Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Х.Досмұхамедов еңбектеріндегі жалаңтөс батыр жайындағы мәліметтер

Аңдатпа

Мақалада қазақ халқының азаттығы және қазақ мемлекетттілігі үшін қызмет еткен қазақ батырларының бірі - Жалаңтөс батыр жайындағы Халел Досмұхамедовтың шығармаларында кездесетін мәліметтер баяндалады. Далалық өркениеттегі батырлар мектебінің маңызы, қазақ батырларының дәстүрлі қоғамдағы атқарған қызметтері болып табылатын ел қорғау, елшілік, қазылық ету секілді қызметтер Жалаңтөс батыр мысалында талданады.

Ардақты бабамыз Халел Досмұхамедұлы өзінің еңбертеінде жиі ақпараттар берген Жалаңтөс батыр туралы не білеміз? Қазақ даласында ойраттардың жойқын шабуылдарынан қорғап, мемлекеттіліктің сақталып қалуында батырлар ерен еңбек сіңірді. Батырлар институтының арқасында қазақ мемлекеттілігі қалыптасып, дамып отырды деп нық айта аламыз. 1643 жылы әйгілі Орбұлақ шайқасында қазақ әскерлерінің саны жағынан аздығына қарамастан жаулап алушыларға тойтарыс бергендігі жайында И.Фишер, В. Вельяминов-Зернов, А.Чулошников, А.Левшин, В.Моисеев, С.Кляшторный, С.Асфендияров, М.Тынышбаев және Х.Досмұхамедов еңбектерінде кездеседі. Қазіргі таңда қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда біз қазақ батырларының мектебін зерделеуіміз және олардың өмір жолын үлгі ретінде ұсыну арқылы тиімді пайдалануымыз қажет.

Даңқты қолбасшы, батыр, би, әмір Жалаңтөс Сейітқұлұлы 1576 Сырдария өзенінің бойы, Нұрата аймағында дүниеге келген [1,4886]. Арғы атасы Ораз қажы жарты әлемнің әміршісі болған Ақсақ Темірдің бас уәзірі, ақылшысы болған [2]. XVII ғасырда Қазақ хандығы мен Бұхара хандығы арасында қайшылықтар мен қақгығыстардың көп болғаны тарихтан мәлім. Осындай шиелініске толы уақытта Баһадүр батырдың әкесі Сейітқұл хан Қазақ хандығының билеушілері Шығай хан мен Тәуекел ханның соғыс жорықтарына өзінің әскерімен белсенді түрде қатысып отырған [3,35 6]. Сейітқұл хан 1570 жылы өзіне қарасты алшын руымен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан болып, 5000 тұрақты жасақ ұстаған.

Жалаңтөс Баһадүрдің тәрбие алған ортасы да өзіндік сырға ие. Сейітқұл хан оны жастайынан Қызылқұмды мекендейтін қазақтар мен қарақалпақтардың ханы Дінмұхаммедтің (Дінмұхаммед Хақназарұлы) сарайына қызметке және бес жасында Нұратадағы мешітке оқуға береді [4]. Жалаңтөс батыр хан сарайында дипломатиялық көзқарасы қалыптасып, шығыстың ұлы тұлғаларының өмірлік жолдарымен танысады.

