Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жергілікті жер-су атауларының тарихы (исатай ауданы мысалында)

Аңдатпа

Мақалада Атырау облысы Исатай ауданы аумағындағы топонимикалық атаулардың бірқатарына шығу тегі бойынша талдаулар жасалады. Исатай ауданының қысқаша тарихы, аудандағы жер-су атауларының пайда болуындағы табиғи, тарихи факторларға көңіл бөлінеді. Жер-су атауының пай да болуындағы жеке тұлғалардың ықпалы да сөз болады. Бірқатар атаулар мысалға алынады.

Өлкедегі жер-су атаулары біздің өткен тарихымыздың куәсі болып табылады. Өткеннің ізі сайрап жатқан мекеніміз талай дәуірдің жаңғырығын осы атаулар арқылы ұрпағына жеткізгені анық. Мемлекеттік негізгі бағдарламаға айналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы да туған елдің әр тасының тарихқа тұнып тұрғандығына, оны зерттеудің мән- мағынасына тоқталған еді. Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің жұртымыз өлке аты, тау атауын негізінен сол жердің сыр-сипатын байқап қоя білген жұрт. Қайда, қандай да бір мекенге барсаң да жер мен су, сонымен қатар жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атауының өзінде қаншалықгы мән- мағына мен шешілмеген құпия сырға толы», - деп орынды да нақты суреттеген еді. Біздің осынау қасиетті де құдіретті мекеніміз тұтас бір шежіре - оның беті сырлары ашылмаған кітап және де ғаламат әсем сөз [1]. Осы сөздердің барлығы да бабаларымыздың өзі таққан, аялап қойған атаулар. Осы неше түрлі атаулардың барлығы да тарихи ескерткіш - ғасырлық мәдени мұрамыз. Табиғат көрінісіне, еліміздің тыныс-тіршілігі мен кәсіп- шаруашылығына және де тұрмыс күйіне қатысты төл сөздерімізден қойылған атаулар да орасан көп.

Кең байтақ мекеніміздегі жер-су аттарының «жер тілінің»тілдік табиғаты тұрғысынан көпшілік тобы қасиетті тіліміздің көне сөздерінен қойылған атаулар болса, тағы бір түрі басқа тілдер сөзінен жасалынған атаулар түрі. Алайда, еліміздің жер-су атауларының ішіне физикалық- географиялық атаулар негізінен көбірек. Көбінесе, тау, жота, қыр, қырат, асу, бел, белес, кезең, тебе, төбешік, шоқы, көл, көлшік, өзен бастау, қайнар, тұма, бұлақ атаулары мыңдап емес, миллиондап кездесері анық. An өлкелер атаулары ойконимдер де жетерлік [2]. Осынау көптеген жер-су атауларының таралуы, пайда болу түрлері мен мән-мағыналары ұлан-ғайыр даламызда көне дәуірлерден қандай ру, тайпалар мекен еткен деумен қоса, қазақ ру, тайпалары туған өлкемізде қашан, қай дәуірден бастап ғұмыр кешкен деген тақырыптар де зерттеу объектімізден шетке қалған емес.

Қазақстан топонимдері ерте заман оқымыстылары: Гередот, Птоломей, Страбон, Марко Поло, Земарх Клиниий еңбектерінде сондай-ақ саяхатшылар мен әртүрлі елдердің елшілерінің (Плано Капрпини, Андре Лонжомо, Вильгельм де Рубрук) жазбаларында біраз кездеседі. Әсіресе X-XII ғасырлардығы араб саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінде жер-су аттарының көптеп кездесетінін ибн-Хордадбек, ибн-Хаукал, әл-Махдуси, әл- Масуди, әл-Идриси еңбектерінен анық көреміз» [3].

