Аннотация
Қоршаған ортадағы ауаның құрамында болатын автокөліктерден бөлінетін улы газдардың өсімдіктердің мүшелеріне тигізетін әсерлерін білу үшін кәдімгі қарағайалынды. Қылқандарының қоршаған ортаның ластануына сезімталдық көрсететін индикаторлық ерекшеліктеріне және қоршаған ортаның зиянды әсерлерін тез қабылдайтындығына байланысты фенологиялық бақылау жүргізілді. Даму ерекшеліктеріндегі, орган да рындағы морфологиялық өзгерістерге қарап қоршаған ортаның жағдайының әсері анықталды. Қолайсыз жағдайлардың әсерлерінен қылқандарының өсу қарқындылығының артатындығы анықталды, некроздық белгілері көбірек байқалды.
Кәдімгі қарағай (Pinussylvestris') - қылқан жапырақтылардың ішіндегі кең тараған мәңгі жасыл ағаш. Ол күй талғамай, құмды топырақта да, батпақты жерлерде де, борлы беткейлерде де өсе алады. Қылқандары бұтақтың бойында екі екіден орналасады.Қолайлы жағдай болғанда қылқандары 25-60 мм ұзындыққа дейін өсе алады[7].
Атырау облысында Қазақстан Республикасы бойыншаластаушы заттардың шығындары 167,1 мың тоннаны құрайды[8]. Осынша мөлшердегі ластаушылар қоршаған ортаға зиянын келтіретіні сөзсіз. Қоршаған ортаға зиянын өсімдіктер арқылы білуге болады.Қылқандылардың қоршаған ортаның ластануына сезімталдық көрсететін ерекшеліктеріне байланысты, қоршаған ортаның зиянды әсерлерін тез қабылдайтындығына байланысты [2] қаладағы кеше бойында өсіп тұрған кәдімгі қарағайлардың фенологиялық даму ерекшеліктеріне қарап қоршаған ортаның жағдайының өсімдіктерге әсерін білу үшін біршама жұмыстар жасалды.
Атырау қаласында кәдімгі қарағай санаулы жерлерде ғана өсіп тұр. Алдымен көше бойындағы автокөлік жолына жақын жерде өсірілген Абай көшесіндегі қонақ үйдің жанында өсіп тұрған қарағай, Атырау университетінің Жайық жақ алдында өсіп тұрған қарағай, Авангард мөлтек ауданындағы демалыс саябағындағы қарағай таңдап алынды. Зерттеу жүргізу әдістемелері ғылыми әдебиеттерге шолу жасау негізінде іріктеліп алынды. Зерттеу жұмыстары қарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерімен танысудан басталды. Кәдімгі қарағайдың вегетациялық даму кезеңдерінің сатыларына фенологиялық бақылау ғылыми әдістемлерге сүйене отырып жасалды[1].
І.Қылқандардағы өзгерісгер зерттелді.
А.Қылқанды лупамен қарап, кездескен хлороз белгілерін, тіркеп, анықтап, өлшеу жұмыстары жүргізілді. Зақымдану % анықталып,белгілері жазылды.
Б.Өгкен жылғы бұтақтағы қылқанның ұзындығы мен ені өлшенді. ол 10 рет қайталанады.
В. Қылқандардың тіршілік уақытының ұзақтығы анықталды.
Г.50 дана қылқанның салмағы өлшенеді.Оны алдын ала термостатта құрғату керек.
Д. Қорытынды төмендегі кестеге толтырылды.
Кесте 1. Қылқандардың белгілеріндегі айырмашылықтар
Үлгіні алған жер |
Ұзындығы MM |
Ені мм |
Тіршілік ұзақтығы |
50Дана салмағы |
Некроз |
|
% |
сипаты |
|||||
Универ.маңы |
11,8см |
2мм |
2-3 |
5,8гр |
25 |
дақ |
Жеңіс саябағы |
IlCM |
2мм |
2-3 |
5,5гр |
32 |
Кепкен |
Көше бойы |
8см |
1,5мм |
4,7гр |
38 |
дақ |
2.Бұтақ пен бүршіктің өзгерісі бақыланды.
Kecre 2. Үшжылдық бұтақ пен бүршіктің өзгерісі
Алынған орын |
бұтақ |
Бүршік |
|||
Негізгі бұтақ ұзындығы |
Негізгі бұтақтың ені |
Бұтақтың тарамдалу саны |
Саны |
Ұзындығы CM |
|
Жеңіс саябағы |
95см |
1,5см |
18 |
25 |
Зсм |
Универ маңы |
75-82см |
1,5см |
15 |
36 |
3-5см |
Көше бойы |
57см |
1,2см |
13 |
25 |
2,4см |
Кәдімгі қарағай өсімдігіне фенологиялық бақылау наурыз айынан басталды. Наурыз айының соңында бүршіктері аздап ісіне басгағаны
анықталды. Бүршіктері сарғыш қоңыр түсті конус тәрізді жұмыртқа пішіндес болды. Бүршіктердің ашылуы сәуір айының ортасында болды[3].
