Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау облысы жағдайындағы әртүрлі экологиялық топтар өсімдіктерінің экофизиологиялық ерекшеліктері

Аңдатпа

Өсімдіктер бірлестігінде әртүрлі өсімдіктің түрлері бір бірлеріне әртүрлі эсер етіп бірге өседі. Өсімдіктер жарыққа, суға және топыраққа қатынасына қарай экологиялық топтарға жіктеледі- Экологиялық топтарға әртүрлі тіршілік формалары жатады. Ксерогалофитті бірлестікке жататын өсімдіктер құмды-сазды, теңіз жағалауындағы сортаң топырақта өсетін жартылай шала бұталармен жартылай бұталар жинақталған. Ксерогалофиттер ылғалдың аз мөлшері жағдайында өмір сүруге бейімделген құрғақшылығы басым болатын аймақтың өсімдіктері.Оларқұмды және құмды-сазды, теңіз жағалауындағы сортаң топырақта өседі. Осы бірлестіктердің флоралық құрамын анықтау бағытында жұмыс жасалды.

Өсімдіктер бірлестігіқоршаған ортамен өзара байланыс жасайды. Олар қолайсыз жағдайларға төзімділік таныту үшін және оларды барынша тиімді бағытта қолдану үшін, белгілі бір морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық және репродуктивті функцияларды дамытады. Ұқсас сипаттамалары бар және қоршаған ортаныңбелгілі бір факторларының талаптарына сәйкес түрлерінің жиынтығы экологиялық топ деп аталады. Өсімдіктержарыққа, суға және топыраққа қатынасына қарай экологиялық топтарғажіктеледі. Кез келген тірі ағзаның немесе оның бір бөлігінің ерекшелігі өздерін қоршаған орта жағдайында өмір сүруге бейімделуі болып табылады. Әрбір түр белгілі бір, қауымдастықта сол ортаға бейімделуінің арқасында дамиды. Тіршілік циклінің аяқталуы - өмір сүруге керекті маңызы бар барлық бейімделулердің нәтижесі болып табылады. Бейімделуге арналған жағдайлар тіршілік ету сатысында маңызды вегетативтік ұлпалардың бұзылуын болдырмау, даму жағдайында көмек көрсету және көбею органдарын тиімді тарату сияқты функцияларды қамтиды.

Өсімдіктерді экологиялық топтарға жіктеумен 1895 жылы дат ғалымы, ботаник және микробиолог Йоханнес Эугениус Варминг айналысқан.Ол тұңғыш рет флораға бақылаушы немесе шектеуші факторлардың әсері болатынын анықтаған. Варминг судың және өсімдік өсетін субстраттың сипатына қарай өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға жіктеді.1909жЙ.Вармингтің өсімдіктердің суға қажеттілігіне байланысты негізделген екінші классификациясында гидрофиттер — судың жанында өсетін өсімдіктер, ксерофиттер-мекендеу орындарындағы ылғалдың аз мөлшері жағдайында өмір сүруге бейімделгенөсімдіктер, мезофиттер-өте құрғақ немесе өте ылғалды емес ортада өсетін өсімдіктер деп жіктеген[1].

Дат ботанигі К. Раункиер тіршілік формалар өсімдіктердің ортаның климаттық жағдайларына бейімделуінің нәтижесі ретінде тарихи түрде қалыптасатынын айтқан.

Қазіргі кездегі экологиялық-морфологиялық белгілер негізінде жасалған өсімдіктердің тіршілік формасының жоғарғы қолданыстағы классификациясы Серебряков ұсынған жіктеу болып табылады. И. Г. Серебряков: «Өсімдіктердің тіршілік формасы - бұл белгілі бір ортада өсу және даму нәтижесінде қалыптасқан өсімдіктердің белгілі бір тобының өзіндік ортақ бейнесі» деген. Бейне онтогенезінде ортаның белгілі бір жағдайларында өсімдіктің өсуі мен дамуы нәтижесінде пайда болады және мекендейтін жердің бүкіл жағдайларынабейімделгендігін білдіреді. Өсімдіктердің тіршілік формасы - бұл ағзалардың сыртқы түрі, олардың даму биологиясы мен ішкі құрылымына негізделген, қоршаған ортадағы экологиялық факторлардың ұзақ әсерлеріне бейімделген нысандар болып табылады. Жер бетіндегі қолайсыз жағдайлардың алуан түрлілігіне байланысты өсімдіктерде көптеген тіршілік формалары қалыптасады[2].

