Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жұмекен жырындағы бала тәрбиесі

Аңдатпа

Бұл жырда баланың дүние есігін ашып оның жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы жанұяның орны, ата-ананың балаға деген психологиялық көз қарастары баяндалады. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемшілікпен қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты.

Бала - болашақ өмір жалғасы. Бала - ата-ата қуанышы, үміті. Ең нәрлі жыр шумағын ақын өз перзентіне арнайды. Ол баласына арнаған өлеңдері арқылы барлық әкелердің жүрегіндегі сөзді дөп басып айтқан. Әкені толғандыратын бір нәрсе - баланың алдағы тағдыры, өмірден алатын орны. [1] Шығармалары - қысқа да шағын. Олар жаңа дүниеге келіп, аяғын апыл- тапыл баса бастаған бала өміріне арналған әке толғаныстары. Өлеңдерді бір-біріне жүйелеп тіркесе, перзентке арнаған шағын поэма болып шығар еді. [2] Ақынның бұл өлеңдері негізінен «Ұлым, саған айтам» атты жинағына енген. Белгілі ақын Сырбай Мәуленов осы жинақ туралы мынадай лебіз білдіреді:

«Жұмекен Нәжімеденов «Ұлым, саған айтам» атты жинағымен бұрынғы ақындық стилін жетілдіргенін, идеялық, көркемдік жағынан көп өскенін танытты. Сабырлы ой, парасат сатысына көтерілген ақын баласымен сырласа отырып, оған адамгершіліктің құнарлы да нәрлі қасиеттерін дамытуға күш салады.»

Кейіпкердің перзентінің дүниеге келуі оған ұшан-теңіз қуаныш әкеледі, әке бойына күш-қуат пайда болады. Ол мақтаныш кернесе де, кейіпкер қорқынышы мен қаупі де алые емес. Ол «тәтті ойдан төсектен атып тұрып», «сәл нәрседен сескене береді», «үйткені бақыттырақ» болып барады. Баланың мектепке дейінгі тәрбмесі қай кезде болмасын педагогтар мен психологтар қауымы бала өмірінің жаңа бастауы ретінде оның әлуметтік ортаға бейімделуі деп қарастырады. [3] Ата-аналық сезім билегенде адамда мұндай психологиялық күй болатынын ақын дәл байқаған. Әркім де өз баласынан үлкен үміт күтеді. Ондай үміт ұшқыны ат қоюдан басталады. Ат қою мәселесін қозғай келе, ақын мұны перзенттің Оган алдындағы борышымен де байланыстырады.

Ердің есімін бердік, байқа, бала,

Елдің ұлы болсын деп соған ұқсап, -

деуі баласының туған елдің үмітін ақтайтын, соған қызмет ететін азамат болуын тілегендіктен айтылған. Құлқынын көздеген адам елдің қамын ойлаудан аулақ болатынын лирикалық кейіпкер баласының құлағына оған ат қойған кезден сіңіре түседі, құлқынның құлы- елінің жауы деген ұғымды ұстайды да, ата-ананың тағы бір тілектен туған әрекетін келтіреді:

Өзіңді көтерді тек төбесіне

Қарыннан жоғарырақ боп өссін деп.

Адам баласы қазіргі кезде болашағымызды қорғау үшін күресуде майдан салуда. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. [4] Табиғатпен қатар адам үміті - перзентті де аялау - әр саналы азаматтың борышы. Лирикалық кейіпкердің ойы: болашақты сақтау үшін тыныштық - өмір тірегі керек дегенді айтады.

Шыбын қонбаған бетіңе Оқ қадалса қайтемін... Мен қорғаған ұйқыңды Бомба бұзса қайтемін, - деп қауіптенеді, мазасы кетеді.

Лирикалық кейіпкер тарихқа да кезек үңіліп, өзі көрген өмір ауыртпалықтарын баласы көрмесе екен деп тілейді. Оқушы көз алдынан соғыс елестері өтеді. «Шаппаса екен тісгене, бізге шапқан жау саған» деген тілек, «Мен іздеген асылды алсаң екен сен тауып» деген арман бір-біріне жалғасып жатыр. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-ана екендігі сөзсіз. [5]

Азаматтықтың басы - бала кезден тілазарлықтан аулақ болу, ата- ананың айтқанын ұға білу. Сонда ғана әке-шешеңді, еліңді ұятқа қалдырмауға мүмкіндігің болады деп ақыл айтады ақын. Бала мінезінің жағымсыздығы мен осалдығы кімдерді абыройдан айыратынын поэтикалық жолдармен санамалап келіп, мынадай пікіртүйеді:

Жақсы болсаң, еліңді

Мақтайды жұрт, ұқтың ба?