«Атырау жер-су аттарының сөздігінде» төмендегідей мәліметтер беріледі. Облыс жер-су аттарының басым бөлігін біріккен тұлғалы атаулармен жасақталған, олардың арасында кісі аты мен географиялық терминдермен жасалған атаулардың орны бөлек. Мысалы: Алдоңғарқыстау, Төлекентөбе. Осыған орай, жер пішінін белгілейтін атаулар (оронимдер) мен өзек, сай, көлдер, жасанды каналдар атаулары (гидронимдер), нысаналардың санын белгілейтін сандық топонимдер (Үштау, Мыңтөбе), топонимге айналған дара Жыра, Қабақ, Cop, Tay сияқты географиялық терминдер де бар. Көшпенділік кезде әр ру өкілдерінің мекен еткен жайлаулары мен қысгаулары сол жерлерді қоныстанған адамдардың есімімен әлі күнге дейін аталынып жүр. Өлкетанушы Өгепберген Әлімгереев: «бір қарағанда жер-су аты да тарихтың хаты екенін естен шығаруға болмайды [4]. Әр өңірдегі өзен, көл, тау мен тас, құм мен қырат, елді мекен мен жазық, тіпті көше мен шаруашылық, мектеп пен мәдениет ошағы, алаңдар мен кәсіпшілік, бәр-бәрінің жеке атаулары болса, солардың өзі белгілі бір тарихи кезең, елдегі жағдай, табиғаттың ерекшелігі, танымал тұлғалар-жеке адамдардың есімдеріне орай қойылады»,- деп түйіндейді.

Ұланғайыр қазақ даласының бір қолтығында орын тепкен Исатай ауданының өз орны, өз тарихы, өз өрнегі бар. Исатай ауданы облыс орталығынан батысқа қарай орналасқан. Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысы елді мекендерімен, оңтүстігінде Каспий теңізімен астасқан аудан шекаоасы шығыс, солтүстік-шығысында Махамбет, батысында Құрманғазы аудандарымен шектесіп, 460 331 және 4 800, 51 солтүстік ендікті, 490 261 және 510 251 шығыс бойлық аралығын алып жатыр. Жер аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 165 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 130 шақырым [5].

Жерінің жайылымдық бөлігі құм өңірінде орналасқан. Нарын құмы өңірі Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс аймағында, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан байқап қарасақ Атырау облысында орналасқан Исатай, Махамбет, Құманғазы аудандарымен қатар Батыс Қазақстан облысында орналасқан Бөкей ордасы, Жаңақала мен Ақжайық ауданының оңтүстік аймағы да кіреді.

Еділ мен Жайық өзендері арасында орналасқан Исатай ауданы (бұрынғы Новобогат) - тарихы терең, мәдениетпен өнері тамырлы, қазба байлықтары дәулеттенген киелі мекен. Қызылорда қаласында орналасқан ҚазКСР Орталық атқару комитетінің 17 қаңтар 1928 жылғы VI шақырылған II сессиясы қаулысымен Орал губерниясының құрамында Гурьев округі құрылды. Оның құрамына Жаманқала, Есбол, Доссор, Қызылқоға, Денгиз және Новобогат аудандары енгізілді. Новобогат ауданы құрамына Сарытөбе, Редут болыстарының Бегайдар, Opna, Қаңбақты, Кетешағыл, Новобогат, Бақсай, Таңқы, Бесарал, Жалғансай, Кеңарал ауылдық кеңестері бағындырылды. Аумағы 12 500 шаршы шақырым ауданда 20 451 адам тұрған. Аудан еңбеккерлері көбіне мал шаруашылығымен айналысқан. Жаңа ауданда 9 бірінші сатылы мектеп, 2 дәрігерлік жәрдем пункті, 1 малдәрігерлік пункт, 2 тұтынушылар қоғамы, 1 почта мекемесі қызмет жасаған. Аудан орталығы болып Новобогат селосы бекітілді. Жаңа құрылған ауданда ауылшаруашылығы серіктестіктері құрылып, мал шаруашылығы өнімін көбейту жолында іскерлік таныта бастады. Осы жылы 140 бас ірі қара малы бар «Тасарал» серіктестігі құрылып, төраға Әлден Өміралиев, орынбасары Бекеш Нұрмағамбетовтер еңбеккерлерді ортақ іске жұмылдыра білді [6]. Мәдени-әлеуметтік салаларда жаңашылдықтар бой көтеріп, тұрғындардың көп орналасқан жерінде Қызыл отаулар ашылып, аудан орталығындағы Амангелді бастауыш мектебі шаруа жастары мектебі болып қайта құрылды.

