болып жаумен шайқасқан екен. [5]. КСРО-ға еңбек сіңірген спортшысы Л. Рогачев пен П. Родионов Жайық өзенінің жағасын аралап, болашақ су спорты үшін база таңдайды. Сөйтіп, Жайық өзенінің Самара бетінде орналасқан (қазіргі «Атырау» денешынықтыру-сауықтыру кешеніңце) ұн сақтайтын қойманың орнын таңдап алады. Одан соң Жилгородок ықшам ауданына қарасты Жайықтың жағасындағы бір ыңғайлы орынды таңдап алады. Бұл екі орындарға дереу су спорт түріне қажетті мұнаралар салына бастайды.

Жилгородок ықшам ауданындағы су спорт түріне арналған мұнара

Каспий теңізі флотилиясының орталығы Баку қаласында орналасқан болатын. Сондықтан ашылған бұл мектептің қызметкерлеріне жалақыны сол Каспий теңіз флотилиясы төлеп тұрды. Теңізде жүзу мектебіне басшысы етіп, Ұлы Отан соғысының ардагері 1-ші рангалы капитан Ивакинді тағайындайды. Сонымен қатар мектепте дәріс жүргізу үшін Баку қаласынан бірнеше білікті мамандар тартылады. Жас теңізшілер даярлайтын мектепке Атырау облысының басшылығы Жайық өзенінің жағасында тұрған (Қазіргі «Урал» ресторанының жанында тұрған) бір ғимаратты береді. Сонымен қоса Жайықтың жағасында оларға арнайы қайық тұру үшін кең алаң беріліп, Элинга жасақталады. Жас теңізшілер даярлайтын бұл мектепте желкенді кеме, еспелі қайық және қылқайық бөлімдері жұмыс жасайды. Басгапқыда теңізшілер даярлайтын мектепте әуесқойлар ғана дайындалады. Жас теңізшілер қылқайықта, каноэда жүріп үйрене бастайды. Сонымен қоса, жас теңізшілерге теңіз түйінділерін байлауды, жүзуді үйретеді. Көптеген судан құтқарушылар даярлайды. Бес жыл ішінде бұл мектеп 24 су астында жүзи алатын құтқарушы дайындаған екен. Мектептің жанынан кеме құрастыратын үйірме ашып, жас теңізшілерді конструкторлық іске үйрете бастайды. Үйірмені Николай Ефстафьевич Думчев деген маман жүргізеді. Осы үйірменің жас конструкторлары Евгений Карпов «Аврора» крейсерін, Володя Цой «Москва» линиялық кемесін, ал Николай Донсков жолаушылар таситын кеменің моделін жасаған екен [6]. Олардың жасаған моделдерін бағалау үшін слёт ұйымдастырып отырады. «Осы мектепті тәмәмдаған жас теңізшілер ішінде біреулері кейін техника ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғап алғаны бар»,-дейді су спорт түрінің ардагері Евгений Михаилович Ухов.

Кейін теңізшілер даярлайтын бұл мектепке қызмет атқару үшін Ұлы Отан соғысының ардагері В. Миронов келеді. Көп кешікпей оны бапкерлер дайындайтын курске жібереді. Курсын аяқтап келгесін Владимир Евтехивичжергілікті жердің тұрғындарын жаттықтыруға кіріседі. Өкінішке орай Владимир Миронов алпысыншы жылдары қайтыс болды. Дегенмен, осы уақыт ішінде көптеген су спорт түрлерінің саңылақтарын даяралаған екен. Сонымен қоса осы мектепте Алыков, Абдулов, Миронов және Кулыгин деген мамандар қызмет атқарды [7].

Бастапқыда жас теңізшілер бір адамдық қайықта, кейін 4 адамдық, сосын 6 адамдық қайықта жүзіп үйренді. 1954 жылы 300 кг болатын қайықпен 6 адам Форт-Шевченко қаласына дейін жүзіп барды. Бұл елімізде бұрын-соңды болмаған оқиға еді. Ұлы Отан соғысының Жеңісінің онжылдық мерейтойына Атыраудың жас теңізшілері қайықпен Волгоградқа дейін сумен жүзіп барды. Кейін осы дәстүр өзінің жалғасын тауып жыл сайын қайталанып отырды [8].

1953 жылы Атырау қаласында Қазақстанда тұңғыш рет су спорт түрлерінен жарыс өткізіледі. Жарысты ұйымдастырған «Мұнайшы» Ерікті спорт қоғамы («Нефтяник» ДСО) еді. Елімізде өткен бұл жарыста Бас төреші болған республикалық категориядағы төреші В.Е.Миронов болды. Жарыстың хатшысы болған Николай Викторович Потоцкий. Николай Потоцкий алпинизм спортынан KCPO спорт шебері болған адам. Харьков Мемлекеттік университет! нің журналистика факультеты тәмәмдаған соң Атырауға келіп еңбек етеді. Елуінші жылдары су спорт түрлері бойынша біздің облысымыздағы бүкілодақтық категориядағы жалғыз төреші болды. Оның ұлы Николай Николаевич Потоцкий көп уақыт бойы спорт тақырыбына қалам тартқан журналист. Ұзақ жылдар бойы «Прикаспийская коммуна» газетінде тілші болды.