Атырау облысының флорасының флористикалық құрамы 88 тұқымдастың 371туысына жататын 945түрден тұрады. Осы түрлердің биоморфтық құрамын тіршілік формаларына қарай жіктейтін болсақ, көпшілігінің бұта, жартылай бұга, шала бұта, сонымен қатар көпжылдық, екіжылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктерден тұратынын, ағаш тектестердің санаулы екенін байқауға болады[3].

Атырау облысының климатының құрғақ болуына және шөл және шөлейт зонасына сәйкес келуіне байланысты ксерофилді өсімдіктер басымдылық танытады. Ксерофилді өсімдіктердің жапырақтары ұсақ болады. Жапырақтарының астыңғы және үстіңгі беттерінде әртүрлі түктер болуына байланысты өте құрғақ жағдайларға, темен ылғалдылыққа және жоғары температураға төзімді болады. Қолайлы жағдай туған кезде өсімдіктер белгілі бір мақсатқа бағытталған арнайы құрылымдық және физиологиялық ерекшеліктерді дамытады. Олар қоршаған ортадан қанша суды сіңіру керек болса, сонша қабылдау үшін, өте ұзақ уақыт бойы өз органдарында қабылданған ылғалды ұстау үшін, транспирация коэффициенты барынша азайту үшін жұмыстанады[4].

Атырау облысындағы өсімдіктерге жасалған геоботаникалық зерттеулердің нәтижесінде өсімдіктер 12 экосистемалық класқа, 98 экосистемалық топқа, 467 экосистемалық элементке жіктелген. Бұлардың ішінде 5-ші және 7- ші кластарға жататын жартылай шалабұталы экосистемада 74-75 элементарлық экосистема жинақталған[5].

Осындай экосистемада жинақталған өсімдіктердің экологиялық және физиологиялық жағдайын білу үшін Исатай ауданының Қызыл үй елді мекенінің солтүстігіндегі құмды топырақты аймағында өсетін фитоценоздың флоралық құрамын анықтау үшін геоботаникалық далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұндағы фитоценоз жартылай гидроморфты, автоморфты қоңыр сұр және құмды топырақта таралған. Құрамындағы өсімдіктерінің әртүрлілігі жөнінен гемипсаммофитті және псаммофитті жартылай шала бұталармен жартылай бұталар жинақталған. Бұл фитоценоздағыөсімдіктерінің тамырлары жер асты суларына жетпейді. Олардың вегетациясы атмосфералық ылғалға тікелей байланысты болатыны анықталды. Бұл класқа шамамен 150-дей өсімдіктің түрлері жинақталған. Бұндағы экосистеманың ішінде Лерхо жусанды - қаңбақты, үрленген қияқты, еркекті, итсигекті, ебелекті, шағырлы бірлестіктер таралған. Түрлердің молдығы жөнінен екінші орынды галофитті және ксерогалофитті жартылай шала бұталы өсімдіктерден тұратын экосистеманың 5-ші класы алады. Бұлар аздап тұзданған, сортаң топырақты жерлерде өседі. Бұл класта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 100-ге жуық түрлері кездеседі.Кең тараған бірлестіктерінде жусанның түрлері, бұйырғын, итсигек, ақтікен жатады.

Псаммофилді көпжылдық шөптесін өсімдіктерден тұратын экосистемаға жататын өсімдіктер бірлестігіндегі түрлер де алуан түрлі. Құмды және сазды- құмды топырақта, кейде жер асты суы жақын жерлердегі топырақта таралған. Бұл класта өсімдіктердің 150-дей түрлері кездеседі. Олардың ішінде еркекті, қияқты, адыраспанды, миялы, жантақты, салаубасты бірлестіктер болатыны анықталды[6].

