Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Атырау флорасындағы өсімдіктердің ерекшеліктері

Аңдатпа

Атырау облысы флорасын зерттеуші ғалымдардың жұмыстарын негізге ала отырып флораның қалыптасуы туралы айтылған. Атыраудың климаты мен топырақ жабындысының әртүрлілігіне байланысты өсімдіктер жабындысы да өзгереді. Осыған байланысты сортаң топырақты жерлерде галофиттер, шөлді құрғақ аймақтарда ксерофиттер, құмды топырақта псаммофиттер өсетіні жазылған. Кең тараған тұқымдастардың түрлерінің біршамасы мал азықтық, әсемдік, тағамдық, дәрілік өсімдіктер болып табылады. Сонымен қатар өте ертеден сақталған реликті түрлер де кездеседі.

Атырау облысының климаты қатаң, құрғақ болғандықтан ауа құрамындағы шаң тозаң, өнеркәсіптер мен автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтардың көбеюіне жағдай жасалады.

Топырақ түзілу жағдайларының әртүрлілігіне байланысты облыстың топырақ жабындысы біркелкі емес. Облыс аумағының солтүстік шығысында ашық қоңыр топырақ, өзендердің маңында шайылмалы, шалғынды ашық қоңыр топырақ, біраз жерде сұр, шалғынды сортаң, сортаң, құмды топырақ қабаттарына жіктеледі[5].

Осындай жер бедеріне байланысты өсімдіктер дүниесі де әртүрлі бірлестіктерді құрайды. Облыстың біраз бөлігі шөлді шөлейтті климаттық зонада орналасуына байланысты Солтүстік Каспий аймағының табиғатының ерекшелігі, құрғақшылық пен ауа температурасының ауытқулары, ылғалдылықгың тапшылығы, басқа аймақтың флорасынан айырмашылығы ерте кезден зерттеушілерді өзіне аударған.

Бұл аймақтың флорасын зерттеуде И.В.Ларин (1950), Б.А.Быков, (1955), В.В.Иванов, (1968,1972), Е.А.Агелеуов (1966,1985),

Т.Ж.Джармагамбетовтер (1986) біраз зерттеу жұмыстарын жасаған. Осы ғалымдардың зерттеулері бойынша Каспий маңы флорасында өсімдіктердің әртүрлі тіршілік формаларын кездестіруге болады.

Е.П.Коровиннің (1958) зерттеуі бойынша Орта Азия Солтүстіктен келген мезофитті Торғай флорасы мен оңтүстіктен ксерофитті Түркімен флорасы жақтан келген флористикалық ағынның ортасында қалған. Осы флоралардың қосылуы Солтүстік Каспий маңы аймағының флорасының пайда болуына әкелген. Солтүстік Каспий маңы өсімдіктерінің таралуына Б.А.Быков (1955) анықтама берген. Алдымен бұл аймақта космополитті өсімдіктер және біржылдық сораңдар пайда болған. Құмды - тұзды топыракты жерлерге ақмамық, кермек, жыңғыл өсе бастаған. Осылардан кейін мезофильді және ксерофильді өсімдіктер бірлестіктері жетілген.

1950-52 жылдары З.В. Кубанскаяның басшылығымен Гурьев облысына жүргізілген геоботаникалық экспедицияның қорытындысында шөлді аймақтың доминанты - алабота тұқымдасының өкілдерін формацияларға топтап, оларға зерттеу жүргізген. Бұл тұқымдастың өкілдері өте ертедегі өсімдіктерге жатады.

М.М. Ильиннің (1936) пікірі бойынша бұл өсімдіктер бор дәуірінен бері таралған, көбінесе теңіз маңында, теңіздің регрессия нәтижесінде пайда болған.

Е.П. Коровин (1958) алабота тұқымдасының өкілдерін Тұран ойпатының өсімдіктерінің қарқынды қалыптасуы кезінде өскен ксерофитті өсімдіктерге жатқызады. Төрттік дәуірде өсімдіктер бірлестігінің дамуы регрессивті бағыт алған. Бұл өсімдіктер ертедегі Жерорта теңізінің тартылуынан оның орнында пайда болған тұзды топыраққа таралған [6]. Сондықтан да осындай топыраққа бейімделген ертедегі монотипті туыстар қазірге дейін сақталған. Оларға алабота тұқымдасына жататын Londezia FishtetMey, Kirilowia Bge, Iljinia Eug.Kor, Ofaiston Rafin, Nanaphyton Less жатады [4].

1970-79жылдар аралығындығы жүрізілген зерттеу қорытындысы бойынша Атырау облысы флорасында 80нен астам тұқымдастың 371туысына жинакталатын 940-тан астам түр кездеседі. Бұл аймақ флорасының негізін негізгі түрлерге бай 10 тұқымдас жасайды. Оларға күрделігүлділер (Asteraceae Dumort), алабота (Chenopodiaceae Vent), астық (Poaceae Barnhar), бұршақ (Fabaceae Lindl), шаршыгүлділер (Brassicaceae Burnett), қалампыр (CariophiIIaceae), таран (Polyganaceae Juss), сабынкөк (Scrophulanaceae Lindl), ерінгүлділер (Lamiaceae Lindl. (Labiatae), айлауықгүлділер (Boraginaceae Juss) тұқымдастары жатады. Қалған тұқымдастарда аз ғана түрден кездеседі. Олардың көпшілігін гүлді өсімдіктер, шөптесін, жартылай бұталар мен бұталар құрайды. Жалаңаш тұқымдылардан бір ғана қос масақшалы қылша (Efhedra distachia L.) кездеседі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерден дала қырықбуыны (Eguisetum arvense I.) мен үштік кезенің сирек кездесетін реликті өсімдіктері төрт жапырақты гүлжапырақ (Marsilia guadrifolia I.) және қыржапырақ, жүзгіш шыбынсалы (Salbinia natans I.) ағыны аз суларда таралған[7].

