Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шобер ақтікенінің дәрілік қacиeтi

Аңдатпа

Жер шарында таралған кез келген жоғары сатыдағы өсімдіктердің органдарының құрамында әртүрлі мөлшерде болатын түрлі биологиялық белсенді заттар адам ағзасына эсер етеді. Осы қасиеттеріне қарап өсімдіктерді дәрілік мақсатта ерте кезден пайдаланған. Әр адам өздері мекен ететін жердің өсімдіктерін пайдалану тиімді болатыны ғылымда дәлелденген. Осыған байланысты өз ауданымызда кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасау үшін біршама зерттеу жұмыстары жасалды.

Өсімдіктер әлемін крахмал мен май, ақуыз бен дәрумен, дағалы дәрі дэрмек, орган и кал ық қышқылдар, илік заттар бөлетін алып фабри каға теңеуге болады. Осындай құрылымды өсімдіктердің барлығында да дәрілік қасиет болады.

Дәрілік өсімдіктер - фармакологиялық және терапевтикалық әсері кең фитопрепараттарды алу үшін бағалы шикізат көзі болып табылады. Өсімдіктер негізінде алынған дәрілік препараттардың табиғи биологиялық белсенді заттары темен уытты және кең спектрлі болып келеді. Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің шамамен 1000-нан аса түрі белгілі, солардың ішінде жабайы өсетін, емдік қасиетке ие, фитохимиясы жағынан көптеген белгілі бір биологиялық белсенді заттар адам ағзасына әртүрлі эсер етеді [1].

Алкалоидтар тірі организмге эсер ететін сілтілер мен тұздардан тұратын күрделі қосылыс. оның мөлшері климат жағдайына, өсімдіктің биологиялық даму кезеңіне, жинау уақытына өсіру ерекшелігіне байланысты болады. Кейбір алкалоидты өсімдіктер өте улы болғанымен олардың барлығын ғылыми медицинада дәрі жасауға пайдаланатын негізгі шикізат болып есептеледі.

Глюкозидтер - ұшпайтын, қатты крисгалды күрделі құрамды, ащы дәмді органикалық қосылыс. Олардың құрамында агликонмен байланысқан әртүрлі қант (әсіресе глюкоза) болады. Аглюконның құрамында спирттер, альдегидтер, фенол да р, терпен дер, көптеген элементтері: көміртегі, сутегі, оттегі, азот болады. Сапонин дер суда еритін глюкозидті сипаттағы зат. Илік заттар - суда, спиртте еритін ақуызды байланыстыратын тұтқыр дәмді,азотсыз органикалық қосылыстар.

Эфир майлары - жағымды иісті, ұшқыш сұйық органикалық қосылыс., қазіргі кезде екімың жүздей эфир майлы өсімдік анықталған. Олар ағзаға жан жақты эсер ете алады. Ағзадағы патогендік микроорганизмдердің өсуін тежейді, орталық нерв жүйесін тыныштандырады, ауруды сезінуді азайтады, жөтелді жұмсартады. Дәрумендер күрделі физиологиялық белсенді органикалық қос. Олар зат алмасуға қатысады,ақуыз, май, көмірсулардың организмге сіңірілуін реттейді. Қазіргі кезде табиғи дәрумен анықталған, олардың көбі дәр өс дің құрамында кездеседі.

Шырыш - полисахаридті қосылыс. Олар суда ерігенде ісініп, қоймалжыңданады, ауру ұлпалармен байланысқанда жағымды эсер етеді. Бұлардан басқа минералдық затар, фитонцидтер, ферменттер, каротиндер де болады. Бұлардың барлығы әр өсімдікктерге әртүрлі мөлшерде болып, ағзаға түрліше эсер етеді[2].

Абу Али Ибн Сина (Авиценна) алғаш рет өз еңбектерінде дей өсімдікке анықтама беріп, дәрі дәрмектік мақсатта қалай пайдалану керектігін жазып қалдырған. Содан бері әр кезеңде өмір сүрген зерттеушілер бұл тізімді толықтырып отырған. Әр халықта жергілікті жерлерінің дәрілік өсімдіктерін пайдалану негізінде фитотерапиялық өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан. Біздің аймақта да жергілікті халықтар дәрілік мақсатта ертеден тұтынып келе жатқан өсімдіктер баршылық.Соңғы жылдары көптеген ауруларды синтетикалық дәрілерге қарағанда қосымша әсерлері болмайтын құрылымы жағынан адам ағзасының табиғи компоненттеріне өте ұқсас өсімдіктектес заттармен емделу үшін өсімдік текті дәрілік препараттарды қолдану жоғары сұранысқа ие болып келеді. Жүрек қан тамырлары, асқазан, нерв жүйесі ауруларын емдеуде тек қана өсімдіктен алынған дәрілік заттар пайдаланылады [3].

