Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері

Аңдатпа

Мақалада отбасындағы тұлғааралық қарым-қаты насты қабылдаудың психологиялық аспектілері туралы мәселелер қарастырылған. Мақала қазіргі кездегі отбасы жағдайы, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастар туралы өзекті мәселеге арналған. Онда отбасы, тұлға, тұлғаарлық қарым- қатынас, оның ерекшеліктері, түрлері талданады. Зерттеушілердің көзқарастарына талдау жасалынған.Жүргізілген жобалық жұмыстар негізінде талдаулар сөз болады. Осы мәселелер бойынша зерттеулер әлі де болашақ зерттеулерді қажет етеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген [1].

Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымының бұзылуы - бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

Огбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Огбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр [2].

Адам өзінің материалды және рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында еңбек әрекетімен айналысып, өзін қоршаған адамдармен жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасамайынша дұрыс өмір сүре алмайды. Қоғам, жеке адам, қарым-қатынас және әрекет әр уақытта бірлікте. Бұл тіршіліктің заңды белгілері.

Сәби жарық дүниеге келген алғашқы сәттерінен бастап-ақ отбасының мейірімді, парасатты жаны - анасы, баска да өзінің айналасындағы адамдармен түрлі қарым-қатынасқа түсе бастайды. Ал, қарым-қатынас адам баласының тіршілік етуінің негізгі шарты ғана емес, оның психикасының дұрыс қалыптасып дамуының факторы және аса қажетті кұралы болып табылады. Өйткені, қарым-қатынас дегеніміз - өзара пікір алмасу, келісім не өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі болып табылады. Огбасындағы қарым-қатынас арқылы ата-ана баласын өмірге бейімдеп, өзінің де өзгелердің де дербестігін түсінуге үйретеді. Кез-келген отбасындағы ең негізгі мәселелердің бірі - үйдегі тәртіп. Тәртіп ата-ана мен баланың күнделікті қарым-қатынасының тұтастай бөлшегі. Ата-ана баласының ақыл-ойын, қабілетін дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен баласын жақсы, толық түсіне білуі керек.

Жеке адам қалыптасуының негізгі факторы болып табылатын қарым- қатынас баланың интеллектісінің дұрыс, жеткілікті дамуына өте үлкен эсер етеді. Көптеген педагогикалық, психологиялық ғылыми деректер бізге қарым-қатынас әр кезде әрекетпен тікелей байланыста жүретінін көрсетеді.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Философиялық түсінік бойынша - Тұлға философиялық тұрғыда адамды "адам" ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психофизиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарасгырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан- жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай- қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады. [3]

Психологиялық түсінік бойынша - Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз "менің" өзге "менен" ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола басгайтынын "Он үште отау иесі" деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады [4].

Тұлғааралық қатынас - этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысгы әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

Тұлғалық белгілер - адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы - негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады [5].

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы - білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары [6].

Қарым-қатынас- бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Ол аса үлкен құндылық болып табылады.

Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-әрекеттегі бірін-бірі қабылдауы және түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп әрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылысгарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі - адамдар арасындағы қатынас аймағы.

Қарым-қатынас мәселесінің коцептуалды негіздері туралы кеңес ғалымдары В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г.Ананьев, М.М.Бахтина, B.Н.Мясищева және т.б. қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, әлеуметтенуі және индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды. [7]

Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес.

Қарым-қатынас түрлері мазмұнына қарай: материалдық, когнитивтік, кондициялық, мотивациялық, іс-әрекеттік болып бөлінеді. Заттармен алмасу; біліммен алмасу; психикалық немесе физиологиялық күйлермен алмасу; мақсат, қызығушылық, мотивтермен, қажеттіліктермен алмасу.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің бірі - отбасы. Огбасы өзіндік ой-пікірі, өзіне тән мінез-құлқы, психикалық, физиологиялық ерекшеліктері, қабілеттері, қызығушылықтары бар жеке тұлғалардан тұрады.

Қарым-қатынас адам психикасының қалыптасуында, оның дамуында және мәдени, парасатты мінез-құлықты болуында үлкен орын алады. Психологиялық жағынан дамыған адамдармен қарым-қатынас жасауда адам өзінің барлық жоғары танымдық қабілеттері мен қасиеттеріне ие болады, өз ойларын дұрыс айта білуге үйренеді. Жетілген адам тұлғаларымен белсенді қарым-қатынас жасау арқылы өзі тұлғаға айналады.