Жалаңтөсті әкесі 1590 жылы Бұхара ханы Абдулланың жоғары дәрежелі қолбасшылары даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. Бұл мектепте Шыңғыс ханның қолбасшылық өнерінен дәріс беретін Бақимұхаммедтің баласы Имамқұл Жалаңтөс батырды байқап, оны өзімен бірге хан ордасында өтетін әр түрлі кеңестерге, шет елдерден келген елшілерді қабылдайтын салтанатты рәсімдерге қатыстырып отырады. Хан ұрпағы Имамқұл мен Жалаңтөс батырдың достығы осы кезден басталады. Бұхараның әскери мектебінде 3 жыл оқып, түменбасылық лауазым алып қайтқан Жалаңтөс батырдың 1593 жылы Бұланғар, Лайыш, Қаттықорған жерлеріндегі әлімұлы тайпасының бір бөліміне би болып сайланады. 1595 жылы Имамқұлдың шақыруымен Бұхараға келеді де, хан кеңесінің ұйғаруымен Бағдад қаласына оқуға жіберіледі. Онда білімнің әр саласынан дәріс тындап, 1598 жылы еліне оралады. 1598 жылы қыркүйекте Бұхара ханы Абдулла қайтыс болады да, орнына баласы Абдулмүмин таққа отырады. Бірақ оның билігі ұзаққа бармайды, бес айдан соң өзінің қарсыластарының қолынан қаза табады да, тақ үшін тартыс басталады. Осындай жағдайда Бұхараның ақсүйектері Жалаңтөс батыр бастаған алшындардың қолдауымен Жәнібектің баласы Бақимұхаммедті хан көтереді, інісі Уәлимұхамедті тақтың мұрагері етіп жариялайды. Жалаңтөс батыр хан кеңесіне мүшелікке қабылданып, әскери істер жөніндегі кеңесші және ішкі істер уәзірлігінің орынбасары болып тағайындалады. 1605 жылы Бақимұхаммед қайтыс болады да, таққа Уәлимұхаммед отырады. Бірақ Уәлимұхаммед ел ішінде тәртіп орнатып, халықтың бірлігін сақтай алмайды. Мұндай саясатқа қарсы болған Жалаңтөс батыр бастаған топ 1611 жылы Уәлимұхаммедті тақтан түсіріп, орнына Имамқұлды отырғызады. Осы кезеңде Бұхара хандығының нығаюына Жалаңтөс батыр көп еңбек сіңіреді [1,489 б.]. Имамқұл хан билік құрған кезеніңде Жалаңтөс баһадүрдің абыройынан, қалың әскерінен қауіптенетін болған. Соның дәлелі 1612 жылы Имамқұл хан көп әскерімен Түркістанға баса-көктеп кіреді. Алдыңғы соққы қазақтар мен қарақалпақтарға берілетін болған соң, Жалаңтөс батыр өз әскерімен көмекке жетеді. Баһадүр батырдың қолынан қаймыққан Иманқұл амалсыздан, соғысты бастай алмай, келіссөзге келеді. Алайда бұл Бұхар ханының уақытша айласы екенін түсінген Жалаңтөс батыр эскер жиып, Иманқұлды түгелдей талқандау үшін дайындала бастайды. Мұны білген Иманқұл Жалаңтөс тұрғанда өзінің Бұхара хан тағында отыра алмайтынын түсініп, оған Самарқан қаласын және сол төңіректегі уәлаяттарды сыйға тартады. Сөйтіп, Жалаңтөс Самарқан әмірі атанып, таққа отырады [5]. Иманқұл ханның Жалаңтөсті Самарканд шаһарының әмірі етудегі мақсаты хан тағынан алыстату және сыртқы жаулардан қорғану болды. Самарқандтың әміршісі болғанда Жалаңтөс батырға Үндістан, Хорезм, Тибет, Ресей, т.б. елдерден сыйлықтар келіп тұрған. Жалаңтөс батыр тек Самарканд, Бухара, Ташкент, Түркістан аймағын қорғаған жоқ, ол қиын қыстау кезеңде қазақ даласының қорғаны бола білді.

