Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Новобогат ауданының ұлы отан соғысына қосқан үлесі (Аырау облыстық мемлекеттік архиві деректері бойынша)

Аңдатпа

Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Новобогат ауданының жеңісті жақындатуға қосқан үлесі туралы қарастырылады.

Қазіргі кезде өлке тарихын зерттеу ісіне үлкен мән беріліп келеді. Оған 2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президент! Нурсултан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы түрткі болып отыр. Бағдарламаның «Туған жер» бағытын елбасымыз «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді»,- деп атап айтқан болатын.

Атырау облысының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қосқан үлесі туралы көптеген зерттеулер жарық көргенімен, Новобогат ауданының Ұлы Отан соғысына қосқан үлесінің тарихы арнайы зерттеу аумағына алынбаған.

Х.Б. Табылдиевтің «Атырау облысы отты жылдарда (1941- 1945)»[1], атты еңбегінде Атырау облысы жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектері жазылған. Ж.Бақидың «Атыраулық баһадүр батырлар» [2] еңбегінде, Атырау өңірінде дүниеге келіп, Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдарында қайталанбас жанқиярлық батырлық көрсеткен жерлес жауынгер-батырлар туралы баяндалады.

Қ.С. Мұхитовтың «Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен соғыс жылдарындағы Қазақстан мұнай өнеркәсібінің даму тарихы (1938- 1945 жж.)» зерттеу жумысында Атырау облысы мұнайшыларының Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі туралы зерттелген [3]. М.Өтеғалиевтің «Жеңіс туы» [4] атты еңбегінде Новобогат ауданынан Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлердің өмірбаяндары, аудан еңбекшілерінің үлестері туралы қарастырылған. Аудан еңбекшілері үлестері сол кезеңдегі басылым бетінде жарық көрген мәліметтермен, аудан мұрағаты деректерімен келтірілген.

Новобогат ауданы еңбекшілерінің Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі туралы мәліметтер аудан тарихы на байланысты энциклопедияларда кездескенімен, тақырыпты ғылыми тұрғыдан саралауды қажет етеді.

Неміс фашистері 1941 жылы 22 маусымда еліміздің шекарасын сөгіп кіріп, халқымызға үлкен қайға-қасірет тартқызды. Олар 1710 қала мен 70 мыңнан астам селолар мен деревнияларды, мыңдаған зауыттар мен шахталарды, мектептер мен аурухана, институттар мен кітапханаларды қиратты. Сондай-ақ, 98 колхоз, 1876 совхоздар мен 2890 машина-трактор стансаларын күл-талқан етті. Гитлершіл Германия соғысқа дейінгі ақша құнымен 2 триллион 600 миллиард теңгенің зиянын келтірді. Кеңес Одағының халқы 1418 күн мен түнге ұласқан Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерлік көрсетті. 1941 жылдың 22 маусымында Германияның фашистік әскері Кеңес жеріне опасыздықпен килікті. 190 дивизия, 5,5 миллион солдаты, 5000 ұшақ, 3700 - ден астам танк, 50 мыңға тарта қару - жарақ және минометтерімен Кеңес жеріне соққы берді. Жау аз уақыттың ішінде елді жай түскендей жаншып, жаулап алуды жоспарлаған болатын. Бұл жеңіс Германия армиясының «жеңілмейтін» деген ұлтшыл аңызының күл талқанын шығарды, «блицкриг» жоспарының жерленген кезі болды.

«Соғыс басталды» деген суық хабарды естіген аудан жұртшылығы жауға тойтарыс беріп, социалистік құрылыстың жемістерін қорғап қалуға жұмылды. «Бәрі де майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін» деген ұранмен фашистік басқыншыларға қарсы күреске көтерілді.

1941 ж. басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ел басына қауіп- қатер төнген шақта аудан бойынша 2 мыңнан астам азамат қолына қару алып, соғысқа аттанды. Елдің бүкіл қам-қарекеті соғыс жағдайына бейімделді [4, 1 б.].

