Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Xix - xx ff бас кезінде қоныс аудару саясатының заңдастырылуына қазақ интелегенциясы тарапынан қарсылық

Аңдатпа

Ұсынылған ғылыми мақалада, XX ғасырдың бас кезінде қазақ интелегенциясының Ресей патшасы өкіметінің, 1917 жылдан бастап Кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатына қарсы қарсылық әрекеттері баяндалады. Қазақ интеллигенциям! кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатын қазақ жерін отарлаудың амалы деп атап, осы бағыттағы жүргізген саяси амалдарын талдай келе, кеңес өкіметінің саяси әрекетін ресей империялық саясаттың жалғасы деген баға береді.

Патшалық Ресей империясы қазақ жерін отарлау барысында неше түрлі отарлау әдістерін қолданып бақты. Олардың қатарында ежелден қолға алынған "сенімді" әдіс қазақ жеріне орыс шаруалары мен әскери казактарды қоныстандыру болатын.

Қазақ даласына патша өкіметінің саясатын жүргізу мақсатында алғаш қоныстана бастаған казактар еді. Ресей империясындағы 11 казак әскери құрамаларының төртеуі (Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу) қазақ жерлерінде орналасты. XIX ғасырдың соңына қарай, еліміз аумағында табан тіреген Сібір казак әсері 5 млн десятина, Орал казак әскері 6 млн десятина, Жетісу казак әскері 610484 десятина, бәрін қосқанда 11 610 484 десятина жер иемденді [1,6.187]. Қазақстан жеріне орналасқан казак әскери құрамалары бекіністер салып, өзен бойындағы құнарлы жерлерге орналасып, үлкен жер алқаптарын иемденіп қазақтың дәстүрлі шаруашылығына нұсқан келтірді.

Қазақ даласына бойлай енген казачество қоныстары, өзендер жағалауларын иемденіп қазақтарға қысым жасап, ал жерлерді пайдалануға тиым салып, он шақырымдық кеңістікте (десятиверстная полоса) көшпелілерге қандай да болса, шаруашылық жүргізуге мүмкіндік бермей, ол жерлерді пайдаланғаны үшін салық төлетті [2].

XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресейдей "реформалық кезең" тұсында, елде қалыптасқан әлеуметтік қақтығыстарды бәсеңдетіп, отар аймақтарда саяси-әлеуметтік тірек базасын қалыптастыру мақсатында қазақ жеріне жерге мұқтаж орыс шаруаларын қоныс аудару басталды. Патшалы Ресей империясының мұндай "тарихи" миссиясы орыстың империялық тарихнама және батыс еуропалық-центристік пікірлестері қаншама "өркениеттілік", "ағартушылық" сипат беруге тырысқандарымен, іс жүзінде патша әкімшілігі ұстаған бағыты нағыз отарлау бағыты болды.

Жоғарыда аталған отаршылдық шаралар уақыт өте келе заңдастырылып, бір жүйеге түсіріле бастады. Патша өкіметінің заңдық жүйесі осыған бағытала икемделіп, 1891 жылы 25 наурызда қабылданған "Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже" қабылданып, аталған заңда қазақ жерлеріне байланысты негізгі баптарында былай деп жазылды:

"119 бап. Көшпелілер қонысы орналасқан жерлер, сол жерлердің бар байлығы, соның ішінде орман-тоғайы да мемлекет меншігі саналады.

120 бап. Көшпелілер қонысы орналасқан жерлер, олардың дәстүрі мен осы ереже баптары негізінде көшпелілердің қоғамдық пайдалануында мерзімсіз қалдырылады.

1-қосымша. Көшпелілер үшін артық болуы мүмкін жерлер мемлекеттік Мүлік министрлігі басқаруына өтеді"-деп көрсетілді [3,6.395].

Заңдық құжаттардың қабылдануы негізінде жаппай қоныс аударуды қамтамасыз ете алатын әкімшілік жүйесі құрыла бастады. 1896 жылы Ішкі істер министрлігі жанынан қоныс аудару басқармасы ашылды [4,6.228]. 1905 жылы мамырда аталған басқарма Егіншілік және мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына бағындырылған [5,6.220].

Басқарма жанынан қазақтың "артық" жерлерін анықтауға арналған түрлі экспедициялар ұйымдастырылды.

