Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көшпенді мәдениет және қазақ музыкасы

Андатпа

Мақалада қазақ халқының ұлттық өнерінің әртүрлі жанрларының көшпенділік өмір салты жағдайындағы даму тарихы мен қалыптасу ерекшеліктері баян далады. Қазақ өнерін басқа түркі тілдес халықтардың өнер түрлерімен салыстырылады. Халықтардың өмір сүру салтына қарай өнерінің өркендеуі айтылады. Домбыра, қобыз бен сыбызғы аспаптарына тоқталып, аспап орындаушыларана берілетін атауларға мінездеме беріледі.

Өткен ғасырларда көшпенді өмір салтын ұстанған халыісгардың музыка өнері олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты дамыған.

Қазақ халқы біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтан бастап XX - ғасырға дейін көшпенділікпен айналысқан. Ғасырлар бойына қалыптасқан өмір салты халықтың рухани өміріне тікелей эсер етті. Атап айтқанда ұжымдық би өнері, хор өнері мен аспаптық ансамбль дамымады.

Көшпенді өмір салтында өнердің бір ғана түрі- жеке орындаушылық өнер жақсы дамиды. Дәстүрлі музыка жанрларының барлығы жеке орындаушылық түрде дамыған. Қазақтарға қарағанда түркі тілдес егін шаруашылығымен айналысқан өзбек, ұйғыр халықтарында музыка аспаптарының түрлері молырақ. Отырықшыл өмірдің арқасында бұл халықтар би өнерінде жақсы дамытқан. Басқа халықтарға қарағанда монғолдардың жеке орындаушылық өнерінің дамуы қазақтарға ұқсас және қатты дамыған.

Жер шаруашылығымен кәсіптенген халықтарда мысалы, орыстарда жеке жанр болып қалыптасқан еңбек әндері бар. Олардың көбісі күнтізбелік деп аталады, мысалы, кейбір әндер көктемде жер жыртып, егін еккен кезде айтылса, басқалары күзді күні астық жинаған кезде орындалады. Арнайы әндер жазғы және қыс айларындағы мейрамдарда орындалады. Күнтізбеге лайықталмаған еңбек әндері жұмыс істеу кезінде адамдардың күш- қуаттарын жұмылдыру үшін және іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін қолданылады.

Қазақ халқының бұрынғы кезде негізгі кәсібі мал бағу ғана болғандықтан, дәстүрлі музыка саласында еңбек әндері жеке жанр болып қалыптаспаған. Сол сияқты, күнтізбелік әндер де жоқгың қасы, өйткені XX ғасырға дейін қазақ халқы бір жылдық емес, көне заманнан бері келе жатқан 12 жылдық (мүшелдік) күнтізбені қолданған.

Дәстүрлі музыка ішінен күнтізбелік ән деп бір ғана жанрды атауға болады, ол-Жарапазан. Жарапазан әні алғашында Наурыз мейрамында орындалған. Бұл күні адамдар бір-бірін Жаңа жылмен құттықтап қонаққа барған, наурыз көже пісіріп дастархан жайған. Кешкісін жастар мен балалар топ-топ болып үй аралап Жарапазан әнін айтқан. Сол үшін үй иелері оларға құрт,шелпек, бауырсақ, тағы басқа тәтті тағамдар берген. Жарапазан әні Ораза айт мейрамында да орындалатын болған.

Қазіргі кезде ұмытыла бастаған, сол себепті көпшілік біле бермейтін әдет-ғұрыптардың бірі-жаңбыр шақыруға арналған Тасаттық рәсімі. Өзі куә болған фольклор зерттеушісі Г.Байтенованың айтуынша, солтүстік Қазақстандағы бір ауылдың тұрғындары таң атпай өзеннің жағасына шығады, сол жерде Құран оқып күннің шығуын қарсы алады. Содан соң арнайы дайындалған қойды құрбандыққа шалады. Үлкен-кішісі болып бәрі өзеннің жағасында демалады. Күн бата ауылына қайтқан кезде бәрі кенеттен жауған нөсер жауынның куәсі болады.[1]

Қазақ халқының музыкалық фольклорында жиын-тойларда, жанұялық мейрамдарда, ойын-сауық кештерінде орындалатын тұрмыс-салт әндері бар. Оның ішінде халықтың ерекше ұнататыны - тұрмыс-салт айтыстары: Қайым айтыс, Жұмбақ айтыс, Өтірік айтыс, Шешен айтыс.

Қайым айтыс көбінесе жігіт пен қыздың а расы н да айтылады. Айтыс кезінде жастар бірін-бірі сынап, әзілдеп, дәл тауып айтылған өткір сөздер арқылы жеңіске жетуге тырысады. Дегенмен, Қайым айтыстың мақсаты жарыс қана емес. Кездесу кезінде жастар бір-біріне астарлы сөздер арқылы махаббаттық сезімін білдіріп, сұхбаттасып қалуға тырысады. Сондықтан осындай кездесулерді қайымдасу деп те атайды.

