Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Б. Момышұлының әдеби-көркем кейіпкерлік тұлғасының тағылымдық маңызы (З.Ахметованың «шуақты күндер» кітабы хақында)

Аңдатпа

Мақалада «Шуақты күндер» естелік-эссесіндегі Халық қаһарманы, батыр, жазушы, Б.Момышұлының ізгілікті қыры - Ата Бауыржанның тәрбиелік тағылымдары жан-жақты талданып, беріледі. Сонымен бірге Ата, әже тәрбиесі, ұлттық салт-дәстүр мен әдет ғұрыпты терең біліп қана қоймай, оны сақтап, қорғау қажеттігін де биік ой талғамымен ұғындырады. З.Ахметованың туындысы тек жалаң, суреткерлік қиялдан ғана емес, өмір материялын терең зерттеу, оны талдап, таразылау нәтежиесімен де құнды.

Жазушы өмірден алған материялдардан екшеп, електен өткізеді, өмір шындығынан көркемдік шындық туғызады. Деректілік суреткер қиялымен астасып барып, көркемдік шешімге қол ашады. Міне осы тұрғыдан алғанда Зейнеп Ахметованың шығармаларының ішіндегі мазмұны жағынан ерекше тұрғаны - «Шуақты күндер» атты атасы Бауыржан Момышұлы туралы естелігі.

Ұлттық ерекшелікті айқындай түсетін белгінің бірі - ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрыптар екені белгілі. «Мен тек атамның келінімін. Тұла бойы қайшылықтарға тұнып тұрған қайталанбас адамның биік шаңырағының кең дастарханын ұстаған, шамам келгенше иіліп қызмет істеп, өнегелі өсиет ін де, өңмеңінен тесіп өтер айқайын да естіген маңдайлы келінімін. Атам деген - тірі тарих, шексіз шежіре еді.. Ол - өз өмірінде сый-құрметке, қошаметке бөленген адам. Бірақ халқымыздың жақсы салттарын сақтап, әдеп пен ізет көрсетуім тіпті ұнап-ақ тұратынын білетін едім... » деп жазады Зейнеп апай атасы жайлы жазылған «Шуақгы күндер» атты кітабында.

Атаның әрбір қимылы, айтқан өсиеттері мәңгі есте қалып, оның бәрі күнделік болып жазылып, қағазға түсіп, ондағы жазбалар 1980 жылдары «Шуақты күндер» деген атаумен кітап болып жарыққа шықты. Кітаптың екінші бөлімі 1986 жылы жарияланды. Кітап 1990 жылы орыс тілінде басылып шықты. Ата туралы естелік жазу З.Ахметованың ойына қалай келген сұрақгың мазалайтыны рас. Бұл ойымыздың жауабын «Шуақты күндер» кітабының алғашқы беттеріндегі Б.Момышұлының аманат парызынан бастау алғандай. З.Ахметованың атасымен бірге тұрған кездеріндегі нағыз «шуақты күндерінің» белгісі ретінде естелік-эсселер кітабы бүгінгі таңда балауса жас пен өткеніне шүкіршілік ететін дана қариялардың сүйсініп оқитын шығармалары. Бұл орайда «жүректі жарып шыққан әрбір сөздің өзін бағалауды», оны сақтауды ақылды атасы үйретіп, тіпті келініне өзінің қымбатты мұрағатын да аманат етіп қалдырыпты.

«-Балам, қазақта «қара шаңырақ» деген өте ертеден келе жатқан қасиетті сөз бар. Оның негізі әкеден балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалып отырған шаңырактың талай түтін шыға-шыға әбден ысталып, көпті көрген деген ұғымнан шықса керек. Мына, өзіміз отырған пәтер, үкіметтің жасап берген баспанасы болғанымен, Ержанға қалатын Момышұлының қара шаңырағы, менің ұрпағы осы үйде, - деп сәл үндемей қалды да, сөзін қайта жалғады.