Вегетативті бүршіктерден жас бұтағы өсіп жетілді, қылқандары кейінірек пайда болды. Генеративті бүршіктері мамырдың басында ашылып гүлдеу кезеңі бір аптаға созылды.Көше бойындағы және саябақтағы қарағайдың вегетациясы университет маңындағы қарағайға қарағанда 4-5 күнге ертелеу басталғаны анықталды. Аталық бүршіктері 8-10мм-дей сарғыш түсті, аналық бүршігі 3-5см-дей, конус тәрізді болып, бір түпте 6-7данадан бірге жетілгені байқалды. Университет маңындағы қарағай мен саябақтағы қарағай бір жылда отырғызылғанымен бүрлер тек университет маңындағы қарағайда ғана байқалды.Осы жердегі қарағайда өсіп тұрған өткен жылғы бүрлер барлық ағашта жетілген, бір бұтақтағы саны 13-15 дана, олар 5-6 данадан шоғырланып орналасқан, ұзындықтары 8-10см-ге тең болады.Жеңіс саябағында өскен қарағай мен университет маңындағы қарағайдың бұтақтары мен қылқандарына жүргізілген зерттеулер кесте түрінде өрнектелді.
Зкесте. Қарағайлардың сыртқы белгілері
Зерттеу нысаны |
Университет маңы |
Жеңіс саябағы |
Көше бойы |
Бүрі |
Өте көп |
Бүрі жоқ |
Бүрі жоқ |
Ағаштың биіктігі |
5,8м |
4,5м |
4,Om |
Іретті бұтағының саны |
15-19 |
21-29 |
|
Бұтақтың жылдық ұзындығы |
5-7см |
5-9см |
5см |
Ібұтақтағы қылқанның саны |
65-75 |
100-120 |
70 |
Қылқанның ұзындығы |
11,8см |
9-Псм |
8см |
Бұл мәліметтерге қарағанда саябақта өсіп тұрған қарағайдың барлық көрсеткіштері жоғары екендігі байқалады. Саябақ болғанымен оның маңындағы тұрғындардың көліктерінің жолы ортасымен өтетін болғандықтан қоршаған ортадағы зиянды заттардың эсер ететіндіктерін байқауға болады. Себебі автокөліктер атмосфера ауасын ластаушылырдың негізгі көзі болып есептеледі. Олардан әртүрлі газдар және буланған жылу бөлінеді[4].
Ғылыми әдебиеттерде автокөліктердің туғызатын жылуының көптігінен және олардың бөлетін әртүрлі улы газдардың әсерінен индикатор өсімдіктердің өсу қарқындылығы артатыны жазылған[5].
An университет ауласындағы қарағай жолдан алыс, ықтасын жерде тұр. Сондықтан да вегетативтік органдарының дамуында көп өзгеріс байқалмағандығы, органдарының жақсы жетілуі, яғни бүрлерінің өте көп болып дамуы тіршілік жағдайының талапқа сай екендігін білдіреді.
Барлық сынақ алаңындағы қарағайлардың қылқандардың бойындағы сыртқы өзгерістері бақыланды.Ол үшін әр алаңнан 50 қылқаннан алынып үстіндегі дақтары мен құрғаған жерлері,кепкен қылқандар есепке алынды.
5- кесте Қылқандардың закымдану көрсеткіші
Зерттеу нысаны |
Университет маңы |
Жеңіс саябағы |
Көше бойы |
Қылқан саны |
50 |
50 |
50 |
Дағы бар қылқан саны |
12 |
16 |
19 |
Kenкен қылқан саны |
13 |
18 |
20 |
зақымданбағаны |
25 |
16 |
11 |
Жеңіс саябағы мен көше бойындағы қарағайдың қылқандарының көбірек зақымданғандығы анықталды.
Қараша айында бүрлер жиналып, тұқым сапасы анықталды[6].
Барлық бүрлерден алынған тұқымдар толық дамымаған болды. Жергілікті жерде өсетін қарағайдың тұқымының жетілмеу себептері зерттеуді қажет етеді.
Қорытынды
Атмосфералық ауаның ластану дәрежесін мүшелерінен анық байқалатын Кәдімгі қарағай өсімдігін биоиндикатор ретінде пайдалану арқылы білуге болады. Саябақта өскен қарағайдың закымданған қылқандардың орташа %- ы 32 болды. Жол бойына жақын өскен қарағайдың закымданған қылқандардың орташа % -ы 38 болды.Жол бойына жақын өскен қарағайдың қылқандардың закымдану дәрежесінің жоғарылығына қарағанда ауаның да ластану дәрежесінің жоғарылығы автокөліктердің көптігінен де болады деген тұжырым жасауға болады. Осыған байланысты қарағайларды жол бойынан қашық жерлерге өсіру керек.
Әдебиеттер тізімі:
- !«Методики и продукционных исследований в Казахстане». Наука. Алма-Ата. 1987.С17-19.
- Меннинг У. Д., Федер У. А. «Биомониторинг загрязнения атмосферы с помощью растений». - Л.: Гидрометеоиздат, 1985.С. 185.
- Булохов А.Д. «Экологическая оценка среды методами фитоиндикации» Брянск: БГПУ.1986.С.133.
- Мелехова О.П. «Биологический контроль окружающей среды: биоиндикация и тестирование». М. Академия, 2007.С.288.
- Уткин А.И. Площадь поверхности лесных растений: сущность, параметры, использование. M.: Наука, 2008. С.292
- Луценко Я.И., Васильев А.В. Использование биоиндикации и биотестирования в экологии. - M.: Дрофа, 1998. - С. 15-35
- Еленовский А.Г. и др.Ботаника: Систематика высших, или наземных растений: Учебник. Академия, 2001.с. 176.
- Абдинов P., Шекебайқызы Ж. Атырау облысының тұрақты дамуы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №1.2018.175 б.