Аңдатпа
Ескі Сарықамыс ауылы, Жылыой ауданы, Атырау облысы жерінде орналасқан. Құлсары аулынан оңтүстік - батыста, 140 км., қашықта, Каспий теңізінен шығыста, 10 км., қашықта құмды шағылда жатыр.
Бұл аудан қазіргі кезеңде америкалық «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасгы жер телімінде жатыр. «Теңізшевройл» ЖШС-гі мұнай өндіру жұмысымен айналысады.Территория жабық өндіріс аумақ болғандықтан бөгде адамдарға кіруге тиым салынған.
Осы ауданда көптеген жаңа ескерткіштер ашылуда. Ескерткіштер орналасқан аймақ құмды, сорлы жер болғандықтан қазіргі кезде көптеген ескерткіштер жойылған. Құрлыс нысандары мен жәдігерлер жер бетіне шығып, шашылып жатады. Ал, үстіңгі қабатында ешқандай ескеркіш нысана белгісі байқалмайды. Жел құмды көшіргенде немесе кездейсоқ жер қазу жұмысы кезінде ғана бұл археологиялық ескерткіштер орны анықталады.
Табылған жәдігерлердің ішінде неолит дәуірінің кремнийден жасалған еңбек құралдары - кескіштер, қырғыштар, тескіштен, жебе ұштары; қола, темір дәуірлерінің қоладан жасалған жебе ұштары, әшекей бұйымдары бар. Сол кезеңнің еңбек құралдары және ескерткіштерден мал сүйектерінің көптеп кездесуі бұл аралықта мал шаруашылығы, аңшылықтың жақсы дамығандығын көрсетеді. Кей жерлерде көптеп ортағасырлық керамика сынықтары мен мыс тиындар табылды. Келешекте бұл ауданды жүйелі зерттеу қажет.
Қазіргі кезеңде ауыл маңындағы Шадман мен Сарықамыс құмшағылында 10 тұрақтың орны белгілі. Бұл аудан жері құмшағылдар мен сорлы болып келеді. 1 сурет.
Атырау облыстық Мәдениет басқармасының тапсырмасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде компания территориясы аумағындағы сол жердегі жұмысшыларға белгілі объектілер тіркеуге алынып, қысқаша ғылыми есебі жазылған болатын. Археологиялық барлау жұмыстары барысында 8 археологиялық объекті анықгалды [1].
Барлау жұмыстары 2009 жылы мамыр айында жүргізіліп, тарихи және археологиялық ескерткіштер анықталды. Карьерлік топырақ алу жұмыстарының көптеп жүргізілуі салдарынан көптеген ескерткіштер зардап шеккен. Табылған жәдігерлердің ішінде неолит дәуірінің кремнийден жасалған еңбек құралдары -кескіштер, қырғыштар, тескіштен, жебе ұштары; қола, темір дәуірлерінің қоладан жасалған жебе ұштары, әшекей бұйымдары бар. Сол кезеңнің еңбек құралдары және ескерткіштерден мал сүйектерінің көптеп кездесуі бұл аралықта мал шаруашылығы, аңшылықтың жақсы дамығандығын көрсетеді. Кей жерлерде көптеп ортағасырлық керамика сынықтары мен мыс тиындар табылды. Бұл орта ғасырларда осы жерде адамдар мекендегендігінің, сауда айналымының болғандығының дәлелі.
Теңіз кенішін ауданынан 42 ескерткіш орны анықталды. Олар неолит, қола, темір дәуірі, ортағасыр және XIX ғасыр құлпытастары мен зиратары. Соның ішінде: 11 тұрақ,3 қоныс, 15 құмтөбелі қабір, 4 қорған, 8 қорым, 1 қазіргі заман қорымы және 1 бұзылып жойылған ескерткіш орны анықталды. Бұл ескерткіштер орналасқан аймақ құмды шөлейті аймақ болғандықтан қазіргі кезде көптеген ескерткіштер бұзылып жойылған. Құрлыс нысандары мен жәдігерлер жер бетіне шығып, шашылып жатады. Ал, үстіңгі қабатында ешқандай ескеркіш нысана белгісі байқалмайды. Жел құмды көшіргенде немесе кездейсоқ жер қазу жұмысы кезінде ғана бұл археологиялық ескерткіштер орны анықталады. Сондықтан оларды анықтау жұмысы өте қиынға түседі [2].
Қазіргі уақыта 2 мұнай зауыты салынуына байланысты бұл аудан толық игерілмек. Ескерткіштердің жойылуына әкеледі. Ескі Сарықамыс ауылы маңындағы ескерткіштерге қысқаша сипатама жасайық [3].