Экологиялық жағдайға анализ жасау үшін бір жылдық өсімдіктердің де маңызы зор. Экосистемадағы галофитті бір жылдық өсімдіктер үнемі жуылып отыратын гидроморфты, теңіз жағалауындағы сортаң, тұзды топырақта кездеседі. Гемигалопсаммофитті бір жылдық шөптесін өсімдіктер мен эфемерлер, бір жылдық астық тұқымдастардың өкілдері, бір жылдық сораңдар, тұзды сортаң топырақта өседі. Бұл экосистемада көпжылдық өсімдіктер өспегендіктен топырақтың көшуінен, антропогендік жағдайлардың салдарынан үнемі өзгеріп отыратын тұрақсыз, аурушаң экосистема болып есептеледі[7].

Гемипсаммофитті жартылай бұташықты өсімдіктер бірлестігі аймақтың батыс жағындағы жерлерде кездеседі. Бұл фитоценоздың доминанты- боз жусан, кей жерлерде Лерха жусаны, қара жусан. Боз жусан биіктігі 15-40см- дей болатын көптеген ақшыл сұр тік сабақты,отырмалы ұсақ, жіңішке қауырсынды сұр жапырақты өсімдік. Жусан жайылымдық жерлердің эдификаторлық қызметін атқарады. Вегетациялық кезеңі наурыз айынан баста п қазанға дейін созылады.

Жусан өсімдігінің тез жетілуі өркен жайған және гүл шанағының жетіле бастаған кезінде байқалады. Бұл кезең 40-45 күнге созылады. Жылдың ауа- райының жағдайы жусанның жақсы түптеніп, сабақтарының көп болып жетілуіне де әсерін тигізеді. Барлық бұта тектес өсімдіктер сиякты, жусанның да қолайлы жағдайларда өсіп жетілетін және мол өркен беретін қайта жаңартушы бүршіктері өте көп болады. Керісінше қолайсыз жағдайларда олар өздерінің өсуін тоқтатады да қысқы өркендер күйінде қалады, немесе жусанды қайта қалпына келтіретін қысқа өркендер ғана бүршік жаяды.Жусанның сабақтарының қалың шығуына және өркендерінің ұзын болып өсуіне қоршаған орта тікелей эсер етеді. Жусанның толық көктеп шығуы топырақтың қысқы көктемгі жауын-шашынмен жақсы ылғалданған жылдары байқалады.

Лерха немесе қара жусанның биіктігі 10-30см-дей болады. Бір түпте 10- 40-қа жуық тік сабағы жетіледі. Тамыр системасы өте жақсы жетілгенімен жер бетіне жақын жатады.сабақтары ерте көктемде сұрғылт түкті болғанымен жазға қарай жалаңаштанады да қарақошқыл жасыл түсті болады.Төменгі жапырақтары сағақты екі рет тілімделген, жіңішке жіпше тәрізді, жоғарғы жапырақтары отырмалы болады.

Б.А.Быков өз зерттеулерінің нәтижелерін тұжырымдай келіп, былай деп жазады, бұташықтар мен бұталардың тұқымдары ауа-райы қуаңшылық болып, көпжылдық өсімдіктер әлсірейтін және экологиялық тұрғыдан бос жерлер пайда болатын кейбір көктемдерде ғана тамырланады. Мұндай жылдары, әсіресе қуаңшылықты болған наурыз айы мен сәуірден кейінгі мамыр айы жаңбырлы болса, бұташықтар мен бұталардың тұқымдары жеткілікті дәрежеде өніп-өсіп, күш алып кетеді. Наурыз- сәуір айларында жусанның көпжылдық түбірлерінен жаңа бүршіктер көріне бастайды, немесе күзде жайыла бастаған жапырақшаларының өсіп жетілуі байқалады. Алғашқыда жиырылып, қатпарланып қалған жапырақ бөліктері біртіндеп жазылып, көлемі ұлғаяды. Көктем қуаңшылық болған жылдары өркендерінің өсе бастауы наурыздың соңына қарай жүреді. Ылғалды жылдары сәуірдің екінші онкүндігінде, қарқынды өсуі мамыр айы мен шілденің екінші жартысында басталады[7].