Бұл тұжырымда елге ілтипат, ел абыройын сақтау мәселесі жатыр. Ел мен азаматтың абыройының бірлікте екендігіне назар аудартады.

Ақын Мұхтар Шаханов: «Әрбір адамның өзінің туған әке-шешесінен басқа міндетті түрде төрт анасы болуы керек. Біріншісі - туған жері, екінші - туған тілі, үшінші - мәдениеті мен дәстүрі, төртінші -туған тарихы. Міне, осы анаға тамыр жіберу арқылы ғана эр адам өзге ұлттардың тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарай алады?» - дейді.

Осы айтылғандай, ақын өлеңдерінен перзентін патриоттық ой-сезімге жас кезінде ие бола беруге үгіттейтіндігін көреміз. Патриот тек елін сүю үшін емес, өз халқының өнерін де сүюі керек дегенді қатты ескертеді. Осы арқылы өмір белсенділігіне ұмтылдыру мақсатын көздейді.

«Көп емес-ау саған артар міндетім» - деген жолдарды ақын бала назарын аудару үшін бірнеше дүркін қайталайды. Бірақ автордың ескертпесі бар: «Ең қиыны өз еліңді біл жетік». Өз елін жетік білу - нағыз адамдық іс. [6] Ақын: Абайдың бір өлеңін жатқа білсең, Құрманғазының бір күйін тарта білсең, елге еткен үлкен құрметің болады дейді. Ең бастысы - өз ұлттық тіліңді меңгеру:

Жазғандарын әкеңнің

Өз тіліңде оқи алсаң болғаны.

Әкені толғандыратын тағы бір нәрсе - баланың алдағы тағдыры, өмірден алатын орны. Сондықтан ол: «қайғым жалғыз кім боласың ертең сен?» деген сұрақ қояды. Кейіпкер ұлының құлқын қуалаған қу мен сұм емес, ел үмітін ақтайтын адам болуын жатса да, тұрса да ойлайды. Келесі бір өлеңінде ақын ұлының қай жұмыс болса да, қолынан келетін істі қалауын құптайды. Өлеңде әкелік қатал талап та бар: «кім болсаң да адал бол, әкім болсаң - әділ бол», дейді. Сөйтіп, халық алдында адамдық беделді сақтауды ескертеді. Осы өлеңде жастардың мамандық таңдай білуіне байланысты проблемалық мәселе де көрсетілген.

Әкенің қатал талабы бала өміріне аса қажет, әкелік педагогтік тәжірибе лирикалық кейіпкерге осыны үйреткен. Талап болмайынша, болашақ заман адамын тәрбиелеу мүмкін емес, баланы бетімен жібермеу керектігі жөніндегі халық педагогикасы «баланы жастан» деп үйреткен.

Балаға бағыт-бағдар, басшылық болмаса, талап қоюшылық болмаса, өз бетімен жағымсыз құлықтарға икемделіп кетуі мүмкін. [7]. Әділ де қатал жауапкершілік - еліне лайық ердің тәрбиеленуіне мол көмегін тигізеді. Сондықтан ақынның былай деуі өте орынды:

Қатал болдым жүз рет,

Өскенде елің

Маңдайыңнан бір рет сипасын деп.

Ақын осы сияқты басқа да көптеген өлеңдерінде адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, т.б. моральдық мінез-құлықты бала бойына сіңіруді талап-тілек еткен.

Жұмекен бұл аталған шығармалармен оқушы назарын бала тәрбиесіне терең мән беру керектігіне аударады. Мұнан ақынның педагогтік ой-пікірлері мен көзқарастары аңғарылады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жұмекен жұмбағы. Алматы: Арыс. 2006ж. 54 б.
  2. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Рауан,1992-112 б.
  3. Мұханбетжанова Ә.М, Қуанышева Г.Х. «Мектеп алды даярлық балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар» Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Хабаршысы», №1 (36) 2015ж. 226 б.
  4. Ищанова .Г.Е. «Огбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны» Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Хабаршысы», №3(38) 2015ж. 145 б.
  5. Оңғарбай А.Н. Аруова А.М. «Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы жанұяның ролі» Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің «Хабаршысы», №1(48) 2018ж. 27 б.
  6. Губашева С. Отарбай А. «Тәрбие жұмысының әдістемесі» 2-басылым. Фалиант.Астана 2011ж. 152 б.
  7. Жүндібаева Т.Н. «Огбасы педагогикасы» Алматы. Экономика баспасы 2014ж. 15 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.