Шадман құмтөбелі қабір. Уақыты: ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Қосшағыл ауылынан оңтүстік - батысқа 102 км., Ескі Сарықамыс кенті құландысынан оңтүстік-шығыста 1 км., қашықта. Шадман зираты XX ғасырдың 50-жылдарында салынған. Шадман құмтөбелі қабірлері,бейітерің солтүсгігінде 10 м., қашықтықта, құм шағылдың жел үрлеп кеткен аумағында орналасқан. Көлемі: 20x15 м. Жердің беткі қабатында адам сүйектері ретсіз шашылып жатыр. Оның бас сүйегінің тұсынан алтыннан жасалған доға түріндегі сырға табылды. Сондай-ақ, маңында мыс тоға, қыш құмыра, көзе сынықтары, үш қырлы темір жебе, темір қанжар сынығы, тағы да басқа темір қалдықтары жатыр.
Шадман 1 құмтөбелі қабірі. Уақыты: ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүстік-шығысқа 1,5 км. Шадман 1 құм төбелі қабірі Шадман зиратының оңтүстік-шығысында 100 м., қашықтықта орын тепкен.
Қабір құм шағылдың жел үрлеп кеткен сайында, аумағы шығыстан батысқа қарай 40 м., солтүстіктен - оңтүстікке 24 м-ге созылған. Қабірдің бетінде көптеген адам сүйектері шашылып жатыр. Оның маңынан ұзындығы 24 см., ені 4 см., қатты тотыққан, нашар сақталған темір пышақ табылды.
Сондай-ақ, осы жерден табылған тас қайрақтың ұзындығы 9,5 см., ені 2 см., қалыңдығы 0,8 см. Қайрақ басында тесігі бар қара түсті сланецтен жасалған. Сонымен қатар, қыштан жасалған диаметрі 3,5 см., 2 ұршық басы және ұзындығы 10 см., ені 1,5 см., темір пышақ пен ені 1 см., ұзындығы 6 см., жебенің ұшы табылды. Қызыл-қоңыр түсті көзе ернеуі мен тұтқа сынығына нүктелеп өрнек салынған 4 құмыра сынығы да осы жерден алынды.
Шадман 2 құмтөбелі қабірі. Уақыты: ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүстік-шығысқа 1,55 км. Шадман 2 құм төбелі қабірі Шадман зиратынан оңтүстік-батысқа қарай 50 м., қашықтықта, құм шағылдың жел үрлеп кеткен сайында орналасқан. Көлемі: 6x4 м., болатын алаңда, көптеген адам сүйектері, қыш құмыра, көзе сынықтары, темірден жасалған заттардың қалдықтары табылды.
Сарықамыс 6 тұрағы Уақыты: қола дәуірі. Мекен-жайы:Ескі Сарықамыс кенті құландысынан оңтүстік-шығысқа 5,6 км.Сарықамыс 6 тұрағы құм шағылдың жел үрлеп ашып кеткен тақыр сайында орналасқан. Көлемі шығыстан батысқаЮО м., солтүстіктен оңтүстікке 220 м-гесозылған. Алаңда көптеген мал сүйектері, 20 данаға жуық көзе сынықтары және 2дана көзе сынығының ернеуі табылды.
Сарықамыс 7 тұрағы Уақыты: неолит дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүстік-шығысқа 5,65 км.Сарықамыс 7 тұрағы құм шағылдың желүрлеп кеткен тақыр сайында орналасқан.Көлемі:шығыстан батысқа 17 м., солтүстіктен -оңтүстікке 25 м., қашықтыққа созылған.
Бұл жерден 20 дана қыш ыдыс сынықтары табылды. Олар кеуек, сапасыз қыштан жасалған. Сондай-ақ тастан жасалған қырғыш, пышақ, жаңқалар мен жебе ұштары табылды. Олар халцедон тасынан жасалған.
Сарықамыс 8 тұрағы Уақыты: неолит дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кенті құландысынан оңтүстік-шығысқа 5,67 км. Сарықамыс 8 тұрағы құм шағылдың ортасындағы жел үрлеген, көлемі шығыстан - батысқа 23 м., солтүстіктен оңтүстікке14 м., болатын тақыр алаңда жатыр. Үстіңгіқабатында адам сүйектері шашылған. Бұл жерден адамның бас сүйектерінің сынықтары табылды. Одан басқа тұрақтан 20 дана қыш құмыра сынықтары, 15 дана тастан жасалған қырғыш, кескіш, тескіш, тас жаңқасы және тастан жасалған найза ұшы табылды. Табылған жәдігерлер халцедон, кварц тастарынан жасалған.
Сарықамыс 9 тұрағы Уақыты: ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүсгік-шығысқа 4,7 км., қашықта.Сарықамыс 9тұрағы құм шағылдыңкөлемі батыстан шығысқа 50 м., солтүстіктен-оңтүстікке 18 м., жел үрлеген сайда жатыр. Тұрақтың беткі қабатынан 10 дана қышыдыс сынықтары, соның ішінде көзелер менқұмыралардың ернеулері мен сүйек, тастанжасалған қырғыш, кескіш жаңқалары табылды. Олардың жасауға пайдаланылғанматериалдар: халцедонит, кварцит тастары.