-Мен дүние жиған жоқпын, бірақ кедей де емеспін. Менің қазынам - тірнектеп жазған қағаздарым. Халықтың кәдесіне жарап, біреуге ой салып, біреуге өнеге болып жатса, одан басқа байлықтың керегі не? Сол жазбалар осы қара шаңырақта қалады, сақтаушысы сен боласың. Өзің ошағын ұстап, дастарханын жайып отырған бұл үйдің босағасының берік, маңдайшасының биік боларына сенімім зор. Сондықтан, саған тапсырып отырмын. Бірақ менің рұқсатымсыз бір жапырақ қағазды біреуге ұстатпағын, - деп еді. Мен атама берген уәдемді орындадым. Өзге тұрмақ, жалғыз баласы Бақытжанға да ақтартпадым, кілттеулі күйі тұрды. Атам да маған берген бұйрығын өзгертпеді, белек тұрған жылдарында бір рет сұраған жоқ. Сол сенім артқан күйі өтті бұл өмірден Міне, енді басқа түскенге көніп, өзекті тіліп өткен қайғы уыты саябырлай түсіп, шексіз сағынышқа ұласқанда, атамның қағаздарын парақтадым. Қарап отырып оның жалынды да жаралы жүрегінің лүпілін естуге тырыстым. Ton алдында тұлғасы оқшау асыл бейнесін елестете отырып, биік ойларын тереңірек түсінуге, қайсарлығы мен шыншылдығын тани түсуге талпындым» [1,6] деп ішкі сырын бүкпесіз атқарған З.Ахметовның Ата туралы шығармалар жазуға жетелеген осы парасатты парызы екенін түйсінеміз.

«Шуақты күндер» шығармасының «Кіріспе орнына» атты аңдатпасына тоқталайық. «Маңдай тұсымыздағы биік төбенің артынан алаулап күн көтеріліп келеді. Қала үстіне нұрын шашып, басталар күннің бар шапағатын арқалап, әке мейіріміндей жылылық шуағын төгіп күлімдейді. Мен мұндалап тұратын осы бір биік төбе, жайшылықта, жылдар бойына байқалмаған сияқты, байқалса да жүрегімізден өшпес орын алып, өміріміздегі үлкен бір мәнді орынға айналарын білмеппіз. Бүкіл халықты күңірентіп, жүрегімізді қан жылатып кеткен қаралы күннен кейін бұл төбеге жанарымыз жиі қадалатын болған.

Міне, бүгін де, күннің алғашқы сәулесі түсер-түспестен уәделескендей балконға шығып, күн көтеріліп келе жатқан төбеге үнсіз қарап тұрмыз. Екеуміз де бір-бірімізге ләм демейміз, әркім өз ойымен әлек. Алайда, менің де, оның да ойлап тұрған ойымыз ортақ, көз талғанша қарайтын нүктеміз де біреу-ақ. Еңсені басқан тыныштықты Ержанның үні бөліп жіберді.

-Атама қарап тұрсыздар ма?

-Иә, балам, - деді әкесі» [1,3].

З.Ахметованың «Шуақты күндер» шығармасын жазуға бес күнделік- жазбалардан тұратын дәптерлер сеп болыпты. Оны жазуға да итермелеген Бауыржан Момышұлы екен. Оған ең алдымен немересі Ержан себепкер болыпты. Ержан ұйқыдан ояна сала, атасының қасына барып, үнемі көрген түстерін айтатын болған. Сондай түсті айтудың бір сәтінде, Б.Момышұлы келіні Зейнепке немересінің көрген түстерін, айтқан әңгімелерін жазып алуды тапсырыпты. «Мен атамның тапсырмасынан кейін «неге өзі туралы да қағазға түсіре бермеске» деген ойға қалдым. Бұрын да үзіп-жұлып кейбір әңгімелерін жазып қоятынмын, енді күнделікті көңіл бөлуге бекіндім» [1, 9].

«Шуақты күндер» естелік-эссесі арқылы атақгы ұлт қорғаны, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлымен алғашқы кездесу сәті былай баяндалады. Бақытжан Момышұлының «Огни Алатау» газетінде қызмет істеп жүрген кезі, сондай көшпелі редакциямен Целиноградқа сапарға кеткен мезгілі болатын. кетіп қалған. «Үйде жалғызбын. Алдында, анау үлкен ағайым тұратын жерде, Кеген аудандық оқу бөлімінде мектеп жасына дейінгі балалардың инспекторы дейтін жұмыс істеп әрі кешкі мектепке сабақ беріп жүргем. Тұрмыс құрғаннан кейін біржола келдім ғой Алматыға. Келгеннен кейін жұмыс бірден табыла қоймай, оның үстіне жаңадан үйленген соң үйде болатынмын.