Aya температурасының жоғарылай бастауына байланысты маусымның екінші жартысында өсімдіктердің төменгі жапырақтары қурайды, бүріседі, түсіп қалады. Шілде мен тамыз айлары бойына, кейде қыркүйектің басында барлық өсімдіктер тіршілігін тоқтатқандай, жазғы тыныштық күйге түскендей болады. Бұл кезеңде жусанның негізгі өсіп- жетілу процестерінің бірі- шанақтану процесі, яғни гүл шоғырының пай да болу процесі жүреді.Жауын- шашын мол болған қолайлы жылдары жаздың соңы мен күзде жусанның гүлдеу кезеңі басталып, ол бірнеше күнге созылады. Тұқымы қыркүйек, қазан айларында піседі. Алайда жусан өсімдігінің осылай толық вегетациялық кезеңін басынан өткізуі жыл сайын бола бермейді. Қуаңшылық жылдары олардың сабақтары 10-15см ұзындыққа дейін ғана өсіп, әрі қарай жетілуін тоқтатады.

Бұл бірлестіктерді қалыптастыруға тіршілік кезеңдері қысқа болатын қоңырбас, қияқөлең, мортық, шөңгебас, шөл жауылшасы, шытыр өсімдіктері қатынасатыны байқалды[8].

Ксерогалофитті бірлестікке жататын өсімдіктер құмды-сазды, теңіз жағалауындағы сортаң топырақта өседі. Бұл бірлестіктерде жусанды- сораңтекті, сораңша, көп жапырақты сораң,төселме сора ассоциациялары кездеседі. Төселме сора ассоциациясының құрамында жиырмаға жуық түр біріктіріледі. Доминанты сора болғанымен сиректеу қарабарақ, сарсазан, татар алаботасы, балықкөз, сораңша өседі.

Жусанды сораңтекті ассоциациясының түрлік құрамы жағынан кедейлеу, өсімдіктердің жекелеген түрлері оқшауланып, әр жерде шоғырланып орналасады. Өсімдіктер қауымдастығы құрамында көбінесе, және осындай жерлерге ғана тән қара жусан, ірі сабақты көпжылдық бұйырғын, тас бұйырғын, көкпек, бір жылдық сораң тектес өсімдіктер кездеседі. Олардың а расы н да ебелек, көктемде раң, мортық, арпабастар өседі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Степановских А.С. Экология. Учебник для вузов. M.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. С.28
  2. Ақбасова А.Ж. Экология: Жоғары оқу орынд. арн. оқу құралы; Алматы: Бастау, 2003. 248 б.
  3. ДжармагамбетовТ.Ж. 1987а. К вопросу формирования флоры Прикаспийской низменности.//Ботанические материалы гербария института ботаники АН КазССР, выпуск. 15. Алма-Ата,1987. С. 10
  4. Шайхмежденова У., Утешкалиева А.М. Атырау флорасындағы өсімдіктердің ерекшеліктері. // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршы журналы №2.2019ж. 144-148 бб
  5. Отчет института ботаники HAH PK «Разработка прогноза изменений растительности и процессов опустынивания наземных экосистем»,том 2 Алма Ата ,1991. С.670
  6. Курочкина Л.Я. Псаммофильнаярастительность пустынь Казахстана. Алма Ата, 1978. С.271
  7. Быков Б.А. Основные экосистемы пустынь Средней Азии и Казахстана.// Проблемы освоения пустынь, 1981, №4. С.20
  8. Курочкина Л.Я.Задачиэколого-физиологических исследований растительных сообществ // Эколого-физиологических исследования пустынных фитоценозов. Алма Ата, 1987. С. 24.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.