Соғыс жылдарында ауылдық кеңес төрағаларына үлкен құқылық уәкілет берілді. Ауыл көлемінде істелетін жұмыстардың бәрі ауылдық кеңес арқылы жүрді. Ол шын мәнінде штаб болды. Арнайы көліктермен шапқылап, аудан орталығына не алые учаскелерге соғыс жағдайының шұғыл тапсырмаларын жеткізетін еді, адамдарды әскер қатарына шақыру, түрлі науқандық жұмыстарға адам, көлік күштерін ұйымдастыру хабарын да солар әкелетін. Ауылдық кеңес төрағаларынан Батырбай Бозтаев (Манаш) , Рахметолла Жүнісбаев (Забурын) , Абдолла Құрманов (Айбас) , Мардаш Нұрекешов (Орпа), Ідеркен Кенжеғалиев (Жамбыл) , Әбутәлі Неталиев (Бегайдар) сынды елге беделді, іске мығым азаматтар ауданның экономикалық дамуына елеулі үлес қосумен бірге ауыл-аймақтың бірлігі мен ұйымшылдығының ұйтқысы болды.

Соғыс жағдайында ішкі мүмкіндіктерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінді. Ембі жұмысшысы Жұмағали Иманғалиев басқарған аудандық өндіріс комбинатында оның басшылығымен шағын зауыт (мұнай айырытын) іске қосылып, мазут, бензин, керосин шығарылды. Tepi илейтін цех ашылып, киім тігу, байпақ басу жолға қойылды. Бақсай өзенінен балық ауланып, аудан орталығына беріліп тұрды. Жергілікті тұрғындар Досмұқан, Хасай, Сатқанбай, Әбежан, Сапи, Емеш және басқа шеберлерді аса қадірлейтін. Комбинаттың шығарған керосині түйеге теңделіп, сонай алыстағы Айбас, Бабандағы тұрғындарға да жеткізіліп тұрды. 1940 жылдан бастап Новобогат кентіне таяу Ақкүтір учаскесінен Бақсай өзегі алқабында ұжымшарлар жер алып, тары егуді қолға алған болатын, кейін азық-түлік тапшылығы жағдайында мұның пайдасын ел көрді. Өмірінде егін егуді білмеген құм тұрғындары диқаншылық кәсіпті игере бастады. Соғыстың ауыр жылдарында Нарынның жаздағы қияқтың сұлыбасы мен күздегі құмаршысы, тұщы суы адамдар мен малдың жан сақтауына демеу болды [5, 25 б.].

Ұлы Отан соғысы жылдары елдегі жұмыс және тұрмыс өте ауыр болды. Елдегі ауыр жұмыстар әйелдердің, шал, кемпірлердің, ауыл жастарының мойнына түсті. Тіпті 9-10 жастағы балалар, одан үлкендері екібастан оқудан қалып әкесінің орнына мал бақты, не анасына көмекші болды. Мектептің барлық оушылары жазғы-қысқы каникулда, 7 сыныптан бастап демалыс күндері колхоз жұмысын істеді.

Соғыс жылдарында аудан еңбекшілері үлесі туралы көптеген еңбектерде, баспасөз беттерінде жарық көрді. Аудан еңбекшілерінің ерең еңбегі туралы еңбектерде жарық көрген мәліметтер баршылық. Жарық көрмеген де мәліметтер мұрағат деректерінде жетерлік. Мұрағат деректеріне сүйенсек, аудан еңбекшілерінің ерең еңбектерінің Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Мұрағат деректерінен үзінді келтірсек.

Аудан көлеміндегі мал өсіруші колхоздар мен балық аулаушы колхоздардың показательдері: Колхозда 42-жылдың мал өсіру планын асыра орындаған және мал қыстағына жақсы әзірленіп, керекті орындар мен мал азығы мен толық даярланып, мал басынан бірде - бір шығын болдырмай отырған жолдастар бар.

Амангелді колхозы (Новобогат ауд) сиыр фермасының бастығы Айдаралиев Сисенбай сиыр планын 120 процент орындап төл алуда бірде шығын болдырмаған; сүт, май өндіру пландарын асыра орындады. Колхоз председателі Мырзашев, партог Мағзомов- ұйымдастыру көпшілік жұмыстарын жақсы меңгердіктен мал өсіру планын барлық түрінен 107 процент орындады.