Түс кезі. Шәй дайындап, енді ішейін деп отырғанымда есік сынып кетердей тарсылдады. Таре, таре, таре... Зәрем ұшты енді. Тапа-тал түстің кезі, бірақ енді сұмдық қорықтым. Есіктің алдына барып, даусым зорға шығып «Бұл кім?» деппін ғой. Сөйтсем «Бұл - мен! Атаңмын! Бар киін!» деді. Түкке түсінбеймін. Енді жалаңаш жүрген жоқпын ғой, үстіме қараймын, халатым бар. Бірақ «киін» дегеннен кейін асып-сасып жүріп әлгі халатты шешуді ұмытып сыртынан жеңі ұзын көйлек киіп, басыма орамал, аяғыма шұлық киіп алыппын. Жаздың күні болса да. Сосын есікті аштым да «нартәуекел» деп сәлем жасадым. Өйткені шешем, «үлкен кісілер қаласын, қаламасын сәлем жаса» дейтін. Сөйтіп едім қолын болар-болмас басыма тигізіп, «Бақытты бол, балам!» деп ішке қарай өтіп кетті. Қасында бір ағай болды. Кейін білдім, ол Мекемтас ағай екен. Мырзахметов. Содан тездетіп дастархан жасап, шәй беріп отыр едім «Черновик қайда?» деді. Сөзінің мәнісін түсінбей «Черновигі несі?» деп үндемей отырып қалдым. Соны сезді ме «Момышұлы екіншіні айтам» деді. Зәрем ұшып отырмын, өйткені атамен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын. «Целиноградқа кетті» деп айтамын дегенім болуым керек «Целиноградқа ұшып кетті» дедім. Сөйтіп ем «тоже мне птичка божья» деп дүрс етті. Содан кейін «ол сияқты қаланың жалқауларына елге барып, еңбек адамдарымен араласқан пайдалы» деді. Шәй құя бастам ем «маған сүт қатпай, қарадай құй» деді. Бұл әдетін есте ұстау керек екен дедім. «Мынау менің інім Мекемтас Мырзахметов деген сенің қайын ағаң болады» деді. Қайын атаң қайын ағаңды таныстырып жатқанда не істеу керек екенін де білмеймін, қайтадан орнымнан тұрып, сәлем жасадым. Үндемей отырмын темен қарап. Бір уақта «Немен қоректеніп жүрсің?» деді. «Апам келіп тұрады, тамақ бар үйде» дедім. Сөйтіп ем «Тамағың бар шығар, бірақ мынаны ал» деп, алдыма ақша тастады. Сыпайылық танытайын дедім бе, білмеймін, «рахмет, ақша бар үйде» деп ем, «Ал!» деп ақырып жібергенде қорыққанымнан бас салдым жаңағы ақшаны. Бір кезде қалың киімнен пысынап барам, жотамнан тер ағып жатыр. Содан кейін ағаға қарады да «Эй, Мекемтас, нағашыңның үйіне келгендей неғып шалжиып отырсың? Бар, тұр да, такси алып кел» деді. Аға шығып кетті, мен де орнымнан тұрып, атаны шығарып салдым. Сол кезде жалт бұрылып қарады, қараған кезде денесімен бұрылады екен, «о, тоба» дедім ішімнен. Содан кейін «аман бол, балам» деді де шығып кетті. Талайға дейін есімді жия алмай, аяқ-қолым дір-дір етіп, отырдым да қалдым. Атамен алғашқы таныстық осылай болды» [1,13 ].

Атамен алғашқы танысудың өзі-ақ З.Ахметоваға екі қасиеттің тағылымын танытып кетті. Оның бірі «Құдама тартқан екенмін» деген сөзі арқылы, адамның бойындағы жақсы әдетін бағалай білетін асыл ұғымы болды. Ол кейін де бүкіл отбасына үлгі болып, Алланың жаратқан әр пендесіне деген құрметті оятты. Екіншісі, «Бар, киін» деген ишаралы сөзі арқылы кім келсе де ашық-шашық жүруден бұрын, өзіңді сыйлауға деген биік тәрбие салтының алғашқы баспаладағын аттатып еді. Байқап отырғанымыздай, алғашқы танысу сәтінде-ақ ұлтымыздың әдет-ғұрыптық салт-дәстүрлік өзіміз тым байқай бермейтін сынықтары арқылы Бауыржан Момышұлының тәрбие құралы етіп, жалпы адамзатты тәрбиелеуге деген кең құлашты құлшынысын байқауға болады.

Б.Момышұлымен әңгімелесу, тіпті ас-суын бергендегі әр әрекетте де тәрбие тағылымы басты орында тұрғандай болады. Немересі Ержан туғаннан кейін алты ай өткен соң, Атаға бармақшы болады. «Есікті атамның өзі ашты, үйде басқа ешкім жоқ екен. Біздің үстіміздегі қорбиған қыстық киімнен бе, әлде жиі көріп тұрмағандықтан ба, бірден танымады. Менің сәлемімді алған соц, не шарумен жүрген адам екенімізді сұрағанда жылап жіберуге шақ қалдым.