Сарықамыс 10 тұрағы. Уақыты: ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүстік-шығысқа 4,8 км.Сарықамыс 10 тұрағы құм шағылдыңжел үрлеп ашқан жерінде, көлемі батыстан-шығысқа 26 м., солтүстіктен - оңтүстікке 19м-ге созылған сайда орналасқан. Оның беткіқабатынан 5 қыш құмыра ернеуі, 15 қышыдыстың бүйір қабырға сынықтары ментүптерінің сынықтары жиналды.
Сарықамыс 11 тұрағы Уақыты: ерте темір дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүстік-шығысқа 4,9 км.Сарықамыс 11 тұрағы құм басқаншағылдың жел ашқан тақыр жерінде көлемі:50х50 м., болатын аумақты алып жатыр. Бұлжерден қоладан жасалған көптеген заттармен бұйымдар табылды. Атап айтқанда,артында ілгекті шегесі бар, ұзындығыЗ,5 см., ені 1,3 см., 4 дана қапсырма, кресттүрінде жасалған қола қаңылтырлықапсырма, қола тоға, диаметрі 5,5 см., болатын жұқа қаңылтыр, оюлы күміс пластинкасынықтары, 2 темір жебе ұшы мен темірпышақ табылды. Сонымен бірге ұзындығыб см., диаметрі 0,5 см., темір шеге мен кварцжәне кремний жынысынан жасалған 3 таспышақ пен қырғыш жиналды.
Сарықамыс 12 тұрағы Уақыты: неолит дәуірі. Мекен-жайы: Ескі Сарықамыс кентіқұландысынан оңтүстік-шығысқа 5,4 км.Сарықамыс 12 тұрағы құм шағылдың желүрлеп кеткен тақырында, көлемі шығыстан- батысқа қарай 18x60 м-ге созылған сайындажатыр. Оның беткі қабатынан кремний менкварцтан жасалған қырғыш, тескіш, кескіш,тас жаңқасы, т.б. тас құралдары жиналды.
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауы, екі үлкен теңіз - Арал және Каспий арасындағы құрлық, сонымен қатар, осы аралықтағы Жайық, Жем өзендерінің жағасы өмір сүруге қолайлы болған. Сондықтан, бұл территорияны халық ежелден-ақ қоныстанған, осы екі теңіз аралығында көшіп-қонып жүрген, әр түрлі халықтардың мәдениеттерінің тоғысқан, мәдениеттердің бір-бірімен араласқан аймағы. Каспий теңізінің елуден астам әр тілдегі атауының болуы да әр түрлі халықгың болғандығына дәлел. Сөз болып отырған аймақтан тас дәуірінен бергі, қола дәуірінде, көшпелі мал шаруашылығының мәдениеті қалыптасқан тайпалық бірлестіктер: сарматтар, савроматтар, массагеттер, т.б.кезінде (б.з.д. III-I м. ж.), одан кейінгі орта ғасырлық оғыз - қыпшақтық тайпалық бірлестіктердің дамыған кезеңінде, Алтын Орда империясы кезеңіндегі мекендеген халықтың іздерін көреміз [4].
Тарихи деректерге сүйенер болсақ ежелгі грек жазбаларында Каспийдың алғашқы тайпаларын «сармат-савромат» деп атағаны белгілі. Сарматтар Каспий ойпатын, шығыс европа жазығы мен Орал таулары на дейінгі аймақта өмір сүргені белгілі. Грек ғалымдары Геродот (б.з.б. V ғ.) пен Птолемей (б.з.б. II ғ.) өз еңбектерінде Каспий теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір сүрген халықтар, Жайық, Жем өзендері туралы мәліметтер қалдырған. Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектердің нәтижелері де Каспий теңізінің солтүстік-шығысы мезолит, неолит дәуірлерінен бастап халыққа мекен болған территория екендігін көрсетіп отыр.
Зерттелуге алынған аймақтың табиғи-ландшафты жағдайы тарихи- мәдени мұра ескерткіштерінің орналасу орындарын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Археологиялық ескерткіштер әдетте биік жерлерде, төбелерде орналасады. Өйткені, жазғы уақытта төбелер жақсы желденіп тұрады, алысты көруге ыңғайлы, құрылыстар алыстан көрініп тұрады, сондай-ақ, жер асты суларына қол жеткізу оңай. Сонымен қатар, қайтыс болған адамдарды да биік төбелерге жерлеген. Бұл территорияларда кездесетін археологиялық ескерткіштердің негізгілері неолиттік, қола ғасырының тұрақтары мен қоныстары, құмтөбелі қабірлері, ерте темір дәуірлік қорғандар, сонымен қатар, облыстың ескерткіштері қатарына әлі кіргізілмеген сәулет ескерткіштері құлпытастар да бар. Қоныстар мен адам жерленген орындар санының көптігінен халық тығыз қоныстанғанын байқаймыз. Территория көлемінен анықталған археологиялық ескерткіштердің жағдайы нашар күйде.
Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауының қолайлы табиғи- климаттық жағдайы (шабындық пен су көздерінің молдығы) халықтың ерте заманнан бастап, орта ғасырда, жаңа заманда да осы территорияны қоныстанып, игеруіне негіз болған. Халықтың бұл ауданды тығыз орналасқандығын анықгалып отырған тұрақтар мен қоныстардың, қорғандар мен құмтөбелі қабірлердің, жаңа заманғы рулық қорымдардың көптігі мен жақын орналасуынан да көреміз. Өкінішке орай, тексеру жұмыстары жүргізілген аймақтағы мұнай-газ өндіру мақсатындағы көптеген құбырлардың жүргізілуі, әр түрлі бағыттағы автокөлік жолдары, карьерлік жұмыстардың жүргізілуі сияқты шаруашылық-өндірістік жұмыстар археологиялық ескерткіштердің сақталуына кері әсерін тигізген.
Археологиялық объектілер орналасқан төбелерде негізінен карьерлік топырақ алу жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстар нәтижесінде көне дәуірлерде құмтөбелерде жерленген адам қабірлері қопарылып ашылып, сүйектері жер бетіне шығып қалған, ашық аспан астында шашылып жатыр, ауыр техниканың астында уатылып қалған, көбі топырақпен бірге алынып та кеткен. Адам сүйектерімен бірге көмілген жеке заттары осындай карьерлерде шашылып жатыр.
XIX ғасырға жататын Құрайыш ата қорымынан да осындай көрініс анықталды. Кейбір нысаналардың сүйек шыққан бөліктері темір сым шарбақпен қоршалған. Карьерлік жұмыстар негізінде қоныстар мен тұрақтардың мәдени қабаттары бұзылып, жәдігерлер топырақпен бірге алынып кеткен. Территорияны тексеру барысында толығымен жойылып кеткен ескерткіштерде анықталды.
Мысалы Тұрланды учаскесіндегі рекультивация жасалған көлемі үлкен карьерден қола дәуіріне жататын керамикалық ыдыс бөліктері анықталды. Яғни, бұл жерде қола дәуірінің ескерткіші болған, жер игеру кезінде ескерткіш толығымен жойылған. Осындай тағы бір объект - Шаңырақ вахташылар қалашығына ншығысқа қарай 2 км., жерде рекультивация жасалған карьерден анықталды.
1 сурет. Карта. Ескі Сарықамыс ауылы
2 сурет.Шадман құмшағылы. 3 сурет.Шадман құмшағылы қабірі
4 сурет. Сарықамыс құмшағылы тұрақтары
5 сурет. Сарықамыс құмшағылы. Тас құралдар
6 сурет. Сарықамыс құмшағылы. Балық аулау құралдары
7 сурет. Сарықамыс құмшағылызаттары.
8 сурет. Сарықамыс құмшағылы. Қыш ыдыс бөлшектері
9 сурет. Сарықамыс құмшағылы. Көзелер
10 сурет. Ұршық бастары
11 сурет. Тас құралдар
12 сурет. Tac құралдар
13 сурет. Семсер
14 сурет. Ацинац
Ендігі кезекте, аймақтағы бұзылған ескерткіштерге шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізіп, ашылып қалған құмтөбелердегі сүйектерді қайта жерлеу қажет. Өйткені, бұл территориядағы ескерткіштердің жойылуына жол беру - қазақ тарихының бір бетінің жойылуына жол беру деген сөз. Құмтөбелі қабірлердегі, қорымдардағы адам сүйектерінің жер бетінде шашылып жатуы - материалдық қажеттілік үшін ешқандай моральсыз өмір сүріп жатқанымыздың дәлелі болмақ. Территорияда жер игеру жұмыстары кезінде жер бетінде ешқандай белгілері байқалмаған ескерткіштер әліде анықталуы мүмкін екендігі ескерілуі қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Қорғанша қаласындағы, Жолайшағыл құмтөбелі қабіріндегі археологиялық зерттеу жұмысының және Атырау облысында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының 2006 жылғы есебі.
- Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Теңізшевройл» ЖШС- не қарасты территорияда тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының ғылыми есебі. Атырау, 2009 ж.
- Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жылыой және Мақат аудандары. Атырау - Алматы, 2013.
- Касенов М.С. Сарықамыс құмшағыл тұрақтары. Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы археологии Евразии». Алматы - 2016.