Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыл шаруашылығы саласының майталмандары

Аңдатпа

Бұл мақалада Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек еткен тұлғалар айтылған. Ауыл шаруашылығы - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі. Атырау облысында шаруашылық саласында рекордтық көрсеткіш көрсеткен тұлғалардың қызметі зерттелді.

Ұлы Оган соғысы жылдарынан кейін шаруашылықтың ілгерілеуіне көптеген азаматтар өз үлесін қосты.Облысымыздың ауыл шаруашылығының өркендеуіне аянбай еңбек еткен азаматтардың жарқын жетістіктері бүгінгі еңбек адамының үлгі алып, шаруашылығын өрлетуге таптырмас сабақ болып саналады.

Шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірісгің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш - қуатын нығайтып, даңқын шығаруға атсалысқандары үшін KCPO Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығы бойынша ауыл шаруашылығы саласының майталмандарына «Социалистік Еңбек Ері» марапаты берілді. Бұл марапатты біздің Атыраулық жерлестерімізде иеленді [1].

Елбасымыз Н.Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты тұжырымдамасында: «Тәуелсіз Қазақстанның түпкі мақсатын барлық игіліктермен қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік әділдікті сақтайтын, еңбек мәртебесін жоғары ұстайтын ерікті қоғам орнату айтылған. Тұжырымдаманың басты қайнар көзі - еңбек етіп жүрген азаматтарды кейінгі ұрпаққа насихаттау арқылы қазақстандықтардың ата кәсіпті одан әрі жаңашылдықпен жандандыру болып табылады [2].

Сұрапыл соғыс жылдары ер азаматтар майданға аттанып, қазақ даласында қариялар мен шиттей бала-шағаның қалғаны баршамызға белгілі. Сол жылдары ағадан көрген тәлімін бойына сіңіріп, шаруашылықты игерген қазақтың қаршадай қызы - Маржан Енбаева еді.

«Жылқышы қыз» атанған Маржан Енбайқызы 1924 жылы Гурьев облысы, Есбол ауданында дүниеге келген. Жеті сыныптық білімі бар (кейбір деректерде төрт сыныптық білім), партия қатарында жоқ Маржан Енбаева қызмет бабын 1942 жылы бастаған. Соғысқа аттанған ағасының орнына қызметке тұрып, табынды жылқы шаруашылығын жетік меңгерген нағыз ізбасар атанады.1944 жылы бас бақташы қызметіне ұсынылады. Бес жылдың ішінде (1942-1946 жж.) шығынсыз 232 құлын өсірді. 1947 жылы 52 биеден 52 құлын алды. 1948 жылы жылқы шаруашылығын дамытуда жаңа жетістіктерге жетеді. 1948 жылы 23 шілдедегі KCPO Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша «Социалистік Еңбек Ері» атағын иеленді. Осы жылы марапатқа жауап ретінде 54 құлын алған. Сонымен қатар, «Ленин» орденімен, «Орақ және балға» алтын жұлдызды медалімен марапатталды. 1949-1950 жылдары ауыр қиындықтарға қарамастан 60 биеден 57 құлын, 1951 жылы 73 биеден 63 құлын алды. 1956-1957 жылдары қаһарлы қыстан 132 бас жылқыны аман алып қалғанерлігі бүгінгі ұрпаққа өнегелі іс болып саналады [3, 8 п.].

Жарқын жетістіктерінің нәтижесі 1960 жылы Ленин колхозына жылқы фермасының меңгерушісі қызметіне әкеледі. 1963 жылға дейін жұмыс жасаған кезеңде жүктелген міндеттерді толық орындап, жылқы шаруашылығында орасан зор нәтижелерге қол жеткізеді. Амангелді атындағы совхоздың ұйымдастырылуына байланысты 1963 жылдан бастап совхоз шопанының көмекшісі қызметін атқарады. Шопан бригадасының кез- келген мәселесін қалт жібермей, белсенді түрде қатысады. Бұл кезеңдегі басты мақсаты - 6 айға дейінгі мүйізді ірі қара малдың төлі бұзауды сақтау еді. Қазақ қызы бұл мақсатына да жетеді [3, 9 п].