Атырау облысының солтүстік батысында Нарын құмы батыстан солтүстікке дейін созылып жатыр. Ғылыми әдебиеттердегі мәліметтер бойынша облыс флорасының біршама өкілдері осы аймақта өседі[4].

Бұл деректерді нақтылау мақсатында маусым айында Қызылүй елді мекенінің батысындағы бекіген кұмды топырақты жерлерде өсетін өсімдіктер бірлестігіне геоботаникалық анализ жасалды. Ондағы өсімдіктер бірлестіктерінде күрделі гүлділер тұқымдасына жататын құм шайшөбі, сарыбас жусан, Шобер ақтікендері доминантты өсімдіктер қатарына жататыны анықталды .

Кең тараған табиғи дәрілік өкілі - Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi 1_.)өсімдігі соңғы кезде көптеген ғалымдардың қызығушылығын туғызуда. Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.). Жұп жапырақтылар тұқымдасына жататын биіктігі 1-2м болатын бұтақтары тік және сәл иілген бұта болып өседі бұта тектес өсімдік. Ақшыл түсті сабақтары мен бұтақтарында ұшы инемен аяқталатын ақшыл тікендері болады. Жапырақтары солғын жасыл түсті, кері жұмыртқа пішіндес, сағақсыз, өркен бойына кезектесіп орналасады. Бір жылдық өркеннің ұзындығы 10-12см-дей болады. Гүлдеу мерзімі ерте көктемнен бастап біраз мезгілге созылғанымен жеке гүлі екі үш күнде түсіп отырады Жас бұтағы мал азығы,жемісі жеуге жарамды болады.Оның дәмі өсіп тұрған топырағының тұздылығына байланысты болады. Көбінесе, тоспа қайнатуға пайдаланады. Эоцендегі субтропикалық орман мен саваннаның реликті өсімдігі[4,5].

Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи құмбекіткіш, тұзды батпақта, тұщы жерасты сулары жақын тұзды құмдарда, тау бөктері алқаптарында өседі. Үлкен қаумдастықтарды құрап, құм ұйындыларына жақсы төзеді. Құрғақшылыққа төзімді болғандықтан шөл және шөлейт аудандарда орман түзу құрылысында қызығушылық тудырып келеді Тамыры мен сабағы құм басудан жақсы сақтана алады. Сусымалы құмды топырақтар өсімдікті түгелімен басып қалса да, әрі қарай өсіп, жаңа өркендер түзіп, жоғарылай береді. Осылайша, оның жан-жағында, төбесінде түгелімен ақтікен өскен төмпешіктер, шоңқалдар пайда болады.Олардың биіктіктері 1- 4метрге дейін жетеді. Осылай түзілген төмпешіктерден ақтікеннің популяциялық айырмашылықтарын анықтауға болады.

Ценопопуляциябелгілі бір фитоценоздағыбір түрдің особьтарының жиынтығы. Фитоценозда өсімдіктердің әр түрлерінің особьтарының саны өте көп болады. Олар бір бірінен жасымен тіршілік күйімен орналасу ерекшеліктерімен ажыратылады. Сонымен ценопопуляцияның қасиеттері оның құрамына кіретін дербес организмдердің санымен, орналасу ерешеліктерімен, жастық және тіршілік күйімен анықталады.

Біз жүргізген геоботаникалық зерттеудің нәтижесінде 10 шаршы метр сынақ алаңындағы актікенді шағырлы эфемерлі фитоценоздыңфлоралық құрамы он екі түрден тұрды. Маусым айындағы көрсеткіші төмендегі 1 кестеден көрінеді.

Кесте 1. Актікенді -шағырлы- эфемерлі фитоценоздың ассоциациясы

Өсімдік атауы

Ақтікенді- сирения ассоциациясы

Шағырлы-ақтікенді ассоциациясы

Барлығы

Молдығы

Таралуы

Молдығы

Таралуы

1

Шобер ақтікені

3-4

50

3-4

39

89

2

Жабын арпабас

2-3

11

1-2

8

19

3

Құм шайшөбі

3

10

2-3

8

18

4

Сарыбас жусан

2-3

6

2-3

7

13

5

Құм жусан (шағыр)

2

3

3-5

9

12

6

Айғыр қияқ

1-2

5

1-2

7

12

7

жауылша

2-3

4

1-2

5

9

8

Құм ақшайыры

1

3

1-2

8

11

9

Жұпариіс зығырот

1

1

1

5

6

10

Майракебіс

2-3

4

2

3

7

11

София сармаласы

2

5

3

4

9

12

Құм ебелек

1

1

1

4

5

Ескерту. Сынақ алаңы актікен өсіп тұрған бір төмпешікті қамтып алынды, сол төмпешіктегі өсіп тұрған ақтікеннің саны есептелді. Олардың популяциясы әркелкі, көпшілігі виргинильді (тұқымның өсуінен бастап генеративті көбеюге дейін) және генеративті жаппай гүлдеу кезеңінде болғаны байқалды.