- Ата! Бұл біз ғой. Немереңіз Ержан, - дедім.

Атам біресе маған, біресе Ержанға қарап, бір нәрседен қорғанғандай қолын сермеп, сасқалақтап қалды. Одан қолымдағы баламды алып бетін бетіне тақап, әлденені күбірлеп бауырына қыса түсті. Мен ол кезде атамның баланы өте сирек еркелетіп, езілетінін білмеуші едім. Мына елжіреу ата жүрегінің қарс айырылған жан күйзелісінің ауыр көрінісі, іштей егілуі еді.

-Алжыған шал! Өз немересін танымай қара басты ма! Жарайды енді, қабағыңды шытпасаңшы. Кешір атаңды! Момышұлы III деп маңдайында жазулы тұр, атаңның шаршаған кәрі көзі бірден көре алмай қалды, - деп Ержан бір нәрсе түсінетіндей сөйлесіп жатты» [1, 27]

Өзгенің алдында оңайлықпен кішірейе қоймайтын әдетін бір ысырып тастап, тіпті текаппарлығы да жайына қалып, бала екеш баладан кешірім сұрауға арланбайтын ұлылығы да тәрбиенің басты өзегі. Осынысымен дараланып биіктей түсетін, жайшылықта көзге шалына бермейтін Б.Момышұлының жүрегінің кеңдігінің қарапйымдылыққа ұласып жатқанын байқаймыз.

З.Ахметованың өмірлік сабақ алған келесі пайымдылық тағылымы - Б.Момышұылының 60-жылдығын өткізу кезеңіне сәйкес келеді. Атаның туған жері Жамбыл облысында болғандықтан бүкіл отбасы екі ай бұрын, Жуалы ауданының шипажайына орналасады. Демалыстан бұрын, Б.Момышұлына көрісетін кісілерден алды күнде босамай, тіпті күніне үш-төрт рет қазан көтеретін жағдайлар да болады. Осындай қысылтаяң бір сәттерде Зейнептің үйткен қойдың басы да шала күйіп, одан әрі таба наны да шикі көкаязданып піседі. Ыдыс-аяқтан өшін алып жатқан келініне Б.Момышұлы дереу Алматыдағы өз шаңырағына кетуді бұйырады. Бірақ, Зейнеп ашуының сырын түсіндіргенде, ашуы да бірден қайтып, жаңа ғана қаңтардың аязындай қарып, бүрістірген суықтық, бірден жаздың жайдары күніндей жайнап шыға келеді. «Күліп болған соң атам байсалды үнимен:

-Жаман әйел ыдыс-аяқган өшін алады. Сен менің баламсың, жам ан болуға хақың жоқ. Келіп-кетіп жатырған адамдар сені құйқаны күйдіргеніңе ашуланыпты демейді, өздерінің келгеніне торсаңдап жүр екен деп ойлайды. «Момышұлының келіні барған кісіні жақтырмайды екен» деген жағымсыз атаққа ілінесің. Кім келсе де жылы жүзбен, ашық қабақпен қарсы алғын. Erep қадірін кетіріп жатқан қонақ болса, қалай шығарып салуды өзім білем. Сен маған қарама, үлкен-кіші демей дәміңді алдына тартып, сыйлап аттандырғын» [1,25]. Б.Момышұылының келініне қаратып айтқан ақылы З.Ахметованың өмірлік сабақ алатын әңгімесі болды. Атаның үлкен үйінің ақ дастарханын ұстап, есікті ашқан адамдарды ізетпен күтіп, құрметпен шығарып салуды ол зор міндет, әрі таудай сын екенін түсінген еді. Кішкене ыдыс-аяқтың сылдыры арқылы Б.Момышұлының келініе үлкен тәрбие бергенін ұққандаймыз. Себебі, үйге келген кездойсоқ кісіні қарсы алу, шақырылып қойған қонақтан жоғары тұратындығын және келген кісіні қарсы алудың да үлкен мәні бар екенін айқын сезіліп тұрғандай. Өнер адамының рухани жан дүние кеңдігі балалық шағынан бастау алады. Өмір бойы сол қыр астында қалған жастықтың жасыл бейнесінен келісті сурет, көркем бояу таып, соны қайыра көз алдына елестетіп, жаны байып, жаңарып отырады. Бауыржан Момышұлы да өзінің балалық, жастық шағынан мол қазына жинаған. Сол қазынаның келісті көрінісін «Шуақты күндер» туындысынан осылай сатылап көруге болады.