Шаруашылықтың басын дөңгелетіп, Одақ көлемінде жоғары дәрежелі жетістіктерге жеткен жандар аз емес. Әкесінің жанында жүріп -ақ, шаруашылыққа етене араласып, республикалық деңгейде аты шыққан жандардың бірі - Сақан Дәулетқалиұлы 1930 жылы Гурьев облысы, Есбол ауданында дүниеге келген. 1942 жылы «Передовик» колхозында көмекші шопаннан бастаған. Еңбек жолын бастаған«Передовик» колхозы облыстағы ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болған колхоздардың бірі болды. С. Дәулетқалиев жиырма жыл ішінде шопандар бригадасын басқарып, жоғары нәтижелер көрсеткен. Жылма-жыл орта есеппен әр 100 саулықтан 152 қозы алған.1957 жылы жоғары өндірістік табысқа ие болып,әр 100 аналықтан 141 қозы алды. Қажырлы еңбегінің нәтижесінде 1958 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталып, «Қазақ KCP мал шаруашылығы социалистік жарысының еңбек сіңірген шебері» құрметті атағы беріледі. 1960 жылы артта қалған бригаданы алып, қайта қалпына келтіріп, келесі жылы әр 100 саулықтан 140 қозы алған. Кейін бұл көрсеткіштер 147-ден 155-ке дейін жеткен [4, 1-п].

Ал 1963 жылы көрсеткіш 167 қозыға жетті. 1969 жылға дейін 100 аналыққа шаққанда 150-ден кем қозы алып көрген жоқ.Сол бір кезеңде Сақан Дәулетқалиевтің жасаған еңбегіне күмәнмен қарағандар да болды. Қол жеткен табыстары мен жетістіктері ғалымдардың назарын аударып,академик В.А.Бальмонт, профессорлар М.Ермеков, Х.Арыстанбеков, ғылым кандидаты А.Жандеркин келіп танысып, қой малының табиғи төлдегіштік қасиетін арттырудың мол мүмкіндіктері бар екенін аңғарды [4,9- п].

1963 жылы «Ленин» орденімен, 1966 жылы Социалистік Еңбек Epi атағын иеленеді.Аудан тұрғындары оны екі мәрте Қазақ KCP Жоғары Кеңесіне депутат етіп сайлады [4, 1-п].

Тоғызыншы бесжылдықтың айқындаушы жылы көптеген бригадаларға зор өрлеу әкелді. Сол өрлеу тұсында Кісенбай Асабаевтың есімі алтын әріппен жазылған. К.Асабаев қазақы саулықтың әр 100-нен 147 қозы, 3,2 килограмм жүн өндіру туралы бастаманы жүзеге асыру туралы алдына ұлы мақсат қояды. Малшылар үшін дүрбелеңге толы, қиын да абыройлы қызметтің бірі - қой төлдету науқаны болды. Қой төлдету науқанында 100 саулықтан 145 қозы алады. Науқанда қуантатын жағдайдың бірі - қоздаған саулықтардың көбінің егіз болуы еді [5, 1-п].

Кісенбай Асабайұлы 1935 жылы Жылыой ауданы (бұрынғы Ембі), Амангелді ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 1955 жылы «Коммунизм таңы» колхозында колхозшылықтан бастап, 1963 жыл мал бағуға ауысып, «Қосшағыл» совхозының аға шопаны атанды. 1967 жылдан бастап Бүкілодақтық халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіне қатысады. 1968 жылдан бастап Коммунистер партиясының мүшесі атанады.1972 жылы күміс медальмен марапатталды.1980 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері», 1986 жылы жоғары марапат - «Қазақ KCP- нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» атанды. 1991 жылы зейнеткерлікке шықты [5, 2 п.].

К.Асабаев ауыл шаруашылығы саласында жеткен жетістіктері ұшан- теңіз. Солардың бірі - XX ғасырдың 70-жылдарында орын алған рекордтық жетістіктер еді.1975 жылы IOO қойдан 170 қозы, 1 қойдан 3,5 кг жүн алды. 1976 жылы 100 қойдан 165 қозы, 3,2 кг жүн алды [6, 10 п].

Мемлекетке жүн тапсыру бойынша 144 пайыз көрсеткішті көрсеткен. Ауыл шаруашылығы саласын өркендетудегі еселі еңбегі мен зор жетістіктері үшін 1973 жылы Ленин орденімен марапатталды [6, 21 п].

Ауыл шаруашылығы саласының майталмандары елдің өсіп-өркендеуіне бар күш-жігерлерін салды. Тарихта есімдері қалған еңбек адамдарының іс тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде көрсету - бүгінгі ұрпақтың міндеті.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚазССР, Қысқаша энциклопедия, 2 том, Алматы, 1987 ж.
  2. Н.Назарбаев, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», 2012 жыл.
  3. Атырау облыстық мемлекеттік архиві (одан әрі, АтОМА) 346-қор, 1- тізбе, 52-іс.
  4. АтОМА, 346-қор, 2-тізбе, 17-іс.
  5. АтОМА, 346-қор, 2-тізбе, 1-іс.
  6. АтОМА, 193-қор,3-тізбе, 12-іс.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.