Тұрмыс-салт айтыстың келесі түрі - Жұмбақ айтыс. Талап бойынша қарсыластары өлең түрде қойылған сұрақтың жауабын дұрыс тауып қана қоймай, оны қызықты, күлдіргі сөздермен жеткізуі керек. Жеңілгені қарсыласының кез келген талабын орындаған.

Өтірік айтыста қатысушылар өлең түрде қызықты әңгіме айтып, онысына бірде-бір шындық қоспауы керек.

Шешен айтыста айтыскерлер өзінің тапқырлығы мен суырып-салмалық қабілетін көрсетуге тырысқан.

Тұрмыс-салт әндерінде тәрбиелік мән басым болады, мысалы, ол «Не жаман», «Өмір туралы» әндерінен айқын көрінеді. «Не жаман» әндерінде дәстүрлі қоғамның жағымсыз жақтары айтылады, мысалы: ұрлық, ерке өскен қыз, жесір қалу, жетім қалған бала, кәрілік, жау шапқыншылығы, күйеуінен қайтқан қыз т.б. Қызықтысы, осы 13 «жаманның» ішіндегі ең жаманы - кедейлік («жоқ жаман).

«Өмір туралы» әнде адамның бір жастан тоқсан жасқа дейінгі өмірі суреттеледі, кей кезде әзіл-сықақ түрінде орындалады.

Тұрмыс-салт әндерінің ішінде балаларға арналған әндер мен балалар әндері жеке-дара болып екі топты құрайды. Балаларға арналған әндерді ересектер орындайды (мысалы, «Санамақ», «Жаңылтпаш», «Төрт түлік мал», «Әлди-әлди»). Бұндай тәрбиелік мәні бар әндердің кейбіреулері баланы дұрыс және анық сөйлеуге үйретсе, басқалары малдың түрлерімен, олардың мінез-құлықтарымен таныстырады. Балалар әндерін балалардың өздері орындайды, олардың көбісі ойын кезінде айтылады, мазмұны да сол ойынмен байланысты.

Тұмыс-салт әндеріне жергілікті таулар мен суларға арналған жер-су әндері де жатады. Алғашқы қоғам дәуірінде бұндай әндер жер, су, тау, орман иелеріне (пірлеріне) бағышталуы мүмкін. Кейін келе, әндердің бастапқы магиялық мазмұны ұмтылған кезде, олар тәлім-тәрбиелік мәні бар әндер ретінде сақталып қалған.

Домбыра, қыл қобыз және сыбызғы қазақ халқының негізі музыкалық аспаптары болған. Бұл аспаптардан басқалары аңыз әңгімелер, ертегілер мен жырларда жазылғандай тұрмыста, аңшылықтарда, жорықгарда, соғыс кезінде арнайы белгі беру үшін пайдаланылған.

Халықтың ең сүйікті аспабы-домбыра. Домбыраны күйшілер ғана емес, ақындар, жыршылар мен әншілерде кеңінен пайдаланған.

Аспаптық музыкада «күйші», «домбырашы», «қобызшы», «сыбызғышы» деген атаулар бар екені мәлім. Олар бір-біріне мағыналас болғанымен, айырмашылықтары да бар. Күйші деп өз жанынан аспапқа арнап күй шығарған және оны орындаушыны айтады. An домбырашы, қобызшы, сыбызғышы-олар белгілі бір шығарманы орындаушылар.

Күйшілік ертеректе қалыптасқан өнер түрлерінің біріне жатады. Күйшілік өнер тарихи дамуына қарай: фольклорлық кезең және жеке авторлық кезең болып екі кезеңге бөлінеді. Фольклорлық кезеңде туындаған шығармаларда дәстүрлік ұғым басым болып, авторлық көзқарастың әлі қалыптаспағандығынан, сол кезеңдегі күйлер авторы беймәлім, халық күйлері деп тарихта қалған. [2]

Аспаптық музыканың ең көне үлгілерінің бірі-аңыз күйлер. Онда күй мен аңыз, музыка мен мәтін біртұтас. Мұндай күйлер мен аңыздар жеке-дара болып орындалмайды, өздерінің құрылымы мен мазмұны жағынан олар бірін-бірі толықтырып отырады. Аңызсыз жеке орындалған күй мән- мағынасынан айырылады. Кей кездерде, мысалы, қобызға арналған «Аққу» күйінде, домбыраға арналған «Ақсақ құланда», сыбызғы аспабына арналған «Бегім салда» күйдің ырғағы аңыздың басты сөздерін «айтып тұрғандай сезіледі. Көне заманнан келе жатқан аңыз күйлерде музыканың бейнелеу мүмкіндігі кеңінен қолданылған, мысалы, аттың шабысы, құландардың жосуы, қасқырдың ұлуы, аққудың саңқылы.