Бірлікту колхозы председателі Нұғыманов, партия ұйымы секретарь! Батырбеков - мал қыстағы мен мал өсіру планын барлық түрінен 114 процент орындап, малдан бірде-бір шығын болдырмаған және 43-жылы социалистік жарыста ауыл шаруашылығындағы көрнекті жұмыстар үшін, мал шаруашылығындағы табыстары аудан көлемінде бірінші орын алып, Облыстық партия комитет! мен Облаткомның ауыспалы Қызыл Туын алды.

Социалистік жол колхозының председателі Жамалиев, партог Ажғалиев 42 жылдың балық аулау планын 128 процент, 43-жылдың I кварталын - 116 процент орындады [6, 12 п.].

Қызыл Армия семьяларына көмек көрсету жұмыстары ауданда қарқынды жүріп жатырды.1943 жылы егіннен планнан тыс Қызыл Армияның семьясын қамқорлыққа алып, ауқатты тұрмысқа жеткізу үшін Новобогат ауданының колхозшылары көпшілік жиналыстарында 15 га бақшалы егіс, 19 га тары егін онан түскен өнімді Қызыл Армия семьясына береміз.

1943 жылы ауылдарда айлықтар ұйымдастырылып, 39141 сом ақша, 2213 кг тамақ, 514 киім жиналып, Қызыл Армия семьясына берілді. Қызыл Армия семьясынан 1191 үй, пособия алып отыр. Жылы киім науқаны басталғаннан бері қарай жылы киім жинау науқаны ойдағыдай жүріп, аудан көлемінде Қызыл Армия қорына 13322 бас жылы киім жиналып берілді [6, 11 п.].

Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Манаш рыбкопының дүкеншісі Добисова Қалиманың 1943 жылғы 1-май алдындағы міндеттемесі:Мен Добисова Қалима неміс фащист басқыншыларын бір жолата жоюды көсеміміз Сталиннің шақыруына сәйкесті жұмыс жасап төмендегі міндеттемелерді алады:

  • -Жұмысыма мезгілінде барып, сапалы жұмыс жасап товар оборотынан 43-жылдың I кварталында 115 процент орындаймын.
  • -Мүшелерден поевой взность 100 процент жыйнаймын. Кооперированиедан 120 процент орындап, қатарыма коллектив мүшелерін шақырамын. Сол үшін қол қоямын.

1943 жылдың I кварталына міндеттемені қорытындалағанда Добисова товар обороттан 121 процент, поевойдан 100 процент, кооперированиеден 131 процент орындап, алған міндеттемені асыра орындап шықты [9, 13 п.].

Аудан оқушылары да Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі де бір тебе.Пионер атындағы танк колоннасын жасау туралы:1942-жылы пионерлер атындағы танк колоннасын жасақтауға Новобогат ауданының пионер оқушылары 44686 сом ақша жинап тапсырды. Қазақстан комсомолдары атындағы танк колоннасын жасақтауға ауданымыздың комсомолдары 35641 сом ақша жинап тапсырды.

Комсомол атындағы авиоэскадрия самолетін жасауға 79523 сом ақша жинап тапсырды. Неміс оккупанттарынан азап көрген балаларға жәрдем үшін жексенбіліктері арқылы ауданның комсомол жастарының күші мен 3813 сом жинап берілді.

Совет партизандарына аудан жастары 1942-жылы 4739 бас заттай подаркі беріп жіберді.

Мал шаруашылығы туралы: Новобогат ауданы, Амангелді колхозы сыйыр фермасының сауыншысы комсолы Есмагамбетова өткен 1942-жылғы қарауына берілген 15 сыйырын аман туғызып, 15 бұзауды күйлі етіп аман сақтады.

Балық өндірісінен: Забурын ауыл советінің Амангелді колхозының балық бригадир! комсомолец Сейтимов Хиту 42-жылдың балық аулау планын 146 процент орындады. Манаш ауыл советі Қызыл балық колхозының балықшысы комсомолец Дахиев Бағыл 42-жылдың балық аулау планын 140 процент орындады [6, 15 п.].

