Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау өлкесі киелі орындары е-картасын жасаудың маңызы

Аңдатпа

Мақалада Атырау облысы территориясындағы тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді мобилді қосымшалар арқылы насихаттау үшін е-карта жасаудың маңызы баяндалады. Андройд негізінде мобилді қосымша жасау қазақстандық ішкі туризді дамытуға және ескерткіштердің әлемге танылуына эсер етеді.

Атырау облысы Қазақстанның табиғи қазба байлығымен қатар тарихи мұрасы да мол аймақтың бірі. Осындай тарихи мұралар қатарында облыс территориясындағы көне қалаларды да жатқызуға болады. Қазіргі таңда ЮНЕСКО халықаралық ұйымы негізінде қорғауға алынған дара ескерткіш ретінде Сарайшық қаласы әлемге танылып отыр.

Мемлекет басшысының 2017 жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық баяндамасында жалпыұлттық қасиеттерді насихаттау мақсатында «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек»,-деп атап көрсеткен болатын [1]. Осыған орай Атырау университеттінің ғалымдары Атырау облысының киелі орындарының интерактивті картасы» жобасы қолға алынды. Жоба мақсаты - Атырау өңірінің қасиетті тарихи- мәдени орындарын насихаттау және халыққа танымалдылығын арттыру, тарихи ескерткіштер мен киелі орындар туралы түсініктің қолжетімділігін заманауи сандық технология көмегімен қамтамасыз ету.

Біздің тақырыбымыздың арқауы болып отырған мәселе - Атырау облысының территориясында орналасқан ескерткіштерді замануи құрылғылар алқылы халыққа танымалдылығын көтеру жолдарын қарастыру болып табылады. Каспий теңізінің елуден астам әр тілдегі атауының болуы да бұл жерді түрлі халықтың мекендегенінің айғағы. Батыс Қазақстан территориясында қала мәдениетінің дамуы Алтын орда дәуірімен байланысты дамиды. XIII-XV ғасыр аралығында Алтын Орда империясының күшейген уақытында қалалар мен елді мекендер қайта бой көтере бастайды. Қалалар мен елді мекендер енді Батыс Қазақстан мен Еділ өңіріне шоғырланады. Деректерге қарағанда, Еділ өзені бойына астанасы Сарайды қоса есептегенде 80-дей қала салынады. Ал Батыс Қазақстан аймағында қырыққа жуық қала мен елді мекен салынған деп саналады. Соның ішінде астана дәрежесіне жетіп, өркениет орталығына айналған Сарайшық қаласы болды.

Қазіргі заманғы адам өзінің тұрмыс жағдайын мейлінше ыңғайлы етуге ұмтылады. Бүгінгі таңда көптеген адамдар үшін ғаламтор желісіне шығу мүмкіндігі шексіз. Сонымен қатар олар әрдайым ғаламтор желісінде on-line болуын қажет етеді. Сондықтан да мобилді телефондарға арналған қосымшалар жасау қызметі бүгінгі күннің ең сұранысы жоғары саласы болып отыр. Бұл қызмет түрі мобилді интернет, яғни мобилді ғаламтор қызметінің ұсынысы жоғарылаған сайын өзектілігін арттыруда.

Замануи телефондар секілді мобилді қондырғылар қазіргі адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі екендігі даусыз. Бұл дегеніміз адамдар арасындағы өзара байланыс құралы, коммуникацияның ең қолжетімді түрі, сүйікті музыка мен әуендерді тиыңдау мен ақпаратты көзбен көрудің құралы ретінде кең талап отыр [2]. Қазіргі телефондардың күнділікті қолжазба дәптер, блокнот, байланыс, қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі сан- алуан. Олар шын мәнінде адамға кез-келген жерде пайдалануы үшін ең ыңғайлы шағын компьютер десек те болады.

Алайда, арнайы қосымшаларсыз олардың тиімділігі шектеулі екендігін білеміз. Арнайы жасақталған қосымшаларсыз архитектуралық визуалды 3D көрінісі сияқты жұмыстарды орындай алмаймыз.