XX ғасырдың бас кезінде патша өкіметінің қазақ жерін отарлауға арналған қоныс аудару саясаты елде түрлі формада наразылық туғызды. Қазақ жұртының жерсізденуі, өкімет орындары озбырлық әрекеті халықтың ашық ызасын келтірді. Осындай кезде халық жоғын жоқтаған ұлттық зиялылар өкілдері болды.

1905 жылдың өзінде-ақ, олардың бастауымен революциялық дүмпулер әсерінен батыста Оралда, орталықта Қарқаралыда, оңтүстікте Жетісуда петициялар жазылды. Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам [6,6.28-30, 42-43], ал белгілі Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған [7,6.94-96].

Бірінші орыс революциясы жылдары шақырылған Ресей мемлекеттік Думасы қызметін, қазақ зиялылары халық мұңын жоқтауға пайдаланып, қоныс аудару саясатының қазақ халқының жағдайына әсерін өкімет орындарына жеткізіп бақты. 1906 жылы 2 шілде күні Ресей мемлекеттік Думасы мінберінде А. Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелер бар екенін айтып, аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссия құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізуді ұсынған [8,6.60]. Аталған мәселе бойынша депутаттар А.Қалменов, Б. Қаратаев Думада сөз сөйлеп, патша өкіметі қоныс аудару саясатын тоқтатып, қазақ халқы жерлеріне орыс мұжықтарын тиым салуға шақырды.

1905 жылы революциядан кейінгі жылдары жалғаса түскен қоныс аудару саясаты, аталған кезеңде жарық көрген "Айқап" журналы, "Қазақстан" және "Қазақ" газетінің басты тақырыбына айналған. "Қазақ" газетінде патша өкіметінің саясатын сынаған Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов бастаған топ көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының қалыптасуын және оны өзгерту мүмкіншілігін қоршаған табиғи орта ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарауды жақтап, жаппай отырықшылыққа көшуді ұсынушы переселен мекемелермен чиновниктердің отаршылдық пиғылдарын айыптап, көпшілікке жеткізуге тырысты.

Жер мәселесі Алаш өкілдері жаны ашып, қасық қаны қалғанша аянбай күресіп баққан ісі болды. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін патша өкіметі мұрагері болған уақытша өкімет отаршылдық саясатты жалғастыра түсті.

Уақытша үкімет революцияға дейінгі қазақ облыстарындағы жер мәселесінен хабардар бола отырып, революциядан кейінгі уақытта өткен облыстық қазақ съездерінің ішкі Ресеймен орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуына шек қою, сөйтіп, жер мәселесін белгілі бір жүйеге келтіру өтініштеріне құлақ аспады. Уақытша үкімет жер меселесін құрылтай жиналысында шешуді ұсынып, ашық отарлау саясатын ұстанды, ал Орталық Переселен басқармасы қазақ жерін алу шарларын одан әрі күшейтті.

Алаш зиялылары аталған кезеңде қоныс аударушыларды тоқтата тұру, бұрын кесілген, бірақ әлі қоныстанбаған жерлерді қазақтарға қоныстануға уақытша беру талап етіп, аталған мәселені бейбіт түрде саяси жолмен шешуге ұмтылды [9].

Жерді меншіктеу мәселесін талқылай келе, Ә. Бөкейханов қазақтарға жерді иемденудің қауымдық меншіктүрі пайдалы екенін көрсетеді. Ол өзінің "Жалпы Сібір съезі" мақаласында 1917 жылы шілде айындағы жалпықазақ съезінде, өзінің кадет партиясы құрамынан шығуының басты себебі, жер мәселесі екенін көрсете келе, "Кадет партиясы да жер адамға меншікті" болып берілгенін жөн санайды дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді [10] - деп түсіндіріп, қазақтарды мүліктенген жердің болмауын, жердің ауылға, болысқа берілуін жақтаған.

Жер мәселесі "Алаш" партиясының бағдарламасында негізгі орын алып, оны шешудің жолдары жөнінде Алаш орда үкіметі белгілі бір ұстаным ұсынды [11,6.222].