Қарым-қатынас - соншалықты бірегей және көп деңгейлі үдеріс. Психология бойынша классикалық дерекөздер негізінен алып қарасақ, қарым-қатынас бір-бірін серіктес ретінде қабылдау және түсіну, ақпарат алмасуға негізделген адамдар арасындағы өзара әрекеттің күрделі процесі деген Г.М. Андрееваның анықтамасымен келіспеуге болмайды. [8] Зерттеуші С. Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» деген еңбегінде қарым- қатынас үғымына мынадай анықтама берген: Қарым-қатынас - адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс-салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Қарым-қатынас дегеніміз -ғылым, әрі өнер. Бұл шығармашылық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мүқтаждығы. Қарым- қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлыгы мен жанашырлық сезімі, мәдени көзқарасы қалыптасады

Қарым-қатынас субъектілері - тірі тіршілік иелері, адамдар. Адам деңгейіндегі қарым-қатынас үрдісі вербалды және вербалды емес әрекеттермен байланысгы саналы болады.

Ақпаратты беруші адам - коммуникатор болса, ал алушы адам- реципиент болып табылады. Қарым-қатынас, шын мәнінде - адамдардың өзара әрекетінің күрделі көп жоспарлы үдерісі. Осы үдеріс барысында айқындалып және дамитын нәрселер:

  • адамдар арасындағы байланыс;
  • ақпаратпен алмасу;
  • басқа адамдарды қабылдау және түсіну;
  • өзара ықпал;
  • қарым-қатынас тактикасы. [9]

Қарым-қатынас мақсаты өзара әрекет үдерісін, қарым-қатынасты орнатуға негізделген. Қарым-қатынас әңгімелесушілердің арасындағы психологиялық қатынастың дамуына, тұлғааралық байланыстың орнығуына, тұлғаның қалыптасуына қызмет етеді.

Тұлғааралық қарым-қатынас кезінде барлық мүшелер бір-бірімен тікелей байланыс орнатады, әрі қарым-қатынаста болады. Қарым-қатынас ерекшелігі топтар жүзеге асыратын іс-әрекеттің мақсат, мазмұны арқылы анықталады. Тұлғалық-топтық қарым-қатынас - бір жақты жеке адам, ал бір жақты-топ бейнеленгенде ғана пайда болады.

Адам басқа адамдармен сөйлесе отырып, жалпыадами тәжірибені, әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, білімді, қызмет әдістерін меңгереді, сонымен бірге тұлға ретінде қалыптасады.

Огбасы-қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасы «Оганға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын. Осы орайда мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Барлығына белгілі - бұл әлемдегі шынайы байлық - ол отбасы. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, адамгершілік құндылыққа баулиды. Тұлға болып қалыптасу көбінде тәрбиеленген ортаға, адамдарға, олардың арақатынасына тәуелді болады. [10]

Қоғамдық ережелер ең алдымен отбасында қабылданып, мойындалады. Қоғамның багалы мәдениеті де отбасында қолданылып, жүзеге асырылады. Сондай-ақ басқа адамдарды түсініп, қабылдау олар туралы бір пікірге келу де отбасында қалыптасады. Ол отбасының өзара қарым-қатынастық қызметі барысында жүзеге асады. Огбасының балаға тәрбие беруде эсер етушілік ықпалы қоғамның эсер ету ықпалындай өте ауқымды.

Ата-ана баласымен қарым-қатынасқа түскенде қарым-қатынастың түрлерін қолданады. Көптеген ғылыми деректерден біз қарым-қатынастың демократиялы және авторитарлы түрі барын білеміз.

Демократиялы қарым-қатынас - ата-ана мен баланың арасындагы өзара достық, жолдастық көріністерден жасалған қатынас. Бұл қатынас балада эмоцианалды көңіл-күй тудырып, саналы іс-әрекетке итермелейді. Бала ата-анасы жағынан эмоцианалды дұрыс қарым-қатынасты барлық қажеттеліктерден де басым керек етеді. Ата-ана осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін баласымен кішкене кезінен бастап мейірімді, жылы қатынас жүргізуі тиіс. Ол баланың келешекте мәдениетті болып қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Демократиялық қарым-қатынаста тәрбиеленген бала кез келген ортада өзін дұрыс ұстауға тырысады.