Ақпараттық технологиялар саласындағы қазіргі мамандар күнділікті өмірде және экономиканың түрлі саласындағы орасан зор міндеттерді шешуге арналған аса қажетті қосымшаларды ойлап жасап шығаруда. Мысалы, олардың қатарында 3D анимацияларды айтуға болады. Олардың бірқатары желімен байланыс орнатуға арналған. An кейбіреулері маршруттардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Үшіншілері ең тиімді сауда орындары мен дүкендерді табуға ниеттілер үшін жасақталады. Сонымен қатар кейбір қосымшалар күнделікті ас-суды, тағамдарды үйге тапсырыс арқылы алдыртатын адамдар үшін жасақталады. Қалай болғанда да мұндай қосымшалар негізде белгілі бір угилиттер пайдаланылады [3]. Сайып келгенде олар белгілі бір міндеттерді шешуге, уақытты үнемдеуге және адамның тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Андройдтарға арналған мобилді қосымша дегеніміз планшеттік жеке компьютер мен смартфондар негізінде жұмыс жасайтын бағдарлама. Бұл бағдарлама көмегімен девайстың иесі белгілі бір практикалық мәселелерді шеше алады, яғни ғаламтор желісіне шыға алады, әлеуметтік желілерде фотосуреттерін жүктейді, мәтінді немесе бейнелерді редакциялайды, виртуалды орктарды жояды, музыка тыңдайды.

Қосымша front-және back-end құрамды бөліктерінен тұрады. Front-end дегендеріміз бұл бағдарламаның тұтынушымен іс-әрекетте болатын компоненттері. Back-end немесе серверлік бөлігі дегеніміз бұл бағдарламаның жасақтаушымен іс-әрекетте болатын компоненті. Шартты түрде алғанда front-end тұтынушының қондырғысында болса, back-end бағдарламаны жасақтаушының жеке немесе жалға алған серверінде болады [4].

Жалпы алғанда смартфондар мен планшеттерді тұтынушылар бағдарламаны жасақтаушылардың сайттарынан немесе сауда нүктелері- дүкендерінен қосымшаларды жүктеп алатындығын білеміз. Сондықтан бүгінгі таңда ең кеңінен таралған сатушылар дүкені GoogIePIay и AppStore болып табылады. Сондықтанда бұлардан жүктеп алатын тұтынушылар аудиториясы ұсынылған қосымшаларды қауіпсіз деп санайды. Себебі аталған сатушылардың модераторлары белгілі бір қосымшаларды ұсынар алдында ол осы жаңа қосымшаларға тексеру жұмыстарын жүргізеді.

Қосымшаның қажетті функционалды деңгейін анықтау барысында жасақталатын қосымшаның мақсаты мен міндеті нақгыланып, анықтап алуымыз керек. Демек, мобилді құрылғыларға арналған бағдарламаны не үшін жасап отырғандығымызды түсінуіміз керек. Бұл жерде мәселені бизнес тұрғысынан қарамауымыз жөн. Әрине, қосымшаларды жасаудағы «қызмет сапасын жақсарту» немесе «смартфон иелеріне ыңғайлылықты қамтамасыз ету» деген сияқты түсіндірулердің соңында белгілі бір коммерциялық мүдде, яғни сатылымды арттыру мәселесі тұратындығы мәлім [5]. Бірақ бұл түсіндірулер бағдарламаның функционалдылық дәрежесін жоспарлауды қамтамасыз ете алмайды.

Қосымшаны жасауды тұтынушы тұрғысынан алып зерделеп қарайық. Тұтынушылардың қандай мақсатпен аталмыш қосымшаны өзіне жүктейтіндігін және қолданатындығын анықтаймыз. Содан соң осы мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін міндеттерді табамыз.

Шартты түрде қазіргі кезде жасалған мобилді қосымшаларды қызмет (жұмыс) қажеттілігіне арналған және ойын-сауық мақсатындағы бағдарламаларға деп белуге болады. Мұның алғашқысы кәсіпкерлерге (бизнесмендерге) және кеңсе қызметкерлеріне бизнес-үдерісті қадағалауға, аналитикалық есептерді жасауға, фирмалық үлгідегі дизайнды жасау секілді міндеттерді шешуге жәрдемдеседі. Екіншілері түрлі ойындар, фильмдер қарауға және музыка тыңдауға арналған софттар, өзара байланысып қарым- қатынас жасауға керекті бағдарламалар болып саналады. Яғни бағдарламалардың қай-қайсысы да өзінің тұтынушысын тауып жатады. Алайда мамандардың пікіріне сүйенсек, тұтынушылар арасында арнайы мамандандырылған софт кеңінен сұранысқа ие екен. Бұл жерде түрлі бағыттарға жұмыс жасайтын компанияларға керекті фирмалық стильді жасақтау қажеттілігі жоғары деп саналады. Сондай-ақ осындай бағдарламаларда бірқатар қаражат та табуға болады. Себебі қазіргі заманауи компаниялар өздерінің бизнес-үдерістеріне оң ықпал ететін өнімдерді енгізу мен жасақтау үшін біраз инвестициялар жұмсайды.