Бүкілодақтық атқару комитеті аудандарды ірілендіру, нашар дамыған аудандарды жою, әкімшілік-аумақтық бөлінулер өз әсерін тигізеді деген мақсатта 1930 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен Гурьев округін таратып, Есбол, Жаманқала және Новобогат аудандары есебінен Гурьев ауданын құрды. Бұл Новобогат ауданының алғашқы тарауы болатын. Әкімшілік құрылымындағы өзгерістерге сай 1930 жылдың 17 желтоқсаны және де 1933 жылдың 1 шілдесі арасында Гурьев өңірі Батыс Қазақстан облысы қарамағында болды. Солақай саясат, елдегі тұжырымсыз реформалар кесірінен 1933 жылдың 1 шілдесінде 4 аудан бар Гурьев округі қайтадан құрылып, келесі жылы бұрынғы аудандармен қатар Мақат, Бақсай аудандарын құру жөніндегі қаулы шықты. Осы өзгерістер кезінде Новобогат ауданының Новобогат, Кетешағыл, Манаш, Жанбай, Бегайдар ауылдық кеңестері Бақсай ауданы құрамында болды .

Қазақстан Орталық Атқару Комитеті алқасының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Гурьев округі жойылып, Гурьев облысы құрылды. Облыс құрамына Бақсай, Есбол, Мақат, Теңіз, Маңғыстау аудандары енгізілді. Осы территориялық өзгерістер кезінде бұрынғы Новобогат ауданы ауылдық кеңестері үш ауданға бөлініп берілді.Атап айтқанда, Бақсай ауданына Новобогат, Манаш, Жанбай, Жамбыл, Бегайдар, Кетешағыл ауылдық кеңестері қараса, Есбол ауданына Айбас,Бабан, Тұщықұдық, Opna ауылдық кеңесгері, Теңіз ауданына Забурын, Мыңтөбе ауылдық кеңестері біріктірілді.

1939 жылдың 16 қазанында болған Қазақ KCP Жоғары Кеңесі Төралқасының облыстарда жаңа аудандар құру жөніндегі Жарлығымен Новобогат ауданы қайтадан құрылған болатын. Аудан құрамына Бақсай ауданында орналасқан Бегайдар, Жамбыл, Жамбай, Кетешағыл, сонымен қатар Манаш, Новобогат ауылдық советтері, Теңіз ауданынан Забурын, Мыңтөбе, Есбол ауданынан Айбас, Бабан, Тұщықұдық, Opna ауылдық советтері беріледі. Сөйтіп, қайта құрылған Новобогат ауданының құрамында 12 ауылдық совет жұмыс жасайды.

Шаруашылық құрылымдарын жетілдіру талабы шеңберінде 1945 жылы 4 балық, 4 ауыл шаруашылығы колхозы бөлінуі арқылы ауданда колхоздар саны 34-ке жетті. 1948 және 1954 жылдары колхоздарды бір-біріне қосу, ірілендіру процесі жүрді. 1957 жылы теңіз жағасындағы 4 балық колхозы Манаш ауылдық кеңесіне бағындырылып, Жайық өзені бойына, Дамбыға көшірілді, ал ірілендірілген 6 колхоз негізінде «Новобогат», «Забурын», «Чапаев» атындағы совхоздар құрылды. Осы жылдың қараша айында аудан ықшамдалып қалуына байланысты тиімсіз деп табылып, новобогат ауданы тағы да таратылды. 1963 жылы Мартыши кен алаңының мұнай қабаттарын өндірістік сынау жұмыстары басталып, №1 ұңғыдан алғашқы мұнай тасқыны атқылады. Ал 1968 жылы өндірістік негізде мұнай алуға көшірілді [7]. Осылайша, аймақта ауыл шаруашылығының кең өркендеуімен қатар оның өндірістік потенциалының өсуі, ауданның қайта құрылуы жөнінде шешім алынуына әсерін тигізді. Сөйтіп, 1977 жылғы 16-ақпан күні Қазақ KCP Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Новобогат ауданы қайта шаңырақ көтерді. Бұған дейін Новобогат аудан болған кездері орталығы Новобогат селосы болып келсе, енді қайта құрылған ауданның әкімшілік орталығы болып Аққыстау поселкесі белгіленді. Аудан 1988 жылы қайта таратылып, екі жылдан кейін, яғни 1990 жылғы қыркүйектің 26-сы күні Қазақ KCP жоғарғы Кеңесі Төралқасының басқаруымен бұрынғы Новобогат атауы Исатай болып өзгертіліп, соңғы құрылуы тарихи кезеңмен тұстас келді.