Гурьев облысы Новобогат ауданының жергілікті өндіріс комбинатының 1943-жылғы I май алдындағы жарыста алған міндеттемелерін орындауы туралы:

Промкомбинат 1943-жылдың 1 январынан - 1 майына дейін, 4 ай ішінде 37073 мың сомның продукциясын шығару планын алып, ол планды 57419 етіп, 154,9 процент орындаған. Ал І/І-дан 4 айға 46338 сомның продукциясын шығару планын алып, оны 4-айда 57419 сомның продукциясын шығарып, 123,9 процент етіп орындаған осы Промокомбинаттың стелярный цехының цех мастері Ақбаев Музай 5 айлық заданиясын 345,8 процент етіп орындаған.

Плотник Муқашев Көбейсін олда 345,8 процент етіп орындаған. Швейный цехының мастері Есмағамбетов Қасай 625 сомның затын тігудің орнына 1200 сомның затын тігіп, 5 айлық планды 4 айда 192 процент етіп орындады.

Сол сияқты Сапожный цехының етік тігушісі Идрисов 5 айлық планын 4-айда-158 процент етіп орындады. Швейный цехының партнойы Дасова Мақа 625 сомның затын тігудің орнына 1100 сомның затын тігіп, 176 процент орындады. Цех сапожнигі Шевстарев өзін берілген планын 122 процент етіп орындады.

Кузнец Сарбалин Үмбет планын 122,6 процент етіп орындады. Бензин заводының май айырушысы Қаресова Салима, Аяшевалар 1 ай ішінде 10416 к/г бензин айырудың орнына, ол 4 айда 2442 к/г бензин айырып орындады.

Жоғарыдағы жолдастар май алдындағы міндеттемелерін орындап отыр [6, 14 п.].

Новобогат ауданы көлемінде Казахстан колхозшысы атындағы танк колоннасын тұрғызу жөнінде қаржы жинаудың аудан көлемінде жүрісі. Көсеміміз Сталин жолдастың 6 ноябрь 42- жылғы баяндамасының бұйрығы және жауынгер Қызыл Армияның жаңа жеңістеріне рухтанып, ілгері басуы ауданымыздың еңбекшілерін советтің патриотизм ісіне асқан жігер мен жұмыла түсті. Ауданымыздың еңбекшілері Казақстан колхозшысы атындағы танк колоннасын тұрғызуға қаржы жинап бастама көрсетті. Бұл танк колоннасына қаржы жинаудағы бастамасы ауданымыздың еңбекшілері көпшілігін арасында толық түсіндіру үшін аудан басшыларынан 12 аулсоветге жауапты адамдар бөлінді. Бұның ішінде 2 пропогандис, 5 райкомның группа докладчиктері бұл жолдастардың күші мен, Қазақстан атындағы танк колоннасын жасақтауда ауылдардан жыйылыстар өткізілді. 22 рет жыйылыс, 164 беседа, читкалар өткізілді. Бұған 1684 адам қатынасты. Қазақстан атындағы танк колоннасын жасақтауға біздің аудан көлемінде барлығы 2 млн. 700 сом қаржы жиналды.Қаржы жинау жөнінде жақсы жұмыс жасаған ауыл советтерде бар мысалы: Манаш ауылсоветінің председателі соңғы ақша жинауда 2 күн ішінде 14000 сом ақша жинады.

Қазақстан атындағы танк колоннасына ақша жинауда еңбекшілер арасында агитаторлар жұмыс жүргізе отырып, өздері пример көрсетті. Айбас ауыл советі, Жаңатұрмыс колхозының председателі агитатор Сембаев Ізғали бас болып, өз қаржысынан 25000 берді. Қазақстан атындағы танк колоннасына қаржы жинауда өз қаржысынан Манаш ауыл советі, Қызыл балық колхозының председателі Құрмашев Қуанәлі танк колоннасына 150000 сом берді, осы колхоздың мүшесі Аюпов Қазы 60000 сом, Жамбыл ауылының Қызылту колхозының председателі Есқалиева Оқиза 14000 сом, осы колхоз счетоводы Ерманов - 15000 сом, Тұщықұдық селосының председателі Хасанов - 10000 сом, Есенғалиев Көлібай - 10000 сомнан берді [6, 16 п.].