Кейінгі жылдары жүргізілген талдаулар мобилді қосымшаларға деген сұраныстың артып отырғандығын көрсетеді. Мұндай статистика мобилді қосымшалардың өзектілігін және пайдалылығын дәлелдей түседі.

Қазіргі кезде система OC Android оперативті жүйесі кеңінен таралған екені мәлім. Атап айтқанда Android түрлі өндірушілер шығарған көптеген немесе барлық қондырғыларда қолдануға болатын жүйе болып отыр. система Ең бастысы OC Android жүйелері бағдарламалар жасақтауға тегін мүмкіндіктер береді, ал IOS жүйесінде мұндай бағдарламалар жасақтау бірқатар қаражатты қажет етер еді.

Атырау облысының территориясындағы киелі қасиетті жерлердің геолокация және геокод қызметін OC Android негізінде жасақтау.

Жасақталған жоба тұрғындарға/тұтынушыларға әлемнің кез-келген нүктесінен Атырау облысы территориясындағы нақты бір ескерткіш туралы қысқаша ақпаратты табуына, маршрутын жасауға, ескерткіш нысанына дейінгі қашықтықгы анықтауға, нысанның фотосуретін көруге мүмкіндік береді [7].

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі зерттеу міндеттері шешілуі қажет:

  1. міндетті шешудің жолын анықтап, қосымшаға қойылатын міндеттерді анықтап алу;
  2. қосымшаны жасауға қатысты қолда бар міндеттерді шешу бойынша шолу жасап, нақтылау;
  3. Android-қа арналған қосымшаларды жасауға байланысты замануи құрылғыларға зерттеу жүргізу;
  4. талаптарын анықтау және мобилді қосымшаны жобалау;
  5. мобилді қосымшаны іске-асыру және сынақтан өткізу.

Тиімділігінің өлшем критерийлері ретінде өлкенің киелі орындарының е-картасында болуға тиісті негізгі функциялар алынады. Қосымшаның негізгі функцияларының тізіміне кіреді:

  • картада орналасқан нысандарды іздестіру және мекен-жайларын алу;
  • таңдалған нысан бойынша маршрут жасау;
  • таңдалған нысаннан тұтынушыға дейінгі навигацияны жүргізу;

Мобильді қосымшалар жасау да роботехника курстары сияқты бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде тапстырмас құрал. Бұл жайында «Мұнда білім алушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде студенттер өз жобаларын жүзеге асыра алады»,-деп атап өтеді Э.Эльдарова [8].

Жалпы Атырау облысының аумағында орналасқан киелі сакралды тарихи-мәдени орындар көпшілікке танымал деуге болады. Олардың ішінде облыстық киелі орындар тізіміне 20 нысан алынса, олардың 7-і республикалық реестрге енгізілген. Қолға алынған интерактивті картада Атырау облысының киелі жерлерінің тізіміне енгізілген нысандардың 4-і қамтылған, олардың 3-інің республикалық маңызы бар. Қосымшаға Атырау облысының аумағында орналасқан төиендегі объектілер алынды: Иманқара, Ұшқан Ата, Ақкегершін, Исатай-Махамбет алаңы. Бұл жерде әлемнің кез- келген нүктесінде отырып, Атырау облысының белгілі бер тарихи-мәдени ескерткіштері жайында қысқаша мәлімет табуға болады. Сондай-ақ осы ескерткіш-нысанның Атырау қаласынан қаншалықты қашықтықта орналасқандығы, қандай маршрут арқылы жетуге болады, және де фотсуретін көру мүмкіндіктерін айта аламыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы // Егемен Қазақстан Республикалық газеті. 12 сәуір 2017 ж.
  2. Меднике 3., Дорнин Л. Программирование под Android. Издательство Питер, 2012.
  3. Амелин К. C., Граничин О. H., Кияев В. И., Корявко А. В.. Введение в разработку приложений для мобильных платформ. Издательство BBM, 2011.
  4. Котляров В.П. Основы тестирования программного обеспечения. Издательство Бином, 2009.
  5. Блог посвященный Android - <http://android-zone.info/>:// <http:// and roid-zone.info/>android-zone.infohttp://android-zone. info/
  6. Блог разработчика Android -http://androidengineer.ru/
  7. Кайыргалиева Г., Салтанова Г., Айбаров Д. Атырау аймағындағы көне қалалар (Ақтөбе-Лаэти қаласының мысалында)//Ибн Батуттаның Ұлы жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диалогты алға бастыру: Сб. материалов международной научно-практической конференции. - Атырау, 2017. -С.88-92.
  8. Эльдарова Э.Э. Робототехника элементтерінің физикалық және логикалық принциптерін түсіндірудің кейбір мысалдары // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №2 (49) 2018. 139 6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.