Атырау флорасындағы өсімдіктердің көпшілігінде жапырақтары ұсақ, сыртында әртүрлі түктері болатын ксерофиттік және шырынды, етті жапырақты галофиттік белгілер кең тараған.

Сырттан қарағанда облыстың өсімдіктер дүниесі өте жұтаң болғанымен олардың ішінде 140-тан астамы бағалы өсімдіктер болып есептеледі. Техникалық құндылығы жоғары, тағамдық, дәрілік, әсемдік маңызы бар, каучукті, майлы, илікті, жемшөпті, улы және инсектидті өсімдіктер кездеседі. Олардың арасында отызға жуығы дәрілік өсімдіктер болып табылады. Олардың ішінде жалаң мия(СІусуггһіга glabraL.), құс тараны (Poligonum arviculate L.), сарыбас жусан (Tanacetum vulgare L.), қара алқа (Solanum nigrumL.), құм шайшөбі (Helichrysum arenarium (L.), қырықбуынды қылша (Ephedra eguisetina Bge.) кең тараған[3].

Соңғы жылдары көптеген ауруларды синтетикалық дәрілерге қарағанда қосымша әсерлері болмайтын құрылымы жағынан адам ағзасының табиғи компоненттеріне өте ұқсас өсімдіктектес заттармен емделу жиірек қолданылуда. Жүрек қан тамырлары, асқазан, нерв жүйесі ауруларын емдеуде тек қана өсімдіктен алынған дәрілік заттар пайдаланылады.

Халық арасында кең қолданысқа ие дәрілік өсімдіктердің түрлерін нақтылау үшін біршама ғылыми әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар арасында адамға сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша тұрғындардың барлығына жуығының дәрілік өсімдіктердің түрлерінен хабарларының аздығы, пай дала нбайтындықтары анықталды. Білетіндері жалаң мия мен адыраспан өсімдігі ғана болғанымен оларды қандай мақсатта пайдалануға болатыны нақтыланбады. Тұрғындардың 3%-ы ғана дәріханадағы шөптектес түймедақты қолданатыны белгілі болды. Осыған байланысты жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы көбірек мәлімет жинауға тура келеді.

Физиотерапия немесе өсімдіктер арқылы емдеу өте ертедегі сонымен қатар ең жас ғылым болып саналады. Адамдардың өмірі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Адамдардың ағзасы тіршілік етіп дамып жетілу барысында оларсыз өмір сүру мүмкін болмайтын ақуыздарға, көмірсуларға, май және өсімдіктектес әртүрлі биологиялық белсенді заттарға бейімделеді. Осының нәтижесінде бір өсімдіктер тамақ ретінде болса, екіншілері дәрілік қызмет атқарады.

Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықгы сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі[8].

Дәрілік өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктері олардың әртүрлілігіне және күрделі химиялық құрамына, адам ағзасына эсер ететін әртүрлі белсенді заттарға, өсіп турған жерлерінің топырағының құрамына тығыз байланысты болады [1].

Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері құрамындағы эфир майлары, органикалық және бейорганикалық қышқылдарға, фитонцидтерге, фенолдар, полифенолдар тағы басқаларға байланысты болады.

Ғылым әлі де болса шөлді аймақтағы өсімдіктерде жүретін құбылыстарды толық, терең зерттеп болған жоқ. Мысалы жантақ шөлді аймақтың символы, оны тек түйе малы ғана пайдаланады. Бірақ соңғы жылдары Түркімен ғалымдары одан шел қандыратын сусын дайындауға болатынын анықтаған.Бұл сусын тек қана ас қорыту мүшелерінің жұмысын арттыруға көмектесіп қана қоймай, қатты ыстық кезде дене қызуын төмендетеді, дененің сусыздануын қысқартады. Сонымен қатар, суға қарағанда шөлді екі еседей мөлшерге азайтады[2].

Олай болса, өлкеміздегі өсімдіктер дүниесінің ашылмаған сырлары өте көп, сол бағытта жұмыстануымыз керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Курамысова И.И и др.Лекарственные растения. Кайнар, 1989.С. 13-18.
  2. Ветлина В. Ускользающие жемчужины. Москва. Мысль,1981.С.85-95.
  3. Джармагамбетов Т.Ж. 1987а.К вопросу формирования флоры Прикаспийской низменности.//Ботанические материалы гербария института ботаники АН КазССР, выпуск. 15. Алма-Ата,1987. С. 6-10.
  4. Кубанская З.Б. Солянковые пустыни Казахстана. Наука, Алма-Ата, 1980. С. 13-14.
  5. Диаров М.Д.Экология и нефтегазовый комплекс. Том 2.Наука, Алматы, 2003.С.31-33.
  6. Byxpep В.В.,1990. Формирование растительности новой суши в пустыне.-Алма-Ата. С.214.
  7. Дельта реки Урал и прилегающие побережье Каспийского моря. Том І.Под ред. д.т.н. Бурлибаева., д.б.н. Курочкиной Л.Я.идр.ПРООН,2007.С.Ю2.
  8. Тоқабасова А.Қ., Аталихова Г.Б., Забиева М.М. Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері жанға шипа, дертке дауа. // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. №2.2018.141 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.