Аудандағы өзен-көлдер мен сай-салаларға су әуел бастағы табиғи арнасымен келіп, суы мол, байлығы көп болды. Сулы-нулы жердің бірі Қамысқаладан 5 шақырым құбыладағы, Боқсақ бойындағы «Шүрегей» қауымы қасындағы «Қарашығанақ» қоныс-мекені болыпты. Бұл жер Бөкейліктер Жайықтың бергі бетіне өтіп қоныс тепкенде, Жәңгір ханның жаңа әкімшілік жүйемен ел басқару реформасынан кейін руы Бегіс Шығанбай атты азаматқа иелік етуге беріліпті. Жәңгірдің қайын атасы есаул Қарауыл Қожа байлығы мен балығы мол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің біраз жерін орыс помещиктері Безбородко мен Юсюповқа жалға бергенде, осы Қарашығанаққа Мартынов деген казак қожалық жасаған. Соның салдарынан әуелдегі төл аты - «Шығанбай сайы», «Шығанбай көлі» деген атаулар бірте-бірте ұмытылып, алғашқыда «Марток», одан кейінгі уақытта «Мартыши» атауларына ие болған [8]. Шындығында бұл жердің аты «Мартыши» емес, «Шығанбай» болғанға ұқсайды. Қазіргі «Мартыши» кен орнының арғы тарихы осыдан туындаған

Тұщықұдық ауылы - ұлтымыз мақтан еткен жасампаз ұрпақтарды дүниеге әкелген құтты мекен. Әкім (правитель) қызметтерінде болған Әгембек Сауғабайұлы, Молдағали мен Әжіғали Шынтаевтар, болыстық старшындар Жанқожа Кененұлы, Айболат Шалқарұлы, Аманжол Төлемісов, діни тұлғалар Қабыл Аткелтірұлы, Алдоңғар Қарақұлұлы, Әбдісадық Құрманбекұлы, халық ағартушылары Хамидолла Наубетов, Жұмабай Мырзағалиев, ел ардақтылары Тұщықұдықта туған азаматтар орақ ауызды, өткір тілді Досжан ақын, дүлдүл күйшілер Ғибатолла Мәсәлімов, Сағын Жалмышев, Айгүл Үлкенбаева, театр және кино әртісі Мұқтар Бақтыгереев, жазушы Нәбиден Әбуталиев, ақындар Мақсот Неталиев, Нұралы Әжіғалиевтар осы өлке мәдениетінің мақтаныштары.

Ауылдық округ қарамағында Бөкей султан қоныстанған жерге ахун хазірет Ахмет Қабылұлы мен Құрманбек Нурманов мешіттері орнына қойылған ескерткіш белгілер, старшын Дүтбай Асанұлы кесенелері бар.

Апудандағы аса маңғызды атау - Нарын. Бұл жер-суы тұщы, шөбі шүйгін қазақ жеріндегі ең бір адам өмір сүруге қолайлы аймақтың бірі. Еуразия құрлығында «Нарын» кең тараған атау. Атап айтсақ, Қырғызстандағы осылай аталатын өзен мен қала бар. Ресейдің Дағыстан Республикасындағы Дербент қаласында Нарынқала атты әлемге әйгілі қорған орын тепкен. Сонымен қатар өзіміздің Шығыс Қазақстан жерінде Үлкен Нарын, Кіші Нарын өзендері мен Нарынқаба, Нарынқол жер атаулары кездеседі.Сонда «Нарын» сөзі қандай мағына береді деген сұраққа жауап іздесек Ф.Макстың «Этимологиялық сөздігінде» Нарын - «жұқа, жіңішке» деген мағынаны білдіреді деген.Ал монғол-қазақша сөздікте «Нарын»- күн, күнгей деген мағынаны білдіреді» деп түсіндіріледі. Осылардың арасында Нарын құмының атауына жақын келетін топонимі - біріншісі яғни жіңішке, нәзік, ұсақ. Өйткені Нарын - көлемі шағын, ұсақ, сусыма құм. «Нарын» сөзі күн, күнгей емес, құмның көлемі мен сипатын білдіретін монғол- қалмақтың «нергейн» сөзінен шыққан.

Итен соры - Opna жерінде орналасқан Құлкеш Түкенбай бөлімі Итен қорымы бар сор.