Қазақстан жағдайында автономия алу қиындықтарына тоқталып Ә.Бөкейханов былай деп көрсетті: "Қазақ болып автономия боламыз десек, алдымызда шешуге қиын жұмбақ бар. Орал, Торғай, Ақмола, Семейде көп мұжық бізбен қоныстас, бұл облыстарда мұжық пен қазақ қым-қиғаш аралас. Мұжықпен аралас қазақты тастап, ылғи қазақ болып шығамыз десек, қазақ орыста қалады; қазақты бұл жерлерден көшіріп аламыз десек, бұл қазақ ата қонысынан көшпес; көшсе ақылсыздық болады; қазақ жерінің ең жақсысы осы мұжықпен аралас отырған жер. Түбінде қазақ ұлты бір автономия бола қалса, іштегі орысты ала кетеміз бе деген үміт. Біздің қазақ ұлтының автономиясы енді тұрмыс калда туысқан автономиясы болар емес; жерге байлаулы автономия болмақ" [12].

Қазақ демократиялық интелегенциясы егер Ақпан революциясын, А.Байтұрсынов атап көрсеткендей, қандай үлкен құлшыныспен қабыл алса, Қазан революциясына сондай салқындық танытты.

Кеңес өкіметі патша заманында қоныс аудару саясатынан бастау алатын шараларды алғаш күнен қолға ала бастады. "Интернационализм" ұранымен бүркемеленіп, қазақ жерінде орналасқан қоныс аударушы орыс шаруаларын Кеңес өкіметі билігін орнату ісіне тартып, орыстандыру саясатын одан әрі жалғастыруға талпынды.

Жерді социализациялап қоғамдық меншікке көшу және тап күресін өрістетуді қолдаған болшевиктер бағдарламасын Алаш зиялылары қабылдамады. Олардың пікірі бойынша, біріншіден, мұндай шаралар міндетті түрде дәстүрлі қазақ шаруашылығын апатқа әкеліп, екіншіден отарлық тәуелділіктен құтылған қазақ жұрты арасында тап күресі негізінде іріткі салып, жіктелу туғызып, ортақ мүдде тұрғысында бірігуге өз кесірін тигізеді деп пайымдады. Осыған орай, олар өзіндік балама жол ұсынды. Оның мәні, қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен одан әрі жетілдіруде еді.

An Кеңес билігі нығайып, уақыт өте келе қоныс аудару ісі қолға алынып, заңдық негізі жасала бастады. 20-шы жылдардың бас кезінен бастап отарлау сөзі ашық қолданыста болды. Мәселен, 1924 жылы 17 қазанда қабылданған қаулы "Отарлау мен қоныс аударудың таяудағы міндеттері" деп аталып, оның мақсаты айқындалды. "Отарлау" сөзі қоныстандыру (заселение) сөзімен алмастырылып, отарлау саясаты өңі өзгертілді. Осы жылы Орталық отарлау комитеті - Бүкілодақтық қоныс аудару комитеті болып, Мемлекеттік отарлау және қоныс аудару мемлекеттік институты болып, оның жанына шыққан "Жерге орналастыру және қоныс аудару" журналы "Социалистік жерге орналастыру" болып атауларын өзгертті. Кеңестік кезеңдегі қоныс аудару ісіне қатысты, өзіндік ғылыми ұстанымдар мен "ғылыми-теориялар" қоныс аудару теоретиктері пайда болды. Жер мәселесін реттеудің тиімді механизмы жасақтай алмаған БОАК және т.б. орталық ұйымдар, Қазақстанның орыс жұртының мүддесіне нұсқан келтірмейтіндігі, қазақ ауылдарында таптық күресті өрістетуге шақырып, әртүрлі әдістермен қазақ шаруасы мүддесін қорғау позициясында құрған ұлттық интелегенция өкілдерін қорқытып, арандату шараларын жүргізді. Қазақтың жерін алу арқылы, оның бостандығына балта шапты. «Кеңес үкіметі ... Ресей империясының шет аймақтарындағы ұлттардың тәуелсіздік алуына жол бермеді, олардыңтілі, діні, ділі, мәдениеті, салт-дәстүрі кемітілді.

Кеңес үкіметінің бұл саясатын түсіне алмаған Алаш зиялылары олармен тіл табыса алмады, қарсы күресті [13,6.6].