«Шуақты күндер» туындысында Б.Момышұлының бейнесінің ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тарихының тұнығына тәрбиелеудегі танымдық сипаты да беріледі. Ол - немересі Ержанға «айтып беру қиын емес, бірақ білмеген нәрсені есту одан да жақсы» деген ұстаныммен үйретуден басталады. «Сол күннен баста п атам немересіне айдың, жылдың атауларын үйрете бастады. Атам, Ержанды шатастырмас үшін, қазақша ай аттарын осы күнгі күнтізбе бойынша үйреткенімен, бізге ай аттарының қазақ арасында, әр жерде әр түрлі айтылу айырмашылықтары бар екенін, көне көз қариялардың күні бүгінге дейін сол бұрынғы атауларымен атайтынын түсіндірді. Мысалы, Сентябрь туса қураған шөптің басына мамыққа ұқсаған бір үлпілдіктер қаптап ұшып жүреді, бұны қазақ «мизам ұшты» дейді, содан барып кейбір жерлерде әлі күнге дейін сентябрьді «мизам» деп атайды. An октябрьде қараша, қоңыр қаз түн қатып жылы жаққа ұшып кетеді, осыған байланысты бұл айды қараша деп атайды. Атам Ержанға мынандай жыл санау үйретті: Тышқан жылы - тыныштық, Сиыр жылы - сыйлық, Барыс жылы - бірлік, Қоян жылы - қамбалы, Ұлу жылы - үлгілі, Жылан жылы - жайлы, Жылқы жылы - жұтсыз, Қой жылы - құтты, Мешін жылы - мейірімді, Тауық жылы - табысты, Ит жылы - игілік, Доңыз жылы - дүниелі» [1,127].

III Момышұлыны тәрбиелеу жолында I Момышұлы өзі айтқандай «мен солдат тәрбиелеуге шебер болғам, ал бала тәрбиелеуде сауатсызбын» дегенімен, үнемі азамат ретінде өсіруге күш салады.

Өмір шындығы шығарманың басты құбылысы болып белгіленген. Себебі туыныдыдағы барлық ой, мысал, кез - келген оқиға тап - таза өмірдің өзінен алынған. «Шуақты күндер» өзге шығармалардағы ерлік рухгың бастау бұлағы. Онда кейінгі батыр болар ұланның бойына қайсарлық пен батылдық, мейірімділік пен ізгілік адамгершілік пен адалдық қасиеттерді сіңіре білген қажет жерінде қайыспас қатал, керек жерінде жаны жұмсақ ATA - Бауыржан Момышұлы бейнесі маржандай мөлдіреп тұрады.

«Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не аналары ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп атйтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда. Біздің кейде өткенді еске алсақ, тұгас тұлға іздеп, бүгін бір жүйелі оқиға іздеп, кесек - кесек кереметтер іздеп, ерекше мән беріп қарайтынымыз бар. Бала қиялы ол көргендерінен көлемді ой үйгеннен гөрі, үзік - үзік үміттің өзінен рахат сезімге бөлене береді» [2,20].

З.Ахметованың «Шуақты күндер» туындысы - оның жазушылық шеберлігін әдеби қауымға мойындатқан алғашқы шығармасы. Онда жазушының суреткер ретінде болмысы ғана емес, адам деген ардақты атқа сай тәрбиелген үлкендердің аяулы ісі де жан-жақты ашылады. «Б.Момышұлы - жалпы адам баласының, абзал қасиеттері мен азамат тәрбиесін тереңнен ойланып, тағылыммен толғанған, парасатты ойшыл. Ол әсіресе ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген» [3,44].

Қорыта келгенде, ұлттық тағылымның түп-төркінін шығарманың бас кейіпкері - дана да дара Бауыржан Момышұлының іс-әрекеті, отбасындағы, өскен ортасына деген қарым-қатынасы арқылы байқаймыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Ахметова 3. Шуақты күндер: Б.Момышұлы туралы естелік. Алматы, Жазушы, 1984. -175 б.
  2. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Көптомдық шығармалар жинағы. I том., Алматы, Өнер. 2008. - 248 б.
  3. Аяпова Г.Б. Б.Момышұлы қанатты сөздерінің ұлттық танымды дамытудағы орны Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы №2 (49) 2018, маусым

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.