Ұлы Отан соғысы кезінде ерең еңбегімен көзге түсіп, көшпелі Қызыл Туды жеңіп алған колхоздар болды. 1943 жылы сәуірдің 13-і күні Новобогат ауданы, Жанбай ауылы, Бірлікту колхозының колхозшылары мен мен малшылары, сауыншыларының митингісі болды. Қатысқандар: 87, оның ішінде ері - 35, әйелі -52.

Митингіні өткізу үшін президум составына: Аудандық атқару комитетінің председателі - Қазиев, ауыл совет председателі - Галошова, партия ұйым секретарь! - Рсалиев, Бірлікту колхозының даяркасы - Бисултанова, Фрунзе орталау мектебінен Абкерова жолдастар ұсынылды.

Тыңдалды: Бүкіл союздық І-май алдыңдағы социалистік жарыста мал шаруашылығын өркендету мал басын аман сақтап, март айында алынған төлден ешбір шығармағандағы үшін Облыс көлеміндегі бірінші орын алған Бірлікту колхозына Облыстық партия комитет! мен атқару комитетінің көшпелі Қызыл туын тапсыру туралы баяндамашы Ауатком председателі Қазыев.

Шығып сөйлегендер Нұғыманов, Сугошерев, Сүйінов, Жуқаев, Үкібасова, Рсалиев, Галошова, Хамметовтер Облыстық жюридің қаулысы бойынша Бірлікту колхозына тапсырылып отырған Қызыл туын қарсы алып, құттықтап социалистік мал шаруашылығын мемлекеттік планын орындауда мал басын аман сақтауда, продукті өнімін арттыру мемлекетге май, ет тапсыру пландарын, мезгілінен бұрын орындау ісіне жұмыс жасайтындығын ашық айтты.

Қаулы бойынша Жанбай ауыл советі, Бірлікту колхозының колхозшылары, мал бағушылары мен даяркалары 43-жылдың социалистік мал өсіру планын орындауда, мал басын аман сақтауда, продукты өнімін арттырып, мемлекетге - ет ,май, жүн тапсыру планын мезгілінен бұрын орындау жолында жан қиярлық еңбек етіп, колхоздың шаруашылғын ауқатты халге айналдырып нығайтамыз.

Сонымен қатар мына міндеттемелерді аламыз:

Мал өсіру туралы: 15 мамырға дейін қолда бар 520 сиырдан, 175 бұзау алып 133 процентге орындауға; 957 қой-ешкіден 625 қозы-лақ алып 165 процент; 133 жылқыдан 20 құлын алып 115 процент орындауға; Бойдақ 15 түйені жақсы бағып шығынсыз сақтауға; барлық 1630 бас малдан 820 бас тел алып, 150 процент өсіріп, 44 - жылдың І/І-да 2450-ге жеткіземіз.

Продукты өнімі туралы: 43-шы жылы сауылатын 160 бас сауын сиырынан жыл ішінде 112000 литр сүт өнімін алып орындауға.Май тапсыру планын 15 мамырға дейін 100 процент, ет тапсыру планын 17 мамырға дейін 100 процент, жүн тапсыру планын 1 маусымға дейін 100 процент, брензі тапсыру планын 1 маусымға дейін 100 процент етіп орындаймыз.

Сонымен қатар планнан тыс Қызыл Армияға падаркіге 100 к/г май жібереміз. 1944 жылдың ет поствакісін III квартал ішінде мемлекетге 1000 к/г авансы ет тапсырамыз.

Егін жұмысы туралы: 1943 жылғы көктем егісіне жыртылатын 36 га гектар жерді I майға дейін 100 процент жыртып, шашып бітіреміз.

Оның ішінде 28 гектар тарыдан кемінде 10 центнерден тары алып, егінді ысырапсыз кезінде жинап аламыз.