Аталған ақтікендер тұқымдасының өсімдіктері органикалық қышқылдарға, фитостерол да рға, полиқанықпаған май қышқылдарына, алколоидты және флавоноидты қосылыстарға бай. Ақтікендердің жер үсті бөліктерін және тұқымдарын тұрақсыз жүрек соғысын түзетуде, гипертония, диспепсия, өкпе ауруларын, тұмауды емдеуде және дәстүрлі халық емінде қолданады. Қышқылды-тәтті дәмді жемістері жеуге жарамды, шырын, джем, кәмпит, т.б. жасауға және тағамдық бояғыш зат ретінде қолданылады. Жемісгерінің тағамдық құндылығы құрамындағы қанттардың, протеиндердің, амин қышқылдарының, витаминдердің, пектиндердің, минералды элементтердің болуымен негізделген. Сонымен қатар жеміс экстракттары микробқа қарсы, антифунгицидтік және қабынуға қарсы белсенділігі бар.

Жапониялық ғалымдар Ақтікендер туысыөсімдігінің экстракты қосылғанқол күтіміне арналған фармацевтикалық өнім жасады. АҚШ ғалымдары Nitrariaceae тұқымдасының Nitraria геШзатүрінен семіздікті емдеу және диабеттік гиперхолестеринемияны төмендету үшін композиция алған. Қытай ғалымдары жұқа қабатты хроматография әдісімен бөлініп алынған Nitraria SchoberiL. жерүсті бөлігінен С02 экстракция негізінде жүрек-қан тамырлар жүйесін емдеуге арналған Назлинин препаратыналған. Сонымен қатар кытайлықтар Шобер ақтікенінің табиғи ұнтағы және табиғи экстракты қосылған күйзеліске қарсы медициналық сусын алған. Ресей ғалымдары Шобер ақтікені (Nitraria Schoberi L.) «hairy roots» дақыл экстракты негізінде тұмауА, H3N2 және H5N1 субтипті вирусына қарсы фармацевтикалық зат алды[6]. Жалпы, Nitraria Schoberi L өсімдігінің химиялық құрамын және фармацевтикалық белсенділігін толық ауқымды зерттеуді қажет етеді.

Осылайша, жергілікті Атырау облыс жеріңде өсетін өсімдіктерді, өсімдік текті дәрілерді қолдану болашақта дәрі дәрмектік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

 

Әдебиеттер тізім:

  1. Жакипбеков К.С., Датхаев У.М., Жумабаев Н.Ж., Сакипова З.Б. Современное состояние привлечения инвестиций в фармацевтическую промышленность Республики Казахстан. Современная медицина: актуальные вопросы Ц Сб. Ст. по материалам XXVIII междунар. научпракт. конф. - Новосибирск: Изд. «СибАК», 2014. - С. 108-115.
  2. Лосева И.В. Сырьевая база лекарственных растении Казахстана и ее рациональное использование. Учебно-методическое пособие. Караганда, 2008. С. 183.
  3. Курочкина Л.Я., Шабанова Л.В. др.Отчет по теме «Оценка состояния и создание системы сложения(мониторинга)за основными типами аридных пастбищ Нарын-песков Атырауской области» (1993-94гг.)3ав.отделение НИИ «Корма и пастбища» Академии с-х наук и Института ботаники HAH PK. Фонды управления экологии и биоресурсов Атырауской области.-Атырау, 1994. C 128.
  4. Курамысова И.И др. Лекарственные растения. Алма-Ата: Кайнар, 1989. С.13-19.
  5. Шайхмежденова У.Г., Утешкалиева А.М. Атырау флорасы өсімдіктердің ерекшеліктері Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №2. 2019ж. 144-148 бб.
  6. Патент № RU2615376C1. Противовирусное средство на основе экстракта культуры "бородатых корней" ("hairy roots") селитрянки Шобера (Nitraria schoberi L.) / басылымға шыққан уақыты - 04.04.2017 Р.А. Паренова, К.К. Кожанова, Л.Н. Киекбаева КазНмед.унив. им. С.Д. Асфендиярова «Кафедра технологии лекарств и инженерных дисциплин»

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.