Халық өмірінде орын алған маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғаларға арналған тарихи күйлер мен әндер де болған. Мысалы, ежелгі Рим қолбасшысы Ескендір Зұлхарнайға (Александр Македонский), «Ақсақ Әмір» атанған Темірланға арналған әндер осы күнге дейін халық аузында сақталған. Халық әні «Елім-ай» жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «зар заманды» бейнелесе, «Ел айрылған» күйі қазақтар мен ноғай руының бөлінуін сипаттайды. Ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келген қарапайым халықтың екіге бөлініп, жақын туыстарынан айрылуы, туған жерін тастап, жат жерлерге көшуі осы күйде суреттеледі.

XVIII ғасырдың соңында Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде Сырым Датұлының қолбасшылығымен Ресей патшасының өкілдігіне қарсы ұйымдастырылған көтерілістің болғаны тарихтан мәлім. Халық күйі «Сырым сазы» сол тарихи тұлғаның бейнесіне арналған.

Авторлық кезеңде күй өнері кәсіби түрде қалыптасып, шарықтау шегіне жеткен кезі болғандықтан авторлардың жеке қолтаңбасы айқын байқалады. Бұл XVIII-XIX ғасырдағы күй өнерінің қарыштап дамыған кезеңі. Осы кезеңде туындаған күйлер аспаптық музыканың классикалық үлгілерін құрайды.

Домбыра күйлері-аспаптық музыканың ең көрнекті әрі кең тараған түрі. Қазақстанның кең-байтақ жерінің аймақтық дәстүрлерінің ерекшелігіне байланысты әр өңірде стильдік күйшілік мектептер қалыптасқан. Жалпы алғанда, домбыра күйлері төкпе және шертпе стильдеріне бөлінеді.

Төкпе күйлер Қазақстанның батыс аймақтарында кең тараған. Шертпе күйлер Қазақстанның шығыс, орта, оңтүстік өңірлерінде орын алған.

Батыс Қазақстан күйлері: Маңғыстау, Құрманғазы, Бөкейлік және Сыр бойы мектебі болып 4 негізгі мектепті құрайды. Бұлардың өзара стильдік ерекшеліктері тағы бар. Мысалға: Маңғысгау мен Бөкейлік мектептің айырмашылығы айқын байқалады. Сондай-ақ Құрманғазы мен Сыр бойы күйлерін бірдей деп айтуға келмейді.

Төкпе күйлер музыкалық құрылымы жағынан біркелкі болып келсе, шертпе күйлердің құрылымы аймақтық ән-жырлар, қобыз бен сыбызғы күйлері арқау болады. Орталық Қазақстанда Арқа дәстүрі, Оңтүстік Қазақстанда Қаратау дәстүрі және Шығыс Қазақсган аймағында теріс бұраудағы көне күйлерді орындау қалыптасқан.

Батыс Қазақстандық күйлер екі дауыста, жігерлі, ырғақтық жағынан біркелкі, дәстүрлі композициялық құрылыммен дамиды. Шертпе күйлер бір дауысты, ырғағы еркін, үрдісі сабырлы, көбінесе суырып салма принципі бойынша өрбиді. Шертпе күйлердегі әуен әнге жақын, дыбыс көлемі шағын болып келеді.

Төкпе және шертпе күйлердің айырмашылығы олардың оң қолмен дыбыс алу мәнерінде. Төкпе күйді оң қолдың барлық саусақтарымен сілтеп қағу тәсілімен орындалатындықтан «төгу» және «төкпе» сөздерінен шыққан. Ал, шертпе күйді ішектерді сұқ саусақпен бірге немесе алма-кезек шертіп ойнау тән. «Шертпе» сөзінің түбірі «шерту екендігі осыдан белгілі.

Төкпе күйлер дәсгүр бойынша: бас буын, негізгі буын, орта буын, кіші саға мен үлкен саға деген бөліктерден тұрады. Эр буын күйде өзіндік мәнге ие. Бас буын күйдің «кіріспесі» болса, негізгі буында күйдің негізгі тақырыбы( әуені) жүреді. Орта буында негізгі тақырыпты дамыту болады. Сағада жүретін әуенді күйдің шарықтау шегі деуге болады. Ал, шертпе күйлерде бұндай бөлімдер жоқ, олардың дамуы, суырыпсалма түрінде жүреді.

Батыс өңірінде төкпе күй дәстүрін дамытушы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Ecip, Есбай, Қазанғап, Дина, Сейтек т.б. Шертпе күй дәстүрін қалыптастырушылар Байжігіт, Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Сүгір және олардың шәкірттері. Бұл күйшілер қазақ дәстүрлі музыкасына орасан зор үлес қосып, олардың барлығы артында орындаушылық мектеп қалдырды. Ол мектептер бүгінгі күнге дейін сақталып, ұрпақ игілігіне қолданылуда.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. .П.Шегебаев, С.Елеманова Қазақ музыка әдебиеті, Астана Фолиант, 2015. 101 б
  2. .Т.Қоңыратпай Қазақ музыкасының тарихы Алматы, Дәуір 2011. 165 б
  3. . Музыка әлемінде Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, №4 2006 63 б
  4. .«Өнер мен музыкалық педагогиканың өзекті мәселелері: дәстүрлер, инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, 2017 Атырау. 93 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.