Авторитарлы қарым-қатынас - кішкентайлардың үлкендерге сөзсіз бағынып, тәуелді болуымен тікелей байланысты жүреді. Үлкендер бұл жағдайда тәртіптілікті, баланың ата-анасына толық бағынышты болуы деп түсініп, баласына психологиялық қысым жасағанын байқамай да қалады.

Авторитарлы қарым-қатынас барысында бала көбінесе ата-анасына сескеніп, қорқады. Нәтижесінде бала өз тәртібін дұрыс меңгере алмайды. Осындай қарым-қатынаста тәрбиеленген бала балабақшада, мектепте, басқа да қоғамдық орталарда өзін бірқалыпты ұстай алмайды, қарапайым мәселелерді шешуде қиналады. Өз әрекеттеріне әділ баға беруде кателеседі. Мектепке дейінгі жастағы бала мен ата-ананың жасаған авторитарлы қарым- қатынасы бала ойлауының дамыуына да өз әсерін тигізбей қоймайды.

Отбасынан басталған оң тәрбие адамдар арасындағы қарым- қатынастың, адамның алдағы барлық еңбек және әлеуметтік өмірінің бағытын айқындаудың негізі болып табылады.

Осыған орай отбасының мынадай тәрбиелік ролі айқындалды:

  • баланың қарым-қатынас тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып есептеледі;
  • өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның мәдениетті азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
  • отбасы - болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді, оның ішінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек - арқауы;
  • отбасы - жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас адамзаттың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылыктарды және ұлттық рухани байлықгы бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
  • отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы сан ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәсгүрді жалғастырушы;
  • отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын кұрметтеуші елжанды азамат тәрбиелеу;
  • отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы. Сонымен қазақстандықтардың келесі ұрпағы, тәуелсіз мемлекеттің мұрагерлері, жан-жақгы, жарасымды болып өсуі отбасымен тікелей байланысты екенін көреміз.

Оқушының жеке тұлғасын қалыптасгыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір - бірімен тату - тәтті, өзара түсінісгікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады. [11]

Қазіргі кезде бір балалы отбасылар мен толық емес отбасылары көбейген. Мұндай жағдайда ұжымның болу-болмауы ондағы үй-ішілік қарым- қатынастың сипатына байланысты болады. Erep онда тату қатынас, толық түсінушілік болса, ұжым деп айтамыз. Ал егер түсінбестік басым, үнемі ерегесу мен ұрысу болса, онда ұжым бола аламайды. Огбасындағы түсінбеушілік, қақтығыс, қарама-қарсылық баланың қарым-қатынас мәдениетіне кері әсерін тигізеді- Өзара тату қарым-қатынас жасайтын отбасыларында жағдай мүлдем басқаша. Ондағы адамдардың көзқарастары, қызығушылығы мен ынтасы сәйкес келіп, олар үнемі бір-біріне көмектесуге дайын, жанашыр болып келеді. Осындай қарым-қатынас бала бойында мәдениеттілік қасиеттерді қалыптастырады.

Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар барысында мынадай ерекшеліктер айқындалады:

  • ата-аналардың коммуникативтік мүмкіншіліктері;
  • ата-ана және бала арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас сипаттары;
  • ата-аналардың қарым-қатынасгы шығармашылықпен ұйымдастыра білу қабілеттері;
  • балалардың дербес ерекшеліктері.

Олай дейтініміз, отбасы жағдайында ата-ана баламен оның жас ерекшелігін ескере отырып, қарым-қатынас жасаса, баланың ойлауымен қатар, зейіні, белгілі бір объектілерге дұрыс шоғырланып, пайымы өсіп, кез келген затты тура, дәл есінде сақтай алу қабілеті қажетті деңгейде қалыптасып дамитын болады.