Мал азығын даярлау туралы: 1943/44 -жылғы керекті пішенді 25 күн ішінде дер кезінде даярлап аламыз, бұл үшін құрал-сайманның әзірлігін 1 мамырға дейін 100 процент бітіреміз. Қысға керекті мал қыстайтын орынның ремонтын 1 қазанға дейін 100 процент бітіреміз [6, 17 п.].

Кеңес Армиясының жеңісге жетуіне қосып жатқан аудан еңбекшілерінің үлесі елеусіз қалмады. Кеңес одағының басшысы И.Сталиннен алғыс хат алған тұлғалар да болды. Қызыл-балық колхозының төрағасы Құрмашев Қуанәліге Қызыл Армияның жеңісге жетуіне [7, 4 п.], Новобогат ауданының хатшысы Қостамбаев Мадиярға «Қазақстан Колхозшысы» танк колоннасының құрылысына аудан еңбекшілерінің үлестері үшін [7, 4 п.], Забурын балық өндірісінің төрағасы Рахметов Жұқалтайға Ұлы Отан соғысы кезінде қосқан үлестері үшін И.Сталин атынан алғыс жарияланған [4, 248 б.].

Халқының осындай жанқиярлық еңбегі үшін 1944 жылдың қорытындысы бойынша ауданға Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл Туы мен 1-дәрежелі ақшалай сыйлығы берілді. Бұл Туды сол кездегі облыстық атқару комитетінің төрағасы Шынғожа Бөрібаев аудан малшыларына 1944 жылдың 31 желтоқсанында тапсырды. Новобогат кентіндегі шағын клубта өткен салтанатты жиналыста еңбек озаттары Дайыр Сақымбаев, Айман Сүйінәлиева, Сұлташ Бұланбаев, Бағила Дабылова, Шипа Шұғайыпова, Мақтым Оспанова Қызыл Туды алып шыққанда залда көздеріне жас алмаған ешкім қалмады. Салтанатқа ҚКП (б) OK хатшысының ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Мәмбетов, облыстық партия комитетінің 2-хатшысы Н.Қамбаров қатысты. Аудан Қорғаныс Комитетінің Қызыл Туын екі мәрте жеңіп алып, мәңгі ескерткішке сақтап қалды. Бұдан кейін аудан KCPO Министрлер Кеңесінің Қызыл Туына ие болды. Сөйтіп Новобогаттықтар Одақтық қос Туды иеленіп, тарихқа аты жазылды. Қоңыр қызыл барқыт екі Ty облыстық тарихи- өлкетану мұражайында сақтаулы тұр.

Күндей күркіреп, уақыт ағысымен дүркіреп өткен кешегідей Ұлы Отан соғысы ұрпақтар санасынан ешқашан қалмасы айқын. Бұл зұлмат соғыста фашизмге тосқауыл қойылды. Демократия мен адамгершілік идеалдарының қанқұйлы фашизм идеологиясынан артықшылығын көрсетті. Алайда бұл Жеңіс алдыңғы буын аталарымыз бен аға-апаларымыздың қан майдан мен тылдағы жанқиярлығы арқылы келді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Табылдиев Х.Б. Атырау облысы отты жылдарда (1941-1945) жж. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай тарихы мен жылнама шежіресі. Атырау: «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасы, 224 б.
  2. Бақи Ж. Атыраулық баһадүр батырлар. Кеңес Одағының Батырлары, Халық Қаһарманы, Жауынгерлік «Даңқ» орденінің иегерлері туралы толғаныстар.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2010.- 160 б.
  3. Мұхитов Қ.С. Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен соғыс жылдарындағы Қазақстан мұнай өнеркәсібінің даму тарихы (1938- 1945 жж.): тар. ғыл. канд... дисс. - Алматы, 2000. - 128 б.
  4. Өтеғалиев М. «Жеңіс туы». Атырау: «Ағатай» баспасы, 2015.- 352 б.
  5. Исатай ауданы Арыс баспасы, 2003 ж.
  6. Атырау облыстық мемлекеттік архиві, (одан әрі, AOMA), 369 қ., 1 т., 6 іс.
  7. AOMA, 369 қ., 1 т., 7 іс.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.