Қазақ тарихында Жалаңтөс батырдың есімі «Орбұлақ» шайқасымен кеңінен танымал. Тарихшы Өмірзақ Озғанбаев бұл шайқас жөнінде мынадай мәлімет келтіреді: «Қоңтайшының қазақтарға қарсы жорығы 1643 жылдың қысында басталып, 1644 жылдың жазының ортасына дейін созылады. Жоңғарлар Тянь-Шань қырғыздары мен Жетісу елінің қазақтарына қырғидай тиіп, қырғынға ұшыратады. Мыңдаған тұтқын Жоңғарияға жөнелтіледі. Жорықтың алғашқы кезеңіндегі жеңіске масайған қоңтайшы қазақ жеріне ентелеп, дендеп кіре бастайды. Дэл осы кезде Жәңгір хан жауды Орбұлақта қарсы алуға кіріседі. Ол Жоңғар әскерінің саны, бағыт-бағдары мен жоспары жөнінде үнемі хабардар болып тұрады. Мұны Жәңгірдің Хунделен патшайымен достығының нәтижесі деумізге де болар. Жәңгір султан барлау мәліметтерін ұтымды пайдаланып, жауға қарсы тұратын ыңғайлы, ұрымтал жерді де көрегендікпен талдайды. Жауды шырғалап, тар қысаңға кіргізеді. Әртүрлі амалдармен тосқауылдар қойып, олардың әлсіз тұстарын дәл табады. Бірнеше апта бойы тар жерге кептеліп, қамалған жаудың қалың қолын қазақ сарбаздары үздіксіз шабуылмен титықтап, орасан зор шығынға ұшыратады. Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 600 қойтасты паналап, ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады. Сонымен қатар Сасықтекенің түтінін де пайдаланады. Улы жебемен жауын сеспей қатырса, сасықгеке деген гүлді суға қайнатып,оған шүберек малып кептіреді де, от тұтатып, жел жақтан улы түтін жібереді». Соғыс өнері хақында А.Левшин: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырады. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырады. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қоңтайшыға қатты соққы берді» деп мәлімет келтіреді [6, 13 6]. Жоғарыда атап өткеніміздей Орбұлақ шайқасында Салқам Жәңгірдің жеңіске жетуіне бірден бір себепші болған Жалаңтөс батыр еді. Жалаңтөс батыр осындай қиын-қыстау кезеңде 20 мың әскерімен Жәңгірге көмекке келіп жоңғарларды талқандаған болатын. Орбұлақ шайқасы грек патшасы Леонидтің 300 әскерімен Фермопила түбінде парсыларға қарсы тұрған аңыз оқиғамен тең болып келеді.

Жалаңтөс баһадүр тарихта тек өзінің батырлығымен, ер жүректілігімен қалған жоқ. Батыр сәулет өнерінің де қамқоршысы бола білді. Батырдың жеке қаражатымен Самарқан шаһарында «Тіллә-қари» және «Ширдар» атты екі медресе салынды. Бұл жөнінде ардақты бабамыз Халел Досмұхмедұлы мынадай мәлімет келтіреді: Самарқан шаһарының көптеген көрнекті орындарының ішінде ерекше көз тартатыны-қалалық Регистан алаңы, оның үш бетінде архитектурасы мен әрлеуі ғажайып көркем үш медресе- «Тіллә- қари», «Ширдар» және «Ұлықбек мырза» сән түзеген. Бұрынғы кездерде Самарқанның тыныс тіршілігінде Регистан алаңының алған орнын Мәскеудегі Қызыл алаңмен салыстыруға болар еді. Үкіметтің барша маңызды жарлықтары мен пәрмендері халыққа осы алаңда жарияланатын және қоғамдық келелі істерді шешу үшін шақырылатын немесе әулиелерге тәу етіп, қауымдасып құлшылық қылатын халықтық жиындардың бәрі де осы алаңда өткізілетін.

«Тіллә-қари», яки «Алтынмен апталған» медресесі іш жағында ауласы бар, тік бұрышты көлемді ғимарат, оның биік, шаршы шатыр жиегі, сыртқы қабырғасы мен мұнаралары әсем нақышты өрнекті жазу түзеген түрлі-түсті, алтын жалатқан жұқа кірпіштермен қапталған. Ал аулада шәкірттерге арналған 25-ке жуық құжыра бар, мешіттің ішкі қабырғасы да түрлі-түсті, алтын жалатқан өрнекті жазу, суреттермен безендірілген.