Өкімет ұйымдары қоныс аударуды табиғи процесс деп бағалап, қоршаған орта факторлерімен байланыстырып, отарлау мен қоныстандыруды тың жерлерді игеру деп, көшпелі шаруашылық айналымдағы жерді тартып алуды бүркемеледі. Кеңестік қоныс аудару саясаты коммуналар құру, босқындар, І-ші дүниежүзілік соғыс тұтқын солдаттар ұйымдарын құру арқылы жүзеге асып, 20-жылдардың орта шенінен бастап, сталиндік идеология қысымына сай өзгере бастады. 1925 жылдан бастап жыл сайын қоныс аудару жоспары жарияланып отырды. Қоныс аударудың бесжылдық жоспары жасалды.

1926 жылдың 30 шілдесінде KCPO OAK қаулысымен кедей және әлсіз шаруашылықтарға қоныс аудару басымдыққа ие болды. Осы кезден бастап қоныс аударушылар таптық сипатына қарай іріктеле басталды.

Сонымен 20 - жылдары кеңестік қоныс аудару саясатының заңдық негізі қаланып қазақ даласында бұл науқанға тиеселі саяси және экономикалық дайындық жасалды. Саяси жағынан дайындық: Қазақ автономиялық республикасы құрылды, оны кеңес билігіне тәуелді ету аяқталды. Экономикалық жағынан: Жерге орналастыру мен көшпеңцілерді отырықшыландыру арқылы қоныс аудару қоры жасалды.

Қазақ қожалықтарының жер нормасын анықтау әдісі енгізіле бастады. Патшалық қоныстандырудың отырықшы және көшпелі жер нормасын бөліп көрсетсе, кеңестер Қазақстанды 3 ауданға бөліп, әрқайсысына жеке норма қарастырмақ болды. Норма белгілеудің жаңаша методологиясы жасалды. Ұлттық ерекшелігіне қарай норма белгілеуді жою, ауданына қарай кесу талабы қойылды. Норманың қарапайым (отырықшы, көшпелі), күрделі (тұтынушы-еңбек, еңбек-өндірістік) түрлерін есептеп шығарған мамандардың өзі норма белгілеу техникалық емес, идеологиялық өлшем деген қорытындыға келді. Себебі, әрдайым мамандар есептеген жер нормасы билік талабына сай келмеді. Билік жер нормасы арқылы объективті, ғылымға негізделген өлшеммен қоныс аударушы мен көшпелінің жағдайын теңестіремін дегенімен, алғашқысына бүйрегінің бұратынын жасыра алмады. Оның бұл кемшілігі қазақ зиялылары деп басты.

"Қазақ саяси элитасының кеңестік жер және қоныс аудару саясатына қатынасы" жер нормасын патшалық, содан кейін кеңестік биліктің отарлау құралына айналдырғанын әшкерелеуінен анық көрініп еді. Ә. Бөкейханов 1926 жылғы KCPO Ғылым академиясы жанынан профессор С.П. Швецов бастаған экспедиция құру ісіне белсене араласып, өзі де оның құрамына кірді. Бұл экспедиция қазақ жерін жаңадан отарлауға жол бермеуді қазақтарға қажетті жер нормасын зерттеу арқылы ғылыми тұрғыдан шешіп беруді мақсат етті. Ә. Бөкейханов одақтың Егіншілік комиссариатында Швецов ұсынған жер нормасын қорғап, сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы профессор Веращагинге жауап сөзінде: "...РСФСР Егіншілік комиссариаты ұсынып отырған жер нормасы қазақтарды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол көбірек артық жер шығаруды көздейді. Сондықтан да бұл нормалар болашақта Қазақстанда жаңа отарлау саясатын жүргізуге бағытталған" деп ашық айтқан соңғы сөздерінің бірі болатын [14,6.38-39].

XX ғасырдың 20-шы жылдары партия мінбелері мен мәжілістерінде кеңестік саясатқа қарсы пікір білдіру әлі де мүмкін болған жылдар ретінде ерекшеленеді. Бұл жылдары С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев, Т. Рысқұлов, С.Қожанов, Т. Жүргенов, О.Жандосов Т. Шонанұлы сияқты қайраткерлер кеңестік отарлау мазмұнын аяусыз ашып көрсетті. Мәселен, орыс деревнясындағы "аграрлық халық тығыздығы" (аграрное перенаселение) деген сөздерге, зерттеулерге сақтықпен қарайтын Сәдуақасов халықты қоныстандырудың тек оңай жолын іздемеуге, басқа мүмкіндіктерін де қарастыруға шақырды. Мысалы, ол өзі екі жол ұсынды. Бірі - кеңес одағында индустрияландыруды күшейту арқылы, екінші - ауыл шаруашылығының өзін рационализациялау [15,6.209]. Сәдуақасов экономикалық негізделген шешім қабылдауды қолдады.