Әрбір отбасының, әрбір баланың өмірі әртүрлі және бірегей. Отбасылардың әртүрлілігіне қарамастан жеке алынып қаралатын әрқайсысының арқасында бүтін мемлекет шыңдалып дамиды, бүкіл халықтың әл-ауқаттылығы артып келеді. Барлық уақытта қоғамдағы отбасының орнына қарап елдің дамуын пайымдауға болады. Огбасының негізгі маңызды ерекшелігі - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Огбасындағы түсіністік пен тұлғааралық қарым-қатынас - адамдар арасындағы ақпарат алмасуға, бір-бірін қабылдауға және түсінуге негізделген күрделі әрекет болып табылады. Өзге адамдармен қарым- қатынас жасағанда ғана тұлғалардың дамуы жүзеге асады. «Кіммен араласатыныңдығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін» деп ойшылдар айтқандай, эр адам жеке қарым-қатынас тәжірибесі арқылы, отбасындағы, қоғамдағы тікелей қатынастар арқылы қалыптасады.

Ата-ана мен бала мәселелері, балаға көңіл белу мен уақыттың жетіспеушілігі немесе керісінше ата-ана қамқорлығының шектен шығуы; мектептегі дау-жанжалдар мен мәселелерді шешу, өз баласының психологиясын түсінбеушілік және ұрпақтың өмірлік мәселелеріне келіп тіреледі. [12]

Ешкім де тәрбиенің, тұлғааралық қарым-қатынастың қажетті дағдыларымен, білімдерімен туылмайды, ал балалар отбасындағы өзара қарым-қатынас білімімен және үлгілі бала түсінігімен туылмайды. Барлығына тәжірибені өз бетімен жинауға және дау-жанжалдар мен келіспеушіліктер тәжірибесінде жылы әрі сенімді қатынасты құруды үйренуге тура келеді.

Әрбір ұрпақ өз уақытында өмір сүреді, өз мәселелерімен кездеседі, ата-аналар мен балалардың уақытша шектеулері мен өмірлік мақсаттары екі жақтан үлкен тіоектері болса да ешқашан сәйкес келмейді. Балалар басқа мәдениетті оқиды, жаңа технологияларды қолданады, жаңа білім мен оқулықтарға сүйене отырып ойлайды. Ата-аналардың көзқарастары жиі кертартпа болып қалады, ол ата-аналар мен балалардың өзара түсіністігіне эсер етеді. [13]

Бала өз бетімен шешім қабылдап және өз таңдауының нәтижесі мен өз әрекетіне жауап берсе, ал ересектер өз балаларын шыдамдылықпен және парасаттылықпен түсінсе тұлғааралық қарым-қатынастағы басты мәселелердің бірі өз шешімін тапқан болар еді.

Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян. Қорытындылай келе, ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелелуде қоғам мен мемлекет алдында жауапты екендерін естен шығармауы тиіс. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екендігі айқын. Ұрпаққа отбасының аса құнда ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені күшімен салыстыруға болмайды. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу- ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару- әр қоғамның көкейіндегі басты арманы.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.А, 1995ж.
  2. I.Халитова, Әлеуметтік педагогика [Мәтін]: Оқу құралы / I Халитова.- 2-ші басылымы.- Алматы: Білім, 2007.- 200 бет.
  3. А.К.Құсайынов, Біз өз балаларымызды білеміз бе? "Мектеп оқушысының әлеуметтік бейнесі" әлеуметтік педагогикалық зерттеудің материалдары (Екі тілде) [Мәтін] / А.К. Құсайынов.- Алматы: РОНД, 2003ж.
  4. Қ.Т.Әтемова, Әлеуметтік педагогика [Мәтін]: Оқулық / Қ.Т.Әтемова.- Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012ж.
  5. Педагогика. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық университет 2004ж. 93 б
  6. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995. 83 б
  7. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс «Парасат әлемі» баспасы 2005ж. 65 б
  8. Қалижанқызы Р. Бала тәрбиесіндегі халық даналығы. /Үлағат. 2005. №3.
  9. Әгемова Қ.Т. IX-XII ғасырдагы ұлы гұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері. Астана, 2007.
  10. Ю.Тұрысбаева А. Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. / Бастауыш мектеп. 2006. №1. 21-2366.
  11. . Онғарбай А.Н., Аруова А.М. Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы жанұяның ролі. «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университет!нің Хабаршысы» ғылыми журналы №1(48) 2018г. 103 б
  12. .Қалижанқызы Р. Бала тәрбиесіндегі халық даналығы. /Ұлағат. 2005. №3. 56-59 66.
  13. .Құнанбаева А.Ж. Дәстүрлі казак жанұясындагы ата-ана мен бала қатынасының ерекшеліктері. /Педагогика. 2006. № 1. 43-4766.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.