«Ширдар», яки «Арыстанды медресе» медресесі айбынды да сәулетті ғимарат, оның сыртқы жағы адам таңқаларлық өрнекті жазу түзген түрлі- түсті жұқа кірпіштермен қапталған. «Ширдардың» шатыр жиегі айбынды аспалы дарбаза іспетті, оның жоғары жағына аузын арандай ашып тұрған қос арысганның бейнесі салынған. Аула ішінде мешіт пен шәкірттерге арналған құжыра бар. Мешіттің ішкі жағы да өрнекті жазулармен безендірілген.

Самарқан тұрғындарының аңыз қылып айтуынша, бұл ғажайып қос медресені салдырушы- әмір Жалаңтөс батыр көрінеді. Шынында да «Ширдардың» порталының ішкі қабырғасында парсы тілінде жазу бар. Бұл жазудың аудармасы мынадай:

«Әмір қолбасшы, турашыл Жалаңтөс оның кемелдігін жеткізе мақтайтын қызыл тіл- інжу маржан; ол тұрғызған медресенің биіктігі соншалық, оның ұшы көкке тірелген; ақылдың қыраны қанатын қанша қақса да жылдар бойы сенің биік аспалы дарбазаңа жете алмас; оның мұнарасының ұшына ғасыр бойы ілмекті арқаны бар айлакер ұры да шыға алмас; сәулетші оның аспалы дарбазаларының тізбегін жасағанда таңғалғандықтан аснан бармағын тістегендей, жаңа толған айды қарпып алды. Осы құрылыстың іргесін Жалаңтөс баһадүр қалағандықтан, ғимараттың тұрғызылған жылы «Жалаңтөс баһадүр жылы» деп аталады:Егер «Жалаңтөс баһадүр» сөзін құрайтын (араб) қаріптерінің сандық мәнін тізсек, онда ғимаратты салу жылы хижра бойынша 1028, ал қазіргі жыл санаумен 1619 жыл болып шығады. [7, 40-416]. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір түкпірінен Самарқан қаласының көрнекті сәулет орындарын көру үшін жыл сайын мыңдаған саяхатшылар келеді. Өкінішке орай Самарқандағы «Тіллә-қари» және «Ширдар» секілді көрнекті екі медресені қазақтаң шыққан Жалаңтөстің салдырғаны туралы көпшілік халық хабарсыз. Түркістандағы Хожа Ахмет Яссауи кесенесін Әмір Темірдің салдырғаны туралы көпшілікке көп айтылады. Алайда Жалаңтөстің Самарканда әмір болғаны, көрнекті сәулет орындарын салдырғаны туралы жеткілікті деңгейде айтылмай келе жатыр. Баһадүр Жалаңтөстің өмірлік жолы, ұлтжандылығы, ер жүректілігі келешек ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында насихатталу керек.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақстан энциклопедиясының» Бас. редакциясы, 2001.-720 бет.
  2. https://e-history.kz/kz/contents/view/1987
  3. Өткелбаев Н. Жалаңтөс баһадүр. Тамыры терең-тарихы кенен- Қазалы. Алматы: «Телеарна»,-2008.-340 б.
  4. Нығметуллаев М. Жалаңтөс баһадүр батыр/Атамекен-2008 жыл, 25 сәуір, 6 бет.
  5. Өтениязов С. Жалаңтөс/Ана тілі-2018, №14,5-11 сәуір,6 бет.
  6. Қарагөз Сімәділ. Орбұлақ ұлт жеңісі, ұлт мақтаны/Қазақ Әдебиеті №16-2018, 27 сәуір, 13 б.
  7. Досмұхамедұлы X. «Аламан»-Алматы :Ана тілі, 1991.176-бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.