Т. Шонанұлы "қазақ жері тарихы - колония тарихы. Колония тарихы - бірте-бірте қазақ жерін сырттан иемденудің тарихы, талаудың тарихы деп ашық айтып қазақтар переселендерге жерін беріп, енді өзі переселение айналуын өз еңбектерінде баяндады [14,6.209].

Т.Жүргенов: "Орыстар самодержавияның отарлау саясатын жалғастырып отырғаны және біздің оған барлық шаралармен қарсы тұруымыз керек екені баршаға аян" дей келе, белсенді әрекет етуге шақырды. Бұл пікір М. Шоқайдың ұстанымына сай келеді [16].

Қоныс аудару мен жер мәселесіне келгенде, бірқатар зиялылар қоныс аударуды жаппай жерге орналастыру жұмыстары біткенге дейін тоқтата тұруды қолдаса, екіншілері қазақтар игере алмайтын жерлерді халық мүддесі үшін сырттан келгендердің қоныстануына, игеруіне мүмкіндік беру керек деді, үшіншілері жер жетіспеушілігі даусыз шындық болғандықтан, қоныс аударуға мүлдем тыйым салу керек деп есептеді. Ұлттың саяси элитасының жазбаларындағы қоныс аударуға байланысты аталған үш бағыт тактикалық әдіс болуы әбден мүмкін. Бірақ, олардың барлығы, қоныс аудару қазақ шаруашылығын құрып-бітуге апаратын жол екеніне күмәнданған жоқ.

Қорыта келгенде, қазақ интеллигенциясы қоныс аударуды отарлау амалы деп бағалады және кеңестер империялық саясаттың мұрагерлері деп есептеді. М. Шоқай сияқты қайраткерлер қоныс аударудың астарынан ұлттық тәуелсіздіктен мәңгілікке ажырататын озбыр саясатты көре білді. Туған елінің бостандығы үшін күрескен қазақ зиялылары өздері ұсынған жолды жүзеге асыра алмай империялық саясат құрбаны болды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Асфендияров С. История Казахстана (с древн. времен) Алма-Ата, 1993. С. 187
  2. "Қазақ" газеті 1915ж, № 100, 101.
  3. Материалы по истории политического строя Казахстана, т.1. 1960. С. 395.
  4. Ерошкин Н.П. Куликов Ю.В. Чернов А.В. история государственных учреждений России до Великой Октябрьской Социалистической Революции. М. 1969. С. 228.
  5. Собрание узаконений распоряжение правительства издаваемые при правительствующем сенате 6 мая 1905г., № 575, отд. Второй, С. 220.
  6. 1905 жылы Орал һәм Торғай облысының Петерборға депутат болып барған изгу ишанларының һәм биларының дин һәм жер тұғрасындағы һәр министрларға ұсынылған сузларидур. Орал. К.М. Тухватуллин баспасы. 1905 ж. 28-30, 42-43 бб.
  7. Брайнин С. Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш-Орды. A-A. 1935. С.94-96.
  8. Политическая жизнь русских мусульман до революции. Оксфорд. 1987. С.60.
  9. Қазақ 1917 ж. № 227.
  10. Қазақ 1917ж. № 256.
  11. Нұрпейсов К. Апаш Һәм алашорда. Алматы 1995. 222 б.
  12. Қазақ газеті. № 251.
  13. Құсниденов С. Алаш идеясы туралы // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы, №3(46), 2017. 3-7 бб.
  14. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы, 1994, 38-39 бб.
  15. Шонанұлы Т. Жер тағдыры - ел тағдыры. Алматы. Санат. 1995. 209 б.
  16. Новейшая история Казахстана: сб. Документов и материалов // Сост. Каражанов К. Такенов А. Алматы, 1998, с. 292. Мустафа Чокай-оглы. Туркестан по властью советов (к характеристике диктатуры пролетариата). Алма-Ата. Айқап. 1993. С. 90-92.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.