1956 жылы Ташкент қаласының маңындағы «Қара қамыс» көлінде Орта Азия республикалары мен Қазақстанның су спорт түрлері бойынша зоналық біріншілік өткізілді. Жарыс қорытындысында Тәжікстан бірінші орынға Қазақстан екінші орынға, ал жарыс иелері Өзбекстан үшінші орындарға ие болды [9].

Осы жылы Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық квалификациялық турнирде Владимир Светачев пен Константин Неулыбин бірінші орынды иеленді [10].

1958 жылы 25 мамырда Атырау қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстанның қылқайық пен каноэ шеберлерінің зоналық біріншілігі өтті. Қазақстан құрама командасының негізгі бөлігі атыраулық спортшылардан тұратын еді. Олардың ішінде Константин Неулыбин, Төлеген Еркінғалиев, Владимир Терентьев, Борис Волков, Юрий Аверьянов, Алик Тырин болды. Сонымен қоса әйелдер арасындағы KCPO құрама командасының мүшелері атыраулық Зинаида Светачева мен Надежда

Епишко, Орта Азия мен Қазақстанның чемпионы Нина Кузеняткина мен Қазақстан чемпионатының жүлдегері Валентина Овчиникова жэне Светлана Емельяненко болды [11].

Атырау ескекшілері. 1960 жыл.

1959 жылы Мәскеу қаласында KCPO Халықтарының жазғы Спартакиадасы өткен болатын. Бұл Спартакиадаға Қазақстан ескешілері қатысып, 8 орынға ие болды. Қазақстан құрама командасының қатарында атыраулық Константин Неулыбин 3-орынға, Александр Круглов төртінші орынға ие болды. Сонымен қоса Светлана Емельянченко, Зинаида Светачева, Валентина Буданова, Павел Чаплыгин, Абдулл Еникеев, Аля Харченко ондыққа кірді. Айта кететін жай, осы Спартакиадада атыраулық желаяқ Эмин Тұяқовта жүлдегер болған еді [12].

1960 жылы республика чемпионатында Светачева мен Червяков жэне Горбунов, Еркінғалиев Қазақстан чемпионы болды [13].

Атырау су спорт түрінің алғашқы саңылақтары сонау елуінші жылдары үлкен нәтиже көрсетіп, талай-талай ірі жарыстарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды. Солардың бірі Чаплыгин Анатолий Константинович. Ол бірнеше дүркін КСРО-ның чемпионы болған адам. Халықаралық дәрежедегі KCPO спорт шебері. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің физика-математика факультетін аяқтаған соң ұзақ жылдар бойы білім беру саласында қызмет етті. Кейін қалалық халыққа білім беру бөлімінің (ГорОНО) меңгерушісі болды. Облыстық партия комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі және облыстық кәсіподақ кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды.

Атырау су спорт түрлерінің даңқты жетістігі кейінгі жылдарда да қайталанып отырды. Бүгін бұл спорт түрі қаржы тапшылығына орай мемлекеттік қамқорлыққа зәру болып отыр. Салауаттылық өмір салтын насихаттайтын көпшілікті тарта алатын су спорт түрлері өзінің жанкүйерлеріне әлі де талай жеңістерді сыйлай алады. Себебі біздің өңірден осы спорт түрінен көптеген чемпиондар шыққанын білеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жолымбетов Ө. Спорт әлемі. Балаларға арналған спорт анықтамалығы. Алматы. 2010. Бет 472, 195 б.
  2. http://www.seapeace.ru/seafarers/captains/928.html.
  3. Жолымбетов Ө. Спорт әлемі. Балаларға арналған спорт анықтамалығы. Алматы. 2010. Бет 472, 194 б.
  4. Жолымбетов Ө. Спорт әлемі. Балаларға арналған спорт анықтамалығы. Алматы. 2010. Бет 472, 197 б.
  5. http://sport-stra па. гu/rogachev-i ppol it-i ppol itovich/
  6. Атырау облыстық мемлектік мұрағатының Атырау қалалық филиалы (AOMM АҚФ) 117 қор (газет қоры), Тізім 1, Н.Сидорук, «В морском клубе», //«Прикаспийская коммуна», 5 шілде 1958 ж.
  7. Ивайкин П. «В морском клубе».//«Прикаспийская коммуна». 29 июль 1951 г.
  8. AOMM АҚФ 117 қор (газет қоры), Тізім !,«Открытие водноспортивного сезона»,//«Прикаспийская коммуна», 12 июнь 1956 г.
  9. Светачев В. «Всесоюзные зональные соревнования гребцов», //«Прикаспийская коммуна», 12 июнь 1956 г.
  10. Потоцкий H., «Новый успех гребцов Казахстана», //«Прикаспийская коммуна», 31 июль 1956 г.
  11. AOMM АҚФ 117 қор (газет қоры), Тізім 1,Н.Албина. «Гребцы тренируются», //«Прикаспийская коммуна», 20 май, 1958 г.
  12. Асенов Е. «Гурьевцы на Спартакиаде СССР», 4 сентябрь 1959 г.
  13. AOMM АҚФ 117 қор (газет қоры), Тізім 1, А.Аверьянов. «На первенстве республики по гребле», //«Прикаспийская коммуна», 18 август 1960 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.