Забурын - елді мекен атауы. Сан ғасырлық тарихы бар қарт Каспийдің жағасында орналасқан бұл өлке Қазан революциясына дейін балық батағасы, кең байтақ құм өңірін теңіз арқылы сауда қатынасымен байланыстырғын ірі теңіз айлағы болған. Бұл «Забурями» деген сөзден шыққан «толқынның арғы жағы» деген мағынаны береді екен. «Забурын» атауы ертедегі жазбаларда да кездеседі. Қазақшаға аударғанда «ықтасын» немесе «қамысты шоқылардың ар жағы» деп те түсінуге болады. Бөкей султан қадам жасағаннан кейін, сұлтанмен өзара сыйласгықта болған ауқатты адамдар, рубасылары келіп қонысгана бастаған. Өйткені бұл жер мал өсіру үшін арқада Нарын құмы, балық кәсіпшілігі үшін іргесінде байлыққа толы Каспий теңізі бар тіршілікке екі жағынан да қолайлы аймақ болатын. 2008 жылдан бері Зинеден ата есімімен аталады. Забурын ауылының төңірегінде әрқайсысы 50-60 үйден тұратын «Ақ флот», «Ақай», «Бөрлі», «Көлденең», «Қаратөбе», «Қазан» тағы басқа ауылдар болған.

Айбас - Нарын құмының бір бөлігі. Жайылымы мол, жерасты суы тұщы. Солтүстік-батысында Батыс Қазақсган облысының аумағымен шектеседі. 1917 жылы Кеңес үкіметі орнап, жаңадан әкімшілік басқару жүйесі - болыстық атқару комитеті құрылғанда оған Айбас атауы беріледі. Кейін ауылдық кеңес те осылай аталған. Айбас Беріш-Жайық руының азаматы Сатыбалдының үлкен баласы болған. 1957-1997 жылдары Чапаев атындағы кеңшардың жазғы мал жайылымы болды. Кеңшар тарағаннан бері оны жеке шаруа қожалықтары қоныс етеді. Айбас - Нарын құмының дәл ортасындағы атақгы жайлау. Кей деректерге қарағанда бұл жерді Бөкей хан заманында Айбас деген старшина билеген.

Абаткұдық - Исатай селосынан батысқа қарай 12 шақырым жердегі тұщы су шығатын үлкен шағыл. Бұл жер адай руының жері. Адайдың Тіней руынан тарайтын Абат деген атам осы жерге қоныстанады. Содан сол жерден құдық қазады, сондықтан бұл жер «Абат құдық» деп аталып кеткен.

Айғана - Нарын құмының жиегінде орналасқан алқап. Аудан орталығы - Аққыстаудың селосының солтүстік-батыс жағында 70 км жерде, №12 теміржол бекетінің арқа тұсында. Айғана Жәңгір ханның билерінің бірі болған. Исатай Тайманұлы қаза тапқаннан кейін ол ханның ұйғарымымен Исатайдың жеріне ие болады. Содан осы аумақ Айғана атанып кеткен. Зираты осы жерде.

Ақтөс - үлкен қауым. Исатай ауылынан 15 шақырым жерде . Ауылымыздағы көнекөз қарияларымыздың бірі - Нұрсапин Айдолла атамыздың айтуынша: Ақтөс деген иттің аты екен. Қабақай руынан тарайтын Мәйек деген атамыздың қасқыр алатын Ақтөс деген иті бар екен. Бір күні малына қасқыр тиген көршісі Мәйек атадан итін сұрайды. Бірақ бір күні кешқұрым қабанмен төбелесіп иті өліп қалады. Сонда көршісі «Қап ұят болды - ау! Итіңізді өлтіріп алдым! Тегін ит емес еді, ақ жауып анау төбегі көмейін деп итті көмеді. Сондықтан әлгі тебе Ақтөс деп аталып кеткен екен дейді. Кейін ол жерге Есенғұл руынан тарайтын ұрпақтар жерленген деседі Бірақ жер әлі Ақтөс қауымы деп аталып кеткен екен.

Ақай - көне қоныс орны. Аудан орталығы - Аққыстау селосынан оңтүстік-батысқа қарай 70 км жерде. XIX ғасырдың басында Каспий теңізі жағасында он шақты үй балықшы отбасы отырған. Ақай сол ауылдың ақылгөй ақсақалы болыпты. Содан бері бұл жер Ақай атанып кеткен.

Айғырқосқан - Тәзіке руында бай (шаруагер) адам болған. Сол жазғы тұры өзінің қысырағына жаңадан айғыр қосқан екен. Бұл айғырды жылқыларын асылдандыруға Қарабайлы деген жерден сатып әкелген. Айғыр үш күн үйірде болғаннан кейін көз тиіп өліп қалған. Содан үш-төрт бие айғырдан шыққан екен. Сол жылқыдан Тәзіке атамыздың ауылында жылқы малы асылданып кейіннен Кертөбел деген әйгілі аттары бәйгеге қатысып, үнемі жеңіп отырған. Кейін бұл жерді халық Айғырқосқан атаған.

Әженқолтык - Каспий теңізінің бұрынғы жағалауындағы шығанақ, Әжен есімді кісі иеленгенін белгілеген. Қолтық - жергілікті географиялық термин.

Дүтбай - ежелгі қорым. Жалтыр көлі жағасынан солтүстікке қарай 5-6 км жерде, жол бойында орналасқан. Бөкейліктер Еділ -Жайық аралығына өткен кезде келген жаппас руының атақты байының есімімен аталып кеткен. Дүтбай өлгенде балалары қазіргі сүйегі жатқан биік төбеге жиектен құм тасытып, қызыл сазға араластырып, оған жылқының құйрық қылын қосып, тас бастырып, үлкен мола тұрғызған. Дүтбай маңы ежелден мал мен жанның құт мекені болған. Қасына келетін су арнасы да Дүтбай аталады.

Жұмыр - Исатай селосының Оңтүстік шығыс жағында орналасқан ескі қорым. Жұмыр - адай рухының Тоқпанбет атасының ұрпағы. Исатай селосындағы көнекөз қарияларымыздың бірі Көпбергенов Қадыржан атамыздың айтуынша ертеде теңіз суы тасып қазіргі Жұмыр деп аталатын қорымға дейін келген. Балықшылардың кемесі Жұмыр атамыз жерленген тұсқа келгенде атамыз өмірден өтіп осы жерге жерленген екен дейді. Сондықтан да сол жер Жұмыр аталыпты.

Кетешағыл - Нарын құмының қойнауындағы Әлім-Кете руының қонысы болған. Осы жерде 1930 жылы Кетешағыл ауылдық кеңесі ұйымдастырылған. Кеңес қарауындағы «Жасқайрат», «Кетешағыл» ұжымшарлары Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі бейбіт кезеңде де жоғары еңбек жетістіктеріне қол жеткізді.

Қамысқала - елді мекен. 19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басында балық кәсіпшілігімен айналысатын батағаларды басқару орталығы болған. Кейін мұнда мұнай көзі табылған соң үлкен елді мекенге айналды. Үйлердің барлығы іргесіндегі нулы өскен қамыстан тұрғызылғандықтан, Қамысқала аталған. Кейін Новобогат деп аталды.

Мыңтөбе - жер атауы. «Мыңтөбе» деген жердің тарихына келсек, Мыңтөбенің жері таудан кішірек үлкен-үлкен төбелерден тұрады, сондықтан Мыңтөбе аталып кеткен.

Маралтөбе - Новобогат селолық округіне қарасты Ауқайраң учаскесіндегі ақтікен жалды найза төбе. Берді өлгеннен кейін бұл ауыл Марал ауылы аталып кетеді. Марал - қазақ халқының айтулы батырларының бірі Беріш-Қаратоқай Құлбарақгың қарындасы. Батырдың қадыр-қасиеті қарындасына да дариды. Марал қайтыс болғанда, оны ел-жұрты құрметтеп, өзін жеке дара осы төбенің басына жерлейді.

Opna - Нарын құмының бір бөлігі. Новобогат селолық округінің аумағында орналасқан. Жері Батыс Қазақстан облысының оңтүстік шекарасымен шектеседі.

Өтеғали Ғаббас қыстауы обасы - Манаш ауылының шығыс бетінде 10 км шамасында 19-шы ғасырдың соңында салынған қыстаудың орны (ескі оба). Есенғұл Беріштің Сегізек атасының ұрпақгарының есімі.

Өтек обасы, Шаху обасы - ертеде қыстау орындары болған құдық, шағылдар атауы.

Партсъезд - кеңшарлар атауы, коммунистік партия съездеріне арналған идеологиялық атау.

Разведка - елді мекен. 1970 жыл ортасында Еділ-Жайық өзендрі аралығынан мұнай көзін іздеген облыстағы мұнай барлау мекемелерінің отбасылары бастап қоныстанған. Тайман жалы - қорым. Аудан орталығы - Аққыстау селосынан солтүстік-батысқа қарай 60 км жерде. Нарын құмының жиегінде №11 және 12 темір жол бекеттері аралығында орналасқан. Халық батыры Исатай Тайманұлының әкесі Тайманның бейіті осы жерде. 1991 ж. басына ескерткіш белгі орнатылды.

Тікіл-тікше - оба. Жалтыр көлінің оңтүстік-батыс кемеріне орналасқан. «Тікіл-тікше» деп келетін ел арасындағы мынадай әңгіме бар: Жайықтың шығыс бетіндегі бір байдың Тікше деген сұлу қызы Тікіл деген кедей жігітке ғашық болып, қосыла алмасын білген соң, екеуі серттесіп, Нарын құмы бетіндегі елге қарай қашады. Ұзақ жол жүріп, арып-ашығып келе жатып азғантай қой бағып тұрған Бақуат деген шалға жолығып, жөн сұрайды. Сол шамада әлгі екі жастың артынан қуғыншылар келіп қалады. Тікіл-Тікше қаша бергенде әлгі шал да қойын тасгай салып, бірге жөнеледі. Бірақ қуғыншылар оларды көпке ұзатпай қуып жетіп, ғашықтарды да жазықсыз шалды да өлтіріп, сол жерге жерлейді. Содан осы күнге дейін «Тікіл-Тікше жаудан өлді, Бақуат босқа өлді» деген сөз қалыпты.

Исатайдың көк татыры - атанған жер Айбас елді мекенінен батысқа қарай, 25 шақырым жерде, Құсқонбас пен Ұштағанның Құрманғазы ауданымен шектесетін жерінде орналасқан. Исатай бастаған көтерілісшілер осы жерден оқ-дәрі дайындап, ұсталар найза, сүңгі, айбалта, қылыш, мылтық қару-жарақ соққан. Ені 10-15 метр, ұзыны 25-30 метр болатын тегістіктің бетін темір тотығы мен күкірт араласқан көкшіл құм басып жатыр. Жер астынан күңгіргелен, жаңғырыққан үн шығуына қарағанда, татыр астында бос кеңістік бар деген тұжырым бар.

Қарауылтөбе - тебе атауы. Ертеде жаугершілік заманда қарауыл қараған Жаудың келе жатырғанын осы төбеге қарап бақылап отырған. Сондықтан осы төбенің жаугершілік заманда көп көмегі болған. Соған қарап Қарауылтөбе деп атап кеткен [9].

Қорыта айтқанда, әрбір атау - белгілі бір халықтың тарихына, мәдениетіне және тіліне қатысты тарихи ескерткіш. Исатай ауданының көне замандардан тарих қоймасы десе де болады. Исатай ауданы көлемі де осынау мағыналы тарихтың үлкен бір тарауларын құрайтын мазмұнды парағы дер едік. Ұлан-ғайыр Исатай топырағындағы жер-су аттарының мәні тек өз тарихымызбен терең байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы // Егемен Қазақстан Республикалық газеті. 12 сәуір 2017 ж.
  2. Меднике 3., Дорнин Л. Программирование под Android. Издательство Питер, 2012.- С. 323
  3. Амелин К. C., Граничин О. H., Кияев В. И., Корявко А. В.. Введение в разработку приложений для мобильных платформ. Издательство BBM, 2011.-С.254
  4. Котляров В.П. Основы тестирования программного обеспечения. Издательство Бином, 2009.-С.301
  5. Блог посвященный Android - <http://android-zone.info/>:// <http:// and roid-zone.info/>android-zone.infohttp://android-zone. info/
  6. Блог разработчика Android - http://androidengineer.ru/
  7. Кайыргалиева Г., Салтанова Г., Айбаров Д. Атырау аймағындағы көне қалалар (Ақтөбе-Лаэти қаласының мысалында) 11 Ибн Батуттаның Ұлы жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру: Сб. материалов международной научно-практической конференции. - Атырау, 2017. -С.88-92.
  8. Эльдарова Э.Э. Робототехника элементтерінің физикалық және логикалық принциптерін түсіндірудің кейбір мысалдары // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы. №